Реферат: Түйсік

Реферат: Түйсік

Түйсіктердің негізгі зандылықтары
А. Сезгіштік және табалдырық

Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз — сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық — түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Мәселен, біреу алақанындағы бір ми квадрат аумақка түсетін салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерге түскен салмақты алты грамнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, онда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, кез улыра күлгін сәулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде түйсік туғызарлықтай күш жоқ.
Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3—4 грамм қосу керек. Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әртүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100-ге тең. Бұл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық күшіне тағы бір шамдық жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артатындығы байқалады. Ал жүз кісі қатынасқан хорға тағы да он адам қосылса, хордың даусы аздап болса да көтеріледі.
XIX ғасырдың орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э. Вебер (1795—1878) мен С. Фехнер (1801 -1887) тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады. Мұны түйсіктің психофизикалық заңы дейді. Осы заң бойынша тітіркендіргіштердің күші геометриялық прогрессия жолымен көбейсе, одан туатын түйсіктер арифметикалық прогрессия жолымен өседі.
Әлсіз немесе күшті тітіркендіргіштердің әсерін бұл заңмен түсіндіру қиынға соғады.

Ә. Адаптация29

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді.
Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай-қайсысы да адаптацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздін қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз. Көздің қараңғыда көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалардың әсері өте күшті. Олардың нашар жарықты да жақсы сезе алатын қасиеті бар. Мәселен, 30—40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Ал қараңғыдан жарыққа қарай сезгіштіктің өзгеруі жарық адаптациясын көрсетеді. Алғашқыда күн көзге шағылысып, көз еріксіз жұмылады. Бірақ төрт-бес минуттан кейін көз бұған үйренеді де, көздің көруі қалпына келеді.
Адаптация құбылысына перифериялық нерв жүйесімен қатар ми қабығы да қатысады.
Адаптация тері (тактиль) түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол.
Мәселен, судың бірқалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.
Иіс түйсіктерінде адаптация түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, камфараның иісі 1—2 минуттан кейін сезілмейтін болса, горщица мен нашатыр спиртінің иісіне адаптациялану тезірек болады.
Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну организмнің қалыпты жұмысының бұзылғандығын, осы сигналдың биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптацня құбылысы үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне анализаторлардың қалай да бейімделе алатындығын байқатады.

Б. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация30

Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.
Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның кору қабілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі ұшуға дайындық кезінде ұшқыштардың көздеріне 20—30 минут бойына қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.
С. В. Кравков, К. X. Кекчеев зерттеулерінде адамның дамыл-дамыл таза ауада дем алуы, жеңіл дене қимылын жасауы, беті-қолды салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы дәлелденген.
Сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне түскен әсер, қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бір-бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің құбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (қышқыл нәрсе) көру сезгіштігін арттырады, түз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тәтті болып көрінеді. Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозғалыс түйсіктерінде де көп байқалады. Түйсіктердің озара байланысының өте айқын көзге түсетіні контраст (қарама-қарсылық) құбылысы. Мәселен, айналасын ақ түске бояған сүр тік бұрыш айналасын қара түске бояған сұр тік бұрыштан күңгірттеу көрінеді. Ал осы сұр тік бұрыштың айналасын қоңыр түске бояса, жасыл тартып, сары түске бояса, көгілдір болып көрінеді. Тым-тырыс кезде дыбыс жақсы естіледі, ыссы нәрседен кейін салқынды түйсіну өзінен-өзі белгілі. Жоғарыда көрсетілген мысалдарда түйсіктердің қарама-қарсылығы жүйке процестерінің өзара индукция заңдылығымен (бір мезгілдік индукция) түсіндіріледі.

В. Синестезия31

Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің, пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Мұндай адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, екіншілері — көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипай сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия — түйсіктердің өзара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.

