Реферат: Сүлеймен Бақырғани

Реферат: Сүлеймен Бақырғани

Хакім ата (туған жылы белгісіз – 1186 жылы қайтыс болған) сопылық диадктикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ислам дінінің «жахрия» («йассаушиілік») деп аталатын ағымын қыпшақ даласына уағыздап, таратушы көрнекті діни қайраткер. Болашақ ақын қазіргі Қарақалпақстанға қарасты Қоңырат қаласына жақын жердегі көш қамал – қала Бақырғанды туған. Түркі әлеміні ғылым және өнер ошақтары – испиджаб (Сайрам), Фараб (Отырар), Йасы (Түркістан) шаһарларында ұзақ жыдар оқып, ислам дінінің аса көрнекті ғұламаларынан дәріс алған.
Кезінде «ұстаздардың ұстазы» атанып: «ұлы Шайхы» дәрежесіне жеткен ғұлама ақын Ахмет Йассауидың ең қабілетті шәкірті, ізбасары болған.
Бұл туралы Сүлеймен Бақырғани:
Йассы өзені жағасы
Жатыр гауһар асылы
Машайықтар сарайы
Шейхым Ахмет Йассауи
Қарашығымен қыстаған
Сұңқар, лашын ұстаған
Сансыз шәкірт бастаған
Шайхым Ахмет Йассауи
Шариғаты – шапағат
Таризаты - қанағат
Хақизаты парасат
Шайхым – Ахмет Йассауи –
дейді.
Бақырғани жасы ұлғайған сайында ел арасында Хакім ата деп аталып кеткен. Бақырғанидың сопылық – дидактикалық мазмұндағы хикмет - өлеңдері кезінде ұлан – ғайыр қыпшақ даласы мен Орта Азияның түркі тілдес тайпалары арасында кеңінен тарағаны тарихтан жақсы мәлім. Алайда мұрасы тек ХІХ ғасырда ғана қайта жинақталып, Қазан, Ташкент және Стамбұл бапаларынан «Бақырғани кітабы» деген атпен бірнеше рет (1846, 1877, 1898 жж.) басылып шықты.
«Бақырғани кітабы» түркі тілдес халықтардың ХІІ ғасырдан сақталған сопылық – дидактикалық ағымдағы алғашқы әдеби жәдігерліктерінің бірі. Бұл жыр жинағы орта ғасырлық қазақ әдебиетінің де мұрасы болып табылады. Ақынның хикмет – жырлары кезінде қазақ ақын – жыраулары поэзиясында кеңінен тараған ақыл - өсиет айту сарынындағы жыр – толғау үлгісінен үндес болып келеді. .. «Бақырғани кітабы» негізінен бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде шартты түрде көңіл күй жырлары деуге болар еді. Ал екіншісі – сопылық идеясын насихаттауға арналған диадктикалық – философиялық өлеңдері, үшіншісі – Алланы мадақтауға арналған жырлар («Мечроне – наме») төртіншісі «Аөыр заман көріністері» дастаны, бесіншісі – «Бибі Мариям» толғау. «Бақырғани кітабының» басты идеясы – оқырманның ізгілікке, имандылыққа, рухаи тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша, әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты, абсолюттік рухты) толық танып – білуі тиіс. Ал бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен Ахмет Йассауи айтқандай, төрт саудан сүрінбей өтуі керек. Олар: шариғат, тариқат, маърифат, хақиқат екенін жоғарыда йттық.
Ақын өз жырларында сопылық идеяның негізгі қағида – шарттарын айта отырып, сонымен бірге адамның қоғамда атқаратын қызметін гуманистік тұрғыдан түсінік береді. Бақырғани Алла сыйлаған өмірдің ләззатынан безбеуге, махаббат қызығын көруге, ғылым мен өмірді меңгеруге үндейді. Адамды құрметтеу арқылы құдайға құрмет көрсетуге болатынын зор шабыт пен жырлайды.
Бақырғани хикметтерінің бірінде:
Әрбір адамды көремде қыдыр деп біл,
Әрбір кием қадыр беп біл, -
дейді.
Ақын мұнда «қыдыр» сөзін – әрбір үйге бақыт дәулеи әкелетін әулие, ал «қадыр» сөзін – құдайдан көмек тілейтін, қасиетті түн мағынасында айтып отыр.
Ол өзінің көңіл күй жырларында адам баласына ғана тән сүйіспеншілік сезімін философиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасайды. Адам жаққа жақындау жолында бірте – бірте кемелдене түседі. Базарып, жақсара береді.
Міне, осындай жан тазалығының бір көрініс – сүйіспеншілік сезімі. Бұл – адам парасатының ең жоғарғы сатыларында ғана жетіліп, шешек атады. Сол арқылы Алланың құдірет күшіне тағы бір танытып өтеді. Адам сүйіспеншілік арқылы жан тазалығына іштей тағзым етеді. Махабаттың ұлы құдіреті алдында өзінің пенде, құл екенін сезінеді:
Алла берген сезімді сыйламаған,
Хақ жолында өз жанын қианамаған.
Емдемейтін дертіне дауа іздеп,
Зымырап өтіп барады мына жалған.
Тәуіптер көп тәніңді емдейтұғын
Тәуіптер көп жаныңды сезбейтұғын
Шіркін, сезім – шынайы құдірет қой,
Алладан басқаға бас имейтұғын.
Тәуіптер жоқ жанымды емдейтұғын
Махаббат та құдіретке тең дейтұғын.
Құдайым сақта мені пенделерден
Не өзіне, не маған сенбейтұғын.
Сүлеймен Бақырғани адам басындағы мөлдір сезімді асқақтата жырлай келіп, төмендегідей түйін жасайды:
Менің жаным – саған деген махаббат,
Тәнім әлсіз, бірақ жаным шапағат
Ұлы сезім болмағанда нетер ем.
Бұл жалғаннан мен қамығып өтер ем.
Махаббатсыз жүректе имам жоқ,
Ғашықтық дертінің дауалы жоқ.
Сүлеймен бақырғани бұл дүниенің барлық бақ – дәулетінен де, атақ – дәрежесінен де, алтын – күмістен де ең жоғары тұрған киелі нәрсе – Алла жаратқан адамның ішкі жан дүинесі, «Құдайдың құлы болған» пенделердің биік мәртебесі деп біледі:
Сенің дертің барлық дерттедей артық,
Саған құл болғаным – сұлтандықтан артық.
Сенің жаның – рахаттанса шөл ішінде,
Ондай шөл маған гүлстаннан артық.
Сүлеймен Бақырғанидің хикмет – өлеңдері бейне бір адам рухы мен адам нәпсісі арасындағы айтыс – тартыс секілді болып келеді:
Нәпсім айтты: бұл бес күндік өмірде,
Бәрін істе, не ой келсе көңілге.
Гүлстанның аралап қал бағын да,
Жеміс жинап, пісіп тұрған шағында.

