Реферат: Құқық | Меншік құқығы туралы түсінік

Реферат: Құқық | Меншік құқығы туралы түсінік

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болуы керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағында түсінуіміз қажет. Бірншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден – бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасар отырған біздің экономикалық заңдарымыз
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада беллгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтың қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке – жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.
Азаматтық Кодекстің 188 – ші бабында анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. мысалыЖ азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. мысалыЖ жалға беру және т.б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомабилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. мысалыЖ жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік иесі пайдалану құқығын басқа біруге берместен бұрын ол субъектігі мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.
Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т.б. Сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбау тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез – келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесыі болып қала отырып, оларға мүлікті кепілге беруге және оған басқа да өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, лоарға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңмен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.

Меншік құқығының пайда болу негіздері

Меншік құқығының пайда болу негіздері дегеніміз азматтық құқық субъектілерінің белгілі затқа (мүлікке ) байланысты меншік құқығың алуын заңды түрде байланыстыратын заңды айғақтар. Заң әдебиеттерінде қалыптасқан көзқарастар бойынша оларды екі топқа бөлуге болады: бастапқы және туынды.
Бастапқы тәсіл негізінде мүлікке меншік құқығы бірнеше рет пайда болады, яғни бұрын мүлік ешкімнің де иелену, пайдалану және билік ету құқығында болмаған. Сондықтан да бастапқы тәсіл бойынша меншік құқығыныңпайда болуына мына негіздерді атап көрсетуге болады: жаңа затқа меншік құқығы (273 - бап); иелену мерзімі (244 - бап); (245 - бап); қараусыз жануарлар (246 – бап ) және т.б.
Туынды тәсіл дегеніміз – мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өту нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алу тәсілі. Аталған негіздің ерекшелігі сол, мүлік басқа біреуге өткенге дейін алғашқы иесінің иеленушілігінде болуы, ал мүлікті иеліктен шығарушыда оның тоқтатылуы. Туынды тәсілінің негізінде меншік құқығының пайда болуына көбінесе азаматтық – құқықтық келісімдердің ықпалы әсер етеді (мысалы, сатып алу – сату, қарыз немесе несие шарты, жекешелендіру және т.б.). ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Меншік құқығы туралы түсінік туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Құқық жоспарымен, казакша реферат жоспар, Меншік құқығы туралы түсінік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]