Реферат: Тәрбие процесі
Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны
Педагогикалық процесте тәрбиенің мәні мен мақсаты және жүйесі өмір сүріп отырған қоғам саясаты экономикалық жүйесінің дамуына байланысты туындайды. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияларда адамдардың материалдық және рухани өмірлерінің үздіксіз өзгеріп отыруына сай қарым-қатынастың жаңа формалары туып, тәрбие мақсаты мен мазмұнына да жаңаша идеялар енеді. Демек, әрбір қоғамдық-экономикалық формацияның алмасуымен әлеуметтік, философиялық ой-пікірлер де өзгерісте болып тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне ықпал жасайды.
Тәрбие – қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуына, өркендеуіне мүмкін емес. Тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп санаған жөн.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету кезеңінде адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру барысында әрбір жасөспірімнің субъективтік талап-тілегін, бейім қабілетін және тіршілік өмір сферасында белсенді-саналы шығармашылық қасиетін одан әрі дамытады. Өйткені жеке адамның әлеуметтік белсенділігі артқан сайын, оның терең мағыналы қоғамдық мәселелерді шеше білуге құлшына кірісіп, айналасын қоршаған адамдармен адамгершілікті-психологиялық байланыстары күрделеніп, қоғамның саяси-экономикалық қарым-қатынастары жүйесінде әлеуметтік шығармашылық көлемдері өрбіп, оның мәні арта түспек.
Жас ұрпақтарға аға буындардың жинақтап берген әлеуметтік бай тәжірибесін беруде, олардың сана-сезімдеріне сіңдіруге, мыналы мінез-құлық нормалары мен тұрмыс, әдет-дағдыларын қалыптастыруда тұтас педагогикалық тәрбие қоғамдық функция атқарады. Осы орайда, тәрбиеге жүктелген ең басты мақсат: қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбек сүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасу үстіндегі, эстетикалық талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді өмірлік поэзиясы айқындалған жасөспірімді дамытып, қалыптастыру.
Жас ұрпақтарды тәрбиелеуде жанұя мен жұртшылық тың рөлін шұғыл арттыру, олардың мінсіз тұлғалы, дені сау, шат көңілді еңбекке және Отанды қорғауға даяр болып өсуіне мейлінше назар аударуда.
Тәрбие процесінің мәнін ашуда Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, С.Т.Шацский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты. Мысалы, А.С.Макаренко тәрбие процесінің мақсаты әр елдің қоғамдық қажеттілігінен, яғни біздің тәрбие процесіхалқының талабынан, мақсаттары мен міндеттерінен туындайтыны белгілі.
Мектептерде оқу мен тәрбиені педагогикалық процесс ретінде арнайы ұйымдастырылып, оқушылардың сана-сезімдерін, мәдениеті мен мінез-құлықтарын қалыптастырады. Тәрбие процесі арқылы жасөспірімдер еліміздің материалдық және рухани байлықтарын, адамзат қауымының бай тәжірибесін игереді. Соның барысында жеке адамның және оқушылар ұжымның өмір тәжірибелерінен білім алуы, еңбектенуі мен бір-бірімен қарым-қатынас жасау салалары жүйесі молая береді.
Сонымен, тұтас педагогикалық тәрбие процесі дегеніміз – жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруден, өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Педагогикалық процесінің құрылысы өз ерекшеліктеріне байланысты алдына айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұнын айқын негіздеп, оларды іс жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс тәсілдерін, объективтік мүмкіндіктерін, сонымен қатар жеткен жетістіктердің қорытындысын белгілейді.
Мектеп жағдайында педагогикалық тәрбие процесінің ұстайтын бағыттары мыналар:
– тәрбиенің мақсат-міндеттеріне орай жеке адам тұлғасын жан-жақты, үйлесімді етіп дамыту;
– оқыту процесі барысында оқушыларды қоғамдық мәдениеттер мен рухани байлықтарды /ғылым, еңбек, өнер, мәдениет/ игеруге қалыптастыру;
– жасөспірімдердің еңбексүйгіштік қасиеттерін еңбек процесінде қалыптастыруда және адамның шығариашылық қабілеттерін дамытуға ынталандыру және әлеуметтік мәні бар әртүрлі іс-әрекеттерін, қызметін ұйымдастыру;
– оқушылардың танымдық қызметтерін ұтымды ұйымдастырып, олардың қоғамдық сапасын дамыту;
– кейбір жекелеген оқушылардың жағымсыз қылықтары мен әрекеттеріне тежеу немесе тиым салу. Егерде мектеп ережесін бұзатын балалар болса олардың бағыт-бағдарын қайта құруда арнайы педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру.
Тәрбие процесі өзінің табиғатына бағыт-бағдарына қарай диалектика заңына негізделген. Сондықтан да педагогика ғылымын диалектикалық ғылым деп санаймыз. Өйткені тәрбие процесінде әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық факторлар бір-бірімен ұштасып бірлікте болатындығын ғалымдар дәлелдеуде.
Тәрбие процесінің заңдылықтары мен қозғаушы күшін көптеген психологтар мен педагогтардың еңбектерінде кездестіреміз.
Тәрбие процесінің педагогикалық мәні, оның даму үстінде болып, белгілі сатымен диалектикалық икемдікте өзгеріп отырады. Себебі тәрбие процесі әлеуметтік талапқа негізделіп дами отыра оқушылардың жас және өмір тәжірибелеріне орайөзгеріске түсіп, кейбір балалардың өмір жағдайларын ескеріпбасқаша да құрылады. Мысалы, бір оқушыға жасалынған педагогикалық әдіс, тәсіл немесе амал бір жағдайда нәтижесін берсе, екінші жағдайда ешқандай пайда бермейді. Тәрбие процесінің педагогикалық мәні, оның қарама-қайшылықта болып тұратындығында. Өйткені, жеке адамның дамуы шиеленіссіз , қайшылықсыз өтпейді. Тәрбие жұмыстарында тәрбие мен қайта тәрбиелеу функцияларының болуы да, бұл процестің біркелкі жүргізілмейтінін дәлелдейді.
Тәрбие процесінің қарама-қайшылықты заңдылықтарынан ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтарын бөліп алғанымыз жөн. Себебі ішкі қарама-қайшылық оқушының жеке тұлғасы дамуының қозғаушы күші болса, сыртқы қарама-қайшылық тәрбие процесінің қиындық туғызатын құбылысы ретінде, оның ұтымды ұйымдастырылуына жағдай туғызады. Ал, кей жағдайларда, тәрбие жұмыстарында сыртқы қарама-қайшылық тәрбие процесіне кедергі келтіріп, нәтижесін төмендетуі мүмкін.
Сөйтіп, жеке тұлғаның дамуы, қалыптасу кезеңдерінде алдарына қойылатын қоғамдық мәні бар мақсат-міндеттерді, талап-тілектерді іс жүзіндегі асырудағы әрекеттері мен оқушының бойындағы бейім-қабілеттері аралықтарында ішкі қарама-қайшылық туып, бұл құбылыстың баланың дамуына негіз болатын ең басты қозғаушы күш болып саналады.
Бүкіл тәрбие процесі ұйымдастырылыпжүргізілудің әрбір кезеңдерінде ішкі қарама-қайшылықтарға кездесіп отырады. Бірақ тәрбиенің әрбір өрбу сатысында оқушының жинақталған оқу іс-әрекеттері мен мінез-құлық тәжірибелері байыған сайын және дамып отыруына байланысты айтылып отырған ішкі қарама-қайшылықтар жойылады. Негізінде тұлғаның дамуы тоқталып қалмайтыны сияқты, оқушының алдына жаңа міндеттерді шешу талап ететін қиын сұрақтар туындап, жаңа дәлелді ішкі қарама-қайшылықтар туады. Сонымен, тәрбие процесінің ішкі қарама-қайшылығының мәні оқушыға жасалатын сыртқы әсерлер, педагогикалық ықпалдар мен баланың ішкі позициясы, яғни жан дүниесі мен қызығушылығы аралықтарында туындайды.
Тәрбие процесінің заңдылығы деп – педагогикалық құбылыстар мен процестердің бір-бірімен объективті түрде байланысып жатуымен сипатталады. Былайша айтқанда, тәрбие процесінің заңдылығы қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие заңдылығы мен жеке тұлғаның даму заңдылығына тән. Әрбір жеке адамның іс-әрекетімен қызметі және басқа адамдармен қарым-қатынасы, оның әлеуметтік өмірін құрайды. Сол себептен іс-әрекет пен қарым-қатынас – тәрбие процесінің негізгі, қоғамдық мәні зор адамгершілік салаларын қалыптастыратын өзекті тірек.
Қазіргі кезеңдерде тәрбие тиімділігін арттыруда, педагогикалық тәрбие процесінің заңдылықтары мен қозғаушы күштері жайлы хабардар болуы керек. Себебі бұл процесс ең алдымен тәрбие жұмысының идеалыбағыттылығын арттырса, мұғалімдер мен оқушылар ұжымдары қызметтерін жандандырып, олардың қоғамдық белсенділіктері мен еңбекке құштарлықтарын дамытып, жалпы педагогикалық еңбектің соңғы қорытынды нәтижесін көре білуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде «тәрбие» ұғымымен бірге «өзін-өзі тәрбиелеу» түсініктері қолданылады. Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің кейбір теориялық және практикалық мәселелерін Л.Л.Рувинский, А.И.Кочетов,И.А.Невский, Г.А.Уманов, М.Г.Тайчинов т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамның өз мінез-құлқындағы адамгершілік қасиеттерді тани біліп, оны одан әрі дамыту, жағымсыз қылықтарды жеңе білуге әдеттендіру сияқты сапалы әдет-дағдылардың қалыптасуын айтамыз. Сапалы және мақсаттытүрде өзін-өзі тәрбиелеу әдетте жеткіншек жасынан басталады. Өйткені, жеткіншек өзіндік қимыл-әрекеттер жасап, өз қылықтарын талдап, өзін-өзі бақылай алуға мүмкіндік алады. Сонда да болса өздерін үлкендер санына қосып, Соларға ұқсап бағуға ұмтылыс жасап, қолдан келмейтін істер, әрекеттер жасауға талпынады.
Демек, оқушылардың рухани, адамгершілік дамуының деңгейі жоғарылаған сайын, олар өз мінез-құлықтарын тиянақты бақылауға алып қадағалайды. Оқушы жастарды тәрбиелеу өзін-өзі тәрбие процесіне оқушылардың өздері бар жан-тәнімен қатыспаса еш уақытта тәрбиенің мақсатына жету мүмкін емес.
Қайта тәрбиелеу - өте шытырманды қиындық туғызатын, педагогикалық шеберлікті қажет ететін тәрбие процесі. Кейбір оқушылардың небір жағымсыз субъективтік жағдайларға байланысты келісімсіз мінез-құлықтарында қалып, зиянды әдет-дағдыларды, қылықтарды тежеп, жаңа адамгершілік бағдар алуға бағытталған қайта тәрбиелеу жұмыстарын педагогтар мен қиын балалардың бірге отырып атқарылуы тиіс.
Қорытындылай келгенде, тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу бір-бірімен байланысып, олар өзін-өзі тәрбиелеумен танысады. Қайта тәрбиелеудің нәтижесі көп жағдайда мектептің талаптары мен отбасының, жұртшылық талаптары бірлікте болғанда ғана өз деңгейіне жетеді. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: