Реферат: Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау

Реферат: Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау

Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру. Қазақ¬станның орнықты дамуын қамтамасыз ету:
шикізат секторының үлесін біртіндеп азайта отырып, экономиканы құрылымдық қайта құру;
ғылымды және инновацияларды ынталандыру негі¬зінде шетелдік өзіне ұқсастардан асып түсетін “техно¬логиялық озуды” дамыту;
қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу;
біріккен экономикалық және экологиялық ұлттық есеп¬терді жүргізу жолымен табиғатты ұқыпсыз пайдала¬нудан болатын ұлттық байлықтың ысырабын есепке алу;
жер, су, орман, минералдар және өзге де ресурстарды пай¬да¬ланудың экологиялық әдістерін қоса алғанда, та¬биғат пайдалануға деген осы заманғы ғылыми негізделген көзқарасты енгізу;
энергетикалық шығындарды еңсеру саласындағы арнайы мемлекеттік бағдарламаларды, біртұтас саясатты іске асыру барысында отандық экономиканың энергиялық тиімділігін арттыру;
ел экономикасын технологиялық қайта жарақтандыру, осы заманғы технологияларды пайдалануды ынталандыру және ескірген технологиялар мен жабдықтарды әкелуге тыйым салу;
ұлттық экономика құрылымындағы табиғи ресурс¬тарды пайдаланатын кәсіпорындар үлесін қысқарту, ғылымды қажет ететін, табиғатты сақтайтын жоғары технологиялық өндірістерді дамыту;
алынған пайдалы қазбаларды және өндірілген био¬логиялық ресурстарды міндетті пайдаланудың өлшем¬дерін белгілеу;
қалдықтарды орналастыру полигондарында жинақ¬талған бағалы материалдарды қалпына келтіру және пайдалану;
ауыл шаруашылығы жерлерін жайластыру және таби¬ғи ландшафтарға бейімделген ауыл шаруашылығын жүргізу жүйелерін енгізу, экологиялық таза ауыл ша¬рушылығы технологияларын дамыту, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі табиғи топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру;
табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың қандай да түрін болдырмау және жолын кесу, қаскерлікке және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес;
шаруашылық қызметтің барлық салаларына ресурс үнемдейтін және қалдықсыз технологияларды енгізуді ынталандыру;
қалпына келтірілетін көздерді және қайталама шикізатты пайдалануды қоса алғанда, экологиялық тиімді энергия өндіруді қолдау;
ресурстарды ұтымсыз пайдалануға, оның ішінде энергия ресурстарын ауада жағуға тыйым салу;
энергия мен шикізатты тасымалдау кезінде, оның ішінде энергия өндіруді экологиялық негізделген орта¬лық¬тан алу есебінен ысырабын азайту, ұсақ тұтынушы¬ларды энергиямен қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру;
көліктің, көліктік коммуникация мен отынның экологиялық қауіпсіз түрлерін, оның ішінде көміртекті емес түрлерін жаңғырту және дамыту;
ірі қалаларда негізгі қозғалыс түрі – экологиялық қауіпсіз қоғамдық көлікке көшу;
экологиялық қауіпсіз технологияларды дамыту, тұрмыстық-коммуналдық кешенді қайта жаңарту;
барынша ұзақ пайдалануға есептелген тауар өндірісін қолдау жолымен жүзеге асырылады.
Орнықты технологияларды енгізу. Республиканың орнық¬ты дамуын қамтамасыз ету үшін техникалық әлеует құру өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, су¬мен жабдықтауда, қала шаруашылығын басқаруда және кө¬лікте орнықты, экологиялық таза және экономикалық жа¬ғы¬нан тиімді технологияларды енгізумен тікелей байланысты.
Мұндай технологиялар қоршаған орта үшін рента¬бельді және қауіпсіз өндірістік схемаларды, қажетті ком¬му¬никативтік және ақпараттық құралдарды, сондай-ақ басқару мен есеп берудің жаңа тетіктерін (экологиялық маркетинг және менеджмент, сақтандыру, табиғат қорғау қызметін есепке алу, ұтымды табиғат пайдалану жүйесі жә¬не басқалар) үйлестіретін кешенді жүйелер болып табылады.
Қазақстан индустриясын дамытудың перспективалық міндеті стратегиялық бағыттарда – кешенділікте, қалдық¬ты аз шығаруда, ресурстық және энергиялық тиімділікте, сондай-ақ экологияны бұзу себептерін жоюға басым мән бере отырып, өндірістік жүйені барынша тұйықтауда өнеркәсіптік технология түрлерін қайта жаңарту болып табылады. Орнықты технологиялық модель әдеттегі өндірістік схемадан: жаппай өндірумен, жоғары жылдам¬дығымен, экономикалық тиімділігімен, орталықтан ба¬қылаумен және стандартталуымен, адам факторына бағ-дарлануымен, қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынасымен, қалдықтарды қайталама кәдеге жаратумен және пайдалану жеңілдігімен ерекшеленеді.
Өндірістік салада орнықты даму міндеттеріне қол жеткізу үшін:
өздерінің көрсеткіштері бойынша отандық та, шетелдік те ұқсас түрлерінен асып түсетін “озыңқы” технологиялардың басымдығын қамтамасыз ету;
жаңадан енгізілетін және импорттан әкелінетін технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі мен экологиялық қауіпсіздігіне сараптама жүргізу;
өндірісті экологиялық қайта құрылымдау және экологиялық жаңғырту аясында алдын алу сипатындағы маңызды шаралар болып табылатын технологияларды басқарудың жаңа модельдерін енгізу;
шаруашылық қызмет практикасына: ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін, қаржылық реттеу тетіктерін, қоғамдық қолдау шараларын, дамыған инновациялық құрылым¬дарды, инфрақұрылымды жаңғырту мен өзгерту жағдай¬ла¬рын қоса алғанда, орнықты технологияларды енгізу мақсатында шешімдер қабылдау және жаңа инфрақұ¬рылымды қалыптастыру үшін құралдар әзірлеу қажет.
Жаңартылатын ресурстарды және балама энергия көздерін тиімді және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасында жаңартылатын ресурстарды және балама энергия көздерін тиімді және ұтымды пайдалану жөнінде:
жер, су, орман, балық, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы ресурстары мен жаңартылатын энергияларды пайдаланудың неғұрлым қазіргі заманғы технологияларын енгізу;
гидроэнергетикалық ресурстарды, күн және жел энергетикасы нысандарын және басқа жаңартылатын ресурстар мен балама энергия көздерін ұтымды пайдалануды ынталандыру;
энергияны, ресурстарды сақтау мен жаңартылған энергия көздерін қолданудағы халықаралық тәжірибені тарату бойынша орталықтар құру сияқты шаралар қабылдау қажет.

Экологиялық орнықтылық

Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру. Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;
мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру;
қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;
Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;
биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына дейін кеңейту;
табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, ав¬томобиль және темір жолдарды, газ және мұнай құ¬бырларын, электр тарату және басқа да желілік құры-лыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;
антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;
өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;
экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту;
Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу;
өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту;
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен іске асырылады.

Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға:
экологиялық тәуекелді бағалау және оны азайту жөнінде бағдарламалар жасау;
елді мекендердің аумағында қоршаған ортаның сапа нормативтерін сөзсіз қамтамасыз ету;
өнеркәсіп объектілерін қоныстанатын аймақтан тысқары жерлерге шығару арқылы қала құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді енгізу;
су құбырына және шөлмектерге құйылған ауыз су сапасына қойылатын талаптарды қатайту;
тұрғын үй ортасының, әсіресе радиоактивті параметрлер бойынша жағдайын бақылау;
экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру;
қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен халықтың денсаулығына әсер еткен дәлелденген зардапты өтеу тәртібін енгізу есебінен қол жеткізіледі.
Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу. Қазақстан Республикасында төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу мен олардың әлеуетті салдарларын жою жөніндегі қызмет:
қоршаған орта үшін жағымсыз салдарға әкеліп соғатын төтенше жағдайларды болжау;
жағымсыз экологиялық салдарлары бар төтенше жағдайлар кезінде халыққа жүріп-тұру ережелерін, қорғаныс іс-қимылы мен әдістерін оқыту;
төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жоспарына міндетті экологиялық бөлімдерді қосу;
шаруашылық қызметінің ерекше режимі бар аймақ¬тарды, экологиялық апат және дағдарыс аймақтарын белгілеуді заңнамалық регламенттеу;
қоршаған ортаға жағымсыз салдары бар арандату¬шылық пен техногенді авариялардың алдын алу;
табиғи ортаның тозуына әкелетін химиялық заттарды әдейі қолданудың алдын алу;
табиғи және аграрлық экожүйелерді құртатын қасақана өрттердің, өнеркәсіптік қаскерліктің, өсімдік шикізаттарын заңсыз шабу мен дайындаудың алдын алу, сондай-ақ табиғи нысандар мен жүйелерді бұзуға әкелетін тірі организмдер түрін лаңкестік мақсатта әкелу мен таратудың алдын алу жолымен жүзеге асырылады.
Генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына және таралуына бақылау жасау, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуін немесе өз бетімен енуін болдырмау. Қазақстан Республикасында генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына бақылау жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмауына бақылау жасау жөніндегі шаралардың қабылдануы мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады:
өсімдіктер карантині жөніндегі қызметтің тиімді жұ¬мы¬¬сын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;
карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің ел аумағына енуін болдырмау, олардың таралу ошақтарын анықтау, тұйықтау және жою жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлеу және іске асыру;
ел ішінде жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау;
генетикалық өзгерген организмдерді және олардың көмегімен алынған өнімдерді бақылаусыз әкелудің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүйесін әзірлеу және іске асыру.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары:
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды республикалық және жергілікті бюджеттердің, табиғатты пайдаланушылардың қаражаты есебінен, халықаралық заемдар, гранттар және өзге де көздерден мамандан¬дырылған қорлар құру мүмкіндігімен қаржыландыру;
қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі жобалардың конкурсын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мүмкіндігінше одан әрі қаржыландыра отырып ұйымдастыру;
табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға және ықтимал экологиялық залалға өтемақы төлеуге жауапты болатын¬дығын немесе жүзеге асырылатын қызметтен бас тартуға тиіс екендігін білдіретін “ластаушы төлейді” қағидатын іске асыру;
келешекте экологиялық стандарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті бір мезгілде күшейте отырып, қоршаған ортаға берілетін эмиссия үшін ақы төлеуден бас тартумен қоршаған ортаға шығатын эмиссия үшін және Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар төлеудің ынталандырушы сипатын арттыру;
қоршаған ортаға келетін залалды экологиялық сақтан¬дыру, сондай-ақ таратылу сатысында өз қаражатынан қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін кәсіпорындар жанынан қорлар ұйымдастыру;
экономикалық көрсеткіштерге табиғи нысандардың орта құру функциясын ескере отырып олардың толық құнын, сондай-ақ табиғатты қорғау (экологиялық) жұмыстарының (қызметтерінің) құнын қосу;
қоршаған орта эмиссияларына квоталармен сауда жасау жүйесін енгізу;
табиғатты қорғаудың нарықтық, оның ішінде өнеркәсіп тауарларын қайта пайдалану және қайталама өңдеуді ынталандыратын тетіктерін енгізу;
халықаралық конвенциялар және келісімдерде көзделген, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық қаржы-экономикалық тетіктерді қолдану жолымен пайдаланылатын болады.
Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету елдің орнықты даму жолдарын белгілеу жөніндегі мемлекет қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды элементтердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылым мынадай негізгі бағыттарда дамуға тиіс:
орнықты даму теориясын жасау және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізу;
қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ғылыми негіздерін әзірлеу;
қоршаған ортаның жай-күйі индикаторлары жүйелерін қалыптастыру;
экологиялық аудандастыру;
жергілікті жерлердегі экологиялық проблемаларды шешу жолдарын әзірлеу;
ресурс үнемдеуші, қалдығы аз, экологиялық тиімді жаңа технологияларды жасау;
жаңартылатын биологиялық ресурстардың (орман, су, аңшылық-кәсіпшілік, дәрілік және басқалары) орнықты өсіп-өнуін қамтамасыз етіп пайдаланудың ғылыми қағидаттарын және технологияларын әзірлеу;
биологиялық әралуандықты сақтаудың тиімді әдістерін әзірлеу;
тірі организмдердің бөтен текті және генетикалық өзгер¬ген түрлерінің таралуын талдау және осы процестерді бақылау мен келеңсіз салдарын азайтудың тиісті әдістерін әзірлеу;
экологиялық-экономикалық бағалаудың әдіснамасы мен әдістерін әзірлеу, оның ішінде табиғи объектілердің орта құру функциясын ескере отырып құнын анықтау;
ластанудың алдын алу және жою, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату құралдары мен әдістерін әзірлеу;
адам аурулары мен қоршаған орта сапасының өзгерістері арасындағы байланысты зерделеу;
экологиялық мониторингтің қазіргі заманғы әдістерін, сондай-ақ табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқару мақсатында ақпараттық технологияларды әзірлеу және дамыту.

Өңірлердің орнықты дамуы

Қазақстан Республикасы өңірлерінің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін даму субъектісі ретінде тек әкімшілік бірліктерді ғана емес, сондай-ақ тиісті экологиялық жүйелерді де қарастыратын экожүйелік (алаптық) қағидатты енгізу қажет.
Қазақстан Республикасының аумақтық деңгейдегі орнықты дамуы Қазақстан жағдайында табиғат, оның ресурстары мен экожүйелері анық трансөңірлік сипатқа ие болғандықтан, тек әкімшілік-аумақтық бөлініс субъектілері аясында ғана жүзеге асыруға болады.
Осыған байланысты алаптық қағидат бойынша орнықты экожүйелік дамудың мынадай сегіз аймағына арналған орнықты дамуға көшу жөніндегі іс-шаралардың өңірлік жоспарларын әзірлеу көзделеді: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Атырау, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай, Шу-Талас.
Экожүйелік қағидатқа сәйкес және трансөңірлік негізде орнықты өңірлік даму бағдарламаларын жасау:
тұтас экологиялық жүйелерге жататын аумақтарды басқаруға деген бірыңғай көзқарасты негізге ала отырып, табиғатты тиімді пайдалануға және табиғи ресурстарды сақтауды қамтамасыз етуге;
табиғи ресурстар менеджментінің қолданыстағы жүйесінің тиімсіздігін, ведомстволық бытыраңқылықты және функциялардың қосарлануын еңсеруге;
Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын нығайтуға және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы жіктелушілікті азайтуға;
халықаралық қатынастарда экожүйелік көзқарасты да¬мытуға жағдай жасауға, трансұлттық экологиялық жүйе¬лерді сақтау жөніндегі бірлескен қызмет аясында көрші елдермен ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.
Мұнда алаптық қағидат елдің әкімшілік бөлінісі, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, экономикалық кластерлер құру секілді аумақтық ұйымдардың өзге түрлерін алмастырмайды. Сонымен бірге орнықты даму аймақтары аясында қоршаған ортаны қорғау мүдделерін сақтау негізінде ықпалдасу процестері белсенді түрде жүзеге асатын болады.
Қазақстан Республикасының үлгісінде экожүйелік деңгейде аумақтық орнықты дамуға түбегейлі жаңа көзқарас қалыптасуы мүмкін.


ШИКІЗАТТЫ ҰҚСАТА БІЛГЕН ҰТАДЫ

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегия¬сын¬да кен-металлургия кешені Қазақ¬стан¬ның әлеуметтік-эко¬номикалық жағы¬нан жоғары дамы¬ған елдердің қата¬ры¬на қосылуын қам¬тамасыз етуге жәр-демдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.
Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат рыногы¬ның дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:
алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).
Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.
Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық суб¬континентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.
Бұл жетістіктер өздігінен келген жоқ, ол ғалымдар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің ерен еңбегінің жемісі болды. Кезінде осы сала Қазақстан ғылы¬мының қарыштап дамуына зор әсер етті. Отан¬дық геология, кен ісі, металлургия са¬ла¬л¬ары әлемдік жетістіктерге қомақты үлес қосты.
Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымы¬ның алдында қосымша міндеттер пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауап¬кершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен – жаңа технология жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын. Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, біздің үкіметіміз ондай маңызды бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті, еліміз экономикасының стратегиялық ба¬ғыттары бойынша Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, олар¬ға өз салаларында мемлекеттік бағдарлама¬ларды іске асыру жүктелді. Сондай құрыл¬ған орталықтың бірі – “Қазақстан Рес¬публикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталы¬ғы” РМК. Бізге тау-кен, металлургия ба¬ғыт¬тары бойынша бағдарламаны орындау жүктелді. Әрине, біз бұл міндетті бұрынғы істеп жатқан жұмыстарымызға қосымша атқарып жүрміз. Мекеме қазір Орталық Азиядағы ірі ғылыми кәсіпорындардың бірі.
Ал жекеменшікке өтіп кеткен кәсіп¬орындарға келсек, әрине, нарықтық эко¬но¬микада мемлекет кәсіпорынның шаруасы¬на араласпайды. Әйтсе де үкімет өз мен¬шігіндегі кен орнын кәсіпорынға пайда¬лануға бергеннен кейін, сол пайдалы қаз¬ба¬ны өндіру мен өңдеу барысында жеке қожайындардың мемлекет мүддесін бұзбауын қадағалап отыруы тиіс. Бұл не деген сөз?
Біріншіден, кен орнын пайдаланушы¬лар руданы өндірген кезде үкімет белгі¬леген норматив бойынша, руданы барын¬ша толық (тек қана бай руданы емес) қа¬зып алулары керек. Екіншіден, руданы өң¬деген кезде оның құрамында бар элемент¬терді мейлінше толық бөліп алу керек. Үшіншіден, металдардың өзіндік құнын шектен тыс жоғарылатпауы, сату бағасын төмендетпеуі тиіс. Төртіншіден, өндіріс үдерісінде қоршаған ортаны ластамауы, ал егер оған нұқсан келтірсе, сол үшін үкімет¬ке жеткілікті мөлшерде төлем төлеуі тиіс. Бесінші, өндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Осы бағыттарда кәсіпорынның жұмы¬сын бақылайтын мемлекеттік органдар бар. Біздің жұмысымыз жоғарыда аталған пункттер бойынша әлемдегі осындай өн¬дірістердің көрсеткіштері мен ғылыми же¬тістіктерін назарға ала отырып, өндірілетін шикізаттардың ерекшеліктерін ескеріп, үкімет органдары нормативтерді белгілеуі үшін қажетті материалдармен, ұсыныс¬тармен қамтамасыз етуге саяды.
Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі саладан тұрады – қа¬ра металлургия және түсті метал¬лургия:
– қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферро¬құймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;
– түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.
Қазақстанда игеріліп жатқан кен орындарының барлығы дерлік көп ком-понентті кендер күйінде. Кезінде олардан кен өндіруге лизензиялар берілгенде сол кен орындарында пайдалы қазбаны алу қажеттілігі экономикалық тұрғыдан жеткілікті негізделіп, ескерілмеді және лицензия оңды-солды бейберекет таратыла берген. Осынымыз жөн бе, жөн емес пе деп ойланбадық та. Мұндай жосықсыз тірліктің салдарынан көп ұзамай-ақ қо¬лымызда шығынды ақтамайтын кен орын¬дары ғана қалуы мүмкін.
Пайдалы қазбалары бар кен орында¬рын игеруге лицензия беру рәсімі бұлың¬ғыр күйде қалып келеді. Шетелдік фир¬малардың басқаруына берілген кен-метал¬лургия комбинаттарындағы ұйымдастыру¬шылық-технологиялық саясаттың жай-күйіне келсек, оның өндірілетін көп ком-понентті шикізаттың құрамындағы пайда¬лы заттарды түгел қамтуға емес, қайта жаңағы компаниялардың мүддесіне сай бір-екі негізгі компонентін ғана алуға кө¬бірек көңіл аударатынын көреміз. Әлемдік тәжірибеде кен орындарын игеру әрқашан кешенді түрде, құндылығы бар заттарды түгел ескеріп және тауарлық металдар құндылығын үлес бойынша бөле отырып жүргізіледі. Ендеше біз де заңдарымыз бен келісім-шарттарымыздың ережелерін қайта қарауға тиіспіз. Құрамында құнды металы бар қалдықтар жеке кәсіпорындардың және шетелдік фирмалардың меншігінде емес, мемлекеттік монополияға жатқы¬зылуы керек. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]