Г. Бір ізді бейнелер (эйдетикалық ес)

Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дөм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2—3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса (көзді жұмғанда қабақтан жарық түсірмеу үшін шамды алақанмен қалқалау керек), жарықтың ізін айқын көре алады. Бір ізді образдардың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады.
Қолымызға екі парақ ақ қағаз алып, бірін ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бұдан кейін осы қызыл қағаздан көз алмай 20—30 секундтай қарап отырып, көзімізді сәл ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түсті көруге болады.
Бұл теріс бір ізді образдардың мысалы. Соңғы түс алғашқы қызыл шаршының теріс бір ізді образы. Кино лснталарындағы жеке кадрлардың арасындағы үзілістерді байқамау осындай оң бір ізді образдардың қызметі болып табылады. Өйткені мұндайда бір тітіркендіргіш екіншісімен жалғасып отырады. Бір ізді образдар көбінесе адамға байқалмайды. Өйткені көздің тор қабығы үнемі қозғалып тұрады да, осыдан адамның көзі талмайды. Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөліктерінде түрлі қозулардан қалған іздер — бір ізді образдардың физиологиялық негізі болып есептелінеді.
Бір ізді образдарға ұқсас, бірақ одан табиғаты бөлектеу заңдылықтың бірі — эйдетикалық құбылыс. Бұл — эйдоне деген грек сөзінен алынған, мағынасы көру, сурет, бейне, идея деген мағынаны білдіреді. Кейбір адамдарда бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстарды, сол объектілер көзден таса пайда болған жағдайда да көріп тұратындай қабілет болады. Осы жағдайға байланысты шықкан қисынды психологияда эйдетизм деп атайды да, осындай кабілеті бар адамдарды эйдетиктер деп атайды. Эйдетика образдары естің елестеріне, сондай-ақ түйсікте, ілеспе, бір ізді образдарға табиғаты жағынан ұқсас келеді. Эйдетикалық бейнелерді естің елестері мен ілеспе бейнелерден бір ерекшелігі, мұнда адам жоқ заттарды ұсақ-түйектеріне дейін нақтылы тәптіштеп түсіне алады. Яғни, алдында жоқ нәрсені бүге-шігесіне дейін жақсы "көре алады" бірінен екіншісіне көзін оңай жүгіртеді.

§ 3. Түйсіктердің түрлері

Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады.
1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады.
2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін (хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.
3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұның рецепторы проприоцептор деп аталынады. Енді осы топтағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік.

А. Көру түйсіктері

Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге ұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі ұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуын) ажыратады. Меселен, қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толқындарының әсер етуінен пайда болады. Спектрге қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі түсті және олардың сансыз реңдерін айыруға болады. Ересек адам түстін 180 дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.
Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, қошқыл сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр түстері) болып екіге бөлінеді.
Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің жарықтылығы, өңі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек жарықтылығымен ғана ажыратылады. Түстің жарықтылығы— түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ тус ең жарық түс, қара түс жарықтылығы ең төмен түс болып табылады.
Түстердің өңі дегеніміз бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы. Түстің қоюлығы — жарықтылыгы бірдей сұр түстерден жеке түстердің айырмашылығы. Ең қою түс — қызыл түс болады.
Көру мүшесі — көз. Оның негізгі бөлімі — көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақтүсті, тамырлы жөне торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.
Ақ қабықтың түсі пісірілген жұмыртқаның ағына ұқсас. Мұның алдыңғы жағы аздап дөңестелген түссіз мөлдір қасаң қабыққа (роговица) Көру мүшесінің құрылысы айналады. Мөлдір қасаң қабық арқылы көз алмасының ішіне жарық сәулесі енеді.
Тамырлы қабы қақ қабықтың астында жатады. Қасаң қабықтың артқы жағы, тамырлы қабыктың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан.


