Реферат: СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары

Реферат: СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары

Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған ВИЧ, СПИД дерті темір тордың ар жағындағы cотталғандар арасында да кездесіп отыр. Түзеу мекемелерінде осы дерттің алдын - алу мен науқастарға медициналық көмек көрсетуде қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Биылғы жылы қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызметіне ВИЧ ауруымен күресу үшін республикалық бюджеттен 4 млн қаржы бөлінген еді.
"Арнайы емдеу" атты Ғаламдық қор бөлген қомақты қаржыға барлық қажеттіліктер қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмек жағы жеткілікті болды. Сонымен қатар, 2006 - 2010 жылдар аралығына арналған Қазақстан Республикасындағы СПИД эпидемиясына қарсы Бағдарламаның жаңа жобасына ұсыныстар жіберілді. ВИЧ-тің айқын суретін көру үшін 2003 жылдан бастап қылмыстық - атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде ҚР денсаулық сақтау министрлігімен эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі. Ал 2002 - 2005 жылдар аралығында жыныс жолдары арқылы таралатын инфекцияларға, ВИЧ-қа кешенді профилактикалық жұмыс жүргізу үшін республикалық бюджеттен 16225 теңге бөлінді. Бұл қаражат ВИЧ - пен зақымданғандарды емдеуге дәрі – дәрмек алуға, жеке пайдаланатын бұйымдарды дезинфекциялауға, жеке қауіпсіздікті сақтайтын медициналық құралдарға, медициналық-ағартушылық ақпаратпен қамтамасыз етілуге жұмсалды. Ағымдағы жылдың соңғы 10 айында ВИЧ-тің алдын-алу мақсатында 10 конференция, 3 дөңгелек үстел, 88 семинар, 784 сабақ, 365 тренинг, 756 радиодәріс өткізілді. 452 санитарлық бұрыш жабдықталып, 655 санитарлық бюллетень шығарылды. Сотталғандарға бұл дерттің қауіптілігін түсіндіру үшін 11140 әңгіме жүргізілді. ВИЧ-тің алдын алуда сотталғандардың өз ішінен волонтерлер дайындалды. Биылғы жылдың соңғы 9 айында 1920 сотталған ерікті түрде волонтерлер құрамына кірді. Сондай-ақ осы дерттің алдын алуда облыстардағы СПИД орталықтарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарылып келеді. Арнайы контингентті ВИЧ инфекциясына тексеру жұмыстары аймақтардағы СПИД орталықтарымен бірігіп жүргізіледі. ВИЧ-тің алдын алудағы барлық шаралар Әділет министрлігінің Денсаулық сақтау министрлігімен 2005 жылғы 13-сәуірдегі бірігіп шығарған бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Пенитенциарлы жүйеде жазасын өтеп жүргендерді ВИЧ-қа қан алу ерікті түрде өткізіліп, анализдер тексерілуге СПИД орталығына жіберіледі. Егерде сотталғанның қанында ВИЧ анықталса, онда анализ нәтижесін СПИД орталықтарының қызметкерлері өзі естіртеді. Жыл сайын 1-қараша мен 1-желтоқсан аралығында ВИЧ, СПИД дертіне қарсы айлық жүргізіліп, оның нәтижелері "СПИД тің алдын алу және күрес жөніндегі" республикалық орталығына жіберіліп отырылды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда 2006-жылдың 1-қарашасына дейін республикамызда 7088 адам ВИЧ-пен зақымданса, 445-адам СПИД-ке шалдыққан. Ал, түзеу мекемелерінде 2006 жылғы 1-қарашаға дейін 1069 ВИЧ-пен зақымданған ұсталынады, оның ішінде: 107-сі әйелдер, 191 тергеудегі-тұтқындалған. 2006-жылдың соңғы он айында ВИЧ инфекциясының 498 жағдайы тіркелген. Өкінішке орай, бүгінде республика бойынша ВИЧ ауруымен тіркелгендердің 30 пайызы сотталғандар болып табылады. Пенитенциарлы жүйедегі медицина бөлімшесінің қызметкерлері түзеу мекемесіне, тергеу абақтыларына жаңа түскендерге ВИЧ-тің басқа да жұқпалы аурулардың қауіп-қатерлігі жайында әңгіме жүргізеді. Тіпті әр бір жасаққа бір жауапты медицина қызметкері бөлінген. Сотталғандарға қызмет көрсететін дәрігерлердің біліктіліктерін, ВИЧ жайында қаншалықты сауатты екендіктері сынақ алу арқылы тексеріледі. Қылмыстық - атқару саласындағы мециналық қызметкерлерге жыл сайын ВИЧ, басқа да жұқпалы аурулар туралы семинар өткізіліп, соңынан сынақ қабылданады. Мәселен, ҚАЖ комитеті бекіткен кестеге сай осындай сынақтар жақында Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында өтіп, сынақ барысында медицина қызметкерлері сауаттылықтарын танытты. Қазіргі таңда аймақтардағы медицина бөлімшелері аАнти ВИЧ-тің вирусына қарсы терапия" дәрі-дәрмегін қолданады. Егерде зақымданушы оны дұрыс, уақытылы қолданса, онда оның өмірінің ұзаруына, жұқпалылығының азаюына септігі тиеді. Меруерт ҚАЙЫРТАС ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі


Бүгін — СПИД-пен дүниежүзілік күрес күні
СПИД
Бұл ауруға шалдыққандардың бәрі азғындаған адамдар деген түсінік қайдан қалыптасқан?
Ақиқатын айтайықшы, адамзаттың тарихында ВИЧ/СПИД ауруынан әлдеқайда қауіпті, одан да оңай жұғатын түрлі дерттердің бар екендігіне қарамастан неге біздер оның атын естігенде зәре-құтымыз қашады? Неге жұрт қоғам үшін әлеуметтік саяси қатері СПИД-тен кем емес, жұғуы тез туберкулез, С немесе В гепатитімен ауыратын жандарға түсіністікпен қарайды? Абайсызда ВИЧ-тің қармағына іліккен жандарды қоғам неге оқшаулайды? ВИЧ/СПИД-пен ауыратындардың барлығы азғындаған адамдар, бұл ауру оларға Құдайдың жіберген жазасы деген түсінік қайдан қалыптасты?
Осы сауалдарға жауап табу үшін әрі аталмыш тақырыпқа қалам тартып жүрген БАҚ өкілдерінің білімін арттыру мақ¬сатында, таяуда ЮНЕСКО-ның Алма¬тыдағы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжік¬стан және Өзбекстан бойынша Кластерлік бюросы мен “Интерньюс-Қазақстан” ұйы-мы осы елдердің әрқайсысынан бірне¬ше журналистен Қазақстанға жинап, “ВИЧ пен СПИД БАҚ-та қалай көр¬сетіліп жүр?” атты тренинг өткізген еді. Төрт күнге созылған семинарда біздер туысқан елдердегі әріптестерімізбен бірігіп, көкейкесті мәселенің тереңіне бойлауға мүмкіндік алып қоймай, бұл ауру туралы үстірт пікірлерімізді түбегейлі өзгертуге мәжбүр болдық. Оның алдын алумен күресіп жүрген Үкіметтік емес ұйым¬дарға, Алматыдағы СПИД орталы¬ғына сапар шектік және иммунтап¬шылығы вирусымен ауыратын адамдар¬мен тікелей сұхбаттастық.
ВИЧ қай уақытта СПИД-ке айналады?
Осы арада оқырмандарымызға адам¬дар бірден СПИД-пен ауырмайтын¬дығын, ВИЧ жұққаннан кейін иммунтап¬шылы¬ғынан адамның жүре келе иммундық жүйесі әбден әлсірегенде ғана ағзада қауіпті инфекциялық немесе рак аурулары дамып, СПИД-ке айналатынын еске салуға тиіспіз.
Осыдан 9 жылдай бұрын ВИЧ инфек¬циясын толығымен емдемесе де дамуын тежейтін тиімді әдіс табылды. Тіпті ВИЧ-тен дерті СПИД-ке айнала бастаған адам¬дар арасында да қазіргі тиімді препа¬раттарды қабылдау арқылы денсаулық¬тарын дұрыстап, өмірге деген құлшы-ныстарын қайта оятқандар жеткілікті.
Аз-кем болса да ВИЧ/СПИД ауруы¬ның пайда болу тарихына тоқтала ке¬тейік¬¬ші. 1978 жылы АҚШ-тың Танзания шта¬тында осы аурудың белгілері бар бірнеше пациент тіркеліп, бұл ауруға 1982 жылы СПИД деген атау мен анықтама беріледі.
Қарап отырсақ, қазір жастарға қара¬ғанда, ересек адамдар ВИЧ және СПИД атауларын синоним сөздер ретінде қабылдап, ол туралы түсініктері шатасып жатады. СПИД ол ВИЧ инфекциясының кезекті асқынған стадиясы ғана, ВИЧ СПИД-ке айналғанға дейін көп жылдар өтпек. Бұл жылдардың нақты мерзімі әрбір науқастың өз денсаулығын одан әрі қарай қалай күтуіне байланысты болмақ. Басқа сөзбен айтқанда, адамда өмір бойы ВИЧ инфекциясы болуы, бірақ СПИД-ке айналмауы да мүмкін. Қысқасы, иммун¬тапшылығы вирусы адамның қанындағы CD4 немесе Т клеткаларын зақымдайды. Бұл клеткалар ағзаны инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйенің қалыпты қызмет етуінде ерекше маңызға ие. ВИЧ инфекциясы қанға түскеннен кейін көбейе келе жоғарыда аталған клеткалар¬ды өлтіре бастамақ. Өз кезегінде иммун¬дық жүйе “жоғалған” клеткаларды жыл¬дам қалпына келтіріп отырғанмен жылдар өте келе CD4 клеткалары соншалықты азайып, ағза оны қалпына келтіріп үлгере алмай қалады. Осының салдарынан иммундық жүйе бұзылып, жайшылықта аса қауіпті емес инфекциялардың алдында адам ағзасы шарасыз болып қалмақ. Бұл инфекциялар (оның ішінде онкологиялық аурулар да кіреді) оппортунистер деп аталады, яғни “жағдайды пайдаланушы¬лар”. ВИЧ-пен ауыратындарда оппор¬тунистік инфекциялардың пайда болуы СПИД диагнозын қоюға негіз болмақ.
ВИЧ/СПИД жұқтырғандардың бәрі азғындаған адамдар деген түсініктің теріс екендігін уақыт көрсетуде
Сонымен мәселенің мәнісіне, мақаланың мақсатына қайта оралайық. Біз осы арада ВИЧ\СПИД-тен халықтың өлердей қорқып, зәре-құты қалмауына және оны абайсызда жұқтырып алған адамдардың қоғамнан оқшаулануына журналистердің қосқан үлесі “қомақты” екендігін мойындауға тиістіміз. Осы аурудың аты шығып, анықталғаннан кейін-ақ оған әлемдегі БАҚ өкілдері “ХХ ғасырдың індеті”, “ғасыр обасы” деген ат қойып, оны жұқтырған адамдар санаулы жылдардың ішінде-ақ іріп-шіріп өледі деген түсінік тарата бастады. Тіпті бұл тақырыпты жазғанда қаншама рет басылымдар қолына орақ ұстаған қара шекпенді жаналғыш әзірейілдің суретін қатар бергені де есімізде.
Шындығында, ВИЧ жұқтырған адам қанша өмір сүреді? “ВИЧ инфекциясы” диагнозы бар адам ең бірінші өзіне осы сауалды қоймақ. Бұған мамандар қазірге: “Ешкім білмейді”, деген бір ғана сауалмен жауап береді. Кейде оның 15, 10 тіпті 5 жыл деген “мерзімі” айтылып та қалады. Осы арада мына бір мәселеге назар аударалық. СПИД эпидемиясы 25 жылдан астам уақыт бұрын басталса, содан бері осы диагнозбен өмір сүріп келе жатқан адамдар бар. Олар әлде де өмір сүре бермек. Бұл ағзаның онымен өмір сүру циклінің шегі емес, сондықтан ВИЧ эпидемиясымен әлі қанша алысатынды¬ғымыз да белгісіз.
Қазақстанда ВИЧ/СПИД ауруының алдын алу жұмыстары 10 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірақ, осыған қарамас¬тан, өкінішке қарай біздің елімізде де ВИЧ позитивті адамдардың саны жыл сайын ұлғайып бара жатқандығын несіне жасырамыз. Осы уақытқа дейін халықтың арасында бұл ауру тек моральдық азғындаған адамдарда ғана болады деген түсінік қалыптасып келді. Оны жыныстық қызмет көрсетіп жан бағып жүрген қыз-келіншектеріміз жұқтырады, онымен осылардың қызметін пайдаланатындар немесе гомосексуалдар мен нашақорлар ауырады деген біржақты пікірде болдық. Біздің үлкен сорымызға қарай бүгінде иммунтапшылығы дерті жағдайы түзу, орта жастан асқан отбасылы жандардан да табылып отыр. Адамның ағзасындағы төрт сұйықтықта болатын бұл вирус ине¬нің ұшымен де, жыныстық қатынаспен де, қан арқылы да, ананың сүтімен де оңай жұғатынын Шымкент оқиғасы тағы да дәлелдеп кетті. Осы вирусты аяғын анықтап басып, адал жүрген адамға тіс дәрігері де, маникюр-педикюр шебері де өз кәсібін дұрыс атқармаса, абайсызда жұқтыруы мүмкін.
Дәрігерлердің өз кәсібіне жүрдім-бардым қарағанынан Оңтүстік облыстағы балалардың жаппай ВИЧ жұқтыруы, оқи¬ға жұртқа жария болғаннан кейін бұл дерт¬тің жай-жапсарын білетін де білмейтін де, ерінбеген журналистердің бәрі оны дабы¬райтып жазып, соның салдарынан балала¬рына ВИЧ инфекциясы жұққан 7 бірдей әйелді күйеулері қуып шығып, отба¬сынан айырылғанын біз білеміз бе? Бұл сәбилер өз бастарында не болып жатқанын әлі тү¬сін¬бесе де, есесіне олардан көршілері, туыс¬тары түгілі тіпті ең жақындары бас тар¬тып үлгерді. Мұның бәрі біздің әу бас¬тағы осы ауру туралы қалыптасқан қате түсі-ніктеріміздің салдары. Кезінде ВИЧ жұқтырғандарға қатысты “жезөкше”, “нашақор”, “гомосек¬суал” сияқты біржақ¬ты ойланбай қолданған орынсыз сөз, байы¬бына бармай жатып қалыптасқан пайым¬ның тақсіретін енді кезектілер тартып жатыр.
“Бетіңді бұршы бізге, қоғам”
Сонымен жыл өткен сайын ВИЧ инфекциясымен өмір сүріп жатқан жандар көбейіп келе жатқанда біздің қоғам оларға не жасап отыр? Қалай бұл эпидемияны ауыздықтауға болады? Мемлекетіміз қандай қадамдарға баруда? Үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдар не тындыруда? ВИЧ-тің құрығына ілінгендер қандай кедергілермен бетпе бет келуде деген сауалдарға жауап іздеп көрейікші.
Алматыдағы СПИД орталығының директоры Гүлсара Сүлейменова шамамен алып, қазіргі жағдаймен бағалағанда Қазақ¬станда 12-14 мыңдай адам ВИЧ диагно¬зымен өмір сүріп жатқанын айтады. Шама¬мен деп отырғанымыз, осы уақытқа дейін, мәселен алматылықтардың 10 пайызы ғана тексеруден өткен. Оңтүстік астана¬мызда бүгінге дейін ВИЧ диагнозы 1400 адамға қойыл¬ған. Олардың жас шамасы 19-49 ара¬лығын құрайды. Биылғы жылдың 1 қаза¬нына дейін елімізде 6 943 жанның ВИЧ жұқтырғандығы тіркеліп, оның 426-сы СПИД-пен ауыратындығы анықталып отыр.
– Мәселенің қорқыныштылығы сонда, бұл дертті еліміздің еңбекке қабілетті жас адамдары жұқтырып алуда. Ауруды дәл қазір ауыздамасақ, оны кейін бақылаудан шы¬ғарып алуымыз әбден мүмкін. Бұл дерт¬тің зардабы жылдар өте келе демогра¬фия¬лық жағдайымыздан ғана көрініс тауып қоймай, саяси және экономикалық орасан зор зардаптарын алып келетін болады, – дейді орталық директоры. Осы арада мына бір жәйтті еске түсіріп көрейікші. Бұдан бірнеше жыл бұрын БҰҰ-ның арнаулы қызметі теледидар арқылы Оңтүстік Аф¬рикада 35 немересімен жалғыз өзі қалған 57 жастағы әйелді көрсетті. Бақытсыз жанның барлық ұл-қыздары мен келіндері түгелдей СПИД-тен көз жұмған…
– Біздің жұмысымыз негізінен, ВИЧ/СПИД-тің алдын алуға бағытталған. Мемлекетіміз бен донорларымыз бізге жеткілікті түрде қаражат бөліп отыр. Қазір қолымызда қымбат дәрі-дәрмектер мен аса қымбат лабороториялық құрал-жабдықта¬рымыз, науқастарға медициналық көмек көрсететін күндізгі стационарларымыз бар. Сондай-ақ орталықта әлеуметтік бюро жұмыс істейді, “Тең-теңімен” қағидасымен жұмыс істейтін республикалық ассоциация қызмет¬керлері ВИЧ/СПИД-пен өмір сүріп жатқан адамдарға психологиялық көмек көрсетіп, құқықтарын қолдайды.
Осы орталықта “ЦАМА” үкіметтік емес ұйымының кабинеті бар. Біз оған келгенде өзінің диагнозы туралы алғаш хабардар болып жатқан клиентте¬рімен жұмыс істеп жатқан қызметкерлер¬мен кездескен едік. Айтқандай, кабинетте Антон есімді орта жастағы жігіт ағасы тұр екен. Ол СПИД орталығына үш жылдан бері жылына екі рет соғып тұрады. Оның әйелі ВИЧ статусымен өмір сүріп жатқанына біраз жылдардың жүзі болған.
– Мен өзімнің әйелімді жақсы көре¬мін, – деп бастады әңгімесін Антон. – Оның ВИЧ жұқтырғаны туралы хабарды осылай болуға тиісті деп қабылдадым. Бұ¬рын біз екеуміз бірге есірткі пайдалана¬тынбыз. Мені сақтап қалған Құдай оған көмектесе алмады.., – деп сырын бөліскен жігіт ағасы бір шынын да жасырып қалғандай әсерде қалдық. Өйткені кейін сұрастыра келгенде ол түрмеде отырып шыққан, әйелінен басқа барар жері, басар тауы жоқ адам екені мәлім болды…
Бүгінгі статистикаға қарап отырсақ, Қа¬зақстанда ВИЧ жұқтырғандардың 78 пайы¬зын, Алматыда тіркелгендердің 92 пайы¬зын есірткі пайдаланатындар құрайды екен.
Қазіргі күндері осы аурумен күресетін үкіметтік емес ұйымдар иммун тапшылығы вирусымен ауыратындарға психологиялық қолдау көрсетіп, олардың құқықтарын қор¬ғайды және ол адамдарға осы диагнозбен қоғамға бейімделуге көмектеседі. Ал ЦАМА мүшелерінің бәрі өздерін бір от¬басының адамдары сияқты сезінуге мүм¬кіндік тудырып отырған жайы бар. Өйт¬кені, олар тек осы орталықтың қабырға¬сында өздерін жайлы сезінеді.
– Мен бұдан бірнеше жыл бұрын ғана ВИЧ жұқтырып алдым, – деп сөз бастады жасы елуден асқан Н. деген кісі. – Бұрын есірткі пайдаланып жүрдім, бірнеше рет түрмеге отырып шығып, ВИЧ ауруларына арналған бөлек камерада өмір сүрдім. Жақында жүректен қатты науқастанып, жедел жәрдем шақырдым. Дәрігерлерге бірден шынымды айтып, ВИЧ позитивті екенімді мәлімдеп едім… Бекер істеген екем. Олар бірден зәресі ұшып, маған кө¬мек көрсетуден және госпитальға жатқы¬зудан бас тартты. Сосын біздің жігіттер, біз¬дің қоғамның директоры келіп, дәрігер¬лерге ВИЧ/СПИД ауруының қауіпсіз екен¬дігін, ол қандай жолдармен жұғатындығын түсіндіріп, біздің құқығымызды қорғайтын Заңның бар екендігін еске салды. Осындай әуре-сарсаңнан кейін ғана мен медици¬налық көмек алдым, – деп Н. жағдайын жеткізді.
– Біздің барлық жерде құқығымызды шектейді. Бізден дәрігерлер ғана емес, бұрынғы достарымыз, туыстарымыз, тіпті бір кездері өзімізбен бірге есірткі қабылдап жүрген адамдардың бәрінің зәре-құты қашады. Бірақ, бір нәрсені түсініңіздерші, біз өзімізден басқа тағы біреулердің осы дерттен зардап шеккенін қаламаймыз. Сондықтан қауымдастығымызды құрып, ВИЧ ауруының алдын алуға жұмыс істеп жатырмыз, – деп осы арада ВИЧ/СПИД аурумен өмір сүріп жатқан.
Қазіргі күндері Қазақтанда иммун тап¬шылығы вирусымен ауыратын азаматтар¬мен көптеген Үкіметтік емес ұйымдар жұ¬мыс істейді. Олардың қатарында “Тең теңі¬мен” ұйымы да бар. Біз СПИД орталы¬ғынан шығып сол жаққа қарай аттандық.
Бұл ҮЕҰ-ы “Тұран” университетінің ғимаратында, дәл жастардың ортасында орналасқан. Оқу орны бөлген осы кабинет ешқашан бос емес, телефон да тынымсыз шырылдайды. Бұл жерге еліміздің болашағына, жастардың келешегіне бей-жай қарамайтын адамдар жиі бас сұғады.
– Біз бүкіл республика бойынша ВИЧ-тің алдын алу жұмыстарымен айналыса¬мыз. Жастармен жұмыс істейміз, жаттық¬ты¬рушылар дайындаймыз. Мектеп бала¬ларымен көп уақыт бойы жұмыс істедік. Бірақ, біздің білім беру саласы осы мәсе¬леге дайын емес сияқты көрінген кездері де бар
Оның айтуынша, жаңа буын, кейінгі өсіп келе жатқан жастар ВИЧ мәселесіне бей-жай қарамайды. Жеткіншектер мен студенттер бұл жерге ВИЧ/СПИД туралы толық ақпараттар алу үшін жиі келеді екен.
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметкер¬лері мына бір мәселені, БАҚ-тың өзде¬рімен байланысқа шығуы қиын екендігін алға тартып, бұқаралық ақпарат құралдары ВИЧ-тің алдын алуға бағытталған бағдар¬ламалар мен роликтерді эфирге шығаруға және газет-журналдарға басуға, әлеуметтік жарнамалар мен арнаулы мақалаларды жариялауға онша құлықты емес екендігін баяндады. ҮЕҰ өкілдері халықаралық ұйымдардың гранттары біткен кезде профилактикалық жұмыстар нашарлай бастайды деген қауіптерін де жасырмайды.
“Біз бұл эпидемияны тоқтату тек біздің күшімізбен жүзеге асатынын өзіміз тү¬сінбесек, әрқайсысымыз профилактика¬лық шараларды қатаң сақтамасақ, ешнәрсе өзгермейді. Адамдардың өздері мұны қа¬ламаса бізді ешқандай халықаралық ұйым¬дардың да қаражаты осы дерттің шеңгелі¬нен сақтап қала алмайды” деп сөзге ара¬лас¬ты университеттің бірінші курс студенттері.
XXI ғасыр аждаһасы
"XXI ғасыр аждаһасы СПИД шеңгеліне тұтылғандарға көмектес". Аталмыш шара Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халқаралық Қазақ-Түрік Университетінде өтті. Онда ғасыр дерті саналатын СПИД ауруы жөнінде біршама мағлұматтар берілді. Сондай-ақ, жастар көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
1 желтоқсан Халқаралық СПИД-ке қарсы күрес күні.
1 желтоқсан Халқаралық СПИД-ке қарсы күрес күні. Осыған орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халқаралық Қазақ-Түрік Университетінде Жаратылыстану және медицина институтының ұйымдастыруымен "XXI ғасыр аждаһасы СПИД шеңгеліне тұтылғандарға көмектес" атты қала деңгейінде іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында медицина факультетінің студенттері қаладағы оқу орындарымен мектептер арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Онда ғасыр дерті саналатын СПИД ауруы жөнінде біршама мағұлматтар берілді. Жастардың көпшілігі көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды.
Сондай-ақ Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің студенттерінің арасында жүргізілген "Халықтық ЖИТС және жыныстық жолдар арқылы жұғатын аурулар жөніндегі ақпараттануы" сауалнамасының нәтижесі айтылды. Осыған орай алғашқы баяндаманы медицина факультетінің профессоры Дильбарханова жасап, жалпы осы кесел төңірегінде ауқымды мағұлмат берді.
СПИД - ғасыр дерті. Қазіргі таңдағы аса қауіпті және емі жоқ кесел. Жұқтырған адам жазылуы мүмкін емес, тек жасын ұзарта алады екен. Ең алғаш Африка елінен бастау алған осы бір алапат кеселдің біздің елімізгеде қауіп төндіргені әсіресе ең өкініштісі жаңа туған жазықсыз нәрестелерге жұғуы жан ауыртады. Қан, плазьма, ине арқылы жұғатын дерттің тіпті, тіс шеткасы арқылы да жұғуы мүмкін екен. Тек қана адам баласына жұғатын бұл аурудың бір қызығы, жануарларға жұқпайды екен.
Бұл іс-шараға Жаратылыстану және медицина институтының директоры Жамбыл Айменов, институт директорының ғылым және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлыбек Сейтқұллов, факультет деканы Жанат Шалқарова қатысты. Алдын- ала қала мектептері мен оқу орындары арасында мақала жазу, қабырға газетін шығару ұйымдастырылған болатын. Осы конкурстың қорытьындысын жариялап жеңімпаздар марапатталды. Бұдан соң СПИД-ке байланысты № 18 Еділбаев мектебінің оқушылары сахналаған көрініс жұртшылық көңілінен шықты. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
«Ғасыр індеті» қайдан шыққан
Жүре біткен иммундық тапшылық синдромы (СПИД) «ғасыр індеті» екені бәрімізге аян. Бұл дертке шипа боларлық дәрі әлі жасалған жоқ. Ғалымдар ондаған жылдар бойы ізденіс үстінде жүр. Сондықтан да, адамның иммундық тапшылығы вирусын яғни ВИЧ жұқтырғандардың күні қараң. Олар тірідей қоғамнан аластатылып, жанды өлікке айналады. Медиктердің шығарған үкімі осындай.
