Реферат: Саңырауқұлақтар

Реферат: Саңырауқұлақтар

Жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақтар – Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт ( мухомор), боз арамқұлақ ( поганка), жалған түбiртек ( ложный опенок), жалған түкiжем ) ложная лисичка) және т.б.
Шыбынжұттың түрлерi: қызыл шыбынжұт, сұрғылт- қоңыр шыбынжұт, порфир шыбынжұты, ақ қалпақшалы сасық шыбынжұт, бозғылт – сары шыбынжұт және т.б.
Шыбынжұт саңырауқұлағының құрамында шыбынды өлтiретiн улы зат « мускарин» алкалоиды болатынын анықталды. Көбiнесе шырша, қарағай, балқарағай ормандары мен қайың ағаштарының жарық көп түсетiн ашық алаңдарда өседi. Қызыл шыбынжұттың диаметрi 20 см-дей, қалпағы күңгiрт – қызыл түстi, әр жерiнде сүйел тәрiздi ақ дақтары жуылып кетедi.
Уы тез әсер етедi, адам тұншығып, тыныс алуы нашарлайды, сiңiрi тартылып, талып қалады. Ертеде шыбынжұттан жасалған препараттарды бездiң iсуi, өкпе ауруы, жүйке жүйесi ауруларына қарсы пайдаланған және шыбын, қандала, бүрге сияқты зиянды жәндiктердi өлтiру үшiн қолданған. Қазiргi кезде медицинада түрлi препараттар әзiрлеу үшiн шикiзат көзi болып табылады.
Боз арамқұлақ ( бледная поганка) – ақ, сарғыш, жасылдау, сұрғылт – ақшыл түстi қалпағының үстiнде мақта тәрiздi қабыршақты ақ жарғақтары бар. Дiңгегiнде жарғақты белдеушесi болады. Түп жағын қалта тәрiздi жамылғы қаптайды. Көбiнесе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман шетiнде өседi.. Құрамында « фаллоидин» алкалоиды болғандықтан өте улы саңырауқұлақтардың қатарына жатқызады.
Қазіргі уақытта қос қанатты қан сорғыш жәндіктерді биологиялық әдіспен құртуда болашағы зор ауру тудыратын қоздырғыштардың бірі- аскомицетті саңырауқұлақтар. Жәндіктерде ауру тудыратын басқа қоздырғыштарға қарағанда саңырауқұлақтар толығырақ зерттелінген. Жәндіктерде кездесетін саңырауқұлақтардың көбі Аscomycetes класына жатады, олар екі қатардан тұрады: Protoscales, Taphrinales, олардың ішінде толық зерттелмегені шіркей дернәсілдерінің ауру қоздырғышы - Coccidiascus Chatton. Бұл саңырауқұлақты бірінші рет тексеріп жазған П.Дебазье (1961) болды. Ауру қоздырғыш шіркей дернәсілдерінің ішкі мүшелерінде гемицелийінде мекендейді. Coccidiascus Chatton ауру қоздырғышының екі түрлі спорангиясы болады, бірі-жаздық, екіншісі-күздік. Бұл спорангилердің бір-бірінен көлемі және ішкі құрылысы жағынан айырмашылықтар бар.Осы қоздырғышпен ауырған шіркей дернәсілдері қуыршақ сатысына жетпей өледі. Азия мен Европа континентінде көп тараған шіркей дернәсілдерінің түрінде осы саңырауқұлақтар бар.
A.ruber. саңырауқұлағы ТМД-ның барлық жерінде кездеседі және жәндіктердің көп түрінде ауру қоздырады.Бұл ауру қоздырғыш Өзбекстанда Aedes пен Culex туысына жатанын маса дернәсілдерінен табылғаны жөнінде деректер бар(Щербань, Гольберг 1971).
Суда мекендейтін Blastocladiales қатарына жататын саңырауқұлақтардың бір тұқымдасы атап айтқанда Coelomomucetaceae қос қанатты қан сорғыш жәндіктердің суда дамитын сатыларының ауру қоздырғышы болып саналады.Бұл тұқымдасқа жататын ауру қоздырғыштардың көбі жәндіктердің кейбір түрін ғана ауыртады, ал басқа түрлерінде ауырған популяциядағы маса дернәсілдерінің саны 1 пайыздан 95 пайызға дейін жетеді.Табиғатта Coelomomucetaceae тұқымдасына саңырауқұлақтар көп. Ғылымға қазіргі уақытта осы тұқымдасқа жататын саңырауқұлақтардың 30 түрі белгілі болып отыр.



Саңырауқұлақтар
Елімізде бұл тұқымдасқа жататын саңырауқұлақтардың түрі жәндіктерде кездеседі. Мысалы осы тұқымдасқа жататын саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінің Украинада(Андреева 1975), Краснодар өлкесінде (Морозов 1967), Астрахань облысында ( Жаров 1973), Өзбекстанда (Шербань, Гольберг 1971), Тува АССР-де (Гольберг 1975), Қазақстанда (Дубицкий, Данебеков,Дешевых, 1967) табылғаны туралы хабарлады.
Қазіргі уақытқа дейін осы саңырауқұлақтың морфологиясы, мицелийдің, зооспорангийдің, зооспордың құрылысы толық зерттеліп отыр. Colomomyces туысына жататын саңырауқұлақтардың кейбір түрлерін айтқанда C. Phsoropora, C. Iliensis қоздырғышының қан сорғыш маса дернәсіліне тигізетін әсерін байқау үшін маса дернәсілі өсіп дамитын көлшіктерде , ойпаң жерге жайылған суларда тәжірибе жұмыстарын жүргізуге болады. Тәжірибеде саңырауқұлақтар ауру қоздырғыш ретінде жақсы нәтиже көрсеткен. Бірақ бұл ауру қоздырғыштарды масамен биологиялық күресте кеңінен қолдануға кедергі болып отырған жай- оларды жасанды ортада өсіру мәліметтер аз. Сондықтан осы мәселенің шешу үшін барлық жерде көптеген зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Entomophtorales тобына жататын саңырауқұлақтар жәндіктердің 12 отрядының көбнесе құрғақшылықта мекен ететін түрлерінен кездесіп, кейбір түрлерінің ауру қоздырғышы болып болатыны анықталды. Бұл қатардағы саңырауқұлақтар көбнесе құрғақшылықта мекен ететін зиянкестердің санын азайтуда үлкен орын алады. Мысалы, шегірткенің ауыл шаруашылығы дақылдарына тигізетін зияны белгілі. Осыған қарсы Канадада Entomophtorales саңырауқұлағын қолданып, зиянкестердің санын 99 пайызға дейін азайтқан.Дженикстің (1965) деректеріне қарағанда осы ауру қоздырғышпен қан сорғыш маса дернәсілдерінің 10 түрінің ауыратыны белгілі болды. И.А.Рубцовтың (1967) деректеріне қарағанда Entomophtorales саңырауқұлақтың түрлері Ленинград облысында Aedes, Anopheles, Culex туысына жататын масалардың суда дамитын сатыларымен қатар қанаттанған масалар да кездескен. [2, 256 б]
Енді осы саңырауқұлақтың ішінде Қазастандағы қан сорғыш маса дернәсілдерінде кездесетін кейбір түрлеріне тоқталып өтеміз. Coelomomyces iliensis 1969 жылы Іле өзенінің бойындағы жайылмалы суларда мекендейтін Cx. modestus, Cx. Pipens масалардың дернәсілдерінен саңырауқұлақтың бір түрі табылды.Табылған саңырауқұлақпен ауырған дернәсілдің клиникасы жалпы Botrytis туысына жататын саңырауқұлақтармен ауырған дернәсілмен сәйкес болған. Бұрыннан белгілі саңырауқұлақтардың сипаттамасына және саңырауқұлақтарды анықтайтын кестеге қарағанда табылған ауру қоздырғыштың бұрын кездескен саңырауқұлақтарға ешқандай ұқсастығы жоқтығы байқалды. Бұл саңырауқұлақтың түрі жаңа иесінде кездескендіктен және сиппаттамасы басқа саңырауқұлақтарға ұқсас болмағандығы ескеріле отырып, табылған ауру қоздырғышы ғылымға саңырауқұлақтың жаңа түрі енгізілді.Кейіннен бұл ауру қоздырғыш Алматы облысында Каменка, Қаскелең, Есік өзендерінің су жайылмаларында мекендейтін Culex туысындағы маса дернәсілдерінен және Талдықорған облысынан Үштөбе, Үшарал қалаларының жанындағы су жайылмаларында өсіп дамитын маса дернәсілдерінен де табылды. Алматы мен Талдықорған облысының көлшіктері мен жайылма суларында Coelomomyces iliensis саңырауқұлағымен ауырған маса дернәсілдерін май айының бастап қыркүйекке дейін кездестіруге болады. Ауырған дернәсілдер екінші даму кезеңінен бастап біліне бастайды. Алғашқы кезде ауырған дернәсілдің денесі ақшылдау болып келсе, кейіннен Coelomomyces iliensis саңырауқұлақтары мен ауырған дернәсілге тән сары түске боялады, ал кейбір дернәсілдердің түсі қоңырлау келеді. Ауырған дернәсілдер түсінің осындай екі түрлі болуы дернәсілдердегі спорангийдің санының аз-көптігіне және спорангийдің қауашағының жұқа немесе қалың болуына байланысты. Ауырған дернәсілдің қозғалысы баяу, сыртқы тітіркендіргіштерге , инеге немесе таяқшамен түрткенде ешқандай әсері жоқ, судың бетіне сирек шығып, су түбінде көбірек болады, сөйтіп сонда өледі. Ал осындай сулар келешекте бұл ауру қоздырғышын тарататын болады. Суда спорангийлер жетіліп,қауашағынан ажырайды, одан зооспоралар шығып суға немесе топыраққа жайылады. Сау маса дернәсілі зооспораның қорегімен бірге жеп ауырады. Ішекке түскен зооспора қолайлы орта тауып, тұқым беретін мицелий түзеді. [1, 112 бет]
Coelomomyces iliensis саңырауқұлағымен ауырған маса дернәсілдерінің сипаты 3-4 даму кезеңінде анық білінеді. Ал мұның туысына жататын саңырауқұлақтың қай түрімен ауырғанын анықтау үшін ауырған дернәсілді ыдыратып езіп, препарат жасап оны микроскоппен қарап біледі.Осы қоздырғышпен ауырған дернәсілдер көбнесе қуыршақ фазасына жетпей өледі.Бұл саңырауқұлақпен ауырған маса дернәсілдері бір жерден екінші жерге тастауға да төзімсіз келеді және оны 15-40 минуттың ішінде түгелдей қырылып қалады. Жаз айларының жылы уақытында осы саңырауқұлақпен ауырған көлердегі маса дернәсілдерінің саны судың температурасына, деңгейіне байланысты болады. Жақсы жылитын тұрақты таяздау көлдерде осы саңырауқұлақпен ауырған дернәсілдердің саны көп болады. Мысалы маусым-шілде айында судың температурасы 30-350 С болғанда кейбір тұрақты көлшіктердегі маса популяциясының 80-90 пайызға дейін ауырған.
Coelomomyces iliensis саңырауқұлағының қан сорғыш маса дернәсілдеріне залалды екенін байқаған соң, олардың ауру жұқтыру қасиетін жасанды жолмен қоздырып білу үшін зертханада және табиғи суларда көптеген тәжірибе жұмыстары жүргізілді. Зертханалық жағдайда 2-3 литрлік ыдысқа жарты литр қайнаған су құйып, оған масасының 1-2 даму сатысындағы санаулы дернәсілдерін жіберген.Тәжірибедегі дернәсілдерді кепкен жемді ұнтақтап қоректендіріп тұрдық.Осындай дайындалған ыдысқа ауру қоздырғыштарды жібердік.Ауру қоздырғыш есебінде мынадай материалдар пайдаланылды:
1. Coelomomyces саңырауқұлағымен ауырған маса дернәсілін езіп,суспензия жасап қолданды. Езілген дернәсілдердің саны әр түрлі болды (5, 10, 15, 20, 25).
2. Осы саңырауқұлақпен ауырған дернәсілдерді тәжірибеге езбей жібереді, жіберілген дернәсілдердің саны әр түрлі болады (5, 10, 15, 20, 25).
3. Осы қоздырғышпен ауырған маса дернәсілі бар судан әр мөлшерде су алып (100 мл, 200, 300, 400, 500) пайдаланылады.
4. Мұндай саңырауқұлақпен ауырған дернәсілі бар судың топырағы алынды. Алынған топырақтың қалыңдығы 2-3 см ,салмағы әр түрлі болды (50, 100, 150, 200, 300г).
5. Осы саңырауқұлақпен ауырған дернәсілі бар судан жиналған биомасса пайдаланылады. Салмағы 50, 100, 150, 200, 250 г болды.
Осы жасалған тәжірибеден 7-8 күн өткен соң сау дернәсілдердің аурғаны байқалды. Дернәсілдердің ауратындығы барлық тәжірибеде анықталды. Бірақ ауырған дернәсілдердің саны басқа тәжірибелерге қарағанда суспензия жасап жіберген тәжірибеде көп, 88 пайызға жетті. Ауырған дернәсілді езбей жіберу үшін екінші орын алды, 66пайыз, ал қалғандарында аурған дернәсілдердің саны 16-35 пайыздан аспады. Бұл тәжірибелерге қарағанда ауру қоздырғыш неғұрлым көп жіберілсе, ауырған дернәсілдердің саны соғұрлым көп болады.Тәжірибедегі өлген дернәсілдерден препарат жасап, оны микроскоппен тексеріп, анықтап отырдық.
Жоғарыда атап өткендей спорангидің екі түрі, бірі қалың қабыршақты да, ал екіншісі жұқа қабыршақты болады . Қалың қабыршақты спорангий сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді.
Табылған саңырауқұлақтарға зертханалық жағдайда жасалған тәжірибелердің қорытындысы оларды табиғи қан сорғыш маса дернәсілдері көптеп өсетін көлдерде ,тоспаларда зерттеуге мүмкіндік берді.Тәжірибе Cordyceps туысындағы маса дернәсілдері бар табиғи суларға , қолдан қазылған шұңқырлардағы суларға маса дернәсілдері жіберілді.Осы суларға ауру қоздырғыштың бір түрін салды, нәтижесінде ауру қоздырғыш дернәсілдер саны артты.Саңырауқұлақтың осындай қасиеті қан сорғыш маса дернәсілдерін құртуда өте тиімді. Қазіргі кезде шешілмей отырған мәселе –саңырауқұлақты жасанды ортада өсіру.
Қорыта айтқанда жаңадан табылған Coelomomyces iliensis саңырауқұлақтары - қан сорғыш маса дернәсілдерімен биологиялық күресте болашағы бар ауру қоздырғыштардың бірі. Өйткені спорангийі сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына өте төзімді, ауру қоздырғышты кептіріп сақтауға және табиғи сулардағы сау маса дернәсілін оңай ауыртуға болады. Соның нәтижесінде аурған дернәсілдер қуыршақ фазасына жетпей өледі. [3,326 бет] ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Саңырауқұлақтар туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Саңырауқұлақтар на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Биология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Саңырауқұлақтар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]