Реферат: Әдебиет | Мұхаммеджан Тынышбаевтың балалық шағы мен қызмті

Реферат: Әдебиет | Мұхаммеджан Тынышбаевтың балалық шағы мен қызмті

Тынышбаев Мұхаммеджан ( 12.5. 1879 жылы бұрынғы Жетісу облысы Лепсі уезінде Мақаншы Садыр болысы – 1938 , Ташкент ) –– Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері , тарихшы ғалым , қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері. 1900 ж Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірген. Гимназияда оқып жүргенде Тынышбаев өзінің ізденімпаздығымен жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 жылы Верный қаласында өткен А.С. Пушкиннің 100 жылдық мерей тойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу облысы әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Тынышбаевты « тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі » екендігін мәлімдеп жоғарғы оқу орнында білім алуына арнайы степендия бөлуді сұрады . 1900 жылы жол қатынасы институтына түсіп, 1906 жылы бітіреді. Студент кезінде қоғамдық саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде отарлық сынайтын мақалалар жазып , патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт насихат жүргізді. Патша үкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына ат салысады. 1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйледі. Ол сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып , ендігі уақытта ұлттық езгідегі халақтарға автономия берілуін талап етті. Институтты бітірген соң инженер маман ретінде Орта Азия темір жол құрлысына жіберіледі. 1907 жылы Екінші мемлекеттік Думаға депутат болып сайланады және онда агрокомиссия құрамында қызмет етеді . Дума таратылған соң Орта Азия темір жол құрлысына айрықша өкіметті нұсқайшы инженер болып тағайындалып , Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысады.1922 жылдан Түркістан АКСР –сі су шаруашылығы басқармасында , Ташкентте жер суландыру бөлімінде , Қызылорда қаласының құрылыс- жөндеу жұмыстарында , Жетісу губерния атқару комитетінің жол бөлімінде еңбек етіп , өзін білікті инженер маман ретінде таныта білді . 1927 жылдан Түркістан – Сібір темір жол құрлысында еңбек етті. Тынышбаевтың кәсіби шеберлігі Түркісіб құрлысын салу барысында айрықша танылды. Осы еңбектеріне қарамастан Тынышбаев кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түркісібті салып жатқан кезінде 1930 жылы тамыздың 3- інде тұтқынға алынады. Оған « тап жауы » « буржуазияшыл ұлтшыл » деген айып тағылды. Кейінгі жылдары үнемі бақылауда болған ол , ақырында кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болады. Алматы қаласындағы Қазақ көлік және комуникация академиясына, көшеге Алматы облысы Сарқант ауданының бір ауылына Тынышбаев есімі берілді.
1911 жылы Урсатьевск –– Әндіжан темір жол құрлысының бастығы әрі бас инженері болды. 1914 жылы Арыс –– Әулиеата теміржол құрлысының бас инженер қызиетін атқарады. Ол 1916 жылғы 25 маусым жарлығына қарсы шыққан халық көтерілісінің салдарын күні бұрын болжап, көтерілісшілерді сабырлыққа шақырды . Патша үкіметінің жергілікті билік орындарын көтеріліске шыққан қазақтар мен қырғыздардың жазалауда жасаған озбырлығын әшкерлеуде белсенділік танытты. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Тынышбаев Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрамына мүше болып тағайындалады. Ол Түркістан өлкесі орталық атқару комитеттері өкілдерінің съездіне қатысты. Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі ретінде Жетісу облысындағы 1916 жылы Қытайға ауып кеткен қазақ – қырғыз басқындарына көмек көрсетуді ұйымдастырды. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, онда Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Түркістан өлкесінде жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің билікті өз қолына алу жолындағы әрекетіне қарсылық танытты. Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезіне қатысып, онда құрылған Түркістан автономиясының Уақытша үкіметінің төрағасы және ішкі істер министрі болып сайланады. Көп ұзамай ол бұл қызметтерінен бас тартады. Оның орнына Мұстафа Шоқай келіп отырады. Екінші жалпықазақ съезіне Тынышбаев Алашорда үкімет құрлысына сайланды. Тынышбаев Алаш қозғалысы қызметкерлерімен бірге қазақ елі дербестігін қалпына келтіруге елдің амандығын сақтауға күш салды. Ол осы мақсатта Ә. Бөкейханов, Х. Ғаббасов, Р. Мәрсеков , Ғ. Танашев секілді Алашорда үкіметі мүшелерімен бірге Уақытша Сібір үкіметімен, Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мүшелері және Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізуге қатысты. 1920 жылы 1 қазанда Ташкент қаласында ашылған қазақ халқы ағарту институтына қызметке орналасып, осы оқу орнының аяғынан тік тұруға көп көмек етті. Институт үшін Тынышбаев ел арасынан қаржылай көмек жинауды ұйымдастыру және осы оқу орында білім алу үшін Сырдария мен Жетісу облыстары жастарын жинастырды. Тынышбаев халық ағарту институтында математика, физика, химия, түркі халықтары пәндерінен дәріс оқыды.
