Реферат: ТМД елінің көлік жүйесі

Реферат: ТМД елінің көлік жүйесі

Балтық жағалауы елдерінің көлік географиясы

Алдыңғы кезеңде республикада тарихи қалыптасқан бағыттар бойынша транзиттiк әлеует қалыптасты, оның негiзiн мемлекетаралық жол қатынасында тасымалдарды қамтамасыз ететiн бiрқатар көлiк бағыттары құрайды. Бұл ретте Қазақстан үшiн екi маңызды стратегиялық мәселе шешiледi:
1) республиканың iшкiқұрлықтық мемлекет ретiнде теңiз порттарына шығуы;
2) автокөлiктi үш негiзгi бағыт бойынша транзиттiк өткiзу:
- Ресей, Еуропа, Балтық жағалауы елдерi;
- Қытай, Жапония, Оңтүстiк Шығыс Азия елдерi;
- Орта Азия, Кавказ сырты республикалары, Иран, Түркия.
Осы бағыттардағы қазақстандық автожолдардың тиiстi бөлiктерi АТМЭӘК (ЭСКАТО) аясында Экономикалық ынтымақтастық ұйымдары елдерi түзетiн Азия тас жолдарына (АЛТИД жобасы); ТРАСЕКА жобасына (Еуропалық Одақ), сондай-ақ тiзбесi үкiметаралық келiсiммен (1998 жылғы 11 қыркүйектегi хаттама) бекiтiлген ТМД-ға қатысушы елдердiң халықаралық автомобиль жолдарының желiсiне құрамдас бөлiм болып кiрдi.
Қазіргі уақытта ТМД елдерінің темір жол магистральдарының ұзындығы АҚШ темір жолынан екі есе кем. Ресей де, Қазақстан да темір жол жиілігі жағынан алғашқы ондыққа да кіре алмайды. “World іn fіgures 2007” ха¬лықаралық анықтамалығының мәлі¬¬меттеріне сәйкес, Қазақстан жер көлемі жағынан әлдеқайда кіші Польша мен Жапонияға айтарлық¬тай жол бере отырып әлем бойын¬ша 18-інші орынды (13,8 мың ша¬қырым) ғана иеленеді. Автомобиль жолдары мен теңіз тасымалына қатысты жағдай да дәл осындай.
Сондықтан алдымен бүкіл ТМД-ның, соңынан бүкіл Еуропа елдерінің ортақ көлік желісін құрып және дамыту арқылы жалпы¬еуро¬па¬лық кеңістікке интеграцияланудың маңызы өте зор. Осы мақсатқа сәй¬кес Президент “Бәсекеге қабілетті 50 елдің жолдары” атты көкейкесті тұжырымдаманы бекітті. Қазақ¬стан¬ның транзиттік әлеуетіне бай¬ла¬ныс¬ты аталған бағдарламалық құжат ха¬лық¬аралық көлік дәліздері құры¬лы-сындағы негізгі бағыттарды айқын¬дайды. Бірінші кезекте ол Ресей, Еуро¬па және Балтық елдері. Тағы бір бағыт – Қытай, Жапония, Оң¬түстік-Шығыс Азия елдері, ал үшін¬ші жол – Орталық Азия, Закав¬казья, Парсы шығанағы және Түр¬кия бағыты. Бұл тармақтар осы орайда бірқатар артықшылықтарға ие Қазақстанның географиялық жағдайына толық сәйкес келеді.
Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде, мың жылдық тарихы бар Ұлы Жібек жолының бойында ор¬наласа тұрып, біз Шығыс пен Ба¬тыс¬тың саудадағы мүдделерін жал¬ғас¬тырушы көпір қызметін атқар¬дық. Еуропаның, Кавказдың, Таяу және Қиыр Шығыстың ірі рынок¬тарына бет алған сауда керуендері Қазақстан жерін басып өтті. Қазірде де сол жағдай, біздің еліміз сол бұрынғысынша көптеген өңірлердің саудадағы мүдделерінің тоғысқан жерінде тұр. Қазақстан арқылы өте¬тін жол көрші елдер үшін қашық¬тықты едәуір қысқартып, тиісінше жүктерді жеткізу мерзімін тездетеді. Олай болса, осындай транзиттік әлеуетті, географиялық артықшы¬лық¬ты неге пайдаланбасқан және бұл істі мүмкіндігінше тезірек жүзе¬ге асыру қажет. Қазірдің өзінде Еу¬ропа мен Қытай арасындағы тауар айналымы шамамен 700 миллиард долларды құрайды. Ал 2010 жылға қарай бұл сан ең қарапайым деген есеп бойынша 1 триллион долларға дейін өспек. Сондықтан да осы үде¬ріске қосылу біз үшін басты мақсат, өйткені бұл міндет жүзеге асқан күнде Қазақстанның транзиттен табатын пайдасы 2 миллиард дол¬лар¬ды құрамақ. Қазақстан әлемдік көліктік-коммуникациялық жүйенің бір бөлігіне айналуға тиіс. Әлемнің жаһандануы тауарлардың, адамдар¬дың, қызметтердің, ақпараттар мен қаржының тұрақты ағынын қам¬та¬масыз етуде. Осындай ағынның өсе түсуі көлік тасымалына кететін шығындарды, қай жолдың ыңғайлы әрі қысқа екенін мұқият есептеуге итермелеуде. Транзиттен түсетін ақша да дәл осындай “қолайлы жер¬лерде” қалмақ. Сарапшылар өт¬кен ғасырдың соңында-ақ ХХІ ға¬сыр¬дағы жүк және қызмет көр¬се¬тулердің негізгі айналымының АҚШ–Еуропа–Қиыр Шығыс “үш¬бұрышында” шоғырланатынын болжаған болатын. Аталған жүк¬тер¬дің бір бөлігінің Қазақстан арқылы өтетінін түсіну үшін географиядан аса білімдар болу міндетті емес. Біз¬дің міндет осы “бөліктің” мүм¬кін¬дігінше көбірек болуын қамтамасыз ету.
Қазақстанның Еуразия құрлығының кiндiгiнде орныққан географиялық жағдайы Азия-Еуропа қатынасындағы қалыптасып келе жатқан трансқұрлықтық бағыттардың көлiк магистральдарын пайдалану үшiн қолайлы алғышарттар туғызады, олардың көпшілігi өзiне қазақстандық автожол желiсiнiң учаскелерiн қамтиды.
Халықаралық талдау орталықтарының бағалауынша, Оңтүстiк Шығыс және Шығыс Азия-Еуропа бағыттарындағы транзиттiк ағындар 330-400 миллиард АҚШ долларына бағаланады. Бұл ретте транзиттiк ағындардың 20%-ға жуығы темiр жол және автожол бағыттарымен Ресей Федерациясы және Қазақстан аумағы арқылы өтуi тиiс деп көзделедi. Транзиттiк тасымалдар үшiн алынатын алымдар - тiкелей бюджет кiрiсi болып табылады.

3. Орта Азияның көлік жүйесінің жұмысы

Көлік және коммуникация кешенін дамытуда Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетін арттыру және толығырақ пайдалану маңызды бағыт болып табылады. Еліміз аумағы арқылы жүктер мен жолаушыларды транзиттік тасымалдау Қазақстанның қолданыстағы заңнамаларына және халықаралық келісімдер мен келісімшарттарға сәйкес теміржолмен, әуе жолымен, автомобиль жолымен, мемлекетаралық бағыттардағы ашық теңіз ішкі су көліктерімен, жолдармен, трассалармен және су жолдарымен жүзеге асырылады. Транзит - бұл тасымалдаудың кірісі жоғары құрамдауышы болып табылады. Мысалы, «Қазақстан темір жолы» компаниясының тасымал көлеміндегі транзиттік жүктердің үлесі 5-6 пайызды құрайды, сонымен қатар компанияның жалпы табысындағы транзиттен түсетін пайданың үлесі 12-15 пайызды құрайды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы жылдары Қазақстан аумағы бойынша жүктерді транзиттік тасымалдау көлемінің жылына 15-20 пайызға өсіп отыр.
Бүгінде Қазақстан негізгі халықаралық көлік дәліздерінің қатысушысы болып табылады және трансеуропалық және азиялық көлік желілеріне кірігу жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. 2006 жылы Қазақстан ұзақмерзімді Көлік стратегиясын қабылдады. Бұл стратегия еліміздің аумақтық дамуымен және тұтастай алғанда Еуропа құрлығының дамуымен үйлестірілген. Стратегияда Солтүстік - Оңтүстік, Батыс-Шығыс бағыттарында құрлықтық және трансқұрлықтық транзитті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы магистральдарды қалыптастыру көзделген. Стратегия Қазақстанның көліктік инфрақұрылымын дамытудың негізгі құжаты болып табылады, оның аясында қазіргі уақытта сомасы шамамен 30 млрд. АҚШ доллары болатын 80-ге жуық ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезеңде негізгі жүк тасымалдары үш басты бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Олар: Қазақстан-Қытай, Қытай-Орталық Азия, Қытай-Ресей-Батыс Еуропа.
Халықаралық сарапшылардың дерегінше, Орталық Азия елдерінің аумақтары арқылы Еуропа мен Қытай бағытында жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдар шамамен 1 пайызды құрайды. Транзиттік дәліздердің жұмыс жасауын сапалық жағынан жақсарту және шекараларды кесіп өту проблемаларын шешу жөніндегі келісілген шараларды іске асыру арқылы бұл көрсеткіштерді ұлғайтуға болады. Тек соңғы екі жылда Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар көлемінің өсімі 40 пайызды құрады. Транзиттен түскен табыстар да осыншалық көбейді. Қазақстанның 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясына сәйкес, елімізде транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуда қолайлы жағдай жасауға бағытталған біраз жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет пен жеке меншік серіктестік негізінде таяу уақытта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін халықаралық маңызы бар 1 мың шақырымдай автожолдарды салу және қайта салу көзделіп отыр.
