Реферат: Сөз таптары

Реферат: Сөз таптары

Сөз таптары
Сөз тiркестерiнiң бағыныңқы, басыңқы сыңарының атауы сөз тiркестерiнiң басқа категорияларына қарағанда кейiн қалыптасты. С.Аманжоловтың грамматикасында сөз тiркестерiнiң бағыныңқы, басыңқы сыңарлары деген атау жоқ. Автор көбiне ондай терминнiң орнына: бастауыш пен баяндауыштың байланысы, толықтауыш пен баяндауыштың байланысы, анықтауыштың анықталатын сөзiмен байланысы, пысықтауыштың пысықталатын сөзiмен байланысы, деп, олардың сыңарларын сөйлем мүшелерiнiң байланысы тұрғысынан баяндап, сөз тiркесiнiң өзiн сөз таптары мен сөз таптарының тiркесi тұрғысынан емес, сөйлем мүшелерiнiң тұрғысынан қарастырады Автордың еңбектерiнде сөз тiркестерi мен сөйлем мүшелерiнiң жiгiнiң ажыратылмауынан, түптеп келгенде, сөз тiркесiне тiкелей қатысты басыңқы, бағыныңқы сыңарлар елеусiз қалған. Негiзiнде сөз тiркесiне қатысты әрбiр термин, оның негiзгi қасиеттерi қай уақытта болса да арнайы зерттеудiң объектiсi болуы керек.
Сөз тiркесiнен негiзгi мағлұматты 1939 жылдан бастап С.Аманжолов және оның шәкiрттерi жазған қазақ тiлiнiң синтаксисi кiтабынан ала аламыз және ол үлкен роль атқарады, сонымен бiрге, мұнда авторлардың сөз тiркестерiнiң басыңқы сыңары туралы пiкiрлерi толық келтiрiледi. “Басыңқы сөзiнiң қай сөз табынан болғанына қарай сөз тiркесi екiге бөлiнедi: есiмдi тiркес және етiстiктi тiркес. Басыңқы сөз зат есiмнен, сын есiмнен, кейде үстеуден болған тiркестi есiмдi деймiз. Мұндай тiркестiң бағыныңқы сөзi зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiк, етiстiктiң есiмше, тұйық етiстiк, - мақ, -мек жұрнақты түрi болады”- деп, әсiресе, есiмдiк басыңқы сыңарлардың қай сөзтаптарынан болатынын және бағыныңқы сыңарда жұмсалатын сөз таптарын көрсеткен [1. 60б].
Осы пiкiрлердегi мына мәселелерге назар аудару қажет сияқты.
Бiрiншiден, сөз тiркестерiнiң түрлерi тек есiмдi, етiстiктi деп берiлуi оның табиғатын аша алмаса керек. Бiрақ бұл жерде бұл пiкiрмен келiсуге де болады. Өйткенi, бұл ғылыми дәрежедегi пiкiр болмағандықтан, мектеп үшiн жеткiлiктi деп ойлау да дұрыс. Ғылыми еңбектердiң өзi де осы пiкiрден әзiрше алшақ кетпегенi байқалады.
Екiншiден, есiмдi сөз тiркесi дейтiн сөз тiркесiн құрайтын сөз таптары туралы пiкiрлерiне келiсуге бола қоймас. Осы уақытқа дейiн есiмдi сөз таптарына зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiктердi жатқызып келсе, бұл жерде есiмдер тобына үстеудi де қосуына келiсе алмаймыз. Есiмдер тобына ғылыми тұрғыда үстеудi қосу сирек жағдай. Оның үстiне басыңқы сыңар құрауда тек зат есiм, сын есiмдер ғана қатысты сияқты. Бұл пiкiрге қарағанда сан есiм, есiмдiктер ешқандай басыңқы сыңарда жұмсала алмайтын сөз табы ретiнде берiлуi де көңiлге қонымсыз. Бiз бұл жерде есiмдi сөз тiркесiне басыңқы сыңарды төрт сөз табы да қатысты дей келiп, бiрақ әрқайсысының қатысы әртүрлi демекпіз. Сөз тiркестерiн сөйлем мүшелерiнiң байланысы тұрғысынан талдай келiп, Н.Сауранбаев бұл терминге бағынушы, бағындырушы деген сөздермен баламасын беруге тырысады, бiрақ олардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерiне тоқталмайды. Бiрақ бұл автор С.Аманжоловтың iзiмен бағыныңқы, басыңқы сыңарларды көбiне сөйлем мүшелерi, олардың байланысы тұрғысынан баяндайды. Бағыныңқы, басыңқы терминдерiнiң қалыптасуы сөз тiркестерiнiң негiзiн қалаған М.Балақаев алғашқы еңбектерiнде бағыныңқы, басыңқы терминдердi алғаш қолданғанымен, оған онша мән бермегенiн көремiз. Ал автор одан кейiнгi еңбектерiнде сөз тiркесiнiң басқа категорияларымен тең дәрежеде және оның негiзгi заңдылықтарынан бұрын сөз тiркестерi болуы үшiн онда ең алдымен бағыныңқы, басыңқы сыңарлары болатынын нақты көрсетедi, сөйтiп олардың схемалық түрiн де сызып айқындайды. Алғашқыда сөз тiркесi үшiн онша елеңбейтiн сияқты болғанымен, сөз тiркесi үшiн басты нәрсе кемiнде екi сөзден болу, ондай сөздердiң (сыңарлардың) дербес мағынасы бар ма, жоқ па, олар қай сөз таптары т.б. толып жатқан мәселелерi айқындалады. Сондықтан да сөз тiркесi үшiн бағыныңқы, басыңқы сыңар терминiнiң айрықша қызметi бар. Ал онан кейiнгi еңбек Берген Р.Әмiров, Т.Сайранбаев, М.Серғалиев, Ә.Әблақов сынды зерттеушiлерiмiз бұл терминдердi негiзге алады, солардың негiзiнде басқа-басқа мәселелердiң шешiмi табылуда.
Сонымен, сөз тiркесiнiң бағыныңқы сыңары деп, басыңқы сыңардың байланысу формалары, қатынастары, амалдары мен семантикалық сөз таптарының негiзiнде айқындалып, басыңқы сыңардың алдына орналасқан синтаксистiк категорияны айтамыз.
Осының негiзiнде басыңқы сыңардың да мынадай ерекшелiктерiн көрсетуге болады :
1) Негiзiнде басыңқы сыңар - сөз тiркесiн құрауға тiрек сөз.
2) Басыңқы сыңар көбiне бағыныңқы сыңарға қарағанда (онда жалғау, жұрнақ болғанымен) жалғаусыз алынады да, ал ондағы жалғау ол сөздiң екiншi бiр сөзге бағыныңқылығын көрсетедi.
3) Басыңқы сыңарда бiрде басыңқы, бiрде бағыныңқы болып алмасушылық болады.
4) Сөз таптары жағынан бұрын тек есiмдер мен етiстiк кейде үстеу сөз таптары тiрек сөз делiнiп келсе, ал қазiр барлық сөз табы да қатыса алады деп бiлемiз.
Осы сияқты ерекшелiктерiне қарай басыңқы сыңар деп, бағыныңқы сыңар арқылы жан-жақты айқындалып, нольдiк тұлғада бiрде басыңқы, бiрде бағыныңқы тұрғыда келетiн тiрек сөздi айтамыз. Сөз тiркестерiне қатысты мәселенiң бiрi - олардың сыңарларының орын тәртiбi. Сөз тiркесiнiң бағыныңқы, басыңқы сыңарларының әрқайсысының сөйлем iшiнде орын тәртiбi бар. Ол - оның негiзгi бiр заңдылығы.
Бағыныңқы сыңар дегеннiң өзi келесi бiр сөзге бағынатын болғаннан кейiн, қалайда ол өзi қатысты сөздiң алдында орналасып, онымен мағыналық байланыста болуы тиiс. Сонда құрмалас сөйлемдерде де бағыныңқы сөйлемi басыңқы сөйлемдердiң алдында орналасуы сияқты заңдылық сөз тiркестерiнде де сақталуы тиiс. Осы арада мынаны да ескерген жөн. Бағыныңқы сыңардың өзi қатысты басыңқы сыңармен ара қатынасы да айқындалады.
Жалпы бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңарлардың өзi екi түрлi жағдайда байланысады. Оның өзi барлық байланысу формаларына тән. Бiрақ байланысу формаларының ондай кездегi орналасуы әрқайсысында әртүрлi. Бағыныңқы сыңарлардың iшiнде қабыса байланысқан сөз тiркестерiнiң кейбiр сөз таптарынан жасалуы түрлiше. Мысалы, сын есiм, сан есiмдер есiмдiктерден жасалған бағыныңқы сыңарлар үнемi iргелес тұруы арқылы байланысса, ал үстеу, көсемше т.б. әрi алшақ, әрi iргелес тұруы арқылы байланыса бередi. Сонымен, бағыныңқы сыңарлар орналасуы жағынан басыңқы сыңармен, бiрiншiден, орын тәртiбi жағынан қалыпты орында байланысса, екiншiден, басыңқы сыңармен әрi алшақ, әрi iргелес тұрып та байланыса алады екен.
Дегенмен, бағыныңқы сыңарлардың алдында келуi негiзiнен қалыпты жағдай десек, кейде осы алыптан ауытқушылық та орын алатынын көруге болады. Сонда, сөйлемдегi сөздердiң өзара тiркесiнде қалыпты орнымен бiрге, орын алмасып та келуi - кездесетiн құбылыс. Әрине бұл жерде сөйлемдегi сөздердiң тiркесiндегi орын тәртiбiнiң орнығуының сөз тiркесiнiң байланысу формаларына әсерi бар ма дегенсауал тууы мүмкiн.
Сөйлемдегi сөздердiң тiркесiн, негiзiнен, поэзиялық та, прозалық та шығармалардан нақты көруiмiзге болады. Бiрақ сөйлемдердегi сөздердiң ондай байланысы бұл жанрларда әртүрлi.
Әсiресе, сөз тiркестерi сыңарларының орын тәртiбiнiң алмасуы поэзиялық шығармаларда тiптi өзгеше деп айту орынды. Өйткенi, поэзиялық шығармаларда негiзiнен шумақтың әрбiр жолдарының ұйқастығын құруға негiзделетiнi бар. Осы жағынан келгенде, поэзиялық шығармалардағы сөз тiркестерiнiң әрбiр сыңарының орналасуында прозадағыдай заңдылық сақталады деп айта аламыз.
Егер сөйлем мүшелерiнде баяндауыш көбiне сөйлемнiң соңында келуi арқылы сөйлемдi тиянақтайтын болса, сөз тiркестерiнде ондай тиянақтылық болмағанымен, олар да сөйлемде өзiндiк кiшкене бiр ойды бiлдiру үшiн сөйлемдiк қасиетке ие, ол сөздердiң өзара тiркесi арқылы жүзеге асатыны белгiлi. Сонда екi сөз сөз тiркесiнде бiр-бiрiне бағыну басыңқылық дәрежесiнде жүзеге асады екен. Бұл жағынан келгенде, сөз тiркестерi де iштей екi немесе одан да көп сөздерден құрала келiп, сөйлемнiң iшiндегi микробөлшек ретiнде қаралуы тиiс. Сондықтан ондай екi немесе көп құрамды сөз тiркестерi де сөйлем дәрежесiнде болмағанымен, олар да шартты түрде өзiндiк бiрлiк негiзiнде аздап болса да бiр бүтiн сияқты болып өзара қатынаста болады. Сөз тiркестерiнiң бiрi бағыныңқы, бiрi басыңқы қызметте жұмсалуынан олардың өзiндiк орны да айқындалуы тиiс. Мiне, осы жағынан келгенде, сөйлемдегi сөз тiркестерi әруақытта осы қасиетiмен ерекшелiне келiп, оның басыңқы сыңарларының да орны ерекше екендiгiн көрсетедi. Егер баяндауыштың орны көбiне тұрақты десек, ал сөз тiркестерiндегi басыңқы сыңарлары тек сөйлем iшiнен бөлiнiп алынған сөз тiркестерiнде ғана тұрақты. Соңғы орында болмаса, сөйлемнiң iшiнде нақтылы орны бар деп айту қиын. Егер есiмдi сөз тiркестерiнде басыңқы сыңарлары сөйлемдi тиянақтауда сөйлемнiң соңында келсе, ал басқа жағдайда сөйлемнiң iшiнде келетiнi мәлiм. Ал етiстiктi, ортақ басыңқылы, әртүрлi сөз таптары арқылы сөз тiркестерiндегi басыңқы сыңарлардың сөйлемнiң соңында келетiнi олардың сөйлемдi тиянақтауымен байланысты. Олай болса, сөз тiркестерiнiң басыңқы сыңарлары, оның барлық байланысу формалары тұрғысынан қарағанда әрi тұрақты, әрi жылжымалы деп бiлемiз.
Сөз таптарының басым көпшілігі субстантивтеніп, басыңқы сыңарда жұмсалады. Мысалы, зат есім субстантивтеніп барып басыңқы сыңарда жұмсалауы: Қасында салпан құлақ төрт аяқты да шапқылап келеді. (Ә.Кекілбеков). Келе жатқан екі аттының төрт жетегі бар еді. ( Т.Рыскелдиев «Ұлы көш»). Сын есім субстантивтеніп барып басыңқы сыңарда жұмсалу: Сол-ақ жанымнан жан асып өте берген тасыраңкөз қараны желкеден ала түстім. (Қазақ әдебиеті). Есімдік субстантивтеніп барып басыңқы сыңарда жұмсалуы: Осыдан соң барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті. (М.Әуезов). Осыны ұққан сайын, барлық кәрілерді жанындай жақын көре бастады. (М.Әуезов). Үстеу субстантивтеніп барып басыңқы сыңарда жұмсалуы. Бұдан бірер жыл бұрын Теректі ауданында құс өсірумен аздаған шаруашылықтар айналысатын.(Қанатты сөздер). Сонда кешегідей бүгін де ұмытыла ма? (Ә. Кекілбаев). Етістіктің субстантивтеніп барып басыңқы сыңарда жұмсалуы. Басыңқы сыңары субстантивтенген есімше арқылы жасалады: Жайлап басқан екеуі түбіне шымырлап бұлақ шығып жатқан қара аңғардың аумағындағы бұлтың, төбенің басын акеп тізе бүкті. (Ә.Кекілбаев). Түр-тұрпайы елдің қас-қабағын баққан биден гөрі қасындағылардың бәрінен айдыны асырып асқақтай қарайтын батырға келіп тіреледі. (Жұлдыз).
Субстантивтенетін зат есім, сын есім, үстеу, сан есім, есімдік, етістіктің түрлерінен жасалған сөз таптарынан топталады екен. Сонымен қатар, олардың басыңқы қызметте тұратындығын, актив жұмсалатындығын мысалдар арқылы толық дәлелдеуге болады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Сөз таптары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Сөз таптары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Синтаксис жоспарымен, казакша реферат жоспар, Сөз таптары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]