Реферат: Ы.Алтынсарин А.Құнанбаев М.Дулатовтың педагогикалық көзқарастары
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен белгілі Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітатар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында жұрттың күткен мектебі ашылады.
Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады.
Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оөушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді...»
Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шыығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.
Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Аллтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.
Алтынсарин қазақ тілінде кітаптар жазды, оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалынан бірте-бірте бәсеңдеуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері – деп жазды ол, - қазақтарға татар фнанатизмінің ыөпалын тигізбеу - қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздерін таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек, ол кітаптарды жұрт оларды бірден қолға лапы оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар зор күш болар еді». Ұлан-байтақ қазақ даласында дінияуи мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның басты арманы болатын.
Ұзақ жылдар бойы бізде «Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы» деген жаңсақ пікір уағыздалып келді.
Батыс Сібір генерал-губернаторының 1876 жылы Ішкі істер министріне жолдаған жолдамасында «...Торғай облыстық халық мектебінің инспекторы Алтынсарирн өзі орыс алфавитін қодланып қазақтардың халық өлеңін маған әкеп тапсырды.... Біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек... Бұл жұмыс Ильминскийге тапсырылды» деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский болғаны, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені аңғарылады.
Ы.Алтынсариннің ағартушылық саласындағы мақсат мүдделерінің іске асуына оның 1879 жылы Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалуы және бұл қызметте өмірінің соңғы минутына дейін үздіксіз он жыл табандылықпен еңбек етуі үлкен пайдасын тиігзді. Инспекторлық жұмысқа кіріскен соң ол дүниеауи мектептерді ашуды қолға алды. Ол оқытушы кадрларын даярдау мәселесін де қолға алды. Оның ұсынысы бойынша 1888 жылы көкек айында Ор қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Мұғалімдер даярлау ісімен қатар оларға керекті оқу-әдістемелік құралдарын жазу мәселесімен де шұғылданды. Оның ұсынуымен орыс-қазақ училищелерінде К.Д.Ушинскийдің «Балалар дүниесі», Л.Н.Толстой «Әліппе және оқу кітабы», Ф.Бунаковтың «Әліппесі мен құралы», Тихомировтың «Грамматикалық элементарлық курсы» оқу құралы ретінде пайдаланылды. Орыс педагогтарының үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап Ы.Алтынсариннің өзі екі оқу құралын «Қазақ хрестоматиясын» (1889) және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастуыш құраоын» (1889) жазып, бұларды қазақ-орыс мектептеріне төлтума оқулық ретінде ұсынды. Мәселен, «Хрестоматияға» ол қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін, балаларға арналған нақыл әңгімелер мен өлеңдерді, орыс жазушылары Крылов, Толстой, т.б. әңгімелері мен мысал өлеңдерін аударып енгізді. Алтынсарин өз хрестоматиясының екінші бөлімінде жаратылыстану, жағрапия, тарих, физика, сондай-ақ техника саласынан түсінік беруді көздейтінін айтқан еді. Бірақ ол кітабы осы кезге дейін табылмай келеді.
Ы.Алтынсарин оқыту әдісі мәселелеріне де ерекше мән берді. Өзінің А.А.Мазюхин, Ф.Д.Соколов, Ғ.Балғымбаев, т.б. мұғалімдерге жазған хаттарында балаларға тиянақты білім беру, оқыту өмірімен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру жайында көптеген ақыл-кеңестер берді.
Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту ісіндегі тағы бір ерен еңбегі қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін қолға алуында еді. Ол осы мәселеге ерекше мән беріп, қолөнер, ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Көп ұзамай Торғай қолөнер училищесі ұйымдастырылып, өзі қайтыс боларының алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауыл шаруашылығы училищесінде өзінің қора жайын беретіні туралы өсиет қалдырды. Қазақ қыздарын оқытып-тәрбиелей ісіне де жол ашқан Алтынсарин еді. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының өмірінде орасан өор маңызды трихи оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуды өтінді. Оның бұл ұсынысы өзі қайтыс болған соң екі жылдан кейін жүзеге асты.
Ы.Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдение көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді. Ол Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: «Қазақ даласын үш жыл аралығында қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз әбден дұрыс. Қазақтарды оқыту бастықтардың ойына да кіріп шықпайды, бекіністерде училищелер сладуан гөрі үйінің онсыз да қып-қызыл шатырын сылауды, онсыз да аппақ қабырғаларын ағартуды артық санайды»-деп жазды.
Ы.Алтынсарин өз замамнының ақыл-ойшылы, ірі қоғам қайраткері. Оның жарқын бейнесі мен іс-әрекетінен қазақ халқының мәдени-экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксегенін біртуар асыл азаматты көреміз. Ыбырайдың бұл арманы Қазан, кейіннен қазақ топырағында толық іске асып, салтанат құрып отыр.
Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғалия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы.
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамымн ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы бодлы. Оқудағы мақсат халыққа адал ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге –
деп жастарды білім – ғылымды меңгеруге шақырды.
Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, меткеп салу, оқу оқып білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкінеместігін терең түснген ол: «Барыңды салсаң да балаға орыстың ғылымын үйрет...өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі...» -деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.
Кітапты молда теріс оқыр
Дағдардай боп сәлдесі!... –
деп Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болған.
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Әне оны берем, мәне мұны берем деп, бастан алданғаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің?» деп теріс тәрбие беретін ата-ананы қатты сынға алды.
Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбие рөліне тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қослады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсыжәне жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті жақсы мінезге; сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал»-дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқтлады. Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. Абай адам мәнезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»-деді.
Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік сезіммен қарауға шақырады. Өзінің «Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат» деген өлеңінде:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, -
деп жігіттердің жар таңдау мәселесіне тоқталып, қазақтың «Аяғына көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деген мақалына орай тәрбиелі жақсы ананың перзентін малды болмаса да бағала, өмірлік жодласты дұрыс таңдай біл дегенді айтады. Сөйтіп отбасы өмірдің этикасын, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен сыйласымды өмір сүруін ескерте келіп, күнделікті тіршілікте кездесетін қисындық атаулыны қол ұстаса отырып жеңе білуге жастардың әзір болуын талап етеді.
Ақын отбасылық әдет-ғұрыпта ерсі қылықтарды қатты сынады. Ол әйел қауымның намысты қастерлеуін, қылығымен сүйкімді болуын, үй ішінде жұлдыздай жайнап жүруін қалады. Ал кейбір жас әйелдердің үй іші шаруасына қабілетсіз күйректігін, тіпті өзінің бас-аяғына қарауға да мән бермейтін, салдыр-салақ болып жүретінініне кейіс білдірді.
Сайып келгенде Абай бозбала мен бойжеткенді жұбайылық өмірге баулуды мына мәселелерге баса назар аударады:
1. адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбек сүйгіш адамгершілігі мол, таза жүректі адаммен бас қосқан абзал екендігі;
2. жастық шақ – адам өмірінің ең қызық, жауапты, мағыналы шағы, оның басты ерекшелігі: алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар, қызылға өш өткінші дәурен екендігі;
3. жастық шақта отбасын құру, білім алу, еңбек қаректіне төселу қажетін, бұл –адамшылықтың басталу шағы екенін, оны қалайда дұрыс бастау қажет болатыны;
4. отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында екендігі.
Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант, т.б. орыстың ұлы ойшыл педагогтары: Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлермен терең қабысып жатыр.
Міржақып Дулатов
Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған ол 1897 жылы Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп шыққаннан кейін алты-жеті ауылда бала оқытады. Кейіннен Омбы, Қарқаралы қалаларына барады, Петерборда шығатын «Серке» газетіне «Жастарға» деген өлеңін бастырады. 1909 жылы Уфада «Оян қазақты», Қазандағы ағайынды Кәрімовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» романын бастырып шығарады, «Айқапқа» түрлі тақырыптартөңірегінде (оқу-ағарту, мәдениет, тіл) үзбей мақала жазып тұрады. Осы жылдары А.Байтұрсыновпен бірлесіп, «Қазақ» газетін шығаруға ат салысады. Қазан төңкерісіне дейін, сондай-ақ Кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет түрмеге жабылады. Алаш өкіметі мен партиясының басшыларының бірі болғаны белгілі. Ол 1920 жылдардан бастап жаңа өкіметке де аянбай қызмет істейді, 1922-26 жылдары Орынбордағы Қазақтың ағарту институтында оқытушы болады. 1922 жылы екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын», 1924 жылы «Қирағат» кітабын, қазақ кітаптарының библиографиялық көрсеткішін бастырады. 1928 жылғы зобалаңда бір топ қазақ оқығандарымен бірге тұтқынға алынып ату жазасына кесіледі, онысын кейіннен 10 жыл абақтыда қамаумен алмастырады. 1935 жылы тұтқында жүріп, Балтық каналының бойындағы Сосновец деген жерде қайтыс болады. 1988 жылы республика Жоғары сотының коллегиясы қылмыс құрамы болмағандықтан оны біржола ақтайды.
Әмбебап ағартушының артына қалдырған рухани мұрасында кешегі көшпелі қазақ елінің әдет-ғұрпы, дәстүр салты, жол-жоралғысы, тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесі, өзіне тән этикалық, эстетикалық ұнам-талғамдары ұлттық колоритқа толы сан алуан нақты деркектермен безендіріле баяндалған. Осы тұрғыдан «Оян қазақ» атты туындысының орны бөлек. Ұстазы Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту мәселесіне байланысты идеяларын әрмен қарай дамыта келіп, ол да Байтұрсынов сияқтығ оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айтқанда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне, шәкірттердің жаңа бағдарламар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берді. Бұл айтылғандарды оның «Мұғалімдерге» атты мақаласынан (1915), «Қирағат» кітабына жазған алғы сөзінен жақсы байқауға болады: «... балаларды,- дейді ол, - оқыту өз алдына бір ғылым. Ғылым – педагогика... Мектеп программасында бірінші орын алған нәрсе қирағат, баяндап оқыту... Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұғалім үміт еткен пайданы бере алмайды... Жас балаларды оқыған нәрсесі хақында ойлануға, оның мағынасын, қасиетін сездіруге қалай үйретпек керек? Баланы оқыған нәрсесін бір-біріне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққаннан кейін жадында ретті һәм толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіруі керек.» (М.Дулатов, Шығармалары, Алматы, «Жазушы», 1991 жыл, 238-бет). Ол орыс педагогикасының атасы К.Ушинский айтқандай, оқу-тәрбие процесіне (жазу, сызу, есептеу, оқу, т.б.) шәкірттердің сезім мүшелерін (көз, құлақ, т.б.) түгелдей қатыстырып отыру қажеттігін орынды аңғарып, мұны тәлімгерлердің жадына салуды ойластырады. Осыған орай ол былай деп жазады: «Әрбір жазылған сөз (тақтаға, дәптерге, тіпті ауызекі сөзді де) жазушының сезінуімен, естуімен, көруімен «шыққан нәрсе».
Табиғатынан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арасында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге, зерек, дарынды балаларды оқытып тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарларына үңіледі. Осы жәйт автордың мына төмендегі түйіндеуінен жақсы көрінеді: «Туысында қанша зеректік болса да, - деп жазды – ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатына не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді... Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанын да көріп тұрғандай боласын...»
Халқымыз егемендікті аңсап жатқан қарбалас шақта жас өркендерді жерге шырылдап тұскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың ұлтты рухпен, дәстүр-саклт, әдіт-ғүрыптан мейлінше сусындатуына ерекше көңіл аударуымыз қажет. Бұл жөнінде де Дулатов былайша жеріне жеткізе айтқан еді. «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсерлі, күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан, һәм табиғаттан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсатына муафик үйретуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұмат алып шығады. Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың мектеп медрессесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрсе де, »сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да тіршілігінде қандай ауыртпалық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады. Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру...»
