Реферат: Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы

Реферат: Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы

Германияның сыртқы саяси доктринасының қалыптасуы
Құлап жатқанды — итер...
Ф. Ницше. Антихристиан
Карл Хаусхоффердің «өмір сүру кеңістігін кеңейту» (Lebensraum) атты концепциясы Германияның сыртқы саяси доктринасының негізін қалады. Бұл концепция бойынша Германия бұндай қажеттілікті қамтамасыз ету үшін үздіксіз күрес жүргізу керек. Нәтижесінде мемлекет өзінді сыртқы күштерден тәуелсіз етіп сонымен қатар өзінің экономикалық автаркиясын қамтамасыз етеді. Осы мақсатқа жету үшін Германия кез-келген халыққа, мемлекетке күш позициясы тұрғысынан қарап, ұсақ-тұйық мемлекеттерді жұту керектігін айтады. Карл Хаусхоффердің тұжырымдамасы бойынша бұл табиғи әрі заңды процесс. Ал көршілес жатқан державаларға қатысты стратегиясы былайша болған: Ресей Германияның стратегиялық әріптесі ретінде қарастырылып онымен соғысудың орнына одақтасу керектігін айтады. Ал кейіннен бұл одаққа Жапония мен Қытай қосылу керектігін айтады. Сонымен ғалым, орталығы Берлин, Мәскеу, Токио болатын «геосаяси үштігін» немесе «құрлықтық блок» доктринасын ұсынады. Кейіннен Хаусхоффер және оның шәкірттері құрлықтық елдерді шектейтін теңіз державаларына қарсы тұру үшін «Үлкен кеңістік» концепциясын ғылыми айналымға еңгізеді: 1) Батыс (Еуропа, Африка, Америка) 2) Осьтік немесе орталық (Еуразия) 3) Шығыс (Тынық мұхит кеністігі).
Алайда билік басына агрессивті идеялармен қаруланған топтардың келісімен «Құлықтық блок» доктринасы өзгеріске ұшырап, олар Хаусхоффер белгілеген сыртқы саяси бағыттардың көбісінен бас тартады. «Тек өмір сүру кеңістігін кеңейту» атты концепциясы негізге алынып, алайда оны жүзеге асыру жолдары, әдістері Хаусхоффердің жолдарынан тым өзгеше болатын.
Билік басындағы радикалды-нацистік топтар сыртқы саяси бағыттарға радикалды өзгерістер әкелді. Нацистік идеология мемлекеттік идеологияға айналды. Германияны бірден-бір құрлықтық держава ретінде болуын көздеді. Нацистік идеология нәсілдік иерархияға негізделініп, сыртқы саяси бағыттарды анықтаушы фактор ретінде болған.
Үшінші рейхтің негізгі идеологтары

Нацизмнің негізгі идеологтарының ішінен осы тұлғалрды атап шығаруға болады:
1) Адольф Гитлер
Идеологияның басын қалаған. 1925 жылы оның Mein Kampf («Менің күресім») атты алғашқы әрі соңғы кітабі жарыққа шығады. Бұл саяси манифест әрі автобиография Үшінші рейхтің билік құрушы топтарының Библиясына айналды, национал-социализм идеологиясының негізі.
2) Альфред Розенберг
Гитлердің рухани және идеологиялық мәселелеріне байланысты орынбасары, нацистік партияның мүшесі, шығыстағы оккупацияланған территориялардың басқару министрі, «расизмнің» философы. «Германия сыртқы саясатының болашағы» (1927), «20 ғасыр мифі» (1929).
3) Йозеф Геббельс
Үгіт-насихат министрі, қоғамға білім беру, ғылым, мәдениет саларына жауапты болған тұлға. Сонымен қатар Германияның мәдени өмірінің «ариезациясына», НСДРП-ның қоғам тарапынан қолдауға ие болуына және ұлттың соғысқа психологиялық дайындығы үшін жауапты болды.
4) Генрих Гиммлер
СС-тің рейхсфюрері, ұлт ішіндегі жауларды жоюын қамтамасыз еткен.
Нацизм идеологиясының негіздері:

Нацизм идеологиясы негізгі үш заңнан тұрады:
1) Биологиялық гравитация заңы
Бұл заңды Гитлер ойлап шығарды. Ол бойынша адам баласы әлеуметтік организм болғандықтан ол қоғамның ішінде тұру керек. Бірақ та қоғамның өзі белгілі бір әрі шектеулі болу керек. Баланы туылғанынан бастап отбасы қоршау керек. Бір адамнан тұратын отбасы. Гитлер немістердің бір территорияда тұруын қалаған. «Германия неміс халқы үшін» атты ұраны Гитлердің ойынша толығымен заңды әрі ғылыми тұрғыдан дәлелденген болатын. СС-тің ережелер жиынтығында осындай сөздерді мысалға келтірсе болады: «Саясатта тек екі жақ бар: Германия әлде ештеме... Бізде тек бір жау бар – Германия жауы, және бір дос – Герман халқы».
Жауды анықтау және жою басты мәселелерінің бірі болды. Жау шеңбері кең болғандықтан оны екі категорияға бөлген: Ішкі жауларға либералдар, гомосексуалистер, марксистер, масондар, пацифистер, христиандар сонымен қатар кейбір мәдениет және өнер қайраткерлері жатқызылатын. Сыртқы жауларға англо-американ плутократтары, еуропалық демократтар және орыс большевиктері жатқызылатын. Гитлер большевизмді заңсыздық пен варварлықпен теңеген. Нәсілдік жауларға барлық ариялық емес нәсілдер жатқызылатын. Алайда ең бірінші қатарға еврейлер жатқызылды. Шындығында антисемитизмнің берік тамырлары қалған Еуропада, Ресейде байқалатын, бірақ Германияда ол мемлекеттік саясат дәрежесіне жетті.
2) Автаркия заңы (грек. Autarkeia – достаточность)
Экономикалық жағынан қанағаттылық. Бұл заң нацизмнің ресми экономикалық теориясына айналды.
3) Ұлы арийлік нәсіл идеясы және өмір сүру кеңістігін кеңейту.
Ол бойынша кіші халықтар ариийлік нәсіл алдында ығысу керек, үстемдік етуге кедергі болмау керек.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Германия территория мен құқық жағынан шектелген болғандықтан, Герман басшылығы территорияны кеңейту мақсатын алға қояды. Гимлер ұлыгерман рейхінен кейін Уралға дейін созылатын герман-готтық рейх келетіндігін айтатын және де мүмкін болашақта германо-гото-франк эрасы болады деп айтатын. Ол Германия шекараларын Кеңес Одағының территориясының ішіне қарай 500 шақырымға ығыстыруды ойлаған. Бірте келе оны 1000 шақырымға жеткізуді көздеген. Бұндай «қан мен жер» доктринасы нацистердің экспансиянистік саясатында көрініс тапты. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]