Реферат: ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ КІШІГЕ ІЗЕТ
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – КІШІГЕ ІЗЕТ
Көктем келіп, ызғарлы қыстың дәурені өткен жаймашуақ наурыздың бір күні болатын. Санжар апасы екеуі әкесінің інісінің үйіне мейрамдатып, әрі наурыз көже ішіп келуге шыққан еді. Көктемгі күн бар жылуын төгіп тұр. Жол жиегіне шаңдата тоқтаған көлікке апасы екеуі міне салды. Іші лық тола екен. Аялдама кішкене ұзақтау болған соң орта шеніне барып тұрды, кәрі-жасы да, өзімен қатар балалар да, біреуі орын босатып берейін демейді.
Кеңес үкіметі тұсында белсене жұмыс істеген апасының екі аяғы кеш батса сыздайтын. Санжар осыны ойлап, жақсы көретін апасына жаны ашып, жан-жағындағыларға ызасы келіп те тұр. Әйтеуір түсетін аялдамаға таяғанда жасы қырықтар шамасындағы ер кісі орын ұсынды.
Өткен жолы Санжар дәл осы көріністі басынан өткізген-ді. Оқиға былай болып еді: Бірде автобусқа қолына таяқ ұстаған қария мінеді. Санжар орын берудің орнына көзін өтірік жұмып отыра берді. Төртінші сынып оқушысы бола тұра әлгі қарияға орын берместен ақыры өз аялдамасынан түсіп қалады.
Міне, енді өз қателігінен іштей ұялып та тұр. Біржағынан тап сол әрекеті өз басына келгенін қарасайшы. Немересін ерткен қарт әжей баласының үйіне жетіп, шаршағанын басып, жайылған дастархан басында отырып, Санжар мен өзге де немерелеріне сабақ болсын деп мына хадисті айтып түсіндірді:
«Мұсылман баласының Мұхаммед (с.а.у.) есімді пайғамбары өмірден өткен. Сол кісінің мына бір өсиет сөздері, хадисі десе де болады тіліме оралып отыр: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген мұсылмандардан емес», тағы былай дегені бар еді: «Жастарымызға мейірімді болмаған және үлкендерімізді сыйламаған біздің үмметтен емес».
Санжар апасының осы әңгімесінен кейін, ешкімге білдірмесе де іштей қысылып жүрді. «Сәл болмағанда мен мұсылман қатарынан шығып қала жаздаппын ғой» - деп, өз-өзіне бұдан былай мұндай әдепсіздікке жол бермеуге уәде берді. Кейін түнде жатар алдында өткен қателіктерін кешіруін және өзіне әрбір істе жәрдем беруін Аллаһтан сұрап дұға етті де, Санжар ұйқыға кетті.
Әр жастағы адамдар тобына байланысты ереже мынандай: жасы үлкендерге сөзсіз бағыну, ізет, құрмет көрсету. Мұның өзі үлкендердің жастардың алдындағы жауапкершілігін, қамқорлығын қамтамасыз етеді. Үлкендер мен кішілердің арасындағы қарым-қатынастың қыр-сыры тек жастар мен ересектердің арасында ғана емес, оның әр тобының өз ішінде де қалыптасқан. «Үлкен», «Кіші» деген тәрбиелік жүйенің айқын белгіленген өзіндік құндылықтары бар. Жеке тұлғаның бағалану дәрежесі ең алдымен оның жасына қарайды. Және өзара қарым-қатынастың қағидасын солар қалыптастырады. Нақты бір жасы үлкен ағаны сыйламау – жалпы «Үлкенді» сыйламау дейтін идеяның өзін жоққа шығармайтындай қалыпта көрінуге тиіс. Яғни жалқылық арақатынас жалпылыққа нұқсан келтірмеуі керек.
Әр жастағы (мүшелдегі) белгілі топ – әлеуметтік құрылымдағы өз орынымен, өзінің өмір салтымен, қалыптасқан тәрбиелік қағидасымен, өмірге және рухани құндылыққа ие болу құқымен, міндеттер және шектеулермен айқындалады.
Балалық шақ – адамның қоғамның әлі толыққанды мүшесі болып толыспаған шағы. Ол ойын-сауық ортасында алаңсыз өседі, бірақ, отбасында әлеуметтік ереже тәртібін үйренеді. Ата-ананы, ағайын-туғанды сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет тәрбиесі адамға сол бала жасынан сіңіріледі. Көшпенділік, рулық қауымдастықтың ерекшеліктеріне сай бала үлкендердің өмірінде не болып жатқанын көріп, естіп, біліп өседі. Алайда оның ересектер өміріне араласпауы тиіс. Әлі күнге дейін қазақтар қонақ шақырғанда балаларды дастархан басына, үлкендердің сөздеріне араластырмайды.
Жастық шақ – құрбылармен емін-еркін ойнап күлетін дер шақ. Бірақ бұл балалар сияқты мәнсіз, беталды ойын емес, әлеуметтік өз орнына талпынған салт мәртебесі. Жастардың үлкендермен қарым-қатынасы қауымдастықтың өзі жол берген тек қана «еркін», зілсіз әзіл-қалжыңмен ғана шектелмек. Бұл «еркіндіктің» өз қалыбы, шектелу мен шегі және нысабы бар. Қыз бен жігіт арасындағы некелесу топтарының тәрбиелік қағидатына да негіз болатын солар. «Еркіндік» тәртібінің шектелуінде көне дәстүр-салттардың нышаны байқалады.
