Реферат: Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920 жж.)
1893 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. ХХ-ғасырдың басындағы Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ ақын – жазушы. Кедей отбасында туған. Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) жасында жоқшылықты көп көріп, кісі есігінде жалшы болған. С.Торайғұров үш жасқа шыққанда шешесі Зұфұннан жетім қалды. Алғашқыда үйде жүріп, әкесінен оқып қара таныған С.Торайғыров ауыл молдасы Мұқан деген кісіден сабақ алды. Ол араб, парсы қисса – хикаяларын өзінше аударатын, әрі жанынан қиыстырып өлең шығара алатын кісі болған. Оған еліктеп Торайғыров өлең жазып, мышықтана бастайды. 1902-11 жыл аралығында түрлі мектеп, медреселерде оқыды. 1911 жылы Троицк қаласынан оқып келген Нұралы деген жаңашыл мұғалімнен дәріс тыңдады. Ол қазақ, татар тілінде шығатын газет, журналдарды, әдебиет, тарих т.б. пән кітаптарын жаздырып алдырып, оқып тұратын болған. Сол арқылы Торайғыров қолына түскенін құныға оқып, қазақ, татар әдебиетінің бірқатар нұсқаларымен танысты. Өнер-білімге құлшына бас қойып, өлең, әңгіме жазуға қызу кірісті. Осы кезде ол «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Оқу», «Кезек қашан келеді» т.б. өлеңдерін және «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Бұл шығармаларында жас ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, оқудың, өнер-білімінің пайдасы, дін, байлық, кедейлік, еңбек т.б. туралы сөз етеді.
1912 жылы қараша айында Торайғыров оқу іздеп, Троицк қаласына барды. Онда оқуда жүріп, «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Қандай», «Зарлау» т.б. өлеңдерін жазды. 1913-14 жылдың қасында т.б. өлеңдерін жазды. 1913-14 жылдың қысында "Айқап" журналының редакциясында қызмет істеді. Ол осы кезде шығармашылық жұмыспен құлшына шұғылданып, "Қамар сұлу" романын, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптар жайынан", "Өлең жөне айтушылары", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?" атты мақалаларын және бірқатар өлеңдерін жазды. "Тентектің жинаған шоқпары", "Тамшы" деп аталатын кітаптарын баспаға ұсынды. 1914 жылыжазда Торайғыров туған елі Баянауылға оралды. Кузде Семейге барды. Орысша оқуға туспек болды, бірақ түсе алмады. Қатонқарағайда мұғалім болып, сонда 1916 жылдың күзіне дейін бала оқытты. Мұнда жүргенде "Кім жазықты?" романын жазды. Ол 1916 жылдың күзінде Томскіге барып, курста оқып жүріп, орыстың классикалық әдебиеттерімен танысты, тарих, философия, география пәндерін үйренді.
1917 жылы наурызда Ресейде Ақпан революциясы болып, уақытша үкімет орнаған кезде Торайғыров Семейге келді. Патша өкіметінің құлағанын қуанышпен қарсы алып, "Құрт аурудай жайлаған, Құртпаққа бізді ойлаған, Қапымызға тоймаған, Қолымызды байлаған, Өшті залым қарасы" деп, патшашыл озбырлықтарды шенеді. Ұлтшылдар құрған қазақ комитетінде кіші хатшы болып қызмет істеді. Ұлтшылдар шығарған "Сарыарқа" газетіне өлеңдерін, мақалаларын жариялады. Бірді-екілі өлеңдерінде алаш басшыларын дәріптеді. Әйткенмен, Торайғыровтың ұлтшылдар жөніндегі адасушылығы көпке созылған жоқ. Қателігін кейіннен сезген ол жаңа жазған шығармаларында адасқанын мойындады. 1917-20 ж. аралығында Торайғыров "Шәкірт ойы", "Гүл", "А, дүние", "Сарыарқаның жаңбыры", "Жас жүрек", "Неге жасаймын?", "Осы да әділдік пе?". "Өң бе, түс пе?", "Ғайса кім?" т. б. өлеңдерін, "Адасқан өмір", "Кедей" (қала ақыны мен дала ақынының айтысы) атты поэмаларын жазды. Ол бұл шығармаларында демократтық көзқарасын айқын танытып, революциялық өзгерісті жақтаған ой-пікір айтты.
