Реферат: Сөз және оның контексте қолданылуы

Реферат: Сөз және оның контексте қолданылуы

Сөз категориясы және контекст

Сездің өзіндік және жұмсалу ерекшеліктері — ғылымда тым ертезаманнан көніл аударылып келе жатқан мәселе. Бұны Аристотельдің: «Әдемі де сәтті айтылымдар қайдап шығады? Оларды талантты, яғни зергер, адам жасайды. Ал бұлардың мәні-сырының қандайлығын айқындап беру — біздің ғылымымыздын міндеті,— деп жазғанынан да аңғаруға болады.
Бұл проблема әсіресе орыс тіліндегі әдебиеттерде көбірек қарастырылады. Мәселен, тек қана сөз туралы жазылған («Слово о слове», «Искусство слова» т. б.) оннан астам кітапқа қоса, бір ғана «Пушкин шеберлігі» деген атпен А. Г. Цейтлиннің, А. П. Слонимскийдің, Л. Л. Благой т. С. жарық көрген көлемді-көлемді үш-төрт зерттеуі бар. Тіпті
жеке шығармалардың тіл, стиліне байланысты жазылған ғылыми жұмыстар да аз емес.
Мұндай мәселенін, бұрынғы одатқас республикалардың өзгелерінде де назардан тыс қалыл келе жатпағаны, байқалады. Бұған Г. С. Амировтің, С. Мамаджановтың, X. Якубовтың, Н. Рахимовтың Тоқай, Гафур, Айбек, Айнилердік тіл шеберлігіне, Ш. В. Юсифиди, Т. А. Ефендиевалардын стилистикаға байланысты қорғаған докторлық диссертациялары — куә.
Сөздің қолданылу проблемасына қатысты ғылыми ізденістердің өзіміздегі бастамасы — Қ. Қ. Жубанов еңбегі. Жалпы, сөздің көркем, шебер қолданылу үлгісін арнайы талдаған ғылыми алғашқы күрделі зерттеу — Қ. Жумалиев монографиясы. Бұлардан кейін тілге байланысты қорғалған үлкенді-кішілі ғылыми жұмыстардың, жарық көрген зерттеулердің, оқу құралдарының қай-қайсысында да сөз және оның жұмсалу жайы мен заңдылықтары, тікелей не жанама түрде болсын, үздіксіз қарастырылумен келеді. Бұл мәселе «Тіл мәдениеті және, баспасөз», «Соңғы жылдардағы қазақ көркем шығармаларының тілі» деген тақырыптарда өткізілген ғылыми-практикалық, творчестволық конференцияларда да кең талқыға түсті.
Міне, осы соңғы бас қосуға жалғасқан жылдар яғни қайта құру тасқыны жаңартқан демократия мен жариялылық еркіндігіне қол жеткізген, басқа да сан алуан өзгеріс-жақалықтарды мол ала келген кезен - тілге қатысты да бірқатар мәселенің шешім табуына мүмкіндік берді. Әсіресе Тіл туралы заңның қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл. болып танылуы сияқты күрделі оқиғалар елдің, халықтың еңсесін көтеріп, бойына ерекше жігер қосқаны- шындық. Осыған байланысты ана тіліміздің қанын толықтырып,абыройын арттыру қамында соңғы жылдарда айтылған, казір де айтылып жатқан пікір-ұсыныстар өте көп. Бұлардың арасында әсіресе орнықты ой, татымды талдау-тұжырымы, бағалы дерек-түсіндірмелерімен құндылары бірен-саран ғана емес. Мәселен, Ә. Қайдаров пен Т. Жанұзақовтың Атамекен атауларындағы атқандақтар», Р. Сыздықовтың «Тілдегі жаналықтардың сыры неде?», «Орысшылдықтан қашудың да жөні бар», «Сахна сәмі»; Б. Қыдырбекұлының «Түгел создің түбі бір...». мақалалары, Ә. Нұрмағанбетов, И. Уәлиев. Ә. Керімовтердің сөз төркіні, Ө. Айтбаев, Ә. Қарағұловтардың тіл тағдыры, сөз қолданысымыз туралы жазғандары — осындай еңбектер.
Алайда бұл тараудың негізгі бөлімдері тіл ғылымымызда әлі күнге арнайы зерттелмей, зерттелсе де, нақтылай түсуді қалайтын тұстары бар не жанама түрде ғана сөз болып жүрген лексикалық топтар проблемасына арналады. Бұлар мына ретте қаралды:

2.1. Жалған этимологиялы сөздер.
Этимология – гректің etymon («шындық»), logos («сөз, ілім») деген мағынадағы, сөздерінен жасалған термин. Мұндай сөздер жайы қазақ орыс тілдерінде арнайы қарастырылмаған мәселе. Жекелеген әдебиеттерде ғана мынадай қысқа сипаттамалар берілген:
«Халық арасында жер-су аттарының тасы басқа атаулардың қайдан шыққанын, не болғанын жорамалдау. Олардың шығу төркінінің мәнін ашып беруге әуестенушілік көп болады. Кейде басқа тілден енген түсініксіз енеді өз ана тіліндегі сөздерге ұқсатып, соның негізінде түсіну жағдайы да кездеседі. Мұндай құбылыс «халық» этимологиясы деп аталады».
«Жалған этимологиялы сөздер кейіпкерлердің тілдік сипаты үшін, қандай да бір құбылыстың экспрессивтік мінездемесі үшін қызмет етеді, стильдік мақсатта қолданылады... «Халық». этимологиясы — сөздің бастапқы төркінін ғылыми тұрғыдан талдап түсіндіретін тәсіл емес, ол тек таныс емес сөздердің төркінін белгілі, таныс сөздермен салыстыру, солар арқылы долбарлап жобалау ғана».
«Егер XIX ғасырдың 40-50 жылдарында жұрт «шеколат», «инверситет», «ладеколои», «кеатр» деген болса, бұл оның сауатсыздығының белгісі еді. Бірақ халық бұларды түсіне, дұрыс айта білуге барынша тырысты. Ұзақ жылдар бойындағы тіл практикасы процесінде бұғам оның қолы да жетті... Сөйтіп, шоколад, университет, одеколон, театр түріндегі әдеби айтылымды жүрт кейін дұрыс меңгерді. Ал бұрын орыс жұрты таныс емес, бөгде, түсініксіз сөздер ұшырасқанда, оларды сол сәтте-ақ өздеріне белгілі сөздердің үлгісіне түсіріп отырды».
Міне, аталған екі тілдегі әдебиеттерден жалған теркінді сөздерге қатысты ұшырасатын пікірлер осылар ғана.
Бұл айтылғандардан және зерттеу жұмыстарымыздан айтушыға я тыңдаушыға немесе екеуіне де мағынасы түсінікті ме түсініксіз болып келген сөзді бұлардың өздері білетін, сыртқы жамылышы (формасы) әлгіге азды-көпті ұқсас сөзбен алмастырып қолданғам сөзін жалған этимологиялы деп күргеніміз аңғарылады.
Жалған төркінді сөздердің жасалу жолы жәке негізгі ерекшелігі — бұлардың дыбыстық жағынан түп нұсқаға жақын әрі құрамы белгілі бір нақты мағынаға ие бөлшек не бөлшектерден тұратындығы. Бұл екі белгінің бірі болмаған жерде жалған төркінділік те жоқ. Мысалы: Бүкіл аудан бойына бірде-бір қалкөз еңбеккүнге астық босатпасын деген уркәбадаши указание бар. Ал бұл не? Бұл бредительство! Бұл сабатаж. Беззабраз! Сбедетіл боласындар! Әкті... Сен осы кләдәпшік пе едің, бригат па едің?... тойыс единобременней көмек, брадукт... әктіні жасаған әтделдің Мұрат қалқозындағы ұшаскебайы (Қ, Ы.).
Сөз иесі — соғыс жылдары учаскелік милиционер, қейін малшы болған Берібай. Шала сауатты және жасының егделігіне байланысты тілі де қатыңқырап кеткен кейіпкеріне орыс тілі сөздерін автор лайықты айтқыза білген. Әсіресе «қалқоз, үркебәдши укәзәние, әкті, отдел» дегізуі тіпті келісті. Бірақ үзіндідегі белгіленген сөздердің бірде-бірі жалған төркінді емес. Себебі бредительство, сбедетіл, кләдәпшік, единобременнәй, брадукт, әтдел айтылымдарынан қазақ сөздеріне мағыналық жақындық табу қиын. Мүмкін, бұларда тіліміз жаттыққан «бір - еді - ит – ел - істі, сүбеде - тіл, кіл - әдеп - шік» тұлғалы саздердің орфоэпиялық әсері бар да шығар, дегенмен, орфографиясы жоғарыдағыдай болған соң, оларды мұндай этиимологияда алынған деп қараудың реті келмейді. Ал кейінгі үш сөзге (единобременнәй, брадукт, әтдел) төркіндік кандай да болжам айтуға тіпті болмайды.
Демек, мысалдағылар — кейіпкердің тіл икемі келмегендіктен солай формаланған жай антылымдар ғана.
Алайда қаламгерлеріміздің сөзді жалған төркінде не осы ыңғайда жұмсау ретін барлық орында бірдей жатық тігісті деуге бола бермейді. Мәселен, жоғарыдағы автор жасы 40-тар шамасындағы Мешелге «бұйтепке, тұрдабай» дегізеді. Мектеп табалдырығын Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан 2-3 жыл кейін аттап, азды-көпті білім алуға міндетті де, мүмкіндігі де болған әрі сплавконтор деген күрделі сөзді дұп-дұрыс айтуға тілі тамаша келген жас азаматтың бұлай деуі көңілді аса иландыра қоимайды. Сондай-ақ осындай пікірді «Бәйестің үйінде жатқан Учитель де Әшібек» (Төңкеріс үстінде, 227) деген сөйлемдегі орыс сөздерінің қолданылуы туралы да, айтуға тура келеді. Себебі баласы Ехласты орысша оқытқан Шұғыл қажының тілі «учительді» мінсіз айтып, «большевикке» пәлендей жанаса алмаған («Әшібек», деген).
Ал «Торғай толғауы» романында өндірсәл (трактор маркасы, «универсал») сөзін кейіпкерге айтқызудың орнына автор өз баяндауында қолданған: Екпіндеген өндірсәл... өткен өндірсәл... су ортасында қалған өндірсәл.
Байқауымызша, тіліміздегі жалған этимологиялық негізінде, өзге тіл (көбіне орыс тілі) сөздеріне байланысты орын алған құбылыс. Мысалы: болыс, ояз, жандарал, атбекет, атұлтан (адьютант), шырпы-ши (чрезвычанный) т. т.
Бұлардың бірқатары кезінде сөздік қорымыз бен сөздік құрамымызға да еніп («Болыс болдым мінеки», «Жана құда — жандарал»), қазір біралуаны кенеріп, кейбірі қайта қолданыла бастап жүр (жағырафия, фәлсафа) т. б.
Жалған төркінді сөздер кейде әр турлі вариантта (үшкіл, үшкел, үшкөл- школа) қолданылумен қатар, арагідік өз сөздерімізден де (мәлім — мұғалім, мапахат — махаббат) (М. Ә.) жасалады. Бір ғажабы— кей сөздің екі тілден де жалған төркін табуы мүмкін екені. Осындай бір қызық метаморфозада жүрген сөз— бульвар. Орыс тілінде бұл гульвар, бізде гүлбар болып қолданылып жүр.
Дұрысында, бұл сөздің орысша, қазақша бұлай екі түрлі тұлғалануы орынды да: бірі гулять, екішлісі гүл, бар сөздерінен төркінделеді. Себебі жұрт булызарда, шынында да, қыдырады; бульварда, шынында да, гул бар.
Жалған төркінді сөздер стильдік тұрғыдан бірде айтушысының тіл икеміне орай солай жұмсалса, бірде оның жаң-сақ түсінігіне, ал енді бірде әдейі солай дегісі келуіне не т. б. реттерге байланысты қолданылады.

2.2. Ерікті - еріксіз қолданыстар
Бұлардың көркем әдебиетте көріну жайы жұмысымызда мынадай негізгі үш салада қарастырылды: Еріксіз қолданылыс. Іірікті қолданылыс. Еріксіз — ерікті қолданылыс.

Еріксіз қолданылыс.
Бұл екі себепке:
а) кейіпкердің тіл икеміне,
б) кейіпкердің жаңсақ түсінігіне — байланысты байқалады.
Мысалы:
— Осы арадан — деді Жездібай, — ботпайлар басталады.
— Ол не сөз? — дедім мен.
- Орыстың «подбой» деген сөзін білуші ме едің я — деп
сұрады Жездібай менен.
— Білем.
— Білсең, жер астын үңгіп барып көмір қазатын орынды
орыстар «подбой» дейді, ол сөзге тілі келмеген қазақ жұмысшылары «ботпай» дейді (С. М.).
Осы сияқты, орыс тілін білмейтін не нашар білетін егде кейіпкерлерін сөйлеткенде, қаламгерлеріміз «кооператив, министр, землемер, пристав, француз, ячейка» т. б. көптеген сөздерді «кәпіратын, міністір, жемтемір, бірұстап, борансоз, әшекей» дегізеді.
Ал сөздік жалған төркінді болып жаңсақ түсінікке орай қолданылуы кейіпкердің екінші бір тілдік сөзді өзі білетін ие ана тіліндегі соған ұқсас басқа бір сөздің мағынасында қабылдауына байланысты. Мысалы: Ақ нан, әр алуан бөлкешелерге дүкеннің сөрелері сықып толып тұр. Ақша берсек, — бермейді: «Карточки давайте»,— дейді. Біз бірімізге-біріміз қараймыз. «Карточкасы несі?»,— дейміз. Карточка деген сөзді сурет деп ұғып, қалталарымыздан сурет іздестіріп жатырмыз» (Б. С).
Мына үзінділерде белгіленген сөздер де кейіпкерлердің осындай қате тусініктеріне байланысты жұмсалған:
1. — Қазақта мемлекет болып көрген бе?—деп сұрады Андрей Быков.
Байжан мен Омар мемлекет деген сөздің орысшасы государствоға түсіне алмай:
— Ол неменесі екен? Ақша дегені ме, қазына дегені ме?—десті біріне-бірі қарап.
— Оспадар деп қазақ тұрпайы мінезді, дерекі адамды айтады ғой. Ондайлар әр ауылда да құдайда шүкір десем қайтеді?—деп Байжан Омарға қарады (Ғ. М.).
2. — Ендігі жерде біз балығы көп жерлерді запретная зона істейміз.
— Қазірет дейсің бе?— деді Құдайменде.
— Жоқ запрет, запретная зона (Ә. Н.).
3. Бұл жердің батпағы шірік — деді бригадир. Сағырбай кеңкілдеп күлді.
— Одан да эвкаливт отырғыз десеңші! Бригадир шамданып қалды:
— Сіз депутат болғанда, азаңғы сағат алтыда дауыс беріп, аудандық газетке шығып едім. Енді «еп қылып» дейсіз бе, немене?
Шәкібаев жуып-шаймақ болды.
— Жігітім, менің айтқаным — безгекке қарсы егетін
ағаш. Саған үш қайнаса, сорпасы қосылмайды.
Бригадир шамалы жадырады. (Т. Ә.).

Ерікті қолданылыс.
Мұндайда сөз жазған төркінде әдейі жұмсалады. Мысалы, М. Горькийдің бір кейіпкері: «Сен «наука» десең, мен «наука» деп естиміп және сенің өзіңді, тап сол өрмекші тәрізді, құрған ауыңмен мені бейне бір шыбын тәріздендіріп орап алатындай көрем», — десе, Б. Житковтың бір кейіпкері: «Пролетарий и пролетает. В трубу, значит...», — дейді.
Бұлардағы белгіленген сөздерді кейілкерлер өздеріміп, жақтырмаған көз - қарастарына байланысты әдейі бұрып, кекесінді түрде айтқан. Мына шумақтағы тоз сөзінің жұмсалу реті де осындай: «ТОЗ», «серік» дейді тағы бар, Көп еді бәле неткен тек! Одам да сұмы табылар, Иллаһим, тозып кеткей тек! (Жұбан М.).
Осындай ерікті қолданылыста «кейде қаламгерлер өз шығармаларындағы кейіпкерлер сөзіне сатиралық рең - беру үшін, елді күлдіру үшін сөз төркінін өзінше әдейі өңін айналдырып» та пайдаланады». Мәселен, М. Әуезов «Тас түлек» пьесасында Бөлтірік, Қамбар сияқты кейіпкерлерінің сапқымазақ, кулдіргі тілділігіне байланысты талай сөзді жалған төркімде алған.

Еріксіз-ерікті қолданылыс.

Бұған себеп болатындар: бір жағынам, кейіпкердің тіл икемінің жақсы келе қоймауы; екінші жағынан, солай айтуды кейіпкердің өзінің де қалауы. Мәселен, З. Жәкенов шығармасындағы ауатком төрағасының «Колхозда кім болып жұмыс істейсіз?» деген сұрағына жауапты жөн бергісі келмеген қарияның «сеніатармын» (санитармын) деп, немересі емтихан конкурсынан өте алмай калған әженің «қылмия (химия) дедің бе?» дел қалжыңға бұра айтуы — осы ыңғайдағы қолданымдар.
Жалған төркінді сөздер тұлғалық жаңалығынын өзімен-ақ қашанда экспрессивті реңді болумен бірге, семантикасына (қоржынжын —хорунжий, Салдуар — Сәруар) немесе қолданылу ретіне қарам адам көңілінде жағымды не жағымсыз реакция туғызатын эмоционалды рең-мәнді де болып келеді. Жоғарыдағы мысалдардың бірінде эвкаливт атауын еп қылып деп түсінген бригадирдің шамданып қалуы — осының дәлелі.
Сондай-ақ жалған төркінді сөздерде пароним құбылысына ұқсастық та бар (мекірен — мигрень, сурет — сюжет, бояма — поэма, бармақ — варнак) және булар омоним түрінде де кездеседі: ТОЗ — қысқарған сөз (товарищеская об-работка земли), бұйрық рай тұлғасыдағы етістік; карточка— талом, фотосурет.
Тағы бір байқалатын жай — жалған төркінді болып кісі аттарының да қолданыләтыны: Мыңетек — Монтекки, Көпетек - Капулетти, Салгері — Сальер, Кургерей — Григорий, Көкпін — Губкин, Майтіл — Майдель.
Жалған төркінділік, негізінде, сөйлеу тіліне тән құбылыс болғандықтан, сөздердің бұлай жұмсалуы драмалық шығармаларда басым байқалады. Мәселен, М. Әуезов пьесаларында бұлардың 20-дан астамы, Қ. Мұхамеджанов шығармаларында 15-тегені қолданылған.
Қорытып айтқанда, тілдегі жалған этимологиялық болашақтың аса өміршең құбылысы болуға тиіс емес. Себебі білімді, сауатты жұрттың бұрынғыдан Федор сияқты кісі атын
Шодыр, американ, санитар, чрезвычайный сөздерін «әмірхан, сеніатар, шырпы-ши» демесі сөзсіз.
Сонда бұл сөйлеу тілімізде болсын, көркем шығармаларда болсын, негізінде, өткек кезең кешпкерлерінің тіл ерекшелігіне (архаизмдер іспетті) немесс қаламбурлық ретке не сөзді әдейі бұрып қолдану қажеттілігіне байланысты пайдаланылатын айтылымдар болып қызмет атқаруға тиіс. Сондықтан бұның сөз қолдану жүйемізде өзіндік орны бар және тіл ғылымынық лексика саласында, стилистикада, әдебиет теориясында арнайы әңгімелегендей құбылыс тамылғаны жөн.
Потенциалды сөздер.
«Әр тілде, күнделікті практикада қолданылатындармен қатар, бөлек бір «потенциалды» сөздер — яғни нақты жоқ, бірақ егер 'тарихи кездейсоқтық қажет ете қалса, бар бола алатын сөздер өмір сүреді»: крокодиловодческий, крокодиловодство, крокодилятина, славостойкость т. б.
Міне, сөздіктерімізде бұрын болмаған, казір де жоқ бірақ қажетті тұстарда осылар сияқты жасалып жарыққа шығып жаткан сөздер біздің қазақ тіліндегі газет, журлдарымыз бен көркем шығармаларымызда да, баршылық. Мысалы: өркейту, таусыншық, денеу, мырзаң (Абай) келгін (пришелец), күйінділер (күйініп отырған адамдар), көнермен, ойысарман, бергек (М. Әуезв), аутандау (Ә. Нұрпейісов), үшарман (Қ. Мырзалиев), өгкінші жиын (летучка) (С.Бақбергенов), лездеме (летучка), баянат (Қ.Жұмаділов) басытқылау (закусывать) (Б.Соқпақбаев), көнерім, ескірім (Т.Әбдірахманова), табантас (фундамент //Т.Есімжанов), райгер (Д.Досжанов), өкектеу, теріскейлік, кунгейлік, сән-қана (Т. Әлімқұлов), қазанама (пекролов), жағажай (тілаш), көкөніс (овощ),- гүлшоғы (букет), тыңгер, тәлімгер, танымгер, баспагер, айтыскер т. б.
Бұлардың бәрі де сөз тудыру амалдарымызға сан тұлғаланған. Екіншіден, мағыналарында кісі тосырқап қарағандай ерекшелік, жаттық жоқ, керісінше, бірқатары, «иә, осылай деуге болар», ал кейбірі «бұл бір дұрыс табылған сөз екен» деген сияқты пікірде мақұлдана қабылданғандай ретте.
Кейде тіпті мұндай қолданымдардың етене көрінетіндігі соншалық— оларды күнделікті жұмсап жүргені сөздерімізден ажыратудың өзі қиын. Мәселен, Қ.Мырзалиев қолданған бастығырақ, адамырақтар немесе Қ.Бекхожин мен М. Әлімбаевтың; «Көздерінің алашығы ұлғайып», «Балық қармақты кермес, жалмақты көрер» деген сөйлемдеріндегі алашық, жалмақтар лексикамызда бейне бір бұрыннан бар сөздер сияқты қабылданады. Ал шынында, олай емес. Әдетте «бастық болу», дейміз де, «бастығырақ», «адамырақ» деп айта, жаза қоймаймыз. Ақын бұл екі сөзді баларақ, ұятырақ модельдерінде осылай жұмсау арқылы олардың жаңа бір қырын пайдаланып, контекстеріне тың лепті экспрессия беріп отыр. Соңғы екі сөздің бірі қарашық сияқты тұлғаланса, екіншісі қармақ-қа ұйқастырылған.
Жалпыхалықтық лексикамызда туған тіліміздің, өз сөздері негізінде жасалып қосылған аялдама, көрермен, жан-күйер т. т. неологизмдердің бәрі де осы «потенциалды» аталатын қордан өкшелгендер. Демек, потенциалды сөздер — неологизмдер көзі.
Әрине, мұндай сөздерді жасаушылар — жеке адамдар, көбіне қаламгерлер. Бірақ, жарыққа потенциалды қордан шыққанмен, бұл сөздердің бәрі бірдей неологизм болып қатар түзе бермейді; тіл практикасы қажет еткендері жаңа сөздер танылып, сөздік құрамға еніп, өзгелері, негізінде, бір көрінген, жұмсалған контексіне жаттығы жоқ, қолданымдар болып қала бермек. Сөйтіп, бұлардың көпшілігі тілімізге неологизмдер болып қосылып тіл байлығымызды молайтса, азын-аулағы бір көрінумен ғана шектеледі. Бірақ өміршең болмағанмен, бұларды таба, кәдеге дұрыс жарата білу көркем шығармада жарыққа шығарылмақ ойдын қашан да дәл, әсерлі бейнелеуінде де елеулі қызмет атқарады.
Міне, осы айтылғандарды қорытсақ, потенциалды сөздер деп әр тілдің ішкі мүмкіндіктері негізінде әрі сөз тудыру тәсілдеріне, тіл практикасына лайық тұлғаланған жаңа қолданымдарды айтуға тиіспіз.
Соңғы жылдар ішінде сөздік құрамымызға бағдарлама, бағдаршам, мерейтой, мұражай, көкөніс, пікірсайыс, тералка, саябақ тәрізді неологизмдер бұрынғыдай бірен-сарандап емес, күн сайын дерлік топ-тобымен-ақ еніп жатыр. Туғаи тілімілдіц табиғатынан туындагг, омыи. ішкі мумкіндігіінн соншалық мол екенін өзгеге де, өзімізге де айқын аңғартып отырған бұл табысымызға халқымыздың — ақиқатын айтсақ - таңдануы да, масаттануы да орынды. Академиямыздың тіл мамандары: А.Алдашева, Ш.Сарыбаеа, Н.Уәлиевтер - құрастырған «Жаңа атаулар» аталатын сөздіктің 1-кітабы (1992, көлемі-10,3 б. т)-осы байлығымызға бастапқы куә.
Окказионал сөздер.
Окказио-ның латын сөзі екенін, орысша «случай» деген мағынаны білдіретінін айтып, В.В.Лопатин жоғарыда аталған еңбегінде: «Сам термин показывает, что подобные слова созданы однажды, по случаю... Они... созданы и живут лишь в определенном контексте и вне этого контекста не воспроизводятся»,-деп жазады. Мысалға широкошумные (Пушкин), листолет, лошажьи, пуховитые, голосатые (Есенин), утреет (Блок), легкомыслый, молоткастый, серпастый, туфлястый (Маяковский), инакочувствующие, во всеувидение т. т. көптеген қолданымдарды келтіреді.
Сонымен бірге автор окказионал сөздердің әр түрлі аталып жүргенін әңгімелеп, солардың ішінен өзі жөн санаған 14-ін атап өтеді. Бұлардың арасында «Бір реттік неологизмдер», «Қолдан жасалған сөздер», «Экспромт сөздер». «Метеор сөздер», «Эгологизм» т.б. бар.
Міне, атаудың осындай әр түрлілігі сияқты, окказионал сөздер туралы айтылып жүрген пікірлердің өзі де әр қилы. Оларда, негізінде, окказионал және потенциалды сөздер жеке-жеке емес, «Авторлық неологизм», «Стильдік неологизм», «Окказионализмдер» деген жалпы атаумен бір қаралып жүр. Бұларды арнайы зерттеушілердің бірі В. В. «Лопатиннің өзі де «Окказионал сөздер», «Потенциалды сөздер» деп әрқайсысын жеке тақырыпта алып сөз етіп отырады да: «Біз бұл кітабымызда «Окказионализмдер» деген жалпы атауға сөздердің екі тобын — потенциалды және авторлық сөздерді біріктіріп қарап отырмыз» (95, 63), -деп, оның негізгі себебі ретінде бұлардың, екеуінің де белгілі бір себеп - жағдайға байланысты жасалатынып, сөздік құрамға енбейтінін, түсіндірме сөздікте болмайтынын айтады.
Біздіңше, бұлай қорыту жөн емес, себебі қолданылымдардың бұл екі түрінің, өзара ондай ұқсастықтары болғанымен әрқайсысының тұлғалық, мағыналық жағынан, тіл практікасы тұрғысынан жеке-жеке топ құрап және сонысына лайық өз атауымен аталғандай реті бар. Айталық, эвереводство, крокодиловодство дегел сияқты, баларақ, бастығырақ деуден жасалу жолы, мағыналары, практикада қолданылу тұргысынан ешқандай шеттік байқалмайды,ал утреет, жылмая-лар туралы бұлай дей алмаймыз. Ендеше окказионал деп өміршең емес, контекст қалауына орай тек бір ғана қолданымдық болып қызмет атқаратын сөздерді айту жөн.
Сондықтан жоғарыдағы морозостойкость үлгісіне жасалған славостойкость сөзін В. В. Лопатиннің потенциалды деп, ал во всеуслышание, инакомыслящие үлгісінде жасалған во всеувидение, инакочувствующие сөздерін окказионал деп қарауын мақұлдауға болмайды. Шынында, бұлардың үшеуі де потенциалды болып танылуға тиіс. Себебі бұларда жасалу, мағына, жұмсалу жағынан еш жаттық жоқ. Ал листолет, лошажьи, пуховитые, голосатые т. б. жөнінде бұны айта алмаймыз: жасалу жолы пистолет, лебяжий, ядовитыелармен үлгілес болғанмен, тіл практикасында олар ондай тұлғаларда жұмсалмайтын сөздер. Сондықтан бұларды окказионализмдер - яғни авторлық бір реттік қолданымдар - деп потенциалды сөздерден бөліп қарауымыз орынды.
Ені жоғарыдағы жылмаяны және сол сияқты окказионал басқа да біраз сөзді тұрған контекстерінде көрейік: Қоңыр жаз, самал соққан күн жылмая. Терегі көкке тәуелеп (I.Ж). Жайығым, аңқып алға өргіп жібер. Алауыртқан таңдардан сені іздедім (М.М.). Шаруакештер шөлдегі ақ шағылды Терін төгіп жайнаған бақша қылды (Қ.М.). Әрине, бұлардағы жылмая, тәуеле, өргілердің қай-қайсысының да, жеке сөз түрінде қарағанда, қандай мағынаға ие екенін түсіну қиын, тек контекстері арқылы ғана төркіндері, сірә, жылмық, тәу ету, өрлеу шығар деп шамалауға болатындай. Ал алауырту, шаруакештер, дұрысында, алауыту (қарауыту сияқты), шаруақор (шаруашыл) болып тұлғалануға тиіс сөздер. Демек, бұлардың бәрі де - потенциалды сөздер сияқты - жасалу, мағына, қолданылу реті жағынан еш шеттігі жоқтар емес, сол жұмсалған орындарында бір көрініп қалғаннан әріге бара алмайтындар. М. Әуезов қолданған жеңкею, жұбап, түгену, қарсылдау, жалтаю-лар да осылар тәрізді қолданымдар.
Әрине, мұндай сөздер туралы «бір реттік», «мағынасы түсініксіз», «әріге бара алмантын» т. б. деген сипаттамалар бұларды бір түрлі бір кемсіткендіктек немесе тіл мәдениетін төмендететін құбылыс санағандықтан айтылып жатқан жоқ, олардың негізгі белгілері ретінде беріліп жатыр. Демек, окказионал сөздер деп не жасалу жолдары дағдылы көрінбей, не мағыналары айқын болмай, не тіл практикасына келісімді келмей, сөйтіп, аса табиғылық таныта қоймай тұратын авторлық, қолданымдарды айтуға тиіспіз.
Ал стильдік жағынан алғанда, әрине, окказионал сөздер де, потенциалды сияқты, өзіндік жаңалығы, тұрған контексіне жарасымы арқылы экспрессивті қызмет атқаратын қолданымдар.
Паронимдер.
Айтылу, жазылуында біраз ұқсастығы болғандықтан, орыс тіліндегі сияқты, бізде де кейде бірінің орнына бірі жаңсақ жұмсалып жүретін сөздер тобы бар. Зерттелуі тұрғысынан қарағанда, біздің тіл ғылымымызда бұл — әзір бір тың жатанқ мәселе. Жалғыз-ақ, М. Белбаева мұны «Қазіргі казақ тілі лексикологиясы» (1976) деген кітапшасында ептеп сөз етеді. Онда автор былай дейді: «Паронимдер деп ешбір мағыналық байланысы жоқ, бірақ айтылуда бір-біріне өте жақын, тіпті бірдей айтылатын, әр басқа сөздерді айтады... Паронимдер — біркелкі айтылып, морфемалы құрамы әр басқа сөздер».
Біздіңше, бұл анықтамалар дәл емес: алғашқысында «тіпті бірдей айтылатын» артық. Егер олай айтылса, бұндай сөздер омоним тобында қаралуы керек.
Сол себептен де шығар, автордың мысалға келтірген сөздері (әр уақ — әруақ — ару ат, әңгі мені- ән кім еді-әңгімені)— паронимдер емес, әр уақ — әруақ — омоним (мәселен, орыс тіліндегі не мой — немой, за нос — занос-тар тәрізді; оның өзінде де сөйлеу тілі тұрғысынан қарағанда, ал әдеби вариантында бұлар (әр уақыт, әруақ) омоним де болмайды), өзгелері — өлең ұйқасына орай қолданылған жай сөздер.
Пароним — гректің рача жәнс оnymа («маңы, аты» деген ұғымдарды білдіретін) сөздерінен жасалған термин.
Мұндай сөздер туралы алғашқы пікір, 1871 жылы И.А.Бурдон мен А.Д.Михельсон шығарған «Объяснительный словарь 30 000 иностранных слов» деген кітапта айтылыпты. Содан бері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де «Паронимия құбылысы әлі күнге ғылыми әдебиеттерде жеткілікті сөз болмай, бұның болмысы туралы да бірыңғай көзқарастар қалыптаса қоймай келеді».....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Сөз және оның контексте қолданылуы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Сөз және оның контексте қолданылуы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Лексикология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Сөз және оның контексте қолданылуы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]