Бірақ та соңғы жылдары әлемде басқаша пайым ұстанатын ғалымдар мен медиктер саны артып келеді. Олар СПИД-ті ауру деп мойындамайды. Осындай «оппозиционер» ғалымдардың саны әлемде 6000-нан асып кетіпті. Бұлардың дәлеліне қарағанда «ғасыр дерті» СПИД бірнеше ғалымның ойдан шығарған жасанды ауруы. Мысалы, ресейлік патолог-дәрігер Владимир Агеевтің айтуы бойынша СПИД тапсырыспен жасалатын ауру. Онымен АҚШ-та жылдық бюджеті 2 млрд долларды құрайтын жасырын медико-ғылыми орталығы айналысады. Оның штатында 2 мыңдай қызметкері бар. Олардың табыс көзі – әлемде дүркін-дүркін жаңадан вирус ошағын тұтандырып отыру.
«Ғасыр індеті» қалай пайда болды?
1980 жылдың басында жоғардағы медико-ғылыми орталықта бірнеше пациенттер-гейдердің иммундық тапшылығын әлдебір вируспен байланыстыру идеясы туындайды. Орталықтың иммунологы Ф.Готллиб иммундық тапшылықтың инфекциялық табиғаты туралы өз болжамын ортаға салады. Сол-ақ екен жаңа бір індеттің басталғаны туралы ақпарат дереу әлемге жария етіледі. Ары қарай сенсация іздеп шарқ ұрған батыстық баспасөз иелері мен ақшаның құлы болған кейбір алаяқ медиктер бұл ақпаратты көкпардай іліп әкетіп, дүниеге жаяды. Жаңа идеяны ойлап тапқан ғылыми орталыққа мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлдіреді.
Осылай обыр (рак) дертінің ұлттық институтының маманы Роберт Галлоға жоқ вирусты «ойлап табу» жұмысы тапсырылады. Бұл тапсырыс көп күттірмей-ақ тез орындалады. Екі жыл өтпей-ақ 1983 жылдың 23-сәуірінде Вашингтон қаласында СПИД туындатқыш вирустың табылғандығы туралы сенсациялық мәлімдеме ресми түрде жарияланады. Идея авторлары – Р.Галло мен Пастер институтының ғалымы француз Люк Монтанье екеуіне «Адамның иммундық тапшылығы вирусын алғаш анықтаған ғалым» деген абыройлы атақ беріледі. Олар осы ғылыми «жаңалықтары» үшін үлкен сыйлыққа ие болған.
Абырой болғанда осы оқиғадан кейін іле-шала жаңа вирустың табиғатта барлығына нақты дәлел талап еткен принципті ғалымдар тобы пайда болды. Масқара болғанда Р.Галло мен Л.Монтанье дәлел таба алмай қиналды. Ақыры өткен ғасырдың 90-шы жылдардың соңында СПИД-ті ойдан шығарған ғалымдар өздерінің теориясында кемшіліктердің бар екенін мойындауға мәжбүр болған. Осыдан кейін жаңа дерт төңірегіндегі байбаламның қызуы басылуы тиіс еді, бірақ керісінше тіпті өршіп кетті. Себебі, СПИД үрейі жаһанға жайылып, бауырына аса мол ақша жинаған индустрияға айналып үлгеріпті. Сондықтан да оны тоқтату жақын болашақта да мүмкін болмайтын түрі бар. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Медицина жоспарымен, казакша реферат жоспар, СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]