Реферат: Сана сезім психикасының ең жоғарғы сатысы
Сана –– объективтік дүниенің бейнесі.
Идеалтер сананың екінші, материяның екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйеніп айтады? Олардың ойынша адам санасында объективтік дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-шайтан, су перісі т.с.с. діни ұғымдар болады. Сонда объективтік дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады деп күдік айтады. Ал енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік, дейді әлгі идеалистер. Онда олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан, тек соның ғана жемісі деу керек деген теріс қорытынды шығарады. Бұған бертін жауап нақты. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: «ана дүние» , «жұмақ» , «пері» , «дию» т.б. ұғымдарды діндар адамдар ойлап шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтан пайда болған демейміз, белгілі бір құбылыстарға еліктеу, мидың соларды ойша құрастыруы арқылы пайда болған. Сондықтан да қай халықта болмысын, жын да, шайтан да, басқаларда да негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елететіледі. Өмірде тіпті жоқ және болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған емес. Тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге еліктеп жасайды. Сондықтан да жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы адамдардың, немесе жаман жағымсыз адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді. Негізсіз ой туындамайды. Мұның бәрі сананың қайнар көзі ми емес, ми арқылы бейнеленетін объективтік материялық заттар мен құбылыстар екендігі. Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін сыртқы дүние. Сол әсерлер ортады қорытады, шешім жасайды. Мұндай әсерлерсіз ми өздігінен ой қоратпайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуде. Ми –– алдымен объективті шындықты дәл, былайша айтқанда сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективтік шындық ешқашан абсолютті дәлме-дәл болмайды. Сана оның идеалдық бейнесі. Өмір санадан гөрі терең құбылыстарға бай. Мұны Гегель де мойындаған болатын. Бұл дәлме-дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны тудыратын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс соңында сананы құрастырады. Сана материядан тіпті басқа өзгеше сапа, рухани құбылыс.
Бейнелеу формаларының эволюциясы.
Бейнелеу –– жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізгінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші денеге тигізген әсерінің салдары жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күнен, желден, ыстық, суықтан, жаңбыр, қардан жартас ыдырап, қиыршық құмға айналды. Теңіз жағасындағы тастар қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып жылтырататын су толқыны. Сана да дәл сондай әсердің нәтижесі. «Бүкіл материяның шын мәнінде түйсікке ұқсайтын қасиеті, –– деп жазды В.И.Ленин, –– бейнелеу қасиеті ..». Бұл пікір тірі материя мен өлі материя арасында табиғи байланыс бар екенін көрсетеді. Бұдан келіп, ең жоғарғы бейнелеу –– сананың өзі де бірден пайда болмай, бірте-бірте дамудың нәтижесінде шыққаның көреміз. Өлі материяда бейнеленудің екі түрі кездеседі, бірі –– изоморфизм, екіншісі –– гоммофизм. Изоморфизмде бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасында айнымас ұқсастық болады. Мәселен, нақты самолет пен оның кішкентай моделі арасындағы ұқсастық немесе түрлі тастардың бетінде сақталып қалған ертедегі болған өсімдік, жәндіктердің бейнесі. Ал гомоморфизм дегеніміз бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасында ұқсастық дәлме-дәл емес, жоба түрінде болатыны. Мәселен, жер бедерінің картадағы көрінісі.
Өзіндік сана (сана-сезім).
Сана белгілі бір дәрежеге жеткенде өзіндік санаға айналды. Өзіндік сана өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғары сатысы.
Сана-сезім дегеніміз –– адамның өзі жайлы ойлай алатын, сезе білдіретін, әрекеттенетін субъект ретінде түсіне бстауы. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық сана-сезімдергетығыз байланысты. Бірақ, сана-сезім адам өзін-өзі түсінгеннен гөрі кең ұғым. Өйткені оған адамның өзін-өзі сезіну және өзін-өзі реттеу қабілеттері кіреді. Ал, енді сана-сезім қалай, неден басталады? К.Марк айтқандай, адам қолына айна ұстап, не Фихте сияқты «Мен дегеніммен» деп дайын философ болып тумайды. Ол өзінен басқа адамға қарап тұрып, айнаға қарағандай өзін, өзінің сондай адам екенін көреді. Өзінің де басқа адамға сондай адам екенн ұқтырады. Керек десе адам өзінің дене құрылысын да бірден байқамайды, басқаға қарап, келе-келе түрлі әрекеттер арқылы сезеді. Сонымен адамның айнасы басқа адам. Соған қараптұрып өзін көреді. Сана-сезімінің бастамасы міне осы. Одан соң, адам өзін-өзі көргісі келсе, оны өз еңбегінен, атқарған ісінен көруі керек. «Мен пәленмін» , «Мен түгенмін» дегеннен міне, бұл адамның заттандырылған санасы, ойы. Сана-сезім, бір жағынан, танымдық, екінші жағынан, әрекеттік рухани құбылыс. Сондықтан, адам өзін-өзі танып қана қоймай, өзіне-өзі баға береді, ісін елекке салады, өзін басқамен салыстарады. Сонымен, сана-сезім философия, социология, этика, психиология, педагогика, этнография сиқты бірнеше ғылымдардың басын біріктіретін құбылыс. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Сана құрылымы Сананың пайда болуы
» Курстық жұмыс: Психология | Психика мен сананың негізгі түрлері мен қасиеттері
» Курстық жұмыс: Психология | Психика мен сана
» Реферат: Психология | Сана-адам миының функциясы
» Мақал - мәтел: Шайтан, жын, сайтан, пері, ібіліс, албасты

Іздеп көріңіз: