Реферат: Тарих | Менің Отаным Қазақстан

Реферат: Тарих | Менің Отаным Қазақстан

МЕНІҢ Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жалқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің.
Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңа оралады. Одан өміршеңдік пен өрлікке, опти¬мистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі.
Менің Қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығың, табиғи біртұтастығың еске түседі.
Оны айтқанда өзіңді арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарыарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят суымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.
Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпар-лар¬дың тұяғының дүбі¬рін, қыран қанаты¬ның ғаламат суы¬лын естігендей бо¬ласың. Қарлы шың¬нан қияға көз сал¬ған қанатты барыс¬тың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді.
Менің Қазақ¬станым! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, “көрші хақы – тәңірі хақы” деп есептейтін, аузын ашса, жүрегі көрінетін аңқылдаған ақадал ұлттың жан тебіренісі.
“Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деген ізгі де асқақ даналықты өмірлік кредосына айналдырған, “Еңкейгенге еңкей – ол атаңның құлы емес, шалқайғанға шал¬қай – ол құдайдың ұлы емес” дейтін тәкаппар да текті елдің серті бар онда.
Менің Қазақстаным! Бұл – аза¬маттық ұстаным, елжандылық фило-софиясы. Оны Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз еліміздің 1992 жылы қабылданған тұңғыш әнұранының ав¬торларының бірі Қадыр Мырза Әлінің “Ел және мен” деген өлеңімен өрнек¬тесе де болар еді.

Осы жерде тәңірменен теңелгем,
Осы жерде қуанышқа кенелгем.
Атомды да ажыратып аларсың,
Алайда сен бөле алмайсың мені елден!

Желтоқсанда аппақ
қырау құрсанған,
Жазды күні жаңбырдан соң бусанған.
Бөле алмайсың мені мына даладан –
Бөле алмайсың ақ селеуден,
Жусаннан!

Қуат алып шуағынан,
Суынан,
Туған жердің теңізіне жуынам.
Бөле алмайсың гербісінен мені елдің,
Бөле алмайсың желбіреген туынан!

Алақанда әлдилеген Отаным,
Көмейімді күйдіреді от-әнім!
Бұл елге мен парыздар
бір перзентпін –
Қазақ деген боз інгенге ботамын! – дейді ақын.

Өлеңде азаматтық “мен” мен мемле¬кеттік “мен” арасындағы қоғамдық-әлеуметтік байланыс терең ашылған. Осындай көңіл-күй мен осындай адал сезім ғана нағыз шынайы елжан¬ды¬лыққа, мемлекетшілдік мәрттікке һәм парасатты патриотизмге негіз, берік тірек бола алады. Жалынды жыр жолда¬рында отаншылдық дегеніміз – тек сүйіспеншілік қана емес, жоғары жауапкершілік, парыз екендігі де жақсы көрініс тапқан.
Менің Қазақстаным! Бұл – отан¬дастық формуласы. Кең байтақ елімізде қатар ғұмыр кешіп жатқан жүздеген ұлт өкілдерінің бірлігі мен ынтымақ¬тасты¬ғының қайнар көзі Қазақстанды ортақ шаңырақ, ортақ ұямыз деп сезінуде жатқаны белгілі. Оны өмірдің өзі дәлел¬деп келеді.
Тек ел деп соққан жүректер ғана ел¬діктің туын бірлесе көтеріп, ортақ мақ¬сатқа бауырласа жұмылатынын қазақ¬стан¬дықтар жақсы біледі. “Бірлік бар жерде – тірлік бар” деген өміршең мә¬тел – халқымыздың тағдыр мұхиты¬на түскен талайлы кемесінің желкенін жық¬пауға себепкер болып келе жатқан арғықазақ конституциясының ең жар¬қын тағылымы болуы да кездейсоқ емес.
Осы орайда тағы да поэзияға жүгі¬ніп, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Иранбек Оразбаевтың “Тәуел¬сіздік” деп аталатын өлеңіне назар аударған жөн:

Өзіңдікі – Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ –
Тәуелсіздік төріңде.

Асқар тау да – сенікі,
Бақша-бау да – сенікі .
Қалтқысыз дос пенен
Қатал жау да – сенікі.
Өзіңдікі – туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
Бұл жерде отаншылдық рухының мемлекеттік тәуелсіздік идеясымен ұштастығы ұшқыр да ұтқыр айтылған. Еңсеңді көтеріп, елдік болмысыңды (“өзіңнің өзің екеніңді”) сезіну үшін бодандық шідерін үзіп, бостандық туын көтерудің қаншалықты маңызды екен¬дігі ойға орынды өзек етілген.
“Менің Қазақстаным” деген ұғым – осы сәйкестіктің көрінісі. Мемлекет (Қазақстан) пен оның азаматы (“мен”) арасындағы қоғамдық келісімнің психологиялық деңгейде орнығып, бірегей рухани болмысқа айналуының айқын айғағы. Яғни, ел азаматының өз ықы¬ласымен, өзінің жүрек қалауымен өз тағдырын өз Отанының тағдырымен байланыстыруының бір белгісі.
ОСЫ ұғымның Қазақстан Респуб¬ли¬касының жаңа әнұранының (елұраны¬ның) өзегіне, мағыналық лейтмотивіне айналуы тосын құбылыс емес, тәуелсіздік идеясының логикалық арнасында жатқан саяси әлеуметтік әрекет. Еркіндікке қолы жеткен егемен елдің қоғамдық сана¬сындағы сілкініс тәуелсіздік рәмізі таби¬ғатын айқындауға себепкер болуы – заңды саяси әлеуметтік құбылыс. Ұлттық рәміз ұлт жанының жалауына айналуы-ның басқа жолы да жоқ. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Менің Отаным Қазақстан туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, Менің Отаным Қазақстан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]