Тынышбаев сонымен бірге ғылыми жұмыспен де белсене араласты. Ол орыс географ қоғамының Түркістан бөлімінің Қазақстанды зерттеу қоғамының « Талап » ұйымының мүшесі боды. « Түркістан ұлттық бірлігі » ұйымының қызметіне ат салысты . Тынышбаев халқымыздың тарихының күрделі бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап дерек көздері бай, ғылыми тұрғыдан негізделген іргелі терең түсіне білгендігі, зерттеушілігі, қазақ халқына әсер еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып , жүйелі түрде қарастыруынан байқалады.Бұл пікірге Тынышбаевтың еңбектеріндегі « Қырғыз қазақ руларының » шежіресі « Қырғыз қазақтың шығу тегі » « Қазақ этнонимі туралы » Алтын Орданың күйреуі және «Қазақ хандығының құрылуы тарихы» , « Ақтабан шұбырынды» секілді т.б. тақырыптағы еңбектер дәлел бола алады. Қазақ тарихының көне дәуірі орта ғасырлар кезеңі, жаңа заманғы ретінде жеке қарастырылатын күрделі мәселелерді кеңінен қамтуға талпынды. Тынышбаевтың өзіндік қалыптасқан тарихы көз қарасы бар екендігін аңғартады. Тынышбаевтың еңбектері ұлттық мүдде тұрғысында жазылуымен ерекшеленеді. Ол қандайда бір халықтың траихын жазу үшін сол ұлттың тілін , салт-дәстүрін , мәдениетін жетік меңгеру керек деп принциптерін берік ұстанды және бұл принципті өзге зерттеушілердің ұсталуын талап етті. Тынышбаев 1922 жылы Түркістан АКСР- і су шаруашылығы басқармасында, 1924 жылы Ташкентте жер суландыру бөлімінде, 1925 жылы Қызылорда қаласының құрылыс-жөндеу жұмыстарында 1926 жылы Жетісу губерниясының атқарушы комитетінің жол бөлімінде еңбек етіп, өзін білікті инженер – маман ретінде таныта білді. 1927 жылдан бастап Түркістан- Сібір темір жолы құрылысында қызмет етті. Осы құрылыстың жобалаушысы негізгі маманы болды. Тынышбаевтың кәсіби шеберлігі Түркісіб құрылысын салу барысында айрықша танылды.
1926 жылдан бастап Т.Рысқұловтың қолдауымен Түркістан-Сібір жолын салуға қатысады. Халыққа азаттық әпермек болған істерінен нәтиже шықпай, кеше өзі қарсы болған Думаға халықтың санына сәйкес мандат беру, ар-ождан, сөз бостандығын беру, баспахана, газет-журналдар ашу, т.б. мәселелерді көтерген. Қазақтың өз еліндегі және шет елдегі саны, қоныстану жиілігі , т.б. зерттеп, ең алғашқы ғылыми – демографиялық еңбек жазған. Кеңес одағы кезінде ол өз мамандығы бойынша түрлі қызметтер істеді. Бірақ Алаш партиясына мүше болғандығына себепті НКВД соңына шырақ алып түсіп, 1932 жылы тұтқындап, воронежге жер аударды. Есіл сол жақта көз жұмады.
Мұхаммеджан Тынышбаев –– ірі қоғам қайреткері. Мемлекеттік 11 Думаның депутаты. 1917 жылы Қоқан автономиясының басшысы, кейіннен Алашорда мүшесі. Верный Санкттт-Петербург қалаларында білім алған. Түркісіб құрылысының бас инженері М. Тынышбаев ұсынған Шоқпар нұсқасы бойынша жүргізілген шойын жол құрлысы бір жыл ерте бітіп, біршама қаржы үнемдеуге әкеліп соқты. Воронежде жазасын өтеп жүрген жылдары Кеңес үкіметі түрмеде де тыныш жатқызбаған.Өз саласының аса білгірі Мұхаммеджанды Дон теміржол құрлысының инженері етіп бекітіп, күзет бақылауында күні-түні тынбай жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Сталиндік репрессия тұсында жазықсыз жаланың құрбанына айналған азаматтардың туыстары да қуғын сүргінге ұшырағаны белгілі. Жеке басқа табыну жылдарының салқыны қазақтың тұңғыш инженерінің де отбасысын шарпыған болатын. 1917 жылы 9 желтоқсан Қоқан қаласында өткен мұсылмандардың өлкелік төтенше съезі « Қоқан автономиясы » құрылғанын жария етті. Үкіметтің премьер министрі болып М. Тынышбаев сайланды. Бұл жолы да тағдыр оған күле қарайды. Өзінің мұғалімі гимназия директоры М.В. Вахрушевтің көмегімен қазынадан 360 сом жылдық степендия алып, Петербургке аттанады. Мұнда да ол ерен қабілетімен ұстаздарын таңқалдырып, институтты үздік бағамен бітірген. Институттың соңғы курсында жүргенде 1905 жылы төңкеріске қатысады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Мұхаммеджан Тынышбаевтың балалық шағы мен қызмті туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Әдебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, Мұхаммеджан Тынышбаевтың балалық шағы мен қызмті

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]