1 - көздің ақтүсті қабығы: 2 - көздің нұрлы қабығы; 3 - қарашық; 4 - қасаң қабық;
5 — тамырлы қабық; 6 — торлы қабық (сетчатка); 7 - шыны тәрізді дене.
Ең ішкі, үшінші қабықты торлы қабық дейді. Мұнда жарық сәулесінің сезімтал таяқшасы (палочка) және шақша (колбочка) деп аталатын фоторецепторлары орналасқан. Онда 130 миллионға жуық таяқша, 7 миллиондай шақша клеткалары бар. Таяқшалар ымыртта, қараңғыда көрудің, ал шақшалар күндіз көрудің аппараты делінеді. Шақшалар торлы қабықтың ортасына, ал таяқшалар оның шеткі жағына орналасқан.
Таяқшаның клеткаларында көру пурпуры (зрительный пурпур) деген зат болады, бұл жарықтың әсерінен химиялық жолмен бөліну арқылы көру жүйкесін қоздырып отырады.
Көру мүшесі үшін ми қабығы (оның желке бөліміндегі көру орталығы), сондай-ақ, көмекші анатомиялық аппараттардың да (қабақ, кірпік, қас т.б.) тиісінше қызмет атқаратыны түсінікті.
Заттардың тұстерін керу "үш түсті көру" теориясымен түсіндіріледі. Осы теорияны алғаш ұсынған ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов болса, оны одан ары дамытқан неміс ғалымы Г. Гельмголыд. Осы аталған ғалымдар көздің тор қабығында үш түрлі жүмыр клеткалар бар, олардың бір-бірінен айырмашылығы жарық сәулелерінің әсерін түрліше сезетіндігіңде деп жорамал жасады. Егер көзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда бірінші жұмыр клеткалар қозу күйінде келеді де, осының нәтижесінде қозса, онда жасыл түсті түйсіну пайда болады, ал үшінші жұмыр клеткаларының қозуы күлгін түсті түйсінуге мүмкіндік береді. Осы үш жұмыр клетка қатар қозатын болса, кісі ақ түсті түйсінеді, ал бұлардың қозу күші әр түрлі болып келсе, аралық түстер түйсініледі. Заттың түстерін дүрыс айыра алмау көздің тор қабығындағы осы аталған үш түрлі жұмыр клеткаларының жұмысына зақым келуден болады. Заттың түсін сезбейтін адамдарды ахроматтар деп атайды. Оларға айналадағы нәрсенің барлығы бір түсті болып көрінеді. Тіпті осы клеткалардың біреуінің қызметі бұзылса да адамға заттың түстерін дұрыс түйсіну қиын: соғады. Түстерді көре алмайтын адам зор азап шегеді. Мұндай адамдарды кейбір мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдамайды. Мәселен, паровоз машинистері, шоферлер мен трамвай жүргізушілер түстерді жақсы ажырата білуі қажет. Өйткені светофорда тек қызыл және жасыл түс қана болады. Осы түстерді ажырата алмай қалушылық, транспорттың апатқа үшырауына себеп болады. Сондықтан осындай жұмыстарға адам алғанда олардың түсті айыра білу қабілеттерін дәрігерлік комиссия арқылы анықтап отырады.
Түстерді бірімен-бірін араластыру, яғни бұлардың қоспасынан жаңадан бір түс шығару да белгілі заңдылықтарға негізделген.

«Үш түсті көру» теориясының
схемалық кескіні.

Мәселен, қосарлап алынған таза спекторлық түстердің қосындысынан (қызыл мен жасыл, көк пен сары) ахроматикалық, бояусыз түстер (ақ, қара түс) шығады. Хроматикалық түстердің осы айтылғаннан басқа кез келген екі жұбын араластырса, қандай болмасын бір аралық түс — түстің реңі келіп шығады. Мәселен, қызыл мен сары түстің қосындысынан күлгін түс пайда болады.
Басқа түйсіктер тәрізді көру түйсігі де тарихи дамудың нәтижесі. Адам көзінің заттың түсін ажырата алу қабілеті бірден қалыптаспаған. Талай ғасырлық дамудың нәтижесінде еңбек процесінің үстінде, заттың түсін ажырата алу қабілеті біртіндеп қалыптасқаң. Бұл пікірдің дұрыстығын мына бір мысал жақсы көрсетеді. Жаңа туған балаға айналасындағы заттар мен құбылыстар біркелкі болып көрінеді. Ол заттың түсін тек 5—6 айдан былай қарай айыра бастайды. Баланың осы қабілетін дамытуда бояулы ойыншықтар үлкен рөль атқарады. Ал көру түйсіктерінің дамуына еңбек процесінің, адамның нақтылы мамандығының қалайша әсер етіп отыратындығын мына бір мысал жақсы дәлелдейді. Мөселен, қара мата тоқитын тәжірибелі тоқымашылар бір қара түстің өзінен-ақ оның 40 қа жуық реңкін ажыратса, қалған адамдар осының 2— 3 түрін зорға айырады.

Ә. Есту түйсіктері

Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері — дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудің жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы — бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі — тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц (тербеліс) ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын тербелістерді құлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Құлағы ең сақ аң-құстар дегенде ең алдымен жарғанат айтылатыны белгілі. Оның есту қабілеті 175 мың Гц, одан соң ит - 100 мың Гц, шегіртке - 90 мың Гц, тауық — 38 мың Гц келеді. Адамның естігіштік қабілеті — сайрауық құстармен бір деңгейде — 20 мың Гц болады екен.
Түйсік туғызатын дыбыстар музыкалық (ән, музыка аспаптарынан шығатын дыбыстар) және шулар (сан алуан сықыр-тықыр, дүрсіл, гүрсіл-сарыл т. б.) болып жіктеледі. Бұлардың құлаққа жағымдыларын консонас жағымсыздарын диссонанс дыбыстары дейді.
Есту мүшесі — құлақ үш бөлімнен тұрады. Оның біріншісі — сыртқы құлақ.
Сыртқы құлаққа дыбыс түтігімен қосылған құлақ қалқаны жатады. Ортаңғы құлаққа (бұғандыбыс жарғағы және үш есту сүйекшелері): балғашық, төстік, үзеңгі кіреді. Есту мүшесінің үшінші бөлігі — ішкі құлақ. Ішкі құлақтың бітісі өте күрделі.
Оның өзі үш бөліктен: босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады.

Есту мүшесінің құрылысы.
1-дабыл жарғағы; 2 - сыртқы есту тесігі; 3 - балғашық;
4 – төс; 5 - үзеңгі; 6 - иірім; 7 - босаға; 8 - иірім түтік.

Бүкіл негізгі жарғақты бойлай корти мүшесі (дыбыс тітіркендіргіштерін қабылдайтын аппарат) орналасқан. Оның құрылысы да өте күрделі. Корти мүшесінің аса маңызды бөлігі — өте жіңішке талшықтары бар сезімтал клеткалардан тұрады. Ол клеткалар дыбыс қабылдайтын рецепторлар деп аталынады.
Есту түйсіктерінің табиғатын Г. Гельмгольцтың резонанс теориясының негізінде түсінуге болады. Г. Гельмгольц корти мүшесіндегі ұзын жүйке талшықтары музыка аспабының қылы тәрізді төменгі дыбыстарды қабылдайды да, ал қысқа жүйке талшықтары керісінше, жоғарғы дыбыстарды қабылдайды деген пікір айтқан. Бұл жорамал кейіннен И.П.Павлов лабораториясында да эксперимент арқылы дәлелденген. Мәселен, иттің негізгі жарғағындағы ұзын талшықтарды сылып алып тастағанда, ол төменгі дыбыстарды қабылдай алмаған, ал қысқа талшықтары кесіліп алынғанда, бұрынғы үйренген жоғарғы дыбыстарды қабылдаудан қалған.
Есту түйсігі де сыртқы дүниені танып, білуде зор маңыз атқарады. Есту түйсігі әсіресе тілді меңгеруге аса қажетті түйсік. Сөздің мәнін ұғу, оны дұрыс түсіну және біреуге айтып беру, дұрыс естімейінше жүзеге аспайды. Әрбір адамның ана тілі оның есту түйсігінің дамуына күшті әсер етеді. Дыбыстардың нәзік айырмашылықтарын ажырата алу — есту түйсігі жөнді жетілмеген адамға қиынға түседі. Ал есту түйсігіндегі кемістік адамның психологиясына да кері әсер етеді. Мәселен, құлағы нашар еститін адамдардың көңіл күйінің жабырқау болатыны да осыдан.
Музыканы есіту қабілеті адамдарда біркелкі емес. Бұл олардың (күйдің) арқауын сезініп, дыбыстың гармониялық ара қатынасын ажырата білуге байланысты. Музыкалық қабілет абсолюттік және салыстырмалы болып екіге бөлінеді. Бірінші түрі өте сирек кездеседі. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Түйсік туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Түйсік на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Психология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Түйсік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]