М.Дулатовтың жазған «Қирағат» кітабы (1924) өзінің құрылыс жағынан бастауыш класс оқушыларына жеңіл, түсінікті тілде, табиғатпен байланысты әңгімелерден (жылдың тқрт мезгілі, ел өмірі, тұрмыс-тіршілігі) тұрады, яғни мұнда биология, экология, салт-дәстүрден хабар беру көзделген. Екінші бөлімде балаларды талаптылыққа, еңбек етуге, адамгершілікке баулитын ғибаратты әңгімелер топтап берілген. Мысалы, «оқымысты бала» деген әңгімеде қаладан оқып келген баланың ауылға келген соң еріншектік жасап, тырнауыштың сабын басып қалғанда оны маңдайына соғып алып, «Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ екен» деп ашулануын сықақ етеді. «Қонақ кәде» атты әңгімеде қазақтың әдет-ғұрыптарын сөз етсе, «Күлмеңіздер кәріге» деген әңгімеде әке тілін алмай өлмелі шал-кемпірді мазақтайтын әдепсіз балалардың қылығы айтылады.
Дулатовтың тәлңм-тәрбиелік тағылымдарынан қазіргі күн талабы-тілегімен ұштасатын тағы бір кесек ойды кездестіреміз. Ол жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. Қазіргі қазақ жастарының тәрбиесінде көлеңкелі, келеңсіз жақтардың белең алуы тәлімгер қауымға жас буынды жөргегінен мейірімділік пен имандылыққа баулып трбиелеу қажеттігін күн тәртібіне қойып отыр. Осы жөнінде мұсылмандардың қасиетті кітабы, «Құранның» үлгі-өнегеге толы тағылымдарына да баса назар аудару қажеттігі газет-журналдарымызда сан рет жазылып жатыр. Ал осы мәселені бұдан 80 жыл бұрын кемеңгер Дулатов та көтерген екен. Ол жұртты оқуға, білім алуға тартқан кезде бір жағынан діни оқуды да жатсынбау қажет дейді. Автор орысша оқып, орыс тілін үйренген қандай пайдалы болса, мұсылманша оқып, дінді танып, оны өмірлік қажетке пайдаланса кісі жан-жақты білімді азамат болып шығатыны айтылған. Ол медреселер ауыл мектептерінде ғылыми пәндерді, түрлі тілдерді меңгерумен қатар, діни оқудан да мағлүмат алудың маңызын былай түсіндіреді: «Медреседе сыйласып екі молла. Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша. Педагогия тәртібімен оқытса, қазағым кетер едің сонда алға... Риза қазақ халқы болар еді, хүкімі шриғаттың тұрса қолда...». Біздің ойымызша аса білікті, әмбебап саясаткердің осы айтқандарында қазіргі тәлім-тәрбие процестерін жүзеге асыру жағдайында да еске алғанымыз жөн сияқты. Расында да орыс педагогикасының атасы Ушинский «кто не имеет религии и не чувствует ее потребности, тот должен не воспитывать детей...», ал осы халықтың екінші бір педагог-психологы П.Ф.Каптеров «Педагогикалық психология» атты кітабының бір тарауын «Діни тәлім-тәрбиеге» арнаған болатын.
Осы іспеттес пікірді қазақ оқымыстыларының көпшілігі айтқан. Мәселен, М.Жұмабаев өзінің «Педагогикасы» былай дейді: «...дін сезімдері күшті адам, яғни тәңірінің барлығына, құдіретіне сеніп, оның маххабатын алуға, қаһарына ұшырамауға ұмтылатын адам өмір бойы ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек».
Дулатовтың оқу-ағарту майданындағы ерекше көзге түсуі жиырмасыншы жылдардың орта шеніндегі латынша немесе арабша әріпті алу мәселесінің төңірегіндегі айтыс кездерінде көрінді. Дулатов 1924 жылы Орынборда болған қырғыз-қазақ ағартушыларының тұңғыш съезінде баяндама жасап, араб әрпінің ерекшелігі мен артықшылығын дәлеллдеп бақты. Оның «Бүкіл шығыс елінің мәдени мұрасы араб әрпімен жазылған, егер де дүрмекпен латынға көшсек біз бұл байлықтан мұлде қол үземіз» дейтін пікірінің шындық екендігіне бүгінде дау айтатын адам болмаса керек. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: