Реферат: Ұлттық экономикадағы инфляцияға қарсы саясат

Реферат: Ұлттық экономикадағы инфляцияға қарсы саясат

Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.
Жалпы елiмiздегi инфляцияға қарсы саясаттың құралдарын және жүзеге асуын келесi суреттен көруге болады:
Ақша массасының
көлемiн азайту; Ұлттық банктiң резервтiк талаптарын өсiру; Несиелердi тiкелей реттеу; Мемлекеттiк бюджеттiң шығыстары мен тапшылығын қысқарту; Салықтық реттеу; Өндiрiс шығындарын қысқарту; Еңбек өнiмдiлiгiн арттыру; Монополияға қарсы саясатты iске асыру; Бәсекенi дамыту; Бағалар мен жалақыны бақылау;

Сурет-4 – Қазақстан Республикасының инфляциялық саясаты

Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефляциялық саясат және кірістер саясаты.
Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, кредит үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бірақ бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.
Кірістер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен паралелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды тудыруы мүмкін.
Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты еңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.
Инфляцияны реттеудегі ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Елдің макроэкономиклық тұрақтылығы, қаржы секторының жедел әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайлың жақсаруы Ұлттық банктің жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк стратегиясы ақша-несие саясатиын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляцияны минимизациялауға бағытталуды, яғни тек қана ақша агрегаттары мен теңгенің бағамына тәуелді емес, ауыл шаруашылығы бағаларын, бензин және тұрғын-комуналдық бағаларды реттеп отыру шаралары болып табылады.
2002 жылы Ұлттық банк ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын анықтап, инфляцияны таргеттеу қағидасына, еуростандарттарға өте бастады. Таргеттеу ( ағыл. баға белгілеу, бағаның белгілі шамасы) монетарлық саясатта – негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді орта мерзімде мақсатты түрде алдын-ала айқындау шаралары.
Әлемдік тәжірибеде таргеттеудің бірнеше стратегиялары қолданылады. Оны келесі суреттен көруге болады.
Осы аталған ақша-несие саясатындағы инфляцияны таргеттеудің маңызы ерекше болып табылады.
Инфляцияны таргеттеуді ең алғаш Жаңа Зеландиняның Орталық банкі 1990 жылдан бастап қолдана бастады. Сондай-ақ соңғы он жылда бұл ақша-несиесаясатының бағытына келесі елдер өтті: Канада (1991), Ұлыбритания (1992), Швеция (1993), Испания (1994) және т.б. елдер.
Осылайша инфляциялық таргеттеу элементтеріне Чехия, Бразилия, Израиль, Чили, Польша және Венгрия мемлекеттері өтті.
Инфляциялық таргеттеу инфляция көрсеткіштерінің жүйелі мақсаттылығын анықтауды, яғни Ұлттық банк инфляцияның орта мерзімді көрсеткіштерін алдағы үш жылға алдын ала анықтап отырады.
Инфляцияның жоспарланған деңгейіне ұмтылу монетарлық саясаттың нәтижесінде көрініс табады.

2. 2003-2006 жылдардағы инфляцияны төмендету саясаты және инфляцияны таргеттеудің Қазақстанда қолданылуы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын 2002 жылдан бастап алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жылғы өзгерістерді ескеріп оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге отырып түзетулер енгізеді.
Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.
Осы аталған ақша-несие саясаты Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Инфляцияны таргеттеу мынадай факторлар негізінде жүзеге асады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Ұлттық банктің тәуелсіздігі, Ұлттық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттардың ашықтығы.
Осы аталған инфляцияны таргеттеудегі ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.
2003-2006 жылға арналған ақша-несие саясатынындағы инфляцияны таргеттеудің негізгі көрсеткіштерінің болжамы келесідей сипат алуда.

Кесте 1
2004-2006 жылдарға арналған ақша-несие саясатындағы инфляцияны таргеттеу көрсеткіштерінің белгіленуі

Көрсеткіштер 2003 2004 2005 2006
Базалық инфляция орташа, % 4-6 3-5 3-5
Инфляция (ТБИ) орташа, % 6,5 5-7 4-6 4-6

1-ші кестеден көріп отырғанымыздай 2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық инфляцияны – 2004 жылы 4-6% және 2005-2006 жылдары 3-5% шегінде ұстау қажеттігі мақсат етілді.
Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің ролін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде биылғы жылдары және өткен 2004 жылдарда инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.
2004 жылдан бастап Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцтяның көрсеткіштерін бағдарға ала бастады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкеністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша – ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен 5 компонентті және бағаның неғұрлым төмендегенін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді.
2004 жылы қорытындылары бойынша осы екі әдіс бойынша тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда 6,7% және 5,9% құрады. Бұл көрсеткіштер ақша-несие саясатының 2004-2006 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2004 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы осы жылы орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, 2004 жылы инфляция деңгейі 6,7% болуына байланысты тұтастай алғанда болжанған деңгейден 0,7% шамалы асқандығын көре аламыз.
Сонымен Ұлттық банктің ақша-несие саясатының биылғы және алдағы 2006-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттары инфляцияның деңгейін тұрақты белгіленген шамада ұстап тұру болып табылады. Ұлттық банк инфляция таргеттеудегі көрсеткіштері:
• 2005 жылы 4,9%-6,5%-дан аспауы керек;
• 2006 жылы 4,8%-6,2%-дан аспауы керек;
• 2007 жылы 4,1%-5,5%-дан аспауы керек;
Алайда Ұлттық банктік және Үкіметтің бірігуімен белгілеген инфляцияны таргеттеудегі инфляцияның 2005 жылғы 4,9%-6,5% көлемінде сақталады деген болжамдары биыл орындалмайтын болды. Өйткені биылғы жылы ұлттық экономикада жүргізіліп келе жатқан саясаттар нәтижесінде экономикаға берілген несиелердің тым артып кетуіне байланысты экономикалық толқуларға алып келе жатыр және елімізде шілде айынан бастап халықтың жалақыларының өсуі, әлемдік рынокта мұнай бағасының рекордтық нәтижеге жетуінен бүгінде инфляция деңгейі 10 айдың ішінде – 7,8% және 7,9% деңгейінде болып келеді. Жалпы мамандардың айтуы бойынша 2005 жылы инфляция деңгейі 8%-ға дейін жетуі мүмкін. Яғни 2005 жылы Ұлттық банктік белгілеген инфляция деңгейінің коридоры 4,9%-6,5% деңгейінен нақты инфляция деңгейі асып кетіп отыр.
Сондықтан ендігі жерде Ұлттық банктің негізгі және басты міндеттерінің бірі инфляцияны таргеттеуде ең тиімді әдіс болып табылатын Ұлттық банктің қысқа мерзімді қойылымдарын енгізу болып табылады. Яғни, Ұлттық банк өзінің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда «рефинансирование» пайыз қойылымын өзгерту арқылы іске асырады. Биылғы жылы Ұлттық банк инфляцияның қарқынды етек алуына байланысты қысқа мерзімді пайыз қойылымын екі мәрте өсірді. Оның бірінші жолғы өсімі 2005 жылдың 1-ші сәуір айында РЕПО операциясының рефинонсирования қойылымының өсуімен көрініс тапты.
Инфляцияны төмендетудің тағы да бір шарасы неғұрлым қатаң ақша-несие саясаты болып табылады. Бұл шараны Ұлттық банк «экономикалық перегрев» кезінде қолданады. Бәрімізге белгілі алдағы жылдары біздер экономиканы несиелеуді дамыту үшін банктердің несие қызметтерінің ынталы жүруі үшін пайыз қойылымдарын азайтуды қолға алған болатынбыз. Экономикада несие ресурстарының өсуі жалпы қарыз ресурстарының өсуіне алып келлі. Банктердің экономиканы несиелендіру шамасы соңғы 5 жылда 9,2 есеге өсті. Ал оның ЖІӨ-гі үлесі 27%-ға дейін жетті.
Сондықтан ендігі уақыттарда еліміздің Ұлттық банкі экономикалық толқулардан қорғану мақсатында қысқа мерзімді пайыз қойылымдарын өзгерту немесе жоғарлату негізінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру саясатын атқаруды қолға алды. Ұлттық банк қаржы рыногындағы реттеу шараларының бірі қысқа мерзімді банк ноталарын шығару. Бұл өз кезегінде экономикадағы ақша айналысын төмендетуге септігін тигізеді. Осы жағдайда басты құрал болып Ұлттық банктегі банктердің депозиттары болып табылады.
Сондай-ақ Ұлттық банк еркін қалқымалы ақша айырбасын сақтайды және елімізде 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық операцияларды лицензиялауды алып тастайды. Осы шара арқылы шетелдік валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақтылықты және оның төменгі деңгейін қамтамасыз етеді.
Қазақстанның соңғы жылдардағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне зер салсақ еліміз ТМД елдері ішінде көшбасшы болып отыр . Оларға: экономикалық өсудің жоғары қарқыны, инфляция деңгейінің тұрақтылығы, ұлттық валюталық бағамның тұрақтылығы, бюджет тапшылығының аз ғана шамада болуы, халықтың жағдайының өсуі және Қазақстанның инвестициялық рейтингінің өсуі. Ал экономиканың әлсіз жақтарына ұлттық экономиканың негізін шикізаттық салалардың құрауы, яғни экспортқа шығарылған шикізаттардың негізінде сол салалардың ғана өте жылдам өсуі, ал өндірістің нақты салаларының өте баяу дамуы және оларға инвестицияның аз мөлшерде бөлінуі. Мұндай экономиканың ең тиімсіз жері еліміздің барлық көрсеткіштері әлемдік рыноктағы бағалардың өзгеруіне тікелей тәуелді болуы, яғни шикізатқа баға төмендесе еліміздің дамуы күрт төмендеп, барлық макроэкономикалық көрсеткіштер азаяды. Сондықтан еліміз бұл мәселені шешу үшін индустриялы-инновациялы бағдарламаны іске асыруда.
Сондықтан Ұлттық банк ақша-несие саясатын ендігі жерде басты бағыты етіп инфляцияның тұрақты деңгейі, валюталық бағамның тұрақтылығы және нығаюы, сондай-ақ экономика салаларының өңдеуші өнеркәсіптеріне жеңілдікті несиелер беруді қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстандағы алдағы жылдарға инфляция бойынша болжамдарда инфляция деңгейі 2010 жылдар аралығында келесідей жоспарланған шамада белгіленген:



Кесте 2
Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатындағы инфляциялық таргеттеу бойынша 2003-2010 жылдар аралығындағы инфляцияның деңгейінің болжам көрсеткіштері

2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010
факт факт Болжам
Инфляция
% 6,8
6,7 7,6 6,9 7,1 6,4 5,9 5,5

Енді осы 2-ші кестедегі көрсетілген мәліметтерді және осы 1-ші кестемен байланыстыра отырып келесі суреттегідей зерттеу нәтижесін алам
Инфляциялық таргеттеудің негізгі элементтеріне келесілер жатады:
1. Анықталған көрсеткіштердің белгіленген мөлшерлері туралы алдын-ала басылымдарда жария ету;
2. Ақша-несие саясатының ұзақ мерзімді басты мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
3. Аралық мақсаттарды таңдауда еркіндіктің болуы;
4. Реттеуші органдардың жауапкершілігін жоғарлату, яғни ол жоспарланған көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етеді.
Инфляциялық таргеттеу қағидаларына әлемдік тәжірибе бойынша мыналар жатады:
• Бюджеттің тұрақты жағдайы және макроэкономикалық тұрақтылыққа кепілдік беру;
• Толық қанды қызмет етуші қаржы жүйесі және валюта бағамының тұрақтылығы;
• Ұлттық банктің бағаны реттеудегі шараларының тәуелсіздігі;
• Саясат құралдары мен инфляция арасындағы байланыстарды түсіну;
• Ифляция қарқынын жоспарлаудағы тиімді әдістер жиынтығын қолдану;
• Жүргізілген саясаттың ақпараттық анықтығы.
Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеу қағидаларына өтуі «SWOT» анализ деп аталатын экономикалық талдаудың негізінде 4 бөлімнен тұрады.
1) Басым жақтары;
2) Әлсіз жақтары;
3) Мүмкіншіліктер;
4) Қатерлер.
Ұлттық банктің инфляцияны таргеттеудегі негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, осы міндетті орындауда Ұлттық банк келесі міндеттерді іске асырады.
• Мемлекеттің ақша-несие саясатын құру және жүргізу;
• Төлем жүйесін құрылымдау, еуропалық төлем жүйелерін ұлттық экономикаға тиімді формаларын дамыту;
• Валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүргізу;
• Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Ұлттық экономикадағы инфляцияға қарсы саясат туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Ұлттық экономикадағы инфляцияға қарсы саясат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Ұлттық экономикадағы инфляцияға қарсы саясат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]