Реферат: Радиоактивтілік және радиацияға жалпы сипаттама

Реферат: Радиоактивтілік және радиацияға жалпы сипаттама

1. Радиоактивтілік және радиацияға жалпы сипаттама. Изотоптар.
Менделеев таблицасында 100-ден аса химиялық элементтер бар. Олардың әр біреулері дерлік тұрақты және радиоактивті атомдардың қоспасы ретінде келтірілген. Оны берілген элементтердің изотоптары деп атайды. 2000-ға жуық изотоп белгілі, оның ішінде 300-ге жуығы тұрақты.
Ядролық бомбалардың жарылысы кезінде жасанды радиоактивті изотоптардың екі тобы пайда болады. Оның біріншісінде, ыдырау мерзімі қысқа изотоптар ( йод – 131, барий – 140 және басқалар) жатады. Олар жарылыс жасалғаннан кейінгі ең қысқа мерзімде және ядролық сынау жүргізілген жердегі ең жақын төңіректк өте қауіпті, өйткені өзінің пайда болуы мен құруы аралығында қысқа мерзімде алысқа тарап үлгермейді. Екінші топқа жартылай ыдырауы бірнеше ондаған жылдардан бастап бірнеше мыңдаған жылдарға дейін созылатын, ұзақ сақталатын изотоптар жатады. Олардың қатарына көміртегінің изотопы – көміртегі 14-ті жатқызамыз. Оның жартылай ыдырайтын уақыты 5 мың жылға созылады.
Стронциялық изотопы – стронций 90 (St-90) ядролық жарылыстардың ұзақ сезілмейтін неғұрлым қауіптіөнімдері қатарына жатады. Оны жартылай ыдырауы 27 жылға созылады.
Цезийдің изотопы – цезий – 137 өзінің негізгі қасиеттері жағынан стронций – 90-ға жақын. Оның организмде жинақталуы ауыр зардаптарға, тұқым қуалайтын кемістіктердің пайда болуына әкеліп соғады, мұның өзі кейінгі ұрпақтардан көрінеді. Радиоактивті изотоптарды радинуклиттер деп атайды.
Жартылай ыдырау периоды бір типті радиоактивті ядролар саны оның ыдырауы. Ыдырау жылдамдығы жартылай ыдырау периодымен сипатталады. Жартылай ыдырау приоды белгілі бір типті радиоактивті ядролар саны 2 есе азаю үшін кететін уақыт болып табылады.
Жартылай ыдырау периоды ұғымын келесі түрде түсіндіру өте қате болып табылады. Мысалы, «Егер радиоактивте заттың жартылай ыдырау периоды 1 сағатқа тең болса, тағы бір сағаттан кейін екінші бөлігі ыдырап, бұл зат толығымен жойылады, яғни ыдырайды» деп түсіндіру дұрыс емес. Жартылай ыдырау периоды бірсағатқа тең радинуклейд үшін бұл бір сағаттан кейін оның сан мөлшері бастапқыдан екі есе аз, тағы екі сағаттан кейін – 4, үш сағаттан кейін – есе азаятынын көрсетеді, алайда ол толығымен ешқешан жойылмайды.
Әрбір радинуклидтің өзінің жартылай ыдырау периоды болады, ол домесекундтан бірнеше млрд. жылға дейін жетуі мүмкін. Берілген радинуклидтердің жартылай ыдырау периоды тұрақты және оны өзгерту мүмкін емес. Ядролық радиоактивінің ыдырауы кезінде радиоактивті болуы мүмкін.
Радиоактивтілік құбылысы ашылғаннан кейін бұл құбылыс ғылымда, техникада, медицинада, өнеркәсіпте кеңіне қолданыла бастады.
Табиғи жолмен пайда болған радиоактивті элементтерді қоршаған ортаның барлық жерінде кездестіруге болады. Жасанды радинуклидтер қару-жарақ өнеркәсібі мен атом энергетикасында қосымша өнім ретінде көп мөлшерде пайда болады. Радинуклидтер табиғаттада кездеседі. ( Кейбір табиғи радинуклидтердің гидросферадағы, биосферадағы, ауадағы және топырақтағы мөлшері қосымшаның 4-кестесінде көрсетілген).
Қоршаған ортаға түсе отырып, радинуклидтер тірі ағзаларға әсерін тигізеді. Олардың негізгі қауіптілігі де осында. Бұл қауіпті дұрыс бағалау үшін табиғи ортаның ластану масштабы радинуклидтер қосымша өнімі болып табылатын өнеркәсіп орындарының пайдасы, бұл кәсіпорындардардан бас тартқандағы келетін шығындар, радиацияның әсер ету механизмі және радиациядан қоғану шаралары туралы айқын түсінік болуы шарт.
Радиация немесе иондаушы сәуле шығару – бұл бөлшектер мен гамма-кванттар.
Олардың энергиясы затқа әсер ету кезінде әртүрлі таңбалы иондарды туғызу үшін жеткілікті. Радиация құбылысын химиялық реакциялар көмегімен алу мүмкін емес.
Радиацияның бірнеше түрі бар:
Альфа бөлшектер – салыстырмалы түрде ауыр, оң зарятталған бөлшектер, гелий атомының ядролары.
Бетта бөлшектер – жай электрондар.
Гамма – сәулелер – табиғаты жарықтың электромагниттік табиғатына жақын электромагниттік толқындар. Алайда, олардың өтімділік қбілеті өте жоғары. Негізінен жұмыс істеп тұрған атом реакторының маңында пайда болады.
Радиоактивтілік пен радиацияны ажырата білу қажет. Радиация көздері - радиоактивті заттар немесе ядролық – техникалық құрылғылар.(реакторлар, рентген сәулелері, құрылғылар т.б.) біршама ұзақ уақыт өмір сүруі мүмкін, ал радиация тек өзі бір затқа жұтылғанға дейін өмір сүреді. Радиация Беккерельмен өлшенеді, ал 1 секунт ішіндегі бір ыдырауға сәйкес келеді. Радиоактивтіліктің өлшем бірліктері қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген. Активтіліктің заттағы құрамын көбінесе заттың салмақ Бк/кг бірлігіне немесе көлем бірлігіне Бк/куб.м сәйкес өлшейді. Сондай-ақ активтіліктің Кюри деген бірлігі де қолданылады. Активтілігі 1Кюри болатын радиоактивтілік кезінде 37 млрд. ыдырау болып жатады. Радиоактивтілік көздің активтілігі оның қуат мөлшерін сипаттайды. Жоғарыда айтылғандай, бұл ыдырау прцесінде радиоактивті зат иондаушы әсер экспозициялық доза болып табылады. Ол көбнесе Рентгенмен өлшенеді.
1 Рентген өте үлкен өлшем болғандықтан, практикада милиондық Мкр немесе мыңдық МР үлесін пайдалану ыңғайлы. Радиоактивтілікті өлшейтін құрал дозиметр деп аталады. Көп таралған дозиметрлердің қызметі белгілі біруақыттағы иондаудың,яғни экспозициялық доза деп аталатын радиоактивтіліктің иондаушы әсерін сипаттаушы шаманың қуатын өлшеуге бағытталады. Экспозициялық дозаның қуатының өлшем бірлігі – микрорентген болып табылады. Доза қуатымен доза бір-бірімен автомобиль жүріп өткен ара қашықтық, яғни жол сияқты байланысты.
Адам организміне әсерін бағалау үшін эквиваленттік доза мен эквиваленттік доза қуаты ұғымдары қолданылады.
Сәйкесінше, Зивертпен (Зв) және Зиверт/сағатпен өлшенеді. Тұрмыста 1Зиверт – 100 Рентгенге тең болады. Бұл дозаның қандай мүшеге,дене бөлігіне немесе тұтас денеге берілгенін көрсету қажет.
Жоғарыда көрсетілген активтілігі 1Кюри нүктелік көз өзінен 1 метр қашықтықта жуық мөлшермен 0,3 Рентген/сағат экспозициялық доза, ал 10м ара қашықтықта 0,003 Р/сағат экспозициялық доза қуатының азаюы әрқашан орындалады және сәулелену таралуының заңдары мен түсіндіріледі.
Әрбір радинуклидтің өзінің жартылай ыдырау периоды болады, ол домесекундтан бірнеше млрд. жылға дейін жетуі мүмкін. Берілген радинуклидтердің жартылай ыдырау периоды тұрақты және оны өзгерту мүмкін емес. Ядролық радиоактивінің ыдырауы кезінде радиоактивті болуы мүмкін.
2. Радиоактивтілік түрлері жәнеластану жағдайлары.

Табиғи радиоактивтілік миллиардтаған жылдар бойы өмір сүріп келеді және ол барлық жерде кездеседі. Иондаушы сәулелер жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейігі кезеңде және тіпті жердің өзі пайда болмай тұрып-ақ пайда болатын. Радиоактивті материалдар жер пайда болған кезден бастап, оның құрамында болған. Кез келген адамда белгілі бір мөлшерде адиоактивті болады. Адам денесі тканьдерінде табиғи радиоактивтіліктің көзі рубидий – 87, калий – 40 болып табылады. Қазіргі адам өз уақытының 80%-ін жабық кеңістікте, яғни үйде не кеңседе өткізеді де,радиацияның негігі дозасын сол жерде қабылдайды. Құрылыстар мен ғимараттар сыртқы сәулеленуден сақтағанмен, олар салынған құрылыс материалында табиғи радиоактивтілік болады. Адамның ионды сәулеленуіне радон және оның ыдырау өнімдері әсер етеді.
Радон-бұл радиоактивті инертті газдың негізгі көзі – жер қыртысы. Іргетастағы, қабырғадағы жарықтар мен сызаттар арқылы радон бөлмелерге енеді және ұзақ мерзімге дейін сақталады. Радонның жабық бөлмедегі тағы бір көзі-бұл құрылыс материалдарының өзі болып табылады. Бұл құрылыс материалдарының құрамында табиғи радинуклиттер болады. Сондай – ақ радон үйлерге су арқылы да жеткізілуі мүмкін (әсіресе су артезиандық скважиналардан алынатын болса). Радон табиғи газдың жану прцесінде және тағы басқа жағдайларда пайда болуы мүмкін. Радон ауадан 7,5 есе ауыр. Осының нәтижесінде радонның концентрациясы биік үйлердің жоғарғы қабатында төменгі қабатқа қарағанда әлде қайда аз болады. Радонмен сәулеленудің негізгі дозасын адам жабық, желдетілмейтін орында отырып қабылдайды. Бөлмені күнделікті желдете отырып, радон концентрациясын бірнеше есеге азайтуға болады.
Техногенді радиоактивтілік – адамның іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Табиғи радинуклидтердің қайта бөлініп, концентрациялануы пайда болвтын саналы шаруашылық іс-әрекет процесінде табиғи радиациялық фонның өзгеруіне әкеліп соғады. Бұған тас көмірдің, мұнайдың, газдың және т.б. жанғыш пайдалы қазбалардың, фосфат тыңайтқыштарының, кен өндірілуі мен өңделуінің де кең әсері бар. Адамзаттық авияция сияқты транспорт түрі өз жолаушыларын ғарыштық сәулелердің жоғары әсеріне ұшыратады.
Әрине, сонымен бірге ядролық қаруды сынау, атом энергетикасының кәсіпорындары мен өнеркәсіп орындары бұған өте үлкен үлес қосуда. Радиоактивті көздердің таралуы мүмкін екендігі сөзсіз; бұл-авариялар, радиоактивті заттардың шашырап, шашылуы және тағы басқалар. Қуанышқа орай бұндай оқиғалар жиі болмайды.
XX ғасырдың екінші жартысынан бері биосфераның радиоактивті ластануы шапшаңдай түсті. Онда радиоактивтік заттардың таралуы жыл сайын артып отыр. Географиялық қабықтың сан милион жылдар бойына тұрақты қалыпта болып келген радиоактивтік фон деңгейі көтеріле бастады. Бұл процестің келешектегі барлық зардаптарын болжап білу қиын.
Радиоактивтілік ластайтын заттарды тарататын негізгі көздер әзірге ядролық жарылыстар болып отыр. Осы жарылыстардың салдарынан 1945-жылдан бері атмофераға түрлі рдиоактивті изотоптар, оның ішінде ұзақ уақыт сақталатын радиоактивті заттар тарала бастады. Олар атмосферадан топыраққа, беткі және грунт суларына, мұхиттар мен теңіздерге, тірі организмдерге түседі.

3. Радицияның ағзаға түсу жолдары мен әсері.

Сәулеленудің зардаптары бөліну үстіндегі жасушаларға қатты әсер етеді. Сондықтан ол үлкен адамдардан гөрі жас балалар үшін қауіптірек. Адамдардың денсаулығына химиялық және шойын өндіру өнеркәсіптерінің үлкен нұқсан келтіретінін есте ұстау қажет.
Адам организмі радиация көзіне емес, радиацияға жауап береді. Радиоактивті заттар болып табылатын радиация көздері ішек жолдары арқылы сумен және тамақпен бірге, өкпе арқылы тыныс алу кезінде, аз мөлшерде тері арқылы, сонымен қатар мадициналық радиоизотопты диагностика кезінде адам организміне түсе алады.
Бұл жағдайда ішкі сәулелену пайда болады. Радиация жануарлар мен өсімдіктерде де үлкен өзгерістер туғызады. әр организмнің радиосезімталдығы әр түрлі. Табиғатта радиосезімталдық бактериаларда байқалады. Осыдан көп жылдар бұрын Сахарада «Франция» атом бомбасы жарылғанда бүкіл жәндіктер, жануарлар арасында сарышаян радиациямен әсерленбеген. Сарышаяндар гамма сәулелердің жүз мың рентген күші бар жерде аман-сау тіршілігін сақтап, өмір сүре берген. Ал адамға оның 700 рентген сәулесі қатерлі, неліктен сарышаяндардың радиосезімталдығының жоқ екендігі құпия, ол зеттейтін мәселелердің бірі екніне оқымыстылар көңіл бөлуде. Бұл мәселені зерттеп, шешу адамға радиацияның қаіпті әсерінен сақтау үшін көмектесетін жаңа заттар шығаруға көмектесер еді. Ал, радиоактивтіліктіңадам ағзасына әсері жайлы сөз қозғасақ, радиацияның адамға әсерін сәулелену деп атайды. Бұл жердің негізін радиация энергиясының ағза жасушаларына берілуі құрайды. Сәулелену зат алмасуының бұзылуына, инфекциялық аруларға, майкөз, әр түрлі ісік аурулары, сәулелік күю сәуле ауруына әкеліп соқтырады.
Сәулеленудің зардаптары бөліну үстіндегі жасушаларға қатты әсер етеді. Сондықтан ол үлкен адамдардан гөрі жас балалар үшін қауіптірек. Адамдардың денсаулығына химиялық және шойын өндіру өнеркәсіптерінің үлкен нұқсан келтіретінін есте ұстау қажет.




4. Радиациядан қорғану әдістері болашақ.
Радиацияны радиоактивті заттар немесе арнайы құрастырылған құрылғылыр тұрғызады. Ал, радиацияның өзі, ағзаға әсер ете отырып, онда радиоактивті заттарды өндірмейді және оны радиацияның жаңа көзіне айналдырмайды. Осылайша, адам рентгендік флюрографиялық тексерілуден кейін радиоактивті болмайды.
Айта кететін жайт, рентгендік пленка немесе сурет те радиоактивті сәуле шығармайды. Бұл тұжырымға ағзаға радиоактивті препораттар (мысалы, қалқанша безін (изитовидная железа) радиоизотопыты тексеру ) әдейлеп енгізген жағдай ғана бағынбайды. Алайда бұл түрдегі препараттар олардың радиоактивтілігін ыдырау есебінен тез жоғалтатындай етіп таңдап алынады.
Радиациялық сәулелену ағзаның гинетикалық жағдайына пайдалы және зиянды әсерін тигізеді.
Пайдалы әсері.
- Рентген және күлгін сәулелер химиялық заттар әсері арқылы антибиотиктер түзетін саңырауқұлақтар табиғи қасиетін өзгерту үшін зерттеулер жүргізу.
- Тіршілік ету жағдайында антибиотиктер сонымен қатар В12 дәруменін түзетін микроорганизмдердің жоғары активті штампаларын шығару және тағы басқалар.
- Сәулелену әсерінен пайда болған тұқвм қуалау қасиетін жібек құрттарының өнімін, сапасын арттыру үшін сақтап, өндірісте кең пайдалану.
- Жануарлар мен өсімдіктер тұқымын жақсартуда және өнімін өсіруде сәулелену қолданылады (мыс, радиациялық селекция тәсілі).
- Адам өміріне қажет, маңызды ферменттер, органикалық қышқылдар, саңырау құлақтарды және микробтарды сәулелендіру үшін алады.

Зиянды әсері.
- Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы тұқым қуалау қасиетінің құрылымына әсер ету нәтижесінде ұрпақтарға таралатын табиғи мутацияға келтіреді.
- Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы және ядролық сынақ әсерлерінен өмір сүру ортасына қарай ұрпақтарда 500-ден астам түрлі аурулар пайда болғандығы анықталады. Солардың ішінде, мысалы ергежейлілік, гемофолия, дальтонизм, заттардың алмасуынан болатын ауру түрлері, ұрпақтардың дене және ой еңбегіне сонымен қатар тіршілік етуге қабілеті әлсірейді, өмір сүру мерзімі қысқарады және т.б.
- Иондық сәулелену немесе химиялық заттар әсерінен болған мутация рецессивті сипатталады, бірақ адамда доминантты мутация кездеседі және ол тым жақын уақытта ұрпақта байқалады.
Иондаушы радиацияның тірі ағзаға әсері әлемдік ғылымды радиоактивтіліктің ашылып, қолданыла бастауының алғашқы қадамдарынан қызықтырған. Бұл кездей соқтық емес, себебі басынан бастап зерттушілер радиоактивтіліктің зиянды әсерімен кезікті.
Сонымен, 1895 жылы Рентгеннің көмекшісі В. Груббе рентгендік сәулелермен жұмыс істеу үстінде қолын күйдірді, ал радиоактивтілікті ашқан Француз ғалымы А. Беккерель радийдің сәулеленуінен қатты тері күйігін алды.
Радиацияның адамға әсерін клиникалық зерттеулер 40 жыл бойы жүргізілуде, бірақ радиацияның адам мен қршаған ортаға әсері жайында шынайы ақпарат тұрғындарға жетпейді. Радиация шынымен де өте қауіпті. Ол үлкен дозаларда рак ауруын қоздырып, генетикалық ауруларды тудыруы мүмкін. Зерттеушілер бойынша Хиросима мен Нагасакиде лейкоздың жоғары қаупі 5 жыл өткеннен кейін барып бірақ байқалған. Бұл аурудың салдары тек 25 – 30 жылдан кейін ғанажойылған. өлім жағдайлары тек сәулеленудің өте үлкен дозаларынан кейін ғана байқалды. Хиросима мен Нагасакида II дүнйе жүзілік соғыста тасталған ядролық қарудың жарылуы нәтижесінде сол жердегі тұрғындардың денсаулығына үлкен нұқсан келді.
Сондай-ақ 1995 ж. Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде жүргізілген аэрограмма, спехтографикалық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі 65-100 мкм/сағ. болғанын көрсетті.
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан териториялардың да қалыптасуына теріс әсер етті.
XX ғасырдың ортасында ядролық қаруды Қазақстанда сынау адамдар өміріне өлкен зияндар тигізді. Көптеген адамдардың өмірі қиылып, балалар мүгедек болып өмірге келді.
Саясаттың құрбанына айналған жер-анаға тиген зардап әлі күнге дейін сыр беруде. Сондықтанда радиоактивті заттарды қолдану кезінде де үлкен сақтықпен қарап, оларды тек бейбіт мақсатта пайдалану қажет.
Радиация көзінен уақытпен, арақашықтықпен, сондай-ақ затпен қорғанады.
Уақытпен қорғану дегеніміз – радиация маңында неғұрлым аз уақыт өткізсе, қабылданатын сәуленің дозасы соғұрлым аз болады.
Ара қашықтықпен қорғану – сәулелену арақашықтықтың артуының квадратына кері пропорционал болады. Егер 1 метр арақашықтықта дозиметр 1000 мкР/сағ болса, 5 метр қашықтықта 40мкР/сағ шамасын көрсетеді.
Затпен қоғану – адам мен радиация көзінің арасында неғұрлым көп және тығыз заттың болуы. Бұл зат радиацияның белгілі бір бөлігін жұтады.
Ал жабық кеңістіктегі радиацияның негізгі көзі радонға келсек, бөлмені күнделікті желдетіп отыру олардың дозасының азаюына септігін тигізеді. Одан басқа, үйдегі жөндеу жұмыстары мен құрылысқа келсек, радиацияның қауісіздік материалдарды пайдаланған дұрыс. Адам ағзасы сәулелену өрісіне қорғансыз болып табылады. Сондықтан зиянды иондаушылар, яғни ағзаның сәулеленуіге деген қорғанысын арттырып, сәуле ауруының ауырлық деңгейін төмендететін дерлікпрепараттар қолданылады. Бұл препараттар адам ағзасына сәулеленуден бұрын енгізіліп, сәулелену кезінде ағзада болса, олардың емдік қасиеті артатүседі. Мысалы, йод қалқанша безінде жиналатындығы бегілі. Сол себептен, егер радиоактивті йод-131 ағзаға түсу қаіпі бар болса, онда ағзаға тұрақты йод немесе калий иодидін енгізеді.қалқанша безінде жинала отырып, йодтың радиоактивті емес түрөзгерістері онда йод 131 радиоактивті элементінің жинақталуына кедергі жасайды.
Стронций – 137 элементінен қорғану үшін құрамында кальций бар азық - түлік өнімдерін тұтыну крек. Олар асбұршақ, сүт, орамжапырақ және т.б.
РС – 1 препараты тез әсер ететін радиопртектор болып табылады. Қорғау эфектісі 40-60 минуттан кейін байқалады да 4-6 сағатқа дейін сақталады. Б -190 препараты өте тез әсер ететін препарат. Оның әсері 5-15 минуттан кейін басталып, 1 сағатқа дейін созылады.РДД – 77-ұзақ уақыт әсер ететін продиопротектор. Оның қорғау әсері екі тәуліктен кейін байқалып, 10-12 тәулікке дейін сақталады.
Сондай-ақ ағзаны радиациядан қорғайтын жеміс жидектер де бар. Бұл сары өрік, жүзім, алмұрт, итмұрын, алма және т.б. Құрамында радинуклейдтер аз болатын өнімдерге рафинадталған өсімдік майы, крахмал, қант, қарақат жатады.
Ең алдымен өнімдердің радиация деңгейін және оларды радинуклейдтерді жинақтау қабілетін білу қажет. Тіпті, ішкі өнімдерді қарапайым механикалық өңдеу олардың құрамындағы радинуклейдтер мөлшерін 20-дан 60%-ке дейін төмендетеді. өнімдердің радиоактивті ластануының мөлшері 4 кБк/кг (л) немесе 8*10^-7 Кл/кг(л)-ден аспауы тиіс. Азық өнімдерінің радиоактивті ластануы байқалса дереу қалалық санитарлық – эпидемиологиялық қызмет орындарына хабарлау қажет.
Халықаралық радиациядан қорғау ұйымдар.
XX ғасырдың 20-жылдарының аяғында радиациядан қорғау жөніндегі халықаралық комиссия (МКРЗ) құрылған болатын. 50-жылдардың басынан бастап әлемдік қауымдастық иондаушы сәулелердің адам ағзасына, қоршаған ортаға әсері мәселесіне көңіл бөле бастады. Бұл Хиросима мен Нагосакидегі бомбалау, сонымен қатар ядролық қаруды сынаудың радиоактивті материалдардың бүкіл жер шарына таралуына әкеліп соғуына байланысты еді.
Радиоактивті жауындардың биологиялық объектілерге әсері бойынша жеткіліксіз болғандықтан, 1995 ж. БҰҰ – ның бас ассамблейясы атомдық радиацияның әсері жөніндегі ғылыми комитет құрды. Оның негізгі қызметі әлемдік масштабта сәулелену дозасын, әсері мен салдарын бағалау еді. МА ГАТЭ – нің қызметінің негізгі бағыттарының бірі – атом станцияларының қауіпсіздігі мәселе болып табылады.
Өз елімізге келсек, Қазақстан Республикасында ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің мемлекеттік инфрақұрылымы құрылған. Радиациялық қауіпсіздік мәселелерімен Атом энергиясы жөніндегі комитет,
Денсаулық сақтау министірлігі, төтенше жағдайлар агенттігі сияқты құзырлы органдар айналысады....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Радиоактивтілік және радиацияға жалпы сипаттама туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Радиоактивтілік және радиацияға жалпы сипаттама на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Радиоактивтілік және радиацияға жалпы сипаттама

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]