Реферат: ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ

Реферат: ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ

Тұтыну және жинақтау

Жоғарыда айтылған болатын, тұтыну мен инвестициялар жи-ынтық сұраныстың маңызды күрамы болып табылады. Ал инвес-тицияларға жинақтау манызды осер етеді.
Мынадай орынды сұрақ туады: I мен S-тің тепе-тендігінің классикалық үлгісінін кейнстік үлгіден айырмашылығы неде?
Айырмашылықтары мынада:
Біріншіден, классикалық үлгі бойынша, соншама ұзақ мерзімді жұмыссыздық болуының мүмкіндігі аз деп есептеледі. Бағаның иксмділігі бүзылған тепе-тендікті орнына келтіріи отырушы еді. Ал Кейнс ұсынған үлгі бойынша, 1 мен S-тің тең болуы жұмыс-пен толық қамтамасыз етшмеген жағдайда мүмкін болады. Толык жұмыспен қамтылған жағдайда тепе-тендікке жету инвестициялык процесс жанданғанда мүмкін болады.
Екіншіден, классикалык үлгі нарыққа икемді баға механизмінщ болуы тон деп түжырымдайды. Кейнс бүндай жағдайдың болуына сенімсіздік бшдірді: кәсіпкерлер өздерінің өнімдеріне сұраныстың күлдырауына тап болып, бағаны томендетпейді. Олар ондірісін қысқартып, жұмыскерлерді азайтады. Бұл оған тон барлық әлеуметтік-экономикалық зардаптармен жұмыссыздықты тудырады.
Үшіншіден, жинақтар тек проценттің ғана емес (классиктердің айтк.анындай), олар табыстардың да функциясы болып табылады.
Инвестициялардың өсуі ЖҮӨ-ді есіреді және толық жұмыс-пен қамтамасыз етілуге көмек береді. Осының негізінде мульти-пликатордың эффекті (тиімділігі) жатады.
Мультипликатор деп табыстың озгерулерінің инвестициялар-дың озгерулерінен тәуелді екенін корсететін коэффициент аталады.
Мультипликатор концепциясының мәні мынада: автономия-лық инвестициялардың өзгерістері мен жалпы ұлттық өнім өзгерістерінің арасында түрақты байланыс болады.
Мультипликатордың эффекті мынадай жағдаймен байланыс-ты: инвестициялардың өсуі ұлттық табыстың осуіне әкеледі. Бірақ, ұлттық табыстын осуінің мөлшері инвестициялардың алғашқы өсуінен артық болады.
Экономиканы тепе-тендік жағдайға жеткізетін жалпы ұлттық өнімнің оптималдық колемін анықтайтын кейнстік теория мынаны корсетеді, Инвестициялар оскенде, ЖҰӨ-нің өсуі инвестициялардыц бастапқы қосымша осуінен анағүрлым көп өседі. Инвестициялар эффектің (тиімділіктің) үдеи түсуіне, ұлғая түсуіне әкеліп соғады. Бастапқы эффектіден болек (басқа), екіншілік, үшіншілік эффект туады — бір сферада жасалған шығындар, басқа сфераларда өіщірістің кеңейіп, жұмыспен қамтудың жоғарылауына осер етеді.
Мультипликатор инвестициялардың өсуінен табыстардың осуінің артығын корсететін сандық коэффициент болып табылады.
Мысалы, инвестицияның өсімі 10 млрд тсң болсьш, ал бұл ЖҰО-ді 20 шірд осірсш. Сонда, мулыишшкатор 2 болады. Егер ЖҮО 30 млрд оскен болса, ммультшіликатор 3 болады.
Мулътипликатор = ЖҮӨ-нің өсімі/Мнвестіщиялардың,0сімі == АЖҮ / Ажвестициялар өсімі.
Бастапқы инвестициялар жұмыспен қамтудың колеміне осер етеді. Тауарға сұраныстың өсуі өндірушілерді, ондірісті кеңейтуге, жабдықтар сатып алуға, жұмыскерлер жаддауға итермелейді. Сойтіп, бастапқы инвестициялар ұзақ мерзімде жаңа инвестицияларды, жаңа жұмыс орындарын тудырып және ЖҮО-ді өсіріп, үлғаймалы үдайы өндірісті жандандырады. Жабайы мысал келтірейік. Айтайык, жолдар жасау үшін мемлекет 1 млн инвестиция жүмсады. Егер қоғамда қалыптасқан МРС 0,8 тең болса, онда мультипликатор К мынадай болады:
К = ІДІ-МРС) = 1/(1-0,8)=1/0,2=5.
Ал ЖҮӨ-нің есімі қандай болады? Ол мынаган тең болады:
ДҮ=ДІхК= 1000000x5=5 млн.
Мынадай жағдай есте болғаны жөн. Мультипликатордың эффекті жұмыспен толык қамтамасыз етілмеген экономикада орын алады. Осы қорытындының заңдылық негізі бар. Шынында, егер қоғамның барлық ресурстары толық іске тартьшған болса, қосым-ша жұмысшьшар жоне қосымша өндірістік қуаттар қайдан келеді?
Классикалық теорияның жинақ пен гашестициялар процестеріне көзқарасы жинақтың көп болуының үнамды екенін сипаттайды. Жинақтар жоғары болғаны инвестициялардың көзінің мол екенін керсетеді. Сондыктан, классиктердщ айтуы бойынша, жинақ жасауға икемділіктің жоғары болғаны ұлттың коркеюіне жол ашады.
Бірак, жинақтың мол болуы қоғамды қашан болмасын байыта бермейді. Осыған дейін оңгіме автономиялық инвестициялар, яғни ЖҮӨ-нщ көлемі мен динамикасына тәуелді емес, капиталдық салымдар гуралы болған. Автономиялық инвестициялар, кобінесе, техникалық жаңалықтарды еңгізудің нәтижесіндегі капиталдык салымдар түршде болады.
Жаңашыл адамдар жасаған осы жобалар, шынында, ЖҮӨ-нің жағдайымен жоне оның колемімен байлаиысты болмайды. Осыдан басқа, автономиялык инвестициялар мемлекеттщ капиталдық еа-лымы болады.
Нақты жағдайда инвестициялар мен табыстардың озара әсері орын алады. Бастапқы салымдар түрінде жасалған автономиялық инвестициялар, мультипликатордың эффектшің аркасында ЖҮӨ-нің осуіне океледі. Іскерлік белсенділіктің жандануы, жұмыспен қамтылудың осуі кәсіпкерлердщ әр түрлі топтарының инвестиция жасауға икемділігін өсіреді. Мше, дәл осындай инвестицияларды туынды (іоуелді, екіншілік) деп атау орын алған. Олар ЖҮӨ-нің динамикасына тәуелді болады. Туынды инвестициялар, автоно-миялықтармен қосылып, экономикалық өсуді шапшандатады, оны тездетеді және акселератордың эффекті деген атақ алады (акселе-ратор — жылдамдатушы). Бірақ жылдамдатудың бағыты басқа жаққа бүрылып кетуі мүмкін. Мультипликация мен акселерация эффектінщ нотижесінде табыстың томендеуі туынды инвестиция-ларды да қысқартады. Ал, осы жағдай ондірістің тоқырауына океліп соғады.


ІІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІНДЕ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУ

2.1 Инвестициялардың функционалдық ролі

Макроэкономикалық пропорциялардың оптималды болуы сұра-ныс пен ұсыныс механизмі арқылы жүзеге асырылады.
Фирмалар, капиталдың окілі бола отырып, өнім ондіреді, оны сатып ақша алады жоне жұмысшы күшіне сұраныс білдіреді. Жұмыскерлер жұмысшы күшін ұсынады. Осы үшін акы алады және ондірілген өнімге сұраныс жасайды. Фирмалар мен үй шару-ашылықтарының өзара әсерінің негізінде тауарлар мен қызметтер нарығында ЖҮӨ-нің тұтыну мен жинаққа боліну пропорциясы қалыптасады.
Тұтыну деп адамдардың материалдык жоне рухани қажеттерін канағаттандыруға бағытталған тұтыну игіліктерін индивидуалдык түрде және бірлесіп пайдалануы аталады. Құндық нысаны бойын-ша, бұл адамдардың материалдық игіліктер мен қызметтер үшін жүмсайтын ақшасының сомасы болып табылады. Сойтіп, тұтынуға жинаққа кетпейтін, салық түрін алмайтын, шетел есеп-шотында орналаспағандардың барлығы жатады. Адамдар, бүгіннен кері болашақтағы пайдальшык молырақ болуы мүмкін деп қазіргі тұтынуын шектеуге тырысады. Отбасы тұтынудың бастапқы үясы болып табылады. Отбасының шаруашылығында жалпы тұтыну бюджеті, түрмыстық және жинақталған мүлік ортақ болады.
Адамдардың тұтынуы экономиканың дамуын белгілейтін басты көрсеткіштердің біреуі болып табылады. Жалпы ішкі өнімнің 2/3-нен 3/4-не дейіні тұтынуға тағайындалады. Бұл адамдардың тұтынушылық тәртібін калыптастырады. Тұтынушылық тәртіпті бағалау үшін тұтынушылық көңіл деген корсеткіш қолданылады. Осы көрсеткіш экономикалық циклды болжаудың негізін қүра-тын маңызды макроэкономикалық корсеткіштерге жатады. Бұл бизнестің қандайы болмасын қысқа мерзімдегі жоспарлауда және мемлекеттің экономикалық саясатын аныктауда кең қолданылады.
Жинақтар деп кейінге қалдырылған немесе осы мерзімде тұтынылмайтын табыстар бөлшегі аталады. Жинақтар табыстар
мен ағымды тұтынудың айырымына тең болады. Жинақтар бола-шақтағы ондірістік жоне тұтынулык. қажеттіктермен байланысты процесс болып табылады.
Сойтіп, жинақтар — инвестиция жасаумен байланысты,эконо-микалық процесс; ағымды өндірістік және тұтынулық қажеттер шығындарының пайдаланылмай қалған табыстары жинақталады. Жинақтарды фирмалар және үй шаруашылықтары жасайды. Фир-малар жинақты инвестиция жасау үшін - өндірісті кеңейтіп, пайданы көбейту үшін жасайды. Үй шаруашылықтарының жинақ жасауының бірнеше себептері болады: кдртайғанда зәрулікке ұшырамау үшін, балаларына қаддыру үшін, жер, қозғалмайтын және қымбат, ұзақ мерзім пайдаланатын заттар сатып алу үшін. Жинақ-ты және инвестицияны ор экономикалық субъектілер әр түрлі себептермен, өз еркімен жасайды.
Табыстар тұтыну мен жинаққа қалай бөлінеді? Осы сұраққа жауап алу үшін тұтыну қызметтерінің жалпы қасиеттерін сипаттау керек. Бұл тұтыну шығындарының табыстарға қатынасын көрсетеді.
Үй шаруашылықтарының жеке тұтынуы (С) тиімді сұраныстың маңызды бөлігін қүрайды. Жинақ, табыстардың тұтыну шы-ғындардан артықтығы екенін еске түсірсек, тұтынуды белгілейтін факторларға талдау жүргізу, сонымен бірге, жинақ тәуелді болатын факторларды таідау болып табылатыны айғақтанады:
Ү = С + S.
Осы тендеу табыстың бір бөлігі жеке тұтынуға кететінін, ал артығы жинақ (S) нысанын алатынын көрсетеді. Осымен бірге, қоғамның шығындары, бір жағынан, тұтыну қажеттеріне сұраныс (С) түрін, екіншіден — инвестицияға сұраныс (I) түрін алуы мүмкін:
Ү = С + I.
Ұлттық табыстың көлемі мен тұтыну шығындарының ара-қатынасын сипаттай отырып, Д.Кейнс тұтыну дәрежесі табыстың дәрежесіне тәуелді деп түжырымдаған. Тұтынуды мына функция арқылы корсетуге болады:
С = С (Ү).
Бірақ табыс тұтынумен катар, жинакты белгілейтін негізгі фак-тор болып табылады:
S = S (Ү).
Зерттеулердің нәтижесінде тұтынудың қозғалуы табыстың қозғалу бағытында жүретіш дәлелденген. Бірақ тұтыну табысқа ғана тоуелді емес, ол тұтынуға шекті бейімділікке (MPS) тоуелді болады:
МРС = Тұтынудагы өзгеріс/Табыстагы өзгеріс = ДС/ДУ.
Осы үлгі қосымша табыстың қандагі бөлігі тұтынудың осіміне кететінін көрсетеді.
Осыған үксатып жинаққа шекті бейімділікті (МРС) карауға болады.
Жинаққа шекті бейімділік - бұл жинақтағы қандай болмасын өзгерістердің, осы өзгерістердің табыс тудырған өзгерістермен ара-қатынасы болып табылады:
М?$=Жинақтагы әзгеріс/Табыстагы өзгеріс = AS/АУ.
Жеңіл байқауға болады, егер С + S = У (жиынтық табыс тұтыну мен жинаққа бөлінеді), AC + AS = АУ. Онда тұтынуға шекті бейімділік пен жинаққа шекті бейімділіктің қосындысы 1 тең болады:
МРС + MPS = 1; МРС +MPS =ДС/АУ + AS/AY =A(C+S)/AY =AS/AY =
Сондықтан,
МРС = 1 - MPS және MPS=1 - МРС.
Тұтыну мен жинақтың функцияларын анықтағаннан кейін, олардың дәрежесіне шешуші фактор болып әсер ететін табысқа келейік. Әдетте, табыстың өсуімен бірге тұтыну мен жинақ та өсіп отырады. Түрақты экономикалык өсу жағдайында МРС-тың төмен-деу тенденциясы байқалады, a MPS - өсу тенденциясына ие болады. Инфляция жағдайында басқаша процесс орын алады: МРС өсу тенденциясына ие болады, MPS - томендеу тенденция-сына. Экономикалық жағдай түрақсыз болғанда, халықтың салы-мы инфляциядан сақтандырылмаған болса, ол езінің тұтынуын, әсіресе үзак мерзім пайдаланатын тауарларды, кебейте түседі. Осындай жағдайда жинақтың ерекше түріне халықтың зергерлік тауарларды, тондарды, машиналарды, т.б. сатып алулары айналады.
Осы факторлардан басқа, тұтыну мен жинаққа осер ететін факторлар мыналар:
• тұтыну мен жинақты азайтатын салықтардың осуі, бағалар-дын котерілуі;
• әлеуметтік сақтандыруға төлемдердщ осуі (жинақты азай-туы мүмкін);
• сұраныстың күрт осуі (тұтынудың оте кобеюі мүмкіндігі туады);
• нарықта ұсыныстың осуі (жинақтың азаюын тудыруы мүмкін);
• табыстардың осуі (тұтыну мен жинақтьщ өсуіне әсер етеді).
Әдетте инвестиция деп жаңа өндірістік куат пен капиталдық активтер жасау мақсатпен жинақтауды пайдалану түсініледі. Ин-вестицияньщ құрамына машиналар мен жабдықтар алуға жүмсал-ған барлық щығындар жатады, қүрылыс-монтаж жұмыстары жоне запастың өзгерістері кіреді. Құнды қағаздардың қозғалысы (мемлекеггік облигацияларды сатып алу-сату) инвестицияға тікелей қатынасы болмайды. Инвестиция жүргізу тікелей тауарлық нарықпен байланысты, ал облигацияның сатып алу-сатылуы құнды қағаздар нарығымен байланысты. Инвестициялардың игіліктер на-рығына қысқа және ұзақ мерзімдегі әсері бірдей болмайды. Қысқа мерзімде жасалатын инвестициялардың нәтижесінде игіліктер нарытыңда тек сұраныс өседі. Ұсыныстың көлемі өзгермейді, өйткені салынып жатқан объектілерден өнім мен қызметтер түрінде қайта-рьшым болмайды. Ұзақ мерзімде инвестициялардың әсерімен сұра-ныс та, ұсыныс та озгереді.
Инвестициялар тұтыну сұранысымен қатар жиынтық сұраныс-тың екінші қүрамы болып табылады. Осымен қатар жинақтар мен инвестициялар тиімді сұраныс көлеміне қарама-қарсы бағытта әсер етеді: жинақтар сұранысты азайтса, инвестициялар оны кобейтеді.
Инвестициялар дорежесі коғамның ұлттық табысыньщ көлеміне елеулі әсер етеді; оның динамикасы ұлттық экономиканың көпте-ген макропропорцияларына әсер етеді. Кейнстік теориада инвести-цияның дәрежесіне және жинаклың дорежесіне кобінесе әр түрлі процестер мен жағдайлардың әсер ететіні аталып көрсетіледі.
Елдің масштабындағы инвестициялар (капитаддық салымдар) үлғаймалы үдайы өвдіріс процесін белгілейді. Жаңа кәсіпорындарын қүру, түрғын үйлер салу, жол жүргізу жоне жаңа жұмыс орында-рын жасау, инвестиция жасау немесе капитал жасау процестерімен байланысты болады.
Инвестициялардыц козі жинақ болады. Бірақ моселе мынада: жинақты жасайтын бір іиаруашылық субъектілері болса, инвестицияларды басқа шаруашылық субъектілері жасауы мүмкін.
Көпшілік халықтың жинактары, инвестициялардың козі болып табылады. Бірақ осы адамдар нақты игіліктердін осуімен байланысты капиталдың салымын жасамайды. Қызмет жасайтын әр түрлі фирмаларда инвестицияның козі болады. Осы жағдайда «жинақтаушы» мен «инвестор» бір тұлға болады.
Инвестицияларға қандай факторлар осер етеді? Маңыздыла-рын атап отейік.
Біріншіден, инвестиция жасау процесі күтілетін пайда нормасынан немесе рентабелдіктен жасалатын капиталдың салымынан тоуелді болады.
Екіншіден, инвестор шешім қабылдағанда капиталдық салым жасаудың балама мүмкіндігін есепке алады. Бүнда процент став-касының дорежесі шешуші рөл аткарады.
Айта кетейік, проценттің дорежесі жоне инвестициялар мен жинактардың колемдерінің арасындағы функционалдық байланыс-тар классикалык мектептің теоретиктарының енбегһще корсетілген болатын. Инвестициялар кейнстік концепцияда, классикалық кон-цепциядағыдай, проценттің нормасыныц функциясы болып табы-лады, ал жинақтар, Кейнс бойынша, табыстың функциясы: S=S(Y). Осы жерде Дж.Кейнс пен А.Маршаллдыи козкарастары бір-бірше үқсамайды, А.Маршалл жинақтыц молшерін проценттің ставкасы-нын. колемімен байланысты деп түсінеді.
Сөйтіп, инвестициялар процент ставкасының, ал жинақтар табыстың функциясы болып табылады.
Инвестициялар салық салу дорежесіне тоуелді болады.
Инвестициялық процеске ақшаның инфляциялық құнсызда-нуы әсер етеді....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]