Орталық Азия елдерінің арасындағы жүктерді тасымалдау қашықтығы 500 шақырымнан астамға қысқарады. Ұзақтығы 988 шақырымдық «Бейнеу-Жезқазған» жаңа темір жол желісінің құрылысы теміржол саласындағы ірі әрі перспективалы жобалардың бірі болып табылады. Бұл жобаның құны - 2,3 млрд. доллар. Осы магистраль пайда болғасын еліміз аумағы арқылы Батыстан Шығысқа, Қытаймен шекарадағы Достық/Қорғас станциясынан Ақтау айлағына дейін жаңа транзиттік маршрут төселеді. Жобаны жүзеге асыру Ақтау теңіз айлағы арқылы батыс аймақтары мен Азия елдері бағытындағы маршруттың ұзақтығын орта есеппен 600 шақырымға қысқартуға, еліміздің темір жолдарымен тасымалданатын Қытай, Еуропа және Кавказ арасындағы транзиттік жүктердің көлемін тартуға мүмкіндік береді.
Аталған зардаптарды болдырмау мақсатында, ҚР үкіметінде шекаралар бойынша теңгерімдік иеліктерін бөле отырып, Орталық Азияның БЭЖ-мен бөлек жұмыс режиміне күні бұрын ауысу мәселесі қаралды.
“Трансеуразия-2008” халықаралық кон¬ференциясы Еуразия құрлығындағы көлік-коммуникациялар кешеніне арналған және Еуропа мен Азия елдері арасында көлік саласындағы өзара тиімді қызметтестікті ны¬ғай¬туға, олардың көлік саласындағы саясат¬тарын үйлестіруге бағытталған ауқымды шара болып табылады.
Оның міндеті Еуразия құрлығындағы гео¬саяси тенденцияларға, атап айтқанда, ұлттық және халықаралық көлік жүйелерінің, соның ішінде құрлықаралық көлік дәліз¬дері¬нің де даму болашағына шолу жасау. Сол сияқ¬ты жаңа сауда маршруттарын, көлік инфрақұры¬лы¬мы мен логистиканы дамыту үшін қажетті инвестициялық мүмкіндіктерді бағалау, жаңа көлік бағыттарын қалып¬тас¬ты¬ру арқылы жаңа рыноктардың дамуын ын¬таландыру, баға белгілеу, салық салу, ақпарат алмасу тәрізді міндеттер де осы конференция аясында ше¬шіледі. Сонымен қатар басқосуда екі жақты және көп жақты негізде мем¬ле¬кетаралық қыз¬меттестікті нығайту, нор¬ма¬тивтік-құқықтық қамтамасыз етуді өзара үйлестіру, кедендік және шекаралық про¬це¬дураларды жеңілдету, салық заңдарын біріз¬дендіру, ұлттық көлік-коммуникация кешен¬дерін техникалық және технологиялық жағы¬нан жаңарту мәселелері де назардан тыс қалмайды.
Қазақстан аумағы арқылы өтетін транс¬құрлықтық және өңіраралық көлік дәліздері арқылы тасымалдарды ұйымдастыру мәселе¬ле¬рін іс жүзінде жүзеге асыру, сондай-ақ қол¬да бар ғылыми-техникалық әлеуетті пай¬да¬ла¬ну мақсатында Қазақстан Үкіметі “Транс¬еур¬азия” халықаралық конференциясы мен “Тран¬зитТрансКазахстан” халықаралық көрмесін тұрақты түрде өткізіп тұру туралы шешім қабылдаған болатын. Міне, содан бері, яғни 1997 жылдан бастап бұл іс-шара тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы жылдар ішінде конференция жұмысына 60-қа жуық елдің көлік ведомстволарының басшылары мен өкіл¬дері қатысып, маңызды деген көптеген мә¬селелерді талқылауға және олардың оң¬тайлы шешім табуына атсалысты.
– Жүктерді тасымалдау технологиясын же¬тілдірудің әлемдік тенденциялары бүгінде ХХІ ғасырдың негізгі біртұтас көлік желісіне айналып отырған интермодальды көлік дәліздеріне көлік ағындарын шоғырландыруға және контейнерлік тасымалдарды арттыруға ті¬келей байланысты болып отыр. Егер ком¬му¬никациялар неғұрлым жақсы дамыған Ба¬тыс және Орталық Еуропада көлік дәліздері¬нің базалық жүйесі негізінен алғанда құрыл¬ған болса, экономикалық өсудің жоғары қар¬қыны сақталып отырған Азияда бұл үдеріс енді ғана басталуда.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат ТМД елінің көлік жүйесі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ТМД елінің көлік жүйесі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы География жоспарымен, казакша реферат жоспар, ТМД елінің көлік жүйесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]