Реферат: Рим мемлекетінің құрылуы

Реферат: Рим мемлекетінің құрылуы

Рим әскері. Әскери қызметті бес разрядқа енген барлық азаматтар өтейтін. Оған тек толық құқылы, кем дегенде 11000 асе мүліктік цензге ие азаматтар жіберілетін, әскерлер өздерінің мүліктік цензіне сәйкес әскердің әртүрлі түрлеріне бөлінетін. Әскерді консулдар цензорлардың құрастырған тізімдерінің негізінде жинақтайтын. Соғыс әрекеттері аяқталған соң әскер таратылатын.
Жергілікті басқару. Римнің жауап алған Италиядан тыс жерлері, провинциялардың барлығын Римнен тағайындалатын, бұрын консул мен претор болып табылган магистраттар басқаратын. Олардың жергілікті жерлердегі билігі шексіз болатын.
Монархия кезеңіндегі Рим
Римдегі қолиеленушілік монархияның тарихын екі кезеңге бөлуге болады: принципат және доминат.
Принципат кезеңінде әлі де республикалық мекемелер қызмет етеді, алайда олар өздерінің бұрынғы мәнін жоғалтады. Барлық магистратуралардың басына жаңа лауазымды тұлға принцепс келеді. Бұл шеқсіз мерзімге (өмір бойына) сайланатын жоғарғы республикалық магистрат төтенше билікке ие болатын.
284 жылдан бастап Римде шексіз монархия — доминат орнығады. Ескі республикалық органдар толығымен таратылады, император заңнан да жоғары тұратын шексіз монарх деп танылады, барлығы оның билігіне бағынушыларға айналады, императордың билігі құдайдың билігіне теңестіріледі. Империяны басқару негізгі екі ведомствоға негізделеді:
1) императордың жанындағы мемлекеттік кеңеске;
2) император тағайындайтын шенеуніктер басқаратын қаржылық ведомствоға.
Доминатты орнықтыру Диоклетиянның реформаларымен тығыз байланысты. Ол мынадай реформаларды жүзеге асырады:
1) әкімшілік реформа - империя екі провинцияға бөлінген 1 2 диоцезге жаңа әкімшілік бөлуді көздеген. Италияның барлық аумағы екі доцезге бөлінген: Шығыс және Батыс. Әрбір империяның басында император - Август тұрған, ол өзіне көмекші-ізбасарын — Цезарьді сайлап алатын;
2) әскери реформа - әскер үш сенатқа бөлінетін: шекаралық әскер, кешенді әскер және преторлық гвардия, әскердің құрамы үлкейтіліп, алғашқы рет рекруттық қабылдау енгізілді;
3) салықтық және қаржылық реформалар - заттай және ақшалай салықтар, сонымен қатар тиын енгізілген.
Жергілікті басқару. Империяның әрбір бөпігі - диоцездер екі префектураларға бөлінген, олардың басында приторийдің префекті тұрған. Әрбір префектура екі диоцезден тұрған, олар¬дың басында викарийлер тұрған, әрбір дионез провинцияларға бөлінген, провинцияларды ректорлар басқарган. Провинциялар ұсақ бірліктерден — қауымдардан тұрған. Қауымдарда жергілікті өзін-өзі басқару органдар — сенаттар (декуриондар) болады.
Сот. Қылмыстык істерді қарау тұрақты комиссиялардан император мен оның шенеуліктеріне ауысады. Римнің шет аймақтарында қылмыстық юрисдикция қаланың префектісінің қолында болған, Италияда — преторий префектісінің колында, провинцияларда — провинция басшыларының қолында болған.

Рим құқығының негізгі қайнар көздері:
1) бірінші римдық құқық қодификациясы — әдет құқығы жазбасы түріндегі XII кесте заңдары;
2) б.э. III ғ-ның соңында екі кодекс құрастырылды: грегориян және гормогениан кодекстері;
3) б.э. 483 ж. алғашқы ресми жүйелендіру — Фиодосий ко¬дексі қабылданды, мұнда б.э. IV ғ. бастап императорлардың конституциялары жинақталды;
4) б.э. XII ғ. рим құқығының соңгы жүйелеуі аяқталды, ол Юстиниан императордың тұсында жүзеге асырылып, «азаматтык құқық жинағы» — Корпус Юрис — Цивилис деген атқа ие болды, бұл жинақ келесі негізгі бөліктерден құралды:
- институциялар — рим құқығының қарапайым курсы, бұл оку мақсаттарына арналған олардың негізгі қайнар көзі болып рим заңгері Гайдың шығармасы саналды, өз күшіне 533 жылдың 21 қарашасында күшіне енді:
— дигестлер — ескірген түсініктер мен қарама-қайшылықтарды жою мақсатында редакциялық өңдеуден өткен рим заңгерлерінің шығармаларының үзінділерінің жинағы, 533 жылдың 30 желтоқсанында күшіне енді;
— юстинианның кодексі — 12 кітаптан құралған император конституцияларының жинағы. Бірінші кітапта шіркеулік құқыққа қатысты конституциялар енген; 2-8 кітаптар азаматтық кұқыққа арналған; 9 кітап — қылмыстық құқыққа; 10 кітап мемлекет басқару туралы ережелерге арналған:
— новеллалар — жинақтың басқа үш бөлігі жасалуы уақытында шығарылған Юстиниан конституциялары оларды негізінен мұрагерлік құқықтың нормалары көрініс тапқан.
Құқыкқабілеттілікті иелену үшін статус деп аталатын үш жағдай (шарт) қажет болды: бостандық статусы, яғни, Римнің тек еркін азаматтары ғана кұқыққабілеттілікті иелене алатын (құлдар құқықтың субъектісі емес, объектісі болып табылатын); азаматтық статусы — римдік қалалық қауымға тиесілі тұлғалар ғана толыққұқылы және жалғыс өқілі болып үй иесі табылатын.
Меншік құқығы тұлғаның иелену, пайдалану және билік ету түріндегі затқа деген толық және айрықша үстемдігін білдірді. Барлық заттар бірқатар сенаттарға бөлінеді: азаматтық айналымнан алынган заттар (діни табыну заттары, мемлекеттік меншік обьектілері және жалпылай пайдалану заттары: теңіз, ауа, ауыз су және т.б.) және азаматтық айналымдағы заттар (жылжитын және жылжымайтын, бөлінетін және бөлінбейтін, жеке дара анықталған және топтық белгілері бойынша анықталған, тасымалданатын және тасымалданбайтын).
Рим құқығында меншікті иеленудің екі түрі ажыратылған: цивильдік құқыққа негізделген иелену (меншіқ құқығын жаудан жаулап алынған меншік туралы жалган процесс арқылы беру, мүлікті бөлу туралы процесстегі иелену, жылжитын мүліктің бөлігін бөлу; мұндай меншік квириттік деп аталған) және «халықтар құқығына» негізделген иеленулер (мүлікті берудің қарапайым түрі, ақкупация, ескіру мерзімі бойынша мүлікті иелену).
Рим құқығы бөген мүлікке қатысты келесі құқықтарды таныған: сервитуттар (меншік иесінің мүдделеріне зиян келтірмеген жағдайда, басқа тұлғаларға да оның меншігін пайдалануға рұқсат етілген); суперфициялар (бөтен жерде салынған кұрылысты пайдалану кұқыгы) және кепіл құқығы — ипотека (кепілге қойылған зат борышкердің иелігінде міндеттемені орындау мерзімі туындағанға дейін қалдырылатын).
Римде міндеттемелердің екі қайнар көзі болған: деликтілерден (құқық бұзушылардан) туындаған міндеттемелер және шарттардан туындаған міндеттемелер. Шарттардың келесі түрлері белгілі болған: вербальды шарттар — ауызша нысанды бекітілетін, литеральды шарттар — жазбаша нысанды бекітілген, шынайы шарттар — міндеттемелер затты берген сәттен бастап туындаған және консенсуалды шарттар — тараптардың қарапайым және ресми емес келісімен негізделген шарттар.
Неке — отбасы құқығы бастапқы кезендерінде үй иесінің отбасы мүшелерінің үстінен шексіз үстемдігімен сипатталган. Екінші кезеңде некенін жаңа нысаны пайда болды, бұл кезде әйел біраз мүліктік және жеке дербестікке ие болды. Үшінші кезенде некеден тыс байланыстар - конкубинаттар кең таралды.
Мұрагерлік кұкықта заң бойынша мұрагерлік және өсиет бойынша мұрагерлік орын алған. Заңды мұрагерлер ретінде тек огнаттар, яғни, қандық туыстығына қарамастан үй иесінің билігінде болған тұлғалар танылған.
Қылмыстық құқықта жариялылық сипаттагы (Рим мемлекетіне қарсы қылмыстар, өртеу, адам өлтіру, жалған куә болу, егіндікті ұрлау және дуалау өлім жазасымен жазаланатын) және жеке сипаттағы (ұрлық, тұлғаға нұқсан келтіру, бөген мүліктерді жою және зақымдау — дене жазалары мен өлім жазасы қолданылатын) кылмыстар ажыратылған.
Азаматтар басқаға зиянын тигізбеуге, басқаның меншігіне кол сұқпауға, әділетсіздікке жол бермеуге, әділетсіздіктен жапа шеккендерге көмек беруге және жалпы игілік үшін сңбек етуге тиіс. Азаматтардың жалпы саяси белсенділігін әрдайым батыл жақтаған Цицерон "азаматтардың бостандығын қорғауда ешкімге де артықшылық беруге болмайды" деп атап көрсетті. Ол республиканы қорғауды әрбір азаматтың қасиетті борышы деп санады. Ал Римнің нағыз азаматтары ой-өрісті кеңейту, жан-дүниені байыту үшін өздерін жан-жақты жетілдіру идеясын мөңгілік серік етуі керек. Цицеронның ойынша адамды жан-жақты жетілуге итермелейтін торт ізгі нәрсе бар, олар: ақыл, әділетті болу, ерлік және сабырлылық. "Адам неғұрлым ақ- әділ болған сайын, соғүрлым басқадан арамдық күтпейді". Арамдық пен әділстсіздіктің аз ғана жұғыны бар адамдардың озі де өзгелерді сондай көреді.
Құқық негізіне Цицерон табиғи әділеттілікті алады. Бұл жерде, ол әділеттілікті мәңгі өзгермейтін және табиғат пен адам