Реферат: Тауарлық бәсекелестік

Реферат: Тауарлық бәсекелестік

Мемлекет монополиялық капитализмнің дамуына байланысты күрестің жаңа формалары кеңінен өріс ала бастады. Бұрын тек жеке капиталистік кәсіпорындардың арасында ғана жүргізілетін бәсеке тартыс енді мемлекет кәсіпорындарға да қарсы жүргізуге көшті. Бір тиіптес тауар өндіретін мемлекет кәсіпорын мен жеке кәсіпорын соқтығысып қалғанда, көбінесе мемлекетті кәсіпорындар, әдетте ірі және олар неғүрлым азот техникамен жарақаттанады, сонымен қатар мемлекет бюджетпен көмек көрсеткендіктен, олардың базасы мықты келеді.
Бәсекелестер әріптесін жеңіп шығу үшін бәсеке тартыстың сан алуан әдістерін – демпинг, байкот бәсекелестерін шикізаттан, кредиттен, транспортты пайдаланудан қағыс қалдыру, тіпті бәсекелестерінің кәсіпорындарына диверсия, зиянкестік жасау әрекеттерін де қолданады.
Бәсеке тартыстан түбірінен өзгеше, мұнда өндірушілер мен кәсіпорындар бірімен – бірі берік ынтымақты болады, біріне – бірі қолтықсыз көмек көрсетіп отырады.

Жетілген бәсеке

Бәсекенің үнемді тиімділігі қатысушылар саны мен жасап жатқан жағдайлардан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады. Осыған байланысты бәсекенің екі түрі болады.
1. Жетілген
2. Жетілмеген
Жетілген бәсеке дегеніміз өндірістің ең жақсы жағдайларын өнім өткізу үшін нарыққа қатысушының арасындағы күрес. Жетілген бәсеке дегеніміз мына шарттарда орындалатын нарық түрі.
1. Нарықта көптеген ұсақ фирмалардың болуы
2. Біртектес өнім өндіреді.
3. Нарық бағасына әсер етпейді
4. Баға, технология және пайда туралы ақпараттарға жл ашады.
5. Фирмалар нарықтан оңай шығып, оңай кіреді. Жетілген бәсеке нарығында фирмалар өз өнімінің бағасын тұрақты, ал өнім көлемінен тәуелсіз деп қарастырады. Жетілген бәсеке нарығында жеке өндірушінің сұраным қисық сызығының көлбеуі тіке болады. Егерде фирма нарықты бағадан, жоғары сататын болса, сатып алушыларын жоғалтады. Өнім бірлігі тұрақты бағамен сатылмағандықтан баға шекті табысқа тең болады. (МR)