С.Торайғыров алғашқыда жылы қарсы алған Уақытша үкімет саясатының еңбекші бұқараның көңілінен шықпағанын, патша өкіметінің үстанған бағытын өзгертуді ойламағанын, қайта буржуазияның мүддесін көздегенін көзімен көрді. "Елім"., "Ұлтым" деп жар құлағы жастыққа тимеген алашордашылардың да түптеп келгенде мұрат тұтқаны — бұқара халық емес, қазақтың бек-феодалдарының, бай-болыстарының қамы екенін анық сезді. Олар сөз жүзінде халық мүддесін ойлап көлгірсігенімен, іс жүзінде империалистік буржуазияның — Уақытша үкіметтің, патшашыл ақтардың Колчактың т.б. сол сияқтылардың қолтығының астына барып қорғалады. Бұл жайлар Торайғыровтың Ақпан революциясы жөніндегі үмітін бүлдыр сатыға айналдырды. Осыдан барып ол кейбір өлеңдерінде торығушылыққа түсті, 'жаңылдым, адастым" деген сөздерді жиі айтты. "Сарыарқа" газетінде 1917 кылы 12 қараша күні жарияланған "Жас жүрек" атты өлеңінде: "Кеш, арым, мен білместің адасқанын" деп, ол ұлтшылдардың ықпалында жүрсе де, өзінің алашордашылармен бір көзқараста болмағанын танытты. Алашорда үкіметі Колчак үкіметімен ресми бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы күрес жүргізгенде, Торайғыров олардан біржола ат жалын кесісті. Көптен бергі сырқаты меңдеп, емделмек болып, 1918 жылы маусым айында туған елі — Баянауылға келді. Онда мүғалім болып жұмыс істеп, жаңа өлеңдер, поэмалар жазды. Бұл кезде Тұрайғыров саяси-әлеуметтік философиялық кітаптарды көп оқып, социализм, соғыс, революция жайында мағлұматтар алды. Білімін тереңдетіп, көзқарасын кеңейтті. Жаңа заманға зор үмітпен қарап, алдағы болашақтан үлкен жаңалық күтті. Оның үстіне осы кезеңде Ұлы Октябрь социалистік революциясы жеңіп, шет аймақ, өлкелерде Кеңес үкіметі орнады. Бұл айтылған фактілер, зор тарихи оқиғалар Торайғыровтың көңіліне медеу, жанына азық болды. Рухын көтеріп, оған күш, сенім берді. Оның рухани аурудан айығуына ықпал етті. Осы кезеңде жазылған "Адасқан өмір", "Кедей" поэмаларында т.б. шығармаларында ақынның халық, революция жағында екендігі, Кеңес өкіметінің жеңуін, әділетті қоғам орнауын тілейтіні айқын көрінеді. 1910 жылы желтоқсанда Колчак үкіметі құлап, Сібірде, Павлодар, Баянауыл жағында Кеңес өкіметі орнады. Осы кезде Торайғыров ауылдағы мұғалімдікті тастап, Павлодарға барды. Сондағы уездік революциялық комитеттің бастығы Г.Жигаревқа жолықты. Ол Торайғыровты Шідергі болысына революциялық комитеттің бастығы етіп жіберді, оған ел ішінде Кеңес өкіметінің жолын, саясатын түсіндіруді, сайлау жүргізуді тапсырды. Болыстық революциялық комитеттің бастығы болып Торайғыров екі-үш ай жұмыс істегеннен кейін, ежелгі сырқаты меңдеп, төсек тартып жатып қалды. Ауырып жатып, 1920 жылдың алғашқы айларында "Айтыс" атты поэмасын бастады. Бірақ онысы аяқталмай қалды. Поэмада Торайғыровтың буржуазияшыл ұлтшылдардан, алашордашылардан кеткені, олардың көзқарасын, программасын сынағаны аңғарылады.
СТорайғыров — қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі ірі тұлға. Ол өте қысқа ғүмыр кешті, 27 жыл ғана жасады. Шығармашылық жүмыспен не бәрі он шақты жылдай айналысты. Алайда ол: "Жасамаймын еңбектің жемісін көзбен көрем деп, жасаймын бір қолғабыс, кейінгіге берем деп..." нендей мақсат көздегенін ашып айтты, кейінгі ұрпаққа құнды әдеби мұра қалдырды. Оның шығармалары — мол тақырыпты, терең мағыналы, алуан жанрлы көркем суретті қазына. Торайғыров туындыларының негізгі қасиеті — реалистігі мен халықтығы. Ақын творчествосында қазақ халқының өз тұсындағы шындық өмірін бейнеледі. Ол ұлы өзгерістер дәуірінде жасады. Өз заманының азамат, күрескер ақыны болды. Ақын қоғамдық-әлеуметтік өмір саласында ең түйінді мәселелерді сөз ғып, еңбекші бұқараның мұңшерін, ой-сезімін, үміт-арманын жыр етті. Ол ХХ-ғасыр басындағы қазақ әдебиетін гуманистік, әлеуметтік ой-пікір жағынан жаңа, жоғары сатыға көтерді. Оның озық шығармалары әдебиет дамуының желісін, кезеңін көрсетіп қоймайды, сонымен бірге қазақ халқының сол замандағы қоғамдық ой-пікірінің зор белесі болып табылады.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: