Реферат: Психология | Сана-адам миының функциясы

Реферат: Психология | Сана-адам миының функциясы

Адам –аса тамаша қасиеттің –сананың ,сонау алыста қалған
заманға да , болашаққа да ойша шарықтайтын ,сыры беймәлім,
армандар мен қиял дүниесіне көз жүгірте алатын парасат иесі.
Сана деген не, ол қалай пайда болады , оның ерекшеліктері қан-
дай? Бұл – аса қиын да күрделі ғылыми проблемалардың бірі.
Өз санасының сыры жайында адам аса көне замандардың
өзінде-ақ ойлай бастады . Адамзаттың озық ойлы өкілдері қөптеген ғасырлар бойы сананың табиғатын ашып қөрсетуге тырысты ,өлі материя өз дамуының белгілі бір дәрежесінде тірі материяны ,ал тірі материя сананы қалай туғызады сананың құрлымы мен функциясы қандай түйсіктен , қабылдаудан ойлауға өтудің механизмі қандай,сананың адам миының қыртыстарында жүріп жатқан материалдық , физиологиялық процестермен қатынасы
қандай? – деген сияқты мәселелерге жауап іздеді. Бұл мәселелерге және олармен тығыз байланысты басқа көптеген проблемаларға , олар аса күрделі болғандықтан , ұзақ уақыт бойы мейлінше
объективті ғылыми зерттеудің өрісі жетпей келді . Бұл жағдай
сана құбылыстарын баяндауда алуан түрлі идеалистік және діни түсіндірмелердің көп таруына негіз болып келеді.
Діни - идеалистік түсініктер бойынша , сана дегеніміз –
қайдағы бір материалдық емес субстанция – « жанның » көрінісі
ол ( субстанция ) жалпы алғанда материяға , атап айтқанда , адам
миына тәуелсіз , дербес өмір сүре алатын , өлмейтін , мәңгілік
нәрсе болып табылады .
Түрлі идеалистік көзқарастарға қарама – қарсы матерализм
сана – адам миының функция сы , оның мәні шындықты белсендіде мақсатты түрде бейнелеуінде деген қағиданы негізге алып келді және негізге ала бермек . Сонымен қатар ,
сана проблемасы материалистік тұрғыдан философтар мен
психологтар үшін де өте қиын проблема болды. Сананың шығу проблемасын түсіндірудің қиындығы алдында дағдарып
қалған кейбір материалистер сананы материның атрибуты ,
оның мәңгілік қасиеті , оның барлық формаларына : жоғарғы формаларына да , төменгі формалары да тән қасиеті ретінде
қарастыра бастады.Олар барлық материяның жаны бар деп жариялады. Бұл көзқарас гилозоизм (hyle – материя , zoe –тіршілік деген грек сөздерінен шыққан ) деп аталады.
Ғылыми материализм сана кез келген материяның
қасиеті емес , жоғары ұйымдасқан материяның ғана қасиеті,
ол адам миының қызметімен ,ерекше түрдегі адамдық
әлеуметтік өмір жағдайларымен байланысты дегенді негізге алады. Марксизмнің негізін қалаушылар атап көрсеткендей
сана ешқашан саналы түрде танып білінген болмыстан басқа
ешнәрсе болмақ емес , ал адамдардың болмысы дегеніміз –
олардың өмірінің реалды процесі .
Сананың диалектикалық - материалистік концепциясы
бейнелеу принципіне , яғни объектіні адам миында түйсік, қабылдау, елестету , ұғым ,пікір ойқортынды түрінде психикалық формада қайта жаңғырту принципіне негізделеді .Сананың мазмұны , сайып келгенде , қоршаған дүние шынды -
ғы анықталады , ал оның материалдық субстраты , иесі адам миы болып табылады .
Адам миы - орасан көп нерв клеткаларынан (жасушалардан ) тұратын ең нәзік нерв аппараты .Ол клетка-лардың саны 15 миллиардқа дейін жетеді . Олардың әрқайсысы басқалармен тығыз байланыста болады , ал олардың барлығы сезім мүшелерінің нерв ұштарымен бірге
Сансыз көп байланыстары бар сас күрделі жүйе құрады.
Ми өте қүрделі функционалды жүйе болып табылады.
Сондықтан бұл жүйенің жұмысын дұрыс түсіну жеке нерв
клеткаларын зерттегенде және адамның сыртқы мінез құлқын зерттегенде алынған мәліметтерді біріктіруді талап етеді. Физиологиялық процестерден тыс мида ешқандай түйсіктің , ешқандай сезімнің тууы мүмкін емес .
Ми ойлау құралы екені туралы идея өте ерте заманда
туды , ал қазір ол ғылымда жалпыға мәлім идеяға айналды
сонымен қатар кейбір идеалист - философтар сана мидың қызметі екені туралы қағиданы теріске шығаруға қазіргі күніде әрекет жасауда. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Сана-адам миының функциясы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы психология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Сана-адам миының функциясы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]