Реферат: Семей полигоны туралы жалпы түсінік

Реферат: Семей полигоны туралы жалпы түсінік

Тәуелсіз өз қолымызға тигесін қыруар “проблемалар нөсерінің” астында қалғанымыз белгілі. Солардың нағыз проблема тудырып отырғандардың бірі-экология тақырыбы. Адамдардың кінәсінен қоршаған ортаға талай қиянат жасалынып келеді. Олардың зардаптары әлемге әйгілі. Осы әлемге әйгілі зардаптың бірі “Семей полигоны” болып отыр.
Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшілік назарында болды. Шын мәнінде қазақ даласының 19млн.Га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т.б. полигондары алып жатқан әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 ж.ж аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде қалғаны жер астында жасалды. Енді Семей қаласындағы полигонға тоқталсақ. Семей талай жыл қазақ мәдениетінің орталығы болғанымен қазір күннен-күнге семіп, азып-тозып барады. Радиациядан зардап шеккен қайсыбір аудан тұрғындары Семейге ағыла көшіп кеп жан сауғалауда. Қымбатта болса да дәрі-дәрмектерді жұрт Семейден іздейді. Оған халі жетпей, аудандарда ит өлместің күнін кешкендердің саныда біршама баршылық.
Тағы бір ашындыратын жәй, облыстық экология және табиғи ресурстар басқармасының Өскеменге ауысып, ал Семей облысының экология басқармасының игі жұмыс бағдарламалары, ұзақ жылғы ізденістерінің бүгінде ешкімге ешқандай қажет болмай, аяқсыз қалғандығы. Бұл жер кешегі әскери-өнеркәсіптік кешенннің орталығы, атомның уын қақалғанша жұтқаны белгілі. Сондықтан экологиялық жағдай Өскеменнен гөрі Семейде аса өткір сезіледі. Облыстар біріктірілгенмен ондағы құрылымдардың қажетілігіне ешқандай талдау, сұрыптау болмады.Бәрі де құр дабырамен жүргізілді.
Біздің ойымызша 40 жылғы ядролық полгонның орталығы болған жерде толыққанды экологиялық басқарма болғаны жөн. Және ол Шығыс қазақстан облыстық экологиясының Семейдегі бөлімі болса да оның дұрыс жұмыс жасауына барлық жағдайды жасау керек. Алғаш рет Семейде 1949 жылдың 29 тамыз күні ауада атом бомбасы жарылып, бұл жер-көкті күңірентті. Мен ол кезде 12 жаста едім. Зәре-құтымыз қалған жоқ. Ал 1950-ші жылы бұл жерде сутегі бомбасы сыналды. Бұл бомба сыналған кезде бомба жасаушылар жер астында қазылған үңгірге тығылып, бақылап жатты. Сол жерлерді кейін көргенімде жердің беті диаметрі 35 километр мөлшерде күлге айналыпты. Не бір өскен өсімдік жоқ, тіпті бір түйір құмырсқа, қоңыз да жоқ сұмдық көрініс болды. Аттасаң табаныңның астынан қатты қабыршықтар бырт-бырт сынады. Әскерилер “Семей қаласына ешқандай зақым келген жоқ” деген желеу қоса айтылады. Бұл қате пікір. Себебі қала сутегі бомбасы сыналған жерге іргелес тұр. Осы бомба сыналғанда бұл жерден 600 километр қашықтықта тұрған Өскеменнен “сәулеленуге ұшырадық” деген айқай шыққанын талай рет естідік қой. Бірақ семейліктер де, өскен, өнген ата-бабаларының жері туралы неше түрлі сұмдықты көріп жүрседе “сабыр түбі сары алтын” алды мемлекетіміз бізді, полигон зардабын шеккендерді ұмытпас, қамқорлар деген сенімде, үмітте болды. Сондықтан бүкіл ел-жұрт өздері отырған мекенін тастап басқа жаққа босып кетпеді. Бұл миллионға жуық адамның ортақ пікіріне айналған шындық. Семей ядролық сынақ полигонның радиациялық эквиваленттер жиынтығы 42 мың Хиросимаға пара-пар екен.
Осы жұмыспен айналысып жүрген ғалымдар есебі бойынша, ауаға 6 290 000 000 кюрм радиация таратты. Енді сутегі бомбасының атасы А.Д. Сахаровтың ядролық және жарылыстардың тікелей зиянынан 6 млн адам жарық дүниемен қоштасқан. Әзірше көздері тірі кемтары мен радиациядан зардап-зала шеккендері одан асып түседі. “Семей” атауы “полигон” ұғымымен сабақтас-синоним есебінде туып, қалыптасуы 1947 жылдың 21 тамызы күнінен басталған. Сол күні КСРО үкімет атом зерттеу полигонын жасау жөнінде қаулы қабылдады. Құрылыстың қиын да күрделілігіне қарамастан, тым тығыз уақыт арасында жүзеге асып, алғашқы сынақтарға 1949 жылдың 6 шілдесінде дайын болды. Бас-аяғы 2 жылға жетпейтін уақытта өнеркәсіп кәсіпорындары, тұрғын үйлері, жер асты лабораториялары, ұшақтар ұшып қонатын тұрақтары, терең траншеялар, тіпті өз метросы бар жеке қала құрылысын бітіріп те үлгерді. Қазақтың ғылым мен техника прогресіне қатысты қасіретті эпопеясы 1949 жылдың 29 тамызында басталған.
Жарылыс болатын жерге таяу әр түрлі арақайшылықтарға тәжірибе жасалатын малдар байланған. Кейбір тағамдар, манекенге кигізілген жауынгер киім-кешектер, жанар-жағар майлар да сынаққа түсті. Тек Семей полигонында әр түрлі мақсаттағы 467 жарылыс өткізілген. 1949-1961 жылдар аралығында 26-сы жер үстінде, 98-і әуеде сынаған. Дүние жүзі бойынша да алғаш сутегі бомбасы Семей жерінде 1953 жылы жарылған. Оның қуаты, Хиросима қасіретінен 25 есе асып түседі. Қару сынаушылар өз мақсаттарына жету үшін халықты неше түрлі айла-амалмен алдап баққан.
Көптеген халықтың жалпылай радоиактивтік сәуле ауруына ұшырайтындығына, адам денсаулығы мен табғаттың зардап шегетіндігіне қарамастан, қару сынала берді. Мысалы, АҚШ жарылыстары Тынық мұқиты Эневитек, Бикини және Ронгелет атоллаларында, тұрғындар саны аз, өзі ірі орталықтан аулақ жерлерде жүргізген. Демек, аталмыш елдердің басты мақсаты-өз халқын қауіп-қатерден барынша сақтау. Ал КСРО мұндай “ұсақ-түйектерді” ескере бермеген. Бұл әрине, халықтың ашу-ызасына тимей қоймады. Ашулы жұртшылық өздерінің көкейіндегілерін шым-шымдап шығара бастады. Алғаш дауыс көтергендер экология және табиғатты қорғау жөніндегі Семей облыстық комитетінің мүшесі С.Дүйсенбаев пен облыстық аурухана хирургі Б.Э.Рейш болды. Олар КСРО Халық депутаттары парламентіне “Бірде-бір ядролық жарылыс болмасын” деген жанры ашық хатқа жақын материал жариялады. Онда былай делінген: “Біз 40 жыл бойы өткізілген жарылыстар нәтижесінде, әсіресе, олар ауада жүзеге асырылған 14 жыл аралығында Семей облысының тұрғындарына, негізінен полигон орналасқан жерлерде, адам денсаулығына, экологияға айтарлықтай зиян келтіргеніне, оның зардабы кейін туған ұрпақтар өмірінде де жалғасып келе жатқанына көз жеткіздік. Мәселен, 1989 жылдың 12 ақпанында жарылыс кезінде жердің қысымынан пайда болған радиоактивті газдың жарықтан өртке айналғаны атап өтілді. Комиссия бұл аймақ осы уақытқа дейін өздеріне келтірілген зиян үшін ешқандай компенсация алмағанын анықтады. Жаңа Семей ауданының Знаменка селосында болдық. Бұл село полигоннан 40 шақырым жерде орналасқан. Саны жағынан онша көп болмаса да, ондағы балалардың дене бітімі мен ойлау қабілеті жағынан өте артта қалғаны бірден көзге шалынады. “Аурухана өте нашар” деген сипаттағы мақала “Семей таңы” газетінің 1990 жылғы 13 ақпанындағы санында жарық көрген”. “Полигон маңындағы 100 шақырым радиуста бүгінде 2 млн қазақтар тұрады. Олар-сынақтардың алғашқы құрбандары. 1953 жылы үлкен аймақ заланданғаны байқалған соң, 10 мың адам көшірілді. Медициналық бақылау нәтижесінде тек 3000 адам ғана тірі қалғаны анықталды. 700 адам ізсіз жоғалған”,-деп сұмдық шындықтың бетін ашады. “Ғалымдар жұртшылық пікірін тыныштандыру үшін полигоннан сыртқа шығып кеткен заттарды байқауға алды және газдың зиянсыздығын дәлелдеп, сіміре иіскеді”,-дегенге дейін барған. Жарылыс кезінде жел өтіп сынаушылардың семьялары тұратын Курчатов қаласына әдейі бағытталады. Неге? Халықты жарылыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасының сенімді екеніне иландыру үшін-деп халықты жалған ақпаратпен иландыруға тырысады. Алайда осыған дейін “полигонның еш зияны жоқ” деп келген Курчатов қаласындағы әскерилер кезекті жарылыстан соң, желдің бағыты өзгеріп, улы атом газы Курчатов қаласына “лап қою” қаупі тұрғанда, жұмыстарын тастай қашып, есік-терезелерін тастай бекітіп, 2 тәулік бойы үйден шықпай қойған. 40 жылғы сынақтарда, жалпы қуаты Хиросимаға тасталған “Бөбек” атом бомбасындай 20 мың болатын зарядтар ашық атмосферада, тікелей адамдар тұратын жүздеген мекендер төбесінде жарылып келгенде, мұндай көпе-көрнеу жұртты “тәжірибе мүддесіне” айландыру шегіне жеткенде, “Невада Семей” антиядролық қозғалыс бас көтерді. Семей қасіреті жайлы осы уақытқа дейін кем жазылып,аз айтылып жүрмегенін жоғарыда қарастырған бірнеше жарияланымдардан-ақ байқауға болады. Халық басына түскен ауыр зауал арада қанша уақыт өтсе де, әлі күнге ұмытылмақ емес. Жарты ғасыр жуық апат аймағында тіршілік етіп, оның адам айтып жеткізсіз қияметін бастан кешіріп, “Отан үшін” деп мүгедек жағдайға жетіп, бүгінгі күні ешкімге керексіз болып қалғандардың мұңы мен зары әлі де таусылмас болар.
Ақырында Презиндентіміздің 29 тамыз 1991 жылғы полигонды жабу туралы Жарлығынан кейін үкімет тарапынан бірталай іс жүзеге асырылды. Оның ішінде ел тіршілігін жақсарту жағы көзделгендері де болды. Бірақ 1992 жылғы 9 маусымда қабылданған №-513 қаулы бойынша қабылданған үкімет программасы іске аспай қалды. Сондықтан да болар қазір ядролық полигон жері қандай жағдайда, қандай табиғи өзгерістер болып жатыр ел тағдыры болашақта қандай болады бұл туралы ләм-мим жоқ. Ал өмір шіркін бір орында тұрмайды ғой. Қазір ізденіс те, іс те керек. Әзір ауқымы мол жүргізілген не зерттеу, немесе табиғи ортаны қалыптастыру жұмыстары жоқ. Еститініміз- бұл бағытта белгіленген ешбір қаражат жоқ. Кезінде радиация мәселесінде талай істерге мұрындық болған семейлік экологиялық мекемені Өскемен бүгінде тыңдай бермейді. Бұл ащы болса да ақиқат шындық. “Ауруын жасырған өледі” деген сөз бар. Осының кебін кешу нағыз сор ғой. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы бұл туралы ендігі баяндаманы оның бас секретары Кофи Аннан жасамақшы. Енді семейліктер осыдан зор үміт күтіп отыр. Ал бұл өңірде, тіпті Шығыс Қазақстанда да экологиялық жағдай өте ауыр. Бұл тайға таңба басқанда көрініп те, білініп те тұр. Атом жарылысы болған кезде ол жерге бүкіл Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі түзілетіні белгілі. Оның бәрі радиация шығарады. Осының ішіндегілері “Цезий-137” мен “Сронций-90” және “Плутоний-239” адам өміріне өте қауіптілері екен. Олардың жоғалуына жүздеген жылдар қажет. Тіпті қайсыбірінің сәулененуі мыңдаған жылдарды қамтиды. Соның бәрі әлі күнге жым-жылас жабулы тәрізді. Осыны зерттейтін Курчатовтағы ядролық орталыққа қарайтын радиациялық қауіпсіздік және экология институты 1996 жылы жазда, далалардан топырақ, өсімдіктер жинап, аз-маз жұмыс істеді. Оған бұрынғы Экология және биоресурстар министрлігі қаржы бөлді. Бірақ қазір бұл іс тоқтап қалды. Мұндай қарқынмен жұмыс жүргізсек бұрынғы Семей облысының атомдық сынақтардан көрген зардаптарын зерттеуге және картасын жасауға әлдебір ғасырдан артық уақыт қажет. Атом бомбасын ауада сынаудың зияндылығы өз алдына, оның жер бетіне де сынау одан да сорақы боп шықты.
Семейден таяқ тастам жерде Шаған және Ащысу атты өзендер түйісетін жер бар. Сонда кезінде “Минводхоз СССР” деген министрліктің атом энергиясын пайдаланып көл жасауға, канал қазуға болады деп қызығушылығы 1964 жылы жер бетінде атом бомбасы сынағын бұрқ еткізді. Құдай салмасын диаметрі үш жүз метр жердің топырағы аспанға көтеріліп, 3,5 млн гектар текше метр топырағы алынған көл пайда болды. Бұл қыс мезгілі болатын. Күн түсіп тұрған жап-жарық Семей қаласын әп-сәтте көзге түрсе көрінбейтін қараңғылық басты. Шаң-тозаң ешнәрсені көрсетпей тастады. Әрине, шаң-тозаң радиациялы сәуле шығаратын нағыз пәленің көзі ғой. Халықаралық экологиялық тазалықты бақылаушы “Гринпис” ұйымы бұл жарылыстың ең сорақы деп бағалады. Кезінде АҚШ-та атом энергиясының қуатымен қызу бағдарламасы “Плаушер” деп аталды. Оны қазақшаласақ “Соқа” деген сөз шығады. Американ ғалымдары мұндай ғылыми теорияны дамытқанмен іс жүзінде пайдаланбады. Ал бізде бұл жарылыстың қайғылы айғағы болып –атом көлі қалды.
Семейде, Курчатовта, АҚШ оқымыстылары, әйгілі медицина ғалымдары көптеген конфренциялар өткізді. Біз оларға көкейтесті сұрақтарды да көптеп қойдық. Ядролық жарылыстардың адамның өсіп-өрбуіне тигізер зияны мол, ол адамның қанша мөлшерде радиациялық сәулеленуіне тікелей қатысты деген жауаптар алдық. “Бізде,-дейді Американның медицина ғалымының докторлары мен профессорлары,-атом сынағы 1942 басталды. Соның анық-қанығына жету үшін бесінші ұрпаққа дейін тосуымыз керек. Оған әлі талай жылдар керек, белгіленген адамдарымыз бар, соларды зерттейміз”. Жапон оқымыстылары мен журналистері де Семейге көптеп келді. Олар да Хиросима мен Нагасаки зардаптары әлі тексеріліп біткен емес, ұрпақтар зерттелуде дегенді айтты. Солай бола тұрса да атом зардаптар жөнінде әр түрлі пікірлер айтылуда. Мысалы, 1998 жылдың 16 қаңтарында “Караван” басылымының 35-ші бетінде шыққан емші Қанат Қабдрахмановтың “Большая ложь о Семипалатинском полигоне” деген мақаласы оқырманды елең еткізді. Ол радиациямен сәулелену тұқым қуаламайды екен, мен оны Э.Дж.Холдың “Радиация и жизнь” деген кітабынан деп содан алынған деректерге жүгінеді. Жастар арасында біраз әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, бір-екі беделді адамнан сұрап, радиациялық сәулелену тұқым қуаламайды екен, бәрі бос сөз дегенді айтты. Қанат Қабдрахмановқа айтқаныңыз келсін дер едік. Бірақ оның мынандай бір шатақ жері бар. Ол атомдық сынақтардың адам денсаулығына ешбір әсері жоқ. Оны әркез жүргізуге болады дейді. Ендеше семей жеріндегі 500 атом бомбасы жарылғаны аз екен, тағы да 500-ін сынасақ қайтеді? Полигонды қайта жандандыруға болады екен ғой. Осы жағдайды тілеп отырғандардың құдығына су құю ғой бұл. “Жерден жік шықты” деген осы болар сірә!
Қазір жер-көктегі жаңалық атаулыны аңдитындар көп. 1958 жылы Сиборг және Корлисс деген АҚШ-тың әлемге танылған екі оқымыстысы “Атом и человек” деген кітап шығарды. Соның ішінде көп мәселе жаңғақша жарылып, оқырманға ұсынылды. Ген теориясы да айтылды. Жапониядағы атом зардабының зерттеулері де кеңінен талқылана келе түсінгенім, бұл тұқымың қандай болса өзің сондайсың дегенге келіп саяды.
Ген теориясын өсімдіктерге Вавилов жүргізсе, кейіннен ол басқа да көптеген саланы қамтыды. “Генная инженерия в металлургии” деген кітап та шықты. Оны өте білгір ғалымдар жазыпты. Солардың айтуынша жерде жатқан сым темірді бұрап спираль жасап электр қыздырғышқа қойсаң, кейін оны тексерсең әлгі темір спираль өзінің бұрын кім болғанын әсте ұмытпайды екен. Енді металлург ғалымдар осыны пайдаланып, XXI-ғасырда металлургияда, компьютерде жаңа технология жасамақшы. Бұл ғылымда жасалатын үлкен жаңалық көрінеді. Тат басқан темір өзін ұмытпағанда адам ең күрделі дүние емес пе? Төрелігін ғалымдар айта жатар, бірақ Қ.Қабдрахмановтың мақаласы, яғни эксперименті жастар арасында қазір жоқ үрейді туғызуы әбден мүмкін....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Семей полигоны туралы жалпы түсінік туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Семей полигоны туралы жалпы түсінік на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Семей полигоны туралы жалпы түсінік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]