Реферат: Сұраныс

Реферат: Сұраныс

1. Сұраныс

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.
1- кесте
Шұжыққа сұраныс

1 кг-ның бағасы (теңгемен) Сұраныс көлемі (1 айға,кг)
900 3,5
800 4
700 4,5
600 5
500 5,5
400 6
300 6,5
200 7
100 7,5

1-кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде (басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда) оның сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз , мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады.,бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды.
Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзқгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым көбейіп отыр. Шұжықтың 1 кг-ының бағасы 900 тенге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық алаалады,ал егер 400 тенге болса,онда ол айына 6 кг шұжық алуға шамасы келер еді.
Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екендігін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс- бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсетукерек, мысалы,күніне, айына, жылына және т.б.

2. Сұраныс көлемі

Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы , әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.
1-кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар осіне түсіріп, бейнелеуге де болады. Бұл қисықты D әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп айтамыз.
1-сурет. Сұраныс қисығы

Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500 ден 600 теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлеміне көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы (P)мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады. Мысалы;
1. Күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш- баға. Жоғары деңгейдегі баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал трөмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеды.
2. Әр уақыттада тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігіне көп қанағат алады. Мысалы, сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді,ал екіншісі ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады.
3. Сұраныс заңының табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге болады.
Табыс қалай әсер етеді? Баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек тауарды керегінше алады.Басқаша айтқанда, тауардың бағасының төмендеуі ақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді,сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарлардың бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғры деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.
Енді ауыстыру тиімділігі деген не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар алуға ынталанады – бұл жағдайды ауыстыру тиімділігі дейді.
Тұтынушылар көбінесе қымбат тағамдарды олардан арзандау тағамдармен ауыстыруға әрекет жасайды.Мысалы,сиыр етінің бағасы төмендесе, онда тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол еттің мөлшерінбұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс тиімділігі).Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой,шошқа және тауық етінің орнына да алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі

3.Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі

1-суреттегі сұраныс қисығы шұжықтың бағасы мен тұтынушылардың бір айда сатып алатын оның саны арасындағы қатынасты көрсетеді (сұранысқа әсер ететін басқа факторлар өзгермеген жағдайда).
Егер де берілген факторлардың кез-келген біреуі өзгерсе баға мен сұраныс көлемі арасындағы тәуелділікте де сәйкесінше өзгеріс болады, сондықтан қайтадан жаңа сұраныс қисығын сызу қажет.
Сұраныс қисығының бойымен қозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол бағаның өзгеруін анықтайды.
1-суреттен көретініміз, шұжықтың бағасы 500-ден 600теңгеге дейін өскенде, сұраныс көлемі5,5-тен 5кг-ға дейін төмендейді. Қозғалыс сұраныс қисығының бойымен А нүктесінен В нүктесіне болады. Осы келтірілген мысалымызда тауардың бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты зерттедік, онда сұраныс ықпал ететін басқа факторлар өзгермейді деп ұйғардық. Оны математика тәсілімен көрсетсек, сұраныс функциясы деп атаймыз және ол төмендегідей түрде жазылады;
Q =f (P)
Мұнда, Q – сұраныс көлемі:
P –зерттеліп отырған тауардың бағасы.
Нақты өмірде сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар көп. Олар: сол берілген тауардың бағасы-Р, басқа тауарлардың бағасы (Pa , Pb…), тұтынушылардың табысы (I) және олардың талғамы(T). Осы жоғарыда айтылған факторлар өзгерген уақытта сұраныс көлемі де өзгеріп отырады,бұндай тәуелділікті экономикада жалпы сұраныс функциясы деп атайды және оны былай көрсетеді:
Q=f (P, Pa, Pb…., I, T)
Мұнда: Q –белгілі бір уақыттағы берілген тауарға деген сұраныс көлемі;
P ,Pa, Pb...,-берілген тауардың және басқа тауарлардың бағасы;
I- тұтынушының табысы;
T- талғамы, бағалауы.
Ал енді сұраныс көлеміне басқа факторлар да ықпал етеді дейік. Мысалы:басқа тауарлардың бағасының өзгеруі. 2-суретте екі тауарға деген сұраныс қисығы көрсетілген. Сиыр етінің 1 кг-ның бағасы 150 теңге болып,белгілі бір уақыттан кейін 200 тенгеге дейін жоғарылады дейік.Соның нәтижесінде сиыр етіне деген сұраныс көлемі бір айда 30 кг-нан 20 кг-ға дейін кемиді. А суреттен көріп отырғанымыз, басқа факторлар тұрақты болғанда, сұраныс көлемі А нүктесінен В нүктесіне жилжыд және осы тауардың бағасы жоғарылаған сайын уақытта сұраныс заңына сәйкес көлемі азаяды.
Сиыр етінің 1 кг-ның бағасы 150 тенгеден 20-ге дейін жоғарылап, басқа факторлар тұрақты иболғанда сұраныс көлемі азаяды.(2а-сурет), қозғалыс сұраныс қисығының бойымен Анүктесінен В нүктесіне дейін болады. Құс етінің бағасы өзгермейді деп ұйғарғанда тұтынушылар сиыр етінің орнын құс етімен толтырады, сұраныс қисығы (2ә -сурет) түгелімен оңға жылжиды.
2-сурет. Сиыр етінің бағасы өсуінің құс етіне деген сұранысқа тигізетін ықпалы
2 а –суреттегі сұраныс қисығының бойымен жылжуды экономистер сұраныс көлемінің өзгеруі деп, ал 2 ә -суреттегі сұраныс қисығының түгелімен жылжуын – сұраныс өзгеруі деп атайды.
Сұраныс көлемінің өзгеруі қарастырып отырған тауардың бағасының өзгеруі нәтижесінде болады (вертикальды осьте көрсетілген айнымалы шама). Сұраныс өзгеруі (сұраныс қисығының түгелімен жылжуы) графикте көрсетілмеген бағадан тыс фактор әсер еткенде болады.
Келтірген мысалда тұтынушылар сиыр еті қымбаттаған уақытта құс етін көп алатын болды, себебі бұл тауарлар бір-бірін ауыстыра алады.
Сонымен, егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарларды экономистер бірін-бірі ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп атайды. Мысалы:сары май мен маргарин.
Тұтынушылар бірге қолданылатын тауарлардың бағасы өзгерген жағдайда басқаша іс-әрекет жасайды. Мысалы:автомобиль мен бензинді алайық.Бензиннің 1 литрінің бағасы 30 тенге болғанда тұтынушы 1 жетіде 40 литр алады, ал баға 40 тангеге дейін көтерілгенде, сұраныс көлемі 30 литрге дейін кемиді. 3а –сурет. Өзгеріс сұраныс қисығының бойында ала
Бензин мөлшері,л Автомобиль саны, дана
3-сурет Бензин бағасы өсуінің автомобильге деген сұранысқа әсері.
Ал бензиннің бағасының өзгеруінің салдарынан автомобильдің бағасы өзгермесе де оған деген сұраныс азаяды. 3 а- суретте көрсетілгендей сұраныс қисығы түгелімен солға D1-ден D2-ге дейін жылжиды. Ал сұраныс көлемі А нүктесіндегі 100 бірліктен В нүктесіндегі 50 автомобильге дейін кемиді.
Сонымен, егер тауардың бағасы жоғарылаған уақытта, екінші тауарға деген сұраныс азаятын болса, онда бұндай тауарларды бірін- бірі толықтыратын немесе комплементарлы тауарлар деп атаймыз.Мысалы: теннис ракеткасы мен добы.
Тауарға деген сұраныс көлеміне тұтынушылардың табысы үлкен әсер етеді. Бұл көрсеткішке байланысты тауарларды төмендегідей екі түрге бөлеміз: 1)нормалды немесе кәдімгідей 2)сапасы төмен тауарлар.
Егер тұтынушылардың табысы жоғарылаған кезде, зерттеліп отырған тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарды нормалды немесе кәдімгідей тауар деп атаймыз.
4-суреттен көріп отырғанымыз табыс өзгергенде сиыр етіне деген сұраныс өзгеріп, ал сұраныс қисығы түгелімен D1-ден D2 -ге дейін оңға қарай жылжып тұр. Табысы аз кезінде сатып алушы бір айда А нүктесіне сәйкес 20 кг сиыр етін алған болса, ал енді табысы жоғарылағанда В нүктесіне сәйкес 40 кг ет алады.Суреттен көріп отырғанымыздай сиыр етінің бағасыА және В нүктелерінде тұрақты 200 тенге қалпында қалады.

4-сурет. Тұтынушылар табысы өсуінің сиыр етіне деген сұранысқа тигізетін ықпалы.
Ал тұтынушылардың табысы азайған уақытта кәдімгі тауарларға деген сұраныс та азаяды,сұраныс қисығы солға жилжыды.

5-сурет. ТРұтынушы табысы азаюының сиыр етіне деген сұранысқа тигізетін әсері.
Кейбір жағдайда тұтынушылардың табысы өскенде сұранысы азаятын тауарларда болады. Мысалы: табыс көбейген уақытта тұтынушылар сарымай алады да,ал маргаринге деген сұраныс азаяды. Немесе табысы неғұрлым көбейген сайын тұтынушылардың аяқ киім жөндеу қызметіне тдеген сары май азаяды, себебі тұтынушы жөндеуге бергенше жаңа аяқ киім сатып алғанды қалайды. Бұндай тауарларды немесе қызметті төменгі сапалы тауарлар деп атайды. Бұндай тауарларға деген сұраныс қисығы солға қарай жилжыды.

6-сурет. Табыс өскен уақытта сапасы төмен тауарға деген сұраныс өзгеруі.
Сұранысқа әсер ететін басқа да маңызды,Бірақ кей уақытта анықталмайтын фактор тұтынушылардың талғамы мен қалауы болып табылады. Талғам – сатып алушы үшін әрбір тауарда болатын өзіне тартымдылық көрсеткіші және бұл көрсеткіш моданың өзгеруінен немесе жаңа ақпараттың пайда болуынанөзгеруі мүмкін.
Талғам өзгеруі – бұл сұранысты өзгертетін себептердің бірі. Кейде адамдар талғамы тез уақыт аралығында өзгереді (музыка, мода, киім, тамақ) Ал кейбір уақытта жайлап өзгереді. Егер адамдар денсаулығын ойлап оны үтсе, онда шылымға, өте майлы тағамдарға деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы солға жылжыр еді, ал жеңіл тағамдарға, спорт киімдеріне деген сұраныс қисығы оңға жылжыр еді.
Бағаның өзгеруін күту- бұл фактор да сұраныс қисығына әсер етеді. Егер адамдар бір себептермен тауардың бағасы өседі деп күтсе, онда сол тауарға теген сұраныс көбейіп, ал сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды немесе керісінше.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Сұраныс туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Сұраныс на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Сұраныс

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]