Реферат: Тарату логистикасы

Реферат: Тарату логистикасы

Тарату логистикасының дәстүрлі өткізу және сатудан айырмашылығы мынада:
• материалды және ақпараттық ағымдарды басқару үдерісін маркетинг мақсаттары мен мәселелеріне табындыру;
• тарату үдерісі мен өндіру және сатып алу үдерісінің жүйелі өзара байланысы(материалды ағымдарды басқару бойынша);
• тарату ішіндегі барлық функциялардың жүйелі өзара байланысы.

Тарату логистикасының анықтамасы төмендегідей қалыптасады: тарату логистикасы – материалды ағымның түрлі көтерме сатып алушылары арасында бөлу үдерісінде жүзеге асатын өзара байланысты функциялар кешені.
Логистикадағы бөлшек сату үдерісі қарастырылмайды.Бұл үдерістің тиімділігі негізінен логистикадан тыс факторларға байланысты, мысалы, сатып алушы психологиясын білу,сауда залын безендіре білу,жарнама ұйымдастыру және т.б. Бөлшек сату үдерісіндегі материалды ағымдарды рационалды ұйымдастыру , әрине , қажет, бірақ оның бұл жердегі салыстырмалы маңыздылығы материалды ағым қозғалысының ерте сатыларына қарағанда төмен.
Жоғары аталған жалпы бөлшек сауда үдерісіне жатпайды, ол тек бөлшек саудаға жатады,яғни сатып алушыға қызмет көрсетуде. Тарату логистикасындағы зерттеу объектісі- жабдықтаушыдан тұтынушыға өту сатысындағы материалды ағым.
Материалды ағымды тарату көптеген уақыттан бері шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылады,дегенмен маңызды функция жағдайына тек жақында ғана ие болды. Тарату арналарын таңдау,тауарларды орау мәселесі ,оларды тасымалдауға және алушыға жеткізуге дайындық мәселелері , өндіріс және материалды сатып алу мәселелері бір-бірімен әлсіз өзара байланыста шешіледі.Жалпы тарату функциясын қамтитын жеке функциялар басқарудың дербес функциялары ретінде пайымдалды.Тарату функциясына интегралды көзқарас 60-70- ші жылдардың басында дамыды. Бұл кезеңде өндірістік өнімді таратуға қатысты түрлі функцияларды бір басқару функциясына біріктіру тиімділікті жоғарлатудың үлкен резерві болатынын көбісі түсінді.
Түрлі тарату функцияларын өткізудегі интегралды тәсілдің нәтижесі, ұйымды және кәсіпорынды функционалды басқару құрылымына таратуды енгізу болып табылады.


Тарату логистикасының міндеттері
Тарату логистикасы жабдықтаушы- тұтынушы учаскесіндегі материалды ағымды басқару бойынша бүкіл мәселелер кешенін қамтиды, өткізу мәселесін қою мезетінен бастап өзінің жабдықтаушы сферасынан шығу мезетіне дейін. Мұнда негізгі үлес салмағына дайын өнімді тұтынушыға жылжыту үдерісінде шешілетін материалды ағымдарды басқару мәселелері ие болды.
Тарату логистикасының міндеттерін шешу үдерісінде мынандай сұрақтарға жауап беру керек:
- өнімді тұтынушыға қай арналар арқылы жеткізу;
- өнімді қалай орау керек;
- қай маршрутпен жіберу керек;
- логистикаға қоймалар торы қажет пе, егер қажет болса, қандай және қанша;
- қызмет көрсетудің қандай деңгейін қамтамасыз ету керек, тағы басқа бірқатар мәселелер.
Тарату логистикасының міндеттер құрамы микро және макродейгейде әр түрлі. Кәсіпорын деңгейінде , яғни микродеңгейде логистика төмендегідей міндеттер қойып, оларды шешеді:

- өткізу үдерісін жоспарлау;
- тапсырысты алуды және өңдеуді ұйымдастыру;
- орау түрін таңдау, жинақтау туралы шешім қабылдау, сондай-ақ түсіруге тікелей байланысты басқа да операцияларын орындалуын ұйымдастыру;
- өнімнің түсіруін ұйымдастыру;
- жеткізуді ұйымдастыру және тасымалдауды бақылау;
- өткізгеннен кейінгі қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Макродеңгейдегі тарату логистикасының міндеттеріне мыналар жатады:
- материалды өнімді тарату схемасын таңдау;
- қызмет көрсететін территориядағы тарату орталықтарының оңтайлы санын анықтау;
- қызмет көрсету территориясындағы тарату орталығының оңтайлы орналасу жерін анықтау, сондай-ақ аймақ, облыс, ел, материк немесе бүкіл жер шарының территориясы бойынша материалды ағымның жылжу үдерісін басқарумен байланысты бірқатар басқа мәселелер.


Тарату арналары мен торлары

Өндіруші фирманың өнімі және сәйкес қызметі соңғы және аралық тұтынушыларға белгілі бір тарату арналары арқылы жүргізіледі, олар фирманың жалпы өткізу торын құрайды. Американдық маркетинг ассоциациясының анықтамасы бойынша , тарату арнасы- бұл фирмаішілік ұйымдық бірліктер және фирмаішілік агенттер мен дилерлер, көтерме саудагерлер мен ритейлердің (бөлшек саудагерлердің) құрылымы, ол арқылы тауар , немесе қызмет рынокқа жеткізіледі.
Өткізу арнасы(тарату арнасы)-бұл бір атаулы дайын өнімнің материалды ағымдарын, сондай-ақ өндіруші фирманың сәйкес қызметін соңғы немесе аралық тұтынушыға жеткізетін логистикалық тізбектер мен олардың учаскелері жататын жартылай реттелген көптеген түрлі делдалдар.
Өткізу арналарының барлығы фирманың өткізу торын құрайды. Өткізу арналарының түрлері мен тор құрылымы төмендегілерге байланысты:
- дайын өнім өткізу рыногындағы фирманың стратегиялық және тактикалық мақсаттары мен мәселелеріне;
- фирманың логистикалық стратегиясына;
- материалдық ағымдар түрлеріне және параметрлеріне;
- өнім атрибуттарына және бірқатар басқа факторларға.

Маманданудың бөлу саясаты үшін фундаментальды маңызы бар. Белгілі бір логистикалық функциялардағы мамандану фирмаішілік немесе осыған тартылған атқарушыларға бұны ең жақсы етіп орындауға мүмкіндік береді. Өткізу арналары мен торлар құрылуына логистикалық делдалдарға тарту, фирма үшін бұл делдалдар бөлудегі негізгі функцияларды (тасымалдау,қоймалау, жүк өңдеу, қорларды басқару, сатуды ұйымдастыру,сақтандыру және т.б.) өндіруші фирмаға қарағанда тиімді орындағанда ақталады.
Мамандану логикасы қамту және масштабты үнемдеуге негізделеді. Фирма бөлудегі белгілі бір функцияны орындауға мамандалған кезде (мысалы, жүк өңдеуге),операциялық үнемдеуге жету үшін ол айрықша функциялар масштабымен қамтылуын дамытады. Таратудағы логистикалық қызметке көптеген маманданған фирмалар жатады: көтерме және бөлшек сауда делдалдары , тасымалдау және жеткізу фирмалары, жеке тарату компаниялары, ораумен, сұрыптаумен, жүк өңдеумен айналысатын фирмалар, сақтандыру және қаржы компаниялары және т.б.
Мамандануды өнімдік ассортиментінің қондырмасы деп те есептейді.
Өнімдік ассортимент концепциясы нақты тұтынушылар талап ететін өнімдік миксті құру және орналастыру болып табылады. Рыноктағы фирмалық стратегиялық позициялау тұрғысынан тауарлар өткізу арналарының белгілі бір жерлерінде шоғырлануы, сұрыпталуы және бөлінуі тиіс.


Шоғырландыру дегеніміз тез арада сатыла алатындай бір өнім немесе бірнеше түрлі өнімдерді жинау. Қарапайым мысал- бұл өндірушінің нығайтушы қоймасы. Әдетте, көп жүкті жөнелтілімдерді түрлі зауыттар жүргізеді және олар нығайтушы базаларға (қоймаларға) бағытталады. Өткізуші арналарда нығайтушы орталықтарды қолдану (мысалы, жүк терминалдары) тұтынушылар ассортименттік тапсырысты нығайтушы орталықта , жеке өндірушіге жеке тапсырыстарды жасағанға қарағанда, тезірек орналастыра алу есебінен жалпы мәмілелер санын азайтуға мүмкіндік береді.
Альтернативті схема ретінде өнеркәсіптік дистрибьютерлар мен көтерме саудагерлерді тарту болуы мүмкін. Осы логистикалық делдалдарды қолдан өндіруші фирмаларға және ритейлерлерге (бөлшек саудагерлерге) шоғырландырудан пайда алуға мүмкіндік береді. Шоғырландырудың негізгі принципі мүмкін мәмілелердің сомасын минимализациялау болып табылады, ол мысалмен бейнеленген.
ДӨ 1, ДӨ 2 - өндіруші фирмалардың дайын өнімі.
Жалпы мәмілелер санының азаюын көрсететін схема.
Схемада көрсетілгендей , сауда делдалының көтерме қоймасындағы өндіруші фирмалардың (1)дайын өнімі мен (2) дайын өнімнің шоғырлануы жалпы мәмілелер санын азайтуға мүмкіндік береді.
Ассортиментті белгілеудің екінші сатысы кастомизация болып табылады, ол дегеніміз - өнімдерді ерекше комбинацияларға сұрыптау және топтау процесі. Кастомизация нәтижесі тұтынушылардың ерекше сұранысын қанағаттандыратын өнімдер жиынтығы болып табылады. Өндірушілер тұтынушыларға дайын өнімнің аралас немесе түйдектелген топтық жөнелтулерін жеткізе алады, олар соңғыларға минималды қорларды ұстап тұруға , ал өндірушілерге тасымалдау шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі бизнестегі кастомизация қарқыны жай стандартты комбинацияларға сұрыптаулардан әлдеқайда жоғары. Кастомизацияға тауардың ерекше сатылуы үшін арнайы орау жатады.Кастомизацияның ең көп таралған қазіргі функцияларының бірі жаңа өнімдерді рынокқа жылжыту мақсатында көрмелерде көрсету үшін тауарлардың арнайы іріктелуі болып табылады.
Ассортиментті үдерістің соңғы сатысы жөнелту болып табылады, ол дайын өнімнің ерекше ассортименттік тобын белгілі уақытқа және қажетті жерге тұтынушыларға жіберуді білдіреді.
Өткізу арналарының және торларының құрылымын бірнеше белгілер бойынша бөлуге болады. Сауда орындарының саны бойынша:
- интенсивті бөлу (көп сауда орындарына жатады,бұл рынокты интенсивті жабуға мүмкіндік береді; мысалы, күнделікті сұраныс тауарлары үшін);
- сұрыпталған тарату (аз сауда орындарына жатады, ол рыноктық ерекше сегментінің ерекше қажеттілігін қанағаттандыруға);
Тікелей сызықтың белгісі бойынша (таратудың вертикальды арна звеноларының саны бойынша);
- тікелей тарату (өндіруші дайын өнімді жылжытуды және сатуды, тарату жәнесату бөлімдерінің құрылымдары арқылы тұтынушыға тікелей жүргізгенде);
- тікелей емес тарату (тауарлар тұтынушыларға делдалдар жүйесі арқылы түскенде – яғни көтерме және бөлшек саудагерлері, агенттер, дилерлер және т.б.).

Тарату торлары мен мүмкін болатын тауар өткізуші тізбектер құрылымы өндірілетін дайын өнім түріне және сәйкесінше тұтынушылар тобына байланысты болады.
Кеңінен қолданатын тауарлар үшін тарату арналарында көтермешілердің және ритейлердің қолданылуы тән, дегенмен көп ресурстары бар кейбір фирмалар дайын өнімді тұтынушыларға тікелей өткізе алады және сата алады. Әдетте, сұраныс неғұрлым жаппай болса, өткізу торлары соғұрлым салаланған болады.
Дайын өнімді өнеркәсіп тұтынушылары үшін тарату негізінен өнеркәсіптік өткізушілердің көмегімен агенттер (брокерлер) арқылы жүргізіледі.

Бөлудегі логистикалық делдалдар

Жоғары мамандалған қазіргі бизнес фирмалардың өткізу арналарында түрлі функцияларды орындайтын логистикалық делдалдарды қолдану қажеттілігіне алып келеді. Жалпылай бұл функцияларды былайша бөлуге болады:
- жеке тарату функциялары (операциялары);
- алмасу функциялары (сату – сатып алу);
- қолдайтын функциялар (бөлу сапасын стандарттау, қаржыландыру, ақпараттық қолдау, тәуекелділікті сақтандыру және т.б.).
Жеке тарату операцияларындағы делдалдар – түрлі маманданған тасымалдау , жөнелту, тасымалдау- жөнелту фирмалары, жеке тарату компаниялары, жүк терминалдары және терминалды кешендер, жүк тарату орталықтары, дайын өнімді сұрыптау, таралау және орау кәсіпорындары , жүк өңдеуші және басқа да кәсіпорындар. Жеке таратуға жататын логистикалық функцияларды сауда делдалдары да орындай алады.
Қолдаушы функцияларды орындайтын бөлудегі делдалдар арасындағы қаржылық қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарын (банктер, қаржы компаниялары, клиринг және есептеу орталықтары мен компаниялары және т.б. ), ақпараттық қызмет көрсету кәсіпорындарын (ақпаратты-диспетчерлік орталықтар,ұжымдық қолданудың есептеу орталықтары, байланыс және телекоммуникация кәсіпорындары және т.б.), сақтандыру компанияларын , стандарттау, лицензиялау және сертификаттау және т.б. кәсіпорындарды атап көрсетуге болады.
Бөлудегі логистикалық делдалдар арасында орталық орынды алмастыру функциясынан басқа да функцияларды орындайтын сауда делдалдары алады, яғни олар қолдаушы функцияларды да орындайды (мысалы, тасымалдау,жөнелту, сақтандыру, жүк өңдеу, қорларды басқару несие-қаржылық қызмет көрсету, сату алдындағы және одан кейінгі қызмет және т.б.).
Дайын өнімді тұтынушыларға тікелей сататын бөлшек сауда орнының звенолары арасында тәуелсіз бөлшек саудагерлерді, франшизаны, ритейлер бірлестіктерін, дайын өнімді өндіруші фирмалардың бөлшек дүкендерін, пошта бойынша сататын өнеркәсіптерді, шағын маркеттерді және т.б. атап айтуға болады.
Қазіргі уақытта өндіруші фирмаларда сатуды ұйымдастырудың үш негізгі типі бар:
- тұтынушыға бейімделген (тік өткізуші торы, оны сату жөніндегі директор басқарады және оған көтермешілер мен ритейлерлер менеджерлері бағынады);
- аймаққа бағытталған (көлденең өткізу торы, онда сату жөніндегі директор өткізу рыногының аймақтары бойынша сәйкес бөлімдерді басқарады);
- өнімге бағытталан (аралас өткізу торы, мұнда сату директорына дайын өнімнің түрлері бойынша аймақтық менеджерлер бағынады).
Іс жүзінде сатуды ұйымдастырудың барлық осы үш типі фирманың логистикалық стратегиясының мақсатына жету үшін түрлі үлеспен қиыстырылып отырады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Тарату логистикасы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Тарату логистикасы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Тарату логистикасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]