Күнделікті тіршілік күйбеңіндегі еңбекке деген кәсіби шеберлігін жетілдіре жүріп олар ру қауымдастығының өміріне де белсене араласады. Ұлттық ойындар мен жарыстарға қатысып, сайыстарға түседі. Дәстүрлі салттармен жиын-той кезінде үлкендерге қызмет етеді. Бұл жас адам өзінің өміріндегі ең елеулі оқиғаларын бастарынан кешеді. Ол үйленеді. Некелесу қыздар үшін тек «еркін» жастықтың аяқталуы ғана емес, келесі мүшелдің тобына қосылуы. Одан әрі ру, әулеттің жаңа ұрпағын жалғастыру міндеті тұр. Егер бір мүшелден екіншісіне өтуде «өлім» мен «өмірдің» мифологиялық шарттылығы бар дегенді еске алсақ, бойжеткен қыз некелесу арқылы екі рет «өледі». Яғни құрбы замандастарынан және өз руынан алыстайды. Той болардың алдында өз руының ағайындарын аралай жүріп, қыздың қоштасуы, «сыңсуы» – өзінің жастық дәуірімен қоштасуы. Ал жігіттер үшін бұл қоштасу – мүшел жас 25-пен есептеледі.
Есею екі мүшел кезеңін қамтиды. Алайда олардың арасындағы 37 жас неғұрлым қатерлі деп саналады.
Қарасақалдардың (немесе «қырма сақалдардың») шағы неғұрлым әлеуметтік белсенділік кезеңі. Есейген жігіттер тек ру, тайпа емес, бүкіл халықтың қоғамдық өмірінің толық-қанды мүшесі. Бұл кезеңде қоғамда ер адамдар ерекше белең алады. Себебі әйелдер дәстүр бойынша отбасы шаруасымен, ұрпақ тәрбиесімен айналысады. Есею шағы қоғамның шаруашылық және рухани өмірін қалыптастыратын кезең. Онда олар өз руының атынан жалпыхалықтық сипаттағы алуан түрлі акцияларға қатысады, мысалы той томалақ, жерлеу, еске алу салттары, сот істері мен соғыс қимылдары, сан қилы сайыстар деген сияқты.
Бесінші мүшел және одан арғы кезең адам өмірінің ерекше шағы. Балалар және ағайын туғанның ерекше қамқорлығы мен құрметіне ие болған қария-ақсақал өмірді өзінің ғұмырлық тәжірибесінің биігінен сараптайды. Өмір күресінде қалыптасқан даналық оны аса қадірлі ақылгөйлікке жеткізеді. Оның әлеуметтік орыны, дәрежесі де сол. Ақылшы, басшы, көмекші болу тек ұжымдық және өмірлік тәжірибені жете меңгергеннің ғана арқасында емес, қасиетті аруақтарына өзі тәуеп еткен, табынған о дүниеге жақындауынан. Сондықтан да оның әлеуметтік іс-қимыл харекетінде орынсыз асығу, абыржу, желпіндеу, жеңілтектену деген болмайды. Байсалдылық пен сабыр-салмақтылық тек сол даналардың ғана қолынан келеді. Қариялардың өмірлік тәртіби дағдысында күнделікті тіршілік күйбеңінен неғұрлым алыстау байқалады. Олар – осы жалғанның және күні ертең өздері баратын о дүниелік аруақтардың да өкілі. Қоғамның өзге өкілдері оған зор ілтифат құрмет көрсетіп, қарияның қадірін білуге міндетті. Ақсақалдың алдынан кесе көлденең өтпеу, аса қажет болмаса оның дүниелеріне қол тигізбеу, төсегіне отырмау т. с. с.
Өзінің тәртіби ереже, қағидат-ұстамдарымен ерекшелеп мүшел жасқа бөлу жүйесі нақты адамның адастырмас темірқазық жұлдызы. Барлық мүшелдерді бастан өткерген қария әр мүшелдің болмысына қарап қоғамның түр-сипаты мен мән-мағынасын ашып береді.
Үлкендердің алдында әдет бұзу сияқты әрекеттердің қалай жазаланғанын Біржанның өмірбаянынан білеміз. Атақ-даңқына қарамай қариялық «тәртібін» бұзғаны үшін Біржан қатты жазаланған.
Мүшелдердің әр баспалдағынан өткен сайын жеке тұлғаның өмірлік дәстүр-салтының көкжиегіне ұмтылған әлеуметтік тұрпаты қалыптасады.
Балалық. Жастық. Есею мен қартаю. Бұл қазақ қоғамының әлеуметтік өмірінің тұтқасы болған ғаламат өмірлік қайталама. Қазақ күнтізбегінің заңы бойынша бәрі де қайта оралып отырады. Ұлттың ұлағаттық жады да толық мәнінде қайтып оралады. Уақыттың қайталама кезеңдерінің эволюциялық өрлеуіне сәйкес неғұрлым жетілген, жаңарған түрде білім мен сана да қайтып оралады. Сөйтіп мүшелдер қайталамасы шетсіз-шексіз жалғасып, дами бермек. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: