Реферат: Экономика | Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері

Реферат: Экономика | Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері

XXI ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің коғамдық дамуындағы аса маңызды мәселелердің бipi – меншік қатынастарын жан-жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу бүгінгі таңда негізгі мәселе . Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп қырлы. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің терең және өте мәнді қатынастарын қамтиды. Бүгінгі танда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бipi және пікір-талас туындайтын тақырыпқа айналып отыр.
Нарықтық экономикаға көшу – меншік қатынастарына тікелей байланысты. Өйткені қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір меншік формасы жатыр. Сондықтан нарық қатынастарына көшу кезеңінде оның көптеген объективті мәселелері өз шешімін күтуде.
Қазіргі таңда айқындалып отырғандай, бұрынғы көзқараспен социализм орнату жолында деп есептелінген елдердегі элеуметтік-экономикалық жүйенің күйреуiнің басты себептерінің бipi – мемлекеттік меншік қатынастарының үстемдікке ие болуы. Сол себепті де оларды өзгерту және түбегейлі құру туралы қортынды жасалды. Сөйтіп, бұл проблемаларға қоғам тарапынан өзіндік көзқарас білдipy мәселесі алға тартылып отыр. Бүгінгі таңдағы меншік ұғымының төңірегіндегі пікір-таластарды талдау мен меншіктің нақты әр түрлі формаларын өндірудің мәнін түсіну үшін аталған күрделі проблеманың теориялық негізін анықтау қажет.
Қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінде меншік мәселесі, даму перспективасы ең алдымен көтеріліп, жалпы қозғалыстың, дамудың өзіндік өзегін құрайды. Қоғамның, мемлекеттің, жеке адамдардың болмысының даму заңдылықтары, өндірістің материалдық және рухани негіздері барлығы да меншік жүйесіндегі маңызды өзгерістерге тәуелді.
Іc тәжірибеде және теорияда терең зерттеп, саралауды талап ететін құбылыстардың қатарында, меншік ұғымы мен жүйенің ішкі даму заңдылықтарын және түр өзгерістерінің себеп-салдарлы байланысын анықтау, екінші кезекте, осыдан туындайтын шаруашылық құқықтық қатынастардың нормативтік негіздері мен өзара тәуелді қатынасын анықтау мәселесі аса маңызды міндетке айналды. Жеке меншік немесе мемлекеттік меншік құбылыстарының сан-алуан түрлерінің өзіндік даму заңдылықтары мен қайшылықтары ғылыми негізде шешілуі тиіс.
Меншік экономикалық категория ретінде және
меншік қатынасының теориялық негіздері
1.1. Меншіктің мәні және элементтері

Меншік ұғымының мәнін анықтауда негізгі қағида "қандай да болмасын өндіріс жеке адамдардың қоғамдық форма (түр) шеңберінде және де сол арқылы табиғат заттарын иемденуі. Осы тұрғыдан, меншік ( иемдену) – өндіріс шарты қағидасы тавтологиялық (құрғақ қайталау) пайымдау болып көрінеді.
Меншіктің бұл анықтау облысы, енді оны кез келген политэкономиялық ұғымдарға тән заңдылық – мән, мазмұн, форма тәуелділігі шеңберінде талдауды қажет етеді.
Мән дегеніміз – құбылыстың ішкі құрамдас элементтерінің өзара бірлігін, ал мазмұн - ішкі, сыртқы факторлар әрекет етуінің ерекше формадағы көрінісі, байланыс заңдылықтары.
Олай болса, форма тұрғысынан алып қарасақ мән, мазмұн қасиеттерінің көріну сипаты, сандық-сапалық көрсеткіштері экономикалық ұғымының (ғылыми категория) ерекше болмысы ғана, сыртқы көріну ерекшелігі. Форма – ic-қызмет түріне тікелей тәуелді.
Бұл зандылықтар негізінде “меншік” ұғымы мәні экономикалық құбылыстардың (өндірістік қатынастар жүйесіндегі) дамуының мән-мазмұндық жаңару заңдылықтары, түр өзгерістерінің жаңа үлгісіне, түріне әсер етуі тиіс. Яғни меншік – өзіндік мәні, мағынасы бар ұғым ретінде көріну формасы мен мазмұнының жүйелі даму ерешеліктерін көрсетеді. Бұл – трансформация құбылысының негізі.
Экономикалық әдебиеттерде “меншік,,,иемдену„,” қағидасын түсiндіру елеулі қиыншылықтарды бастан кешiрiп келдi. “Өндіріс – табиғат заттарын иемдену, игеру мазмұнын құрайды, ал меншік – оның әлеуметтік формасы” қағидасын сындарлы түсіндіру сирек кездеседі. Осы тұрғыдан бұл қайшылықты шешуде В.Н.Афанасьев пікірі орынды деп айтуға болады: “Табиғат заттарын адам өмір сүрунің негізіне айналдыру ретінде иемденудің қоғамдық формасы бар және ол өндіріс процесінің мәнін көрсетеді,,, (Еңбек процесі),,, ал иемденудің белгілі формасының өзі басқа қырынан қаралған өндіріс процесі немесе дәлірек айтсақ, “иемдену адамның өмір сүруін қамтамасыз ету процесі ретінде өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың қайшылықты бірлігі”. Өндіргіш күштер тарапынан иемдену – еңбек процесі ретінде оның мазмұнын құрайды, ал өндірістік қатынас тұрғысынан – “меншік” атауымен қоғамдық мәнді формада көрінеді. Сонымен, меншік анықтамасын талдау, оның өмір сүру жағдай – шарттарын иемдену үшін болатын қатынас екенін көрсетеді. Бұл қатынас әзірше санада ғана бар, талдаудың бастама пункті (қайнар көзі) – абстрактілі ойлау жүйесіндегі үздіксіз қайталанатын қатынастардың мәнін анықтайды. Иемдену процесінің еңбек, меншік қырларының бірлігі мен айырмашылығы таным зандылығының ерекше сипаты ғана. Бұл, кейінірек, меншік пен еңбек ұқсастығы (айырмашылығы) заңы ретінде тұжырымдалады.
Еңбек пен меншік ұғымдары мәндерінің өзара кірігу (взаймопроникновение) процесі иемденудің аса бай мазмұнын құрайды, бірақ шешуі де өзара сәйкес келмейді. Үздіксіз дамып бірегей құбылыстың – иемденудің қарама-қарсы екі ұғымдардың мән-мазмұнын, формасын біріктіру – меншіктік сипатын, даму зандылықтарын да анықтайды. Бұл мағынада меншікті иемдену арқылы анықтау тавтология (құрғақ мылжың) емес, керісінше, меншіктің өндіріс алғы шарты, дамыған нәтиже ретінде өндірісте жүзеге асатын нақтылы иемдену процесі екенін көрсетіледі. Екіншіден, өндipic нәтижелерін иемдену (бөлу, айырбас, тұтыну) меншік қатынастарын нақтылайды, сандағы қатынастарды объективті, материалдық сипатқа ие етеді. Сонымен, иемдену өндіріс факторларын, өндipic нәтижелерін өмір сүру үшін игеру меншіктің мән-мазмұнын анықтайды. Ғылыми ұғым элементтері ic-тәжірибеде нақтылы жүзеге асып жатқан ic-қызмет формаларымен мазмұны байиды. Меншік – ғылыми ұғым, меншік – ic-қызметтің ерекше формасы ретінде өндipic процесінде ғана айқын көрінеді. “Меншік – ғылыми ұғым” жүйесін талдаудан ғылыми зерделеудің келесі кезеңі – жалпы экономикалық жүйедегі оның (ұғымының) ic-әрекет ету қызметін, механизмін (тіптен түр өзгерістерін) саралау арқылы еңбек, өндipic процесінің даму сатыларына сәйкес бейнелеуді талап етеді. Бұл жіктеу (“Диалектика собственности” Я. Аубакиров, Б. Байжұманов) меншік қатынастарының диалектикалық дамуын дәлме-дәл айқындау үшін қызмет етеді.
Бұл айтылған тұжырымдардың екі үлкен қорытынды жасауға болады. Біріншici, “меншік” ұғымы өндірістік қатынастар жүйесінде дамымаған нәтиже ретінде бастама қызметін (қайнар көзі) атқара отырып, өндipic нәтижесінде дамыған бастамаға (нәтижеге) айналады, яғни үздіксіз жетілдіріп отыратын себеп-салдарлы дамуды көрсетеді. Мәселе, енді, оның түр өзгерістерін, даму сатылары мен кезеңдерін дәлме-дәл айқындау мүмкіндігін табу. Бұл үшін ұғымның ішкі элементтерін, мүдделері, қажеттіліктер, өндipic факторлары сияқты нысандардың өзара тәуелді байланыстарын зерттеу қажеттігі туындайды. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]