Реферат: ҰБ ресми есептеу мөлшерлемесі Дисконттық саясат

Реферат: ҰБ ресми есептеу мөлшерлемесі Дисконттық саясат

Ұлттық Банк Қазақстан Республиканың Орталық Банкі Қазақстан Республиканың Ұлттық Банкі-Қазақстан Республиканың орталық банкі болып табылады,әрі ҚР-ң банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Қазақстан Республиканың президентінің «Ұлттық Банк туралы» заң күші бар. Ұлттық банк өз қызметін ҚР үкіметімен ұйлестіреді және онымен ұдайы консультация өткізіп отырады.
ҚР ҰБ өз қызметінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын басшылыққа алады, Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер ол өзінің қызметін орындауы мен ақша-несие және валюта саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтін болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Орталық банк елдің эмиссиялық,резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жұйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын,тауар – ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымыне оныың құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
ҚРҰБ ҚР-ң заңдары негізінде және оларды орындау үшін өз құзырына жататын мәселелер бойынша барлық банктер, сақтандыру ұйымдары, ҰБ берген лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және олардың клиенттері бағалы қағаздар рыногының субъектілері, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалар ҚР-ң аумағында міндетті түрде орындайтын нормативтік актілер шығарады.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкешоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар занды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйккес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің негізгі міндеті-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
-Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олрдың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.
Пайыздық саясат ақша-несие құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банкақша нарығының сұраныс пен несие бойыша ифляция деңгейін жалпы жағдайларына және ифляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтық пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшарлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа еңгізгеннен кейінге пайыздық саясаттың негізгі мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін кқтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни, жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға – тшетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ресми мөлшерлемесінің згеру динамикасы – 1994 жылы қаңтар-ақпан айларында 270%; ал наурыз –тамыз айларында300% қүрады. Теңгенің айырбас бағамының тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуіне байланысты 1994 жылдың ортасынан бастап пйыздық мөлшерлемесінің деңгейі қыркұйекте 280%-ға дейін төмендеп, ай сайын азайып отырады. 1994 жылдың аяғында ол 230%, 1995 жылы-52,5%, 1996 жылдың қыркұйегінде -30%, 1997 жылы - 24% қүрады.
Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әртүрлілігі, пайызды төлемеумен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.
Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болды. Бұл мемлекеттік қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.
1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және банктердің қызметін реттеу туралы» Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы деппозиттік міндеттемелерінен 30% мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында шетел валютасындағы деппозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ға дейін төмендеді.
1994 жылғы ақпан – көкек айларындағы, кәсіпорындардың міндеттемелері мен өзара талаптарын республика ішіндегі шаруашылықаралық есепке алу арқылы төлемсіздік мәселесін шешуге ынтасы өткен жылдың тағы бір рецидиві болып шықты. Есепке алу нәтижесіндегі өткен жылғы наурыз айындағы ақша массасы оның алдындағы айдың көрсеткішіне қарағанда 40,6%-ға, ал көкек айында -56,4%-ға өсті.
Ұлттық банк 1994 жылы көкек айында мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің бірінші аукционын өткізгенде Қаржы министірлігі бастапқы үш айда сату көлемін 1,5-2,3 млн. Теңгеден, 1994 жылы жельоқсан айында -171,7 млн., ал 1996 жылдың маусымында – 3млрд. Теңгеге дейін көтерді. Дисконттық баға 1994 жылы маусымда -55,65%-дан 1996 жылдың ортасында 92,92%-ға дейін өсті.

2.Ұлттық банктің ресми есептеу мөлшерлемесі
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшермелерді белгілейді:
- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
- ресмми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;
- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- Овернайт займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- Күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі:
Ресми қайта қаржыландыру – ақша нарығының жалпы жағдайына, несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банктің заң актілері ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ- басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі- ақша нарығының жалпы жағдайына несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке операцияларында қолданылады. Ресми есептік ( дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуге қолданылады.
ҚР-ң ҰБ заңы 34-бап. Ресми есептеу(дискоттық) ставкасы.
1.Қ.Ұ.Б ресми есептеу (дискоттық) ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүзеге асырады.
2.Қ..Ұ.Б ресми есептеу (дисконттық) ставкасын ақша рыногының жалпы жай күйіне, кредиттер бойынша сұраныс және ұсынысқа қарай анықтайды.
3.Қ..Ұ.Б мемлекеттік ақша-несие саясаты шеңберінде банктердің есептеу (дисконттық) ставкаларына ықпал ету үшін есептеу (дисконттық) саясатын жүзеге асырады.
4.Қ.Ұ.Б вексельдерді қайта есепке алу тәртібін ҚҰБ вексельдерді есепке алуға қабылдауы үшін ұсынылатын шарттарды белгілейді.
Ұлттық банкі пен Қазақстан Республикасының Министірлер Кабинеті арасындағы 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді.
Дириктивті несиелер Үкімет белгіленген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған (27,5 млрд. теңге) несиелердің 75 % -ы несиеге берілген.. сонымен бірге бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд.теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17% несиесін құрады.
Аукциондық несиелер 1 айдан 3 айға, кейін 6 айға дейін берілді.
РЕПО және кері РЕПОоперациялары бойынша сыйақы мөлшері- жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО- ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайына ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.
РЕПО операциясы – екі бөлімнен тұратын қаржылық операция: бірінші бөлімде(РЕПО ашу) Ұлттық банк бастапқы дилерге бағалы қағаздарды сатады, сонымен бір уақытта Ұлттық банкіге келісімнің екінші бөліміндегі (РЕПО жабу) қатысушыларға ол бағалы қағаздарды сатып алу міндеттемесін жүктеп, ал бастапқы дилерге олрды РЕПО келісімі белгіленген мерзімді Ұлттық банкіге ақша қаражаттарына айырбастау үшін қайтаруды жүктейді. Кері РЕПО операциясының РЕПО операциясынан айырмашылығы- дилер РЕПО – ны жабу кезінде оларды қайта сатып алады.
Бұл операция банктерге қысқа мерзімді несиелеу немесе банктердің артық өтімді қаражаттарын алу( егер ақша массасын реттеу мәселесі қажет болған жағдайда) үшін қолданылады.
Овернайт займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі-Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есп айырысуда дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері – Ұлттық банктің екіші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ –ғы тенгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда зайымдар бойынша қолданылады.
. Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей кестеден көруге болады.
Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері

N Сыйақы м мөлшерлемесінің түрлері 12.2000ж 12.2001ж 12.200
4.. Қайта қаржыландыру
Есептік (дисконттық)
Овернайт заемдары бойынша
РЕПО операциялары бойынша, оның ішінде:
Овернайт
1 жұма
2 жұма
Ескерту: РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8.12.2000 ж. Бастап, мерзімдер бойынша күн сайын белгіленеді.
3.Дисконттық саясат
Экономикасы басқа ердегідей, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі экономиканы реттеуді тікелей өзі емес , ақша-несие жүйелері арқылы жүргізеді. Сонымен қатар ақша-несиелік әсер етудің жолдары мен әдістерін таңдау Ұлттық банк жүйесінің ерекшелігінен, елдің экономикасының тағдарынан тәуелді. Осыған байланысты және басқа елдердің Орталық банктерінің тәжірибесін ескеріп Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі экономикаға әсерін тигізу үшін мынандай құралдарды пайдаланады.
Дисконттық (есептік және кепілдік) саясаты. Бұл несиені реттеудің тарихи ескі әдісі. Коммерциялық банктер өзінің вексельдердің орталық банкіде қайта есепке алғызыды немесе олардың өздерінің қарыздық міндеттемесін беріп, құнды қағаздарын кепілдікке қойып несие алады.
Бұл саясаттың негізгі мағынасы қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін не жоғарлатып, не төмендетіп ақша нарығындағы ахуалға әсер ету.
Іс жүзінде бұл саясат былай іске асырылады:
- егер Ұлттық банк екінші дәрежелі банктердің несиелік әлуетін төмендеткісі келсе, ол есеп мөлшерлемесін жоғарылатады. Сонда басқа жағдайлары бірдей болғанда,қайта қаржыландыру қымбаттайды. Бірақ мұндай жағдайда екінші деңгейлі банктер, біріне бірі банкаралық несие беріп, Ұлттық банктің мақсатын іске асырмай тастаулары мүмкін. Сондықтан қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін ақша нарығындағы жағдайды ескеріп жоғарлату керек. Екінші жағынан Ұлттық банктің қайта қаржыландыру жоғарлатқаны, екінші деңгейлі банктердің бәрін бірдей елеңдетпейді. Орталықталған несие қарызы жоқ банктер клиентін жоғалтпас үшін және жаңадан клиенттер тарту үшін, өзінің несие ресурстарына мөлшерлемені жоғарлатпауы мүмкін. Осындай саясатты қаржы жағынан тұрақты, ірі банктер де қолдана алады.
- егер,Ұлттық банк екінші деңгейлі дәрежелі банктердің қайта қаржыландыру ресурстарына шығуын оңайлатқысы келсе, ол вексельдерді қайта есептеп, есеп мөлшерлемесін төмендетуі керек. Сонда екінші деңгейлі банктердің несие әлуеті жоғарылайды, олар өзінің несие ресурстарына, депозиттарына проценттік мөлшерлемені төмендетуге мүмкіншілік алады. Ұлттық банктің есеп мөлшерлемесін өзгерткені, құнды қағаздардың нарығына жанама әсерін тигізеді. Қайта қаржыландырудың мөлшнрлемесін жоғарлауымен байланысты несие мен депозиттерге проценттік мөлшерлеме жоғарыласа, құнды қағаздарға сұраным азаяды, ұсыныс көбейеді. Сөйтіп, олардың нарықтық бағасының төмендеуіне апарып соғады.
1998-1999 жылдары Қазақстан Республикалық Ұлттық банкісі қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін жиі-жиі өзгертіп отырады. Бұл сол кездегі елдің экономикалық ахуалының тұрақсыздығынан болды. 1998 жылы 5 тамызынан бұл мөлшерлеме 18,5%-тен 20,5%-ке дейін,ол сол жылдың қараша айында 25-ке % дейін көтерілді. Бұл Ресейдегі ақша дағдарысының шиеленісуімен байланысты болған (17 тамыздағы). 1999 жылы шілде мен тамыз айларында қатарынан екі рет төмендетілді:әуелі -22%-ке дейін, сосын 20%-ке дейін. Бұл сол кездегі қаржы нарығының серпіні оңдала бастағанының әсері еді. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат ҰБ ресми есептеу мөлшерлемесі Дисконттық саясат туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ҰБ ресми есептеу мөлшерлемесі Дисконттық саясат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, ҰБ ресми есептеу мөлшерлемесі Дисконттық саясат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]