Рухым айтты: шариғаттың жолын бақ,
Ілімменен тариқаттық жолын тап.
Таңсәріде ашуды ұғынғын,
Он бесінде жайнамазға жығылып.
Бұл айтыс осылайша ұзаққа созылып, ақыры жүгенсіз нәпсіні, адам бойындағы ең асыл қасиет – қанағат сезімі жеңіп шығады.
Сүлеймен Бақырғани «Ақыр заман көріністері» атты жыр толғауында адам, заман, қоғам туралы пәлсапалық ой – пікірлерін айтады. Мұндағы басты идея – заманның жақсы яки жаман болуы адамзаттың моральдық - этикалық іс – әрекетіне, рухани тұрғыдан тазалығына, имандылығына, мұсылман парыздарын мүлтіксіз орындауына т.б. байланысты деп біледі:
Ақыр заман келгенде нелер болар.
Түрлі – түрлі пәлеге әлем толар
Ғалымдар шарап ішіп, ойнас жасап,
Абырой атақ – бәрі де босқа қалар.

Білгішсініп ғұламалар шарап ішер,
Арам жеңіп, адалдар отқа түсер.
Пәле жатқан қаптың да аузын ашып,
Абырой атақ – бәрі де босқа қалар.
Ақырзаманның үрейлі де жиіркенішті көріністерін әсерлі түрде суреттей келіп, сондай сұмдықты болдырмау үшін адамдар ислам дінінің қарапайым қағидаларын берік ұстауы керек деген тұжырым жасайды.
«Бибі Мариям» - пайғамбарлар, әулие – әмбиелер, әлемнің жаратылысы т.б. туралы жазылған сопылық – дидактикалық мазмұндағы жырлар. мұнда Ғайша пайғамбар өз анасы Мариям бибімен өмір мен өлім, мейірімділік пен зұлымдық жақсылық пен жамандық жайында әңгімелеседі. Бақырғани оқырман қауымды имандылыққа, ізгілікке, құдайға құлшылық етуге шақырады.
Қорыта айтқанда, Қарахан дәуірі көркем сөз өнерінің ғажайып үлгілері болып табылатын Жүсіп Баласағұннның «Құтты білік», «Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», Ахмет Йассауидің «ақыл кітабы» және Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабына» талдау жасау арқыыл қазақ ақын – жыраулары поэзиясындағы дидактикалық – шешендік толғаулар мен мақал – мәтелдердің қайнар – бастаулары ежелгі түркі дәуірінің көркем сөз өнерінде жатқанын айқындадық. Сонымен, ежелгі түркі әдебиеті мен қазақ ақын – жыраулары поэзиясы арасындағы сан ғасырларға созылып жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы бір сәтке де үзілген емес деген тұжырымға келдік. Қазақ хандығы енді ғана қалыптасып келе жатқан тарихи кезеңде бірқатар аса маңызды қоғамдық – әлеуметтік саяси мәселелер күн тәртібінде тұрды. олар қалың бұқара халық пен ел билеуші әкімдер арасындағы қарым – қатынас нормалары, әрбір адамның қоғам алдындағы міндеттері, мемлекетті басқару принциптері тағы басқалар.
Міне, сол себепті қазақ хандығы тұсында ақын – жыраулар бұл мәселелердің шешуін ежелгі түркі поэзиясынан, Х – ХІІ ғасырларда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки және Ахмет Йассауи сияқты ақыл -ой алыптарының дидактикалық, эстетикалық, философиялық ой – тұжырымдарынан іздестіргені көрініп тұр. Бұл қоғамдық дамудың заңды құбылысы еді. Әрине, қазақ ақын – жыраулары ежелгі тарихтан дәріс алумен шектеліп қалған жоқ, олар этикалық, дидактикалық, философиялық ой – пікірлерді қоғамдық дамудың жаңа жағдайында жетілдіре түсті.