P = MR

Қосымша өнім бірлігіне тең болатын табыстарды шекті табыс (МR) деп атайды. Жетілген бәсекеде өнімді көп фирмалар өндіреді. Өндірілген өнімдердің толық біртектілігі болады. Капиталдың ауытқуына саларалық шектеудің жоқ болуы. Толық хабарлылық, яғни өндірушілер мен тұтынушылар нарықты жете біледі. Бағада бақылау болмайды.
Нақтылы өмірде жетілген бәсеке жағдайында, негізінен, ауыл шаруашылығы дамиды. Көптеген өндіруші өнеркәсіп үшін азайып бара жатқан орташа шығындар тән. Олардың тұрақты төмендеуі жағдайында бір немесе бірнеше фирмалар өздерінің өнімдерін сондай деңгейге ұлғайтады, ал саланың өнімі нарықтың жетекші бөлігіне айналады. Мұнда үш түрлі болуы мүмкін: біріншіден, фирма саладағы бірден – бір үстемдік ететін монополистік; екіншіден, бірнеше ірі сатушы фирмалар «олигополистер» бірігіп үстемдік жасайды; үшіншіден, бәсекенің бірнеше түрлерін пайдаланады, олар экономикалық «жетілген» бәсеке үлгісінен ауытқыған және тұрақты, не аралық бағалар соғысы жағдайында дамиды.
Жетілген бәсекелі нарық – шекті шығындармен өндірілген тауарларды төлей алатын «доллар дауыстары» бар адамдарды іріктеп алу механизмі. Өте жақсы жағдайда нәтиже ресурстарды бөлу тиімділігін қамтамасыз етеді, мұнда бір тұтынушы үшін пайдалылықтың өсуі екінші адам үшін оның төмендеуі арқылы жүреді. Ал әл – ауқатта ең жоғары шек пен ресурстарды бөлудің тиімділігіне жету үшін әрбір сала шекті шығындар мен шекті пайдалылықты теңестіру керек. Бәсеке нарықтық баға мен шекті пайдалылықты теңестіру арқылы ресурстарды бөлу тиімділігіне жеткізудің кепілі бола алады. Жетілген бәсеке өндірістің барлық факторларының бір саладан екінші салаға еркін сақталуына жол ашады. Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында, неоклассикалық мектеп атап көрсеткендей, «нөлдік пайдаға» деген тенденция анық көрінеді. Нөлдік пайданың жоқ болуы емес, тек пайданың әдеттегі деңгейде болуы. Жетілген бәсекенің екі себебі бар: біріншісі, белгілі жағдайда жетілген бәсеке ресурстарды бөлуде тиімділікке жеткізеді, қажеттілікті қанағаттандыру үшін қоғамның шектелген ресурстарын сүліктей сорады. Екіншіден, бәсекелі экономикаға талдау оңтайлы, демек, түсінуге оңай. Бидай, жүгері, ет, бұршақ және тағы сол сияқты шаруашылық өнімдері осындай жетілген бәсекелестіктегі нарықтарда сатылады. Осы сияқты темір рудасы мен мыс және мұнай шикізаттары да осындай нарықта сатылады. Жалпы айтқанда, бәсекелестіктің неғұрлым жоғары болғаны әрқашанда тұтынушыларға тиімді болады. Алайда, жетілген бәсекелестік өнеркәсіптің барлық салалары мен іс - әрекеттің барлық ортасында бола бермейді.

Жетілмеген бәсеке

Бәсекенің екінші бір түрі жетілмеген бәсеке. Жетілмеген бәсеке – тұтынушылар немесе сатушылар бағаға әсер ете алатын нарық жағдайын айтады. Жетілмеген бәсекеде өнімді бір ғана фирма өндіреді. Бағаға бақылау дәрежесі өте жоғары болады. Жетілмеген бәсекелі нарықтың үлгісі қоғамның барлық ресурстарын барынша ұтымды пайдалануды, өнім өндіруге жұмсалған қоғамдық шығындарды мейлінше азайтуды көздейді. Жетілмеген бәсекелі нарық жетілген бәсеке жағдайында қалыптасқан тепе – теңдік қалыптан ауытқуды білдіреді. Сондықтан, қоғам шаруашылық өмірдің монополиялануынан белгілі бір залал шегеді. Түбінде монополия мәселесі жетілген бәсеке жағдайындағы жеке тауар өндірушінің еркі мен санасынан тәуелсіз бағаға билік мәселесіне айналады. Бағаға билік – жетілмеген бәсекелестің не монополистің қолындағы өте нәзік құрал. Егер бұл билікті сонымен қатар өндіріс көлемінде үнемдеудің нәтижесінде өнім өндіру шығындарын азайтумен, ғылыми – техникалық прогресті дамытумен нарыққа арзан бағалы өнімдерді жаппай шығарып толтырумен қосақталса, онда жетілмеген бәсеке қоғамға белгілі бір ұтыс әкеледі. Түптеп келгенде, қоғамның экономикалық дамуының объективті прогресі жетілмеген бәсекелі нарыққа алып келеді. Жетілдірілмеген бәсеке тек қана бірнеше фирманың ағымдағы баға ерекше тауарларды ұсынулары кезінде болады. Бәсекедегі іркіліс, бөгеліс заңдар мен психологиялық факторлардың әрекетінен болады да, бәсекелестердің санын, күшін азайтады немесе бәсеке күші табиғи деңгейден төмен жағдайда кездеседі. Жетілмеген бәсекенің үш түрін атап көрсеткен жөн. Олар – монополия, олигополия, өнімдерді дифференциялау. Монополия - өзінің саласындағы бірден – бір өндіруші және сол маңайда ондай тауар субституттарды өндіретін басқа салалар жоқ. Олигополия - өнім өндіретін фирмалардың саны аз болады. Дифференцияланған өнімдер бар кезде сатып алушылар тауардың белгілі бір түрін артық көреді: дүкеннің жақын болуы, тауарды жақсы безендірілуі, сатушылардың сүйкімді болуы да мәнді роль атқарады. Егер ұнаған тауардың бағасы тауар – субституттың бағасы жоғары болса, сатып алушы екеуінің біреуін алады.

Монополия

Монополия дегеніміз – нарықта бір ғана сатушы бар жағдайды айтады. Онда жалғыз бір сатушы болады, нарыққа кіруге басқа фирмаларға мүмкіндік жоқ. Тек тауардың бір түрін ұсынады және тауарға бағаны өзі қойып, өзі реттеп, өзі бақылайды. Монополияның негізгі 3 түрі болады. Олар: жабық монополия, ашық монополия, табиғи монополия. Жабық монополия – бәсекеден заңды шектеулермен қадағаланатын монополия. Ашық монополия - фирма тауарлардың, жеке жеткізушісі болып қалғанда, онда бәсекеден қадағаланбайтын монополия. Табиғи монополия – тауарды өндіру бірнеше фирмалардан гөрі бір фирмамен өндірген тиімді болған жағдайды айтады. Фирмалар монополиялық билігіне ие болғандықтан баға дискреминация саясатын жүргізеді. Баға дискреминациясы дегеніміз – фирма бір тауарды әр түрлі тұтынушыға әр түрлі бағамен сатуды айтады. Монополиялық билік дегеніміз тауардың бағасын жоғарлату үшін тауардың санын өзгерте алатын қабілеті бар. Таза монополия жағдайында, жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасасу, сапасыз өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, көп еңбек сіңірмей – ақ монополиялық жоғары пайда табады. Монополиялық үстемдік ақша – қаражат жүйесінің дағдарысы, жалпылама тауар ашаршылығы кезінде экономиканың ауыр жағдайын мейлінше шиеленістіреді. Көп жағдайда монополист кәсіпорындар орасан зор жетіспеушілікті саналы түрде қоздырады, ал ол ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілетінің нашарлауына, сөйтіп тікелей зат айырбасының өріс алуына әкеліп соқтырады. Монополизммен күресу үшін бір – бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге асыру керек: экономиканың монополиялық құрлымын жою; заң жүзінде монополияға қарсы саясатты белсенді түрде іске асыру. Бұл арада ескеретін жәйт – монополияға қарсы заңдылық кәсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын қысым қаруына айналмауы керек.

Олигополия

Олигополиялық (грекше «олигос» - көп емес, «полео» - сатамын) бәсеке нарығында баға белгілеу саясаты мен маркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды. Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарыққа ену жағдайының қиындығымен байланысты. Олигополияның осы күнге дейін сақталуы, олармен бәсекелесетін фирмалардың бұл нарыққа енуі қиындығында болып отыр. Өйткені осы қалыптасқан нарыққа кіруге бірқатар кедергілер бар. Осындай кедергілердің бірі, оған шығу құнының жоғарлығы (автокөлік өнеркәсібінде ол үшін қажет капиталдың мөлшері миллиард долларға дейін жетеді. Шынында да, 1960 жылдардың басында американ автокөлік өнеркәсібі олигополияның нақты мысалы болды. Алайда, америка автокөлік нарығына Жапония, Алмания, Оңтүстік Корея және басқа елдердің қосылуы, оның құрылымы монополиялық бәсекелестікке түрленуіне алып келді. Олигополияда бағаға бәсекелестік тиімді жұмыс істей алмайды. Өйткені бір компания тауар бағасын төмендетсе, оның бәсекелестері де төмендетеді. Бірақ, бұл тұста, ұсыныс көбеймегендіктен, бұл әрекет тек түсетін пайданы кемітеді. Сатып алушы үшін баға күресінің орнына баға саясатын анықтауда олигополия баға жетекшілігіне, келісімге және дәстүрге жүгінеді. Дәстүр деп, саладағы баға тағайындалуы мен нарықтың бөлінуі көптен бірі қалыптасқан дәстүрге негізделуін айтады.
Соңғы аталған екі бәсекелестіктер үшін, атап айтқанда монополиялық бәсекелестік пен олигополияда жарнаманың ролі ерекше, өйткені олар тұтынушылардың алдында фирмалар сататын тауарларды дифференциялауға бағытталған. Алайда, жарнама қыларлық процесінің өнімдер мен қызмет көрсетулерді дифференциялау және тұтынушыларға оларды жеткізу қызметтерінің бір бөлігі ғана.
Монополистік бәсеке

Монополистік бәсеке нарығын бағаның кең өрісінде сауда жасайтын көптеген сатушылар құрайды. Мұндай мүмкіндік сатушылардың сатып алушыларға алуан түрлі тауарларды ұсыну қабілетімен байланысты болады. Бұйымдар бір – бірінен сапасы, қасиеттері сыртқы безендірілу, сонымен бірге ілесе жүретін қызметтердің жиынтығы бойынша ерекшеленеді. Сатушылар осындай ерекшеліктерді ескере отырып, ондай тауарлар үшін нарықта тіркелген ең жоғары бағаға дейін төлеуге дайын болады. Мұндай нарыққа киімдер нарығы, аяқ – киімдер нарығы, бөлшек сауда саласы жақын тұрады.
Көптеген компаниялар өздерінің шығаратын тауарлары ерекше әлде, бірегей болуына ерекше көңіл бөліп, осы мақсатта қажырлы жұмыс істеуде. Бұл жағдайда олардың шығаратын тауарлары ұқсас болғанымен, олардың ерекшеліктері де аталып көрсетіледі. Мысалы; олар «жаңа әрі жақсартылған» сапалы, «тек кәсіби жұмысшыларға» арналған немесе «ең арзан бағалар үшін ең жақсы» және тағы басқа болуы мүмкін. Бірегей өнімдер жасау процесін тауар дифференциясы деп атайды.
Монополистік бәсеке ұқсас емес, бірақ бір – бірімен байланысты тауарларды сататын көп сатушылар бар жерден көрінеді. Бұл құрылымды алғаш рет Э. Чемберлин талдады. Жетілген бәсеке жағдайындағы сияқты, мұнда да көптеген сатушылар мен сатып алушылар, фирма басқаларының бағаларына тікелей әсер етпейді. Монополистік бәсекеде айырмашылық тауарларды дифференциялау орын алады, ол сатушыларды төмендеген сұраныс жағдайына әкеледі. Дифференциялаудың қарсыластары тауарлардың түрлілігін, стандарттаудың қажеттігін айтады. Дифференциялауды жақтаушылар көп түрлікті қалап, тауарлардың ұқсастығына қарсы тұрады. Сатылатын көптеген өнімдер монополистік бәсеке нарығында сатылады да көптеген атақ пен жетістіктерге жетеді.
Монопсония

Монополист дегеніміз жеке сатып алушының нарығы. Монополия дегеніміз «жалғыз сатушыны білдірсе», монопсония «жалғыз сатып алушыны» білдіреді.
Монопсония жағдайында бағалардың орнығуын талдаудан бұрын «сатып алушының көзімен» жетілген және жетілмеген бәсекелі нарықтарды салыстырамыз. Жетілген бәсеке кезінде көптеген сатушылармен бірге көптеген сатып алушылар әрекет етеді. Жеке сатып алушы жетілген бәсекеде сатып алатын тауардың бағасына әсер ете алмаса, жеке сатушы бұл жағдайда нарықтық бағаға әсер ете алмайды. Жетілген бәсеке жағдайында сатып алушылар көп те, олардың әрқайсысы ұсыныс сызығына өзі сатып алу көмегімен әсер ете алмайды. Нақ сондықтан ұсыныс сызығының көлбеу болуы сатып алушылар арасында жетілген бәсекенің болуының белгісі болады.
Жетілмеген бәсеке кезінде бағаның өзгермеуі сатып алушыға бағасы ешқандай әсер ете алмайды. Сатып алушының төлеген бағасы өнімге ие болудағы қосымша шекті шығындармен сәйкес болады. Монопсонистің билігіне қарсылық көрсете алатындар тез бұзылмайтын, ұзақ сақталатын өнімдерді өндірушілер. Егер оларға шарттары ұнамаса, онда басқа сатып алушы іздеуге уақыттары бар. Дуополия – дегеніміз өнімді өндіру екі фирмаға шоғырланған. Біртекті өнім өндіреді. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Тауарлық бәсекелестік туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Тауарлық бәсекелестік на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Тауарлық бәсекелестік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]