Олар өздерінен бұрынғы Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йүгінеки және Ахмет Иассауи көтерген тақырыптарды идеялық мазмұны жағынан мейлінше жоғары дәрежеге жеткізуді. Қазақ ақын – жыраулары түркі дәуірінің шайырларына қарағанда елдің қоғамдық әлеуметтік өміріне белсендірек қатысып отырды. Сонымен бірге қазақ ақын – жыраулары өздерінің дидактикалық сарындағы ой – пікірлерін абстракті түрде емес, нақтылап, айқындап, жеке бір адамға яки құбылысқа арнап айтты. Бұлар хандық дәуірдегі жеке адам мен отбасы, отбасы мен қоғам, қарапайым халық пен ел билеген әкімдер арасындағы қарым – қатынасын өздері өмір сүріп отырған дәуірдің адамгершілік нормаларын, моралін, этикасын өз толғауларына өзек ете білді. Соның өзінде Асан Қайғы, Қатуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет, Абай т.б. сияқты аса дарынды ақын – жыраулар шешендік – дидактикалық сарынға құрылған поэзия үлгілерін қазақ қауымының наным сеніміне лайықты формаға енгізіп, жетілдіре түсті.
Сөйтіп, ХV – ХІХ ғасырлардағы қазақ ақын – жырауларының поэзиясы дидактикалық сарындағы түркі әдебиетінің жалғасы ғана емес, сонымен бірге қазақтың өзіндік төл әдебиетінің (жалғасы ғана емес, сонымен бірге қазақтың өзі) бастауы да еді. Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген ақын – жыраулар өз толғауларында бүкіл қазақ қауымының атынна сөйлеп, елдің мүддесін тебірене жырлады. Халықтың келешегіне қатысты өсиет – уағыз сөздерін айтты. Елдің ортақ мүддесіне қайшы келген ханды да, қараны да қатар қойып, бірдей дәрежеде сынап отырды. Түркі шайырлары өздерінің дидактикалық мазмұндағы уағыз – өсиеттерін жалпылама қауымға арнап, абстракті түрде айтса, ал енді қазақ ақын – жыраулары өздерінің сын – ескертпелерін, ғибрат сөздерін белгілі бір бектерге, билерге, сұлтандарға, төрелерге, хандарға ескертпе ретінде арнап толғады. Демек, XV – ХІХ ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын – жыраулары өздеріне дейінгі нақылды, тақпақты, үгіт – насихат, уағыз айту түріндегі шешендік – дидактикалық поэзияны мазмұны мен формасы тұрғысынан жетілдіре түсті. Олар өздері өмір сүріп отырған қоғамның сан алуан күрделі мәселелеріне өз толғаулары арқылы белсенді түрде қалыптастыратын күшке айналдырды.
Сөйтіп, Қарахан мемлекеті тұсында дәлірек айтсақ, Х- ХІІ ғасырларда өзінің шарықтау шегіне жеткен дидактикалық сарындағы әдебиет қазақ хандығы тұсында (ХV – ХІХ ғасырлар) ақын – жыраулар поэзиясы арқылы өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Сүлеймен Бақырғани туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Сүлеймен Бақырғани на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Адебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, Сүлеймен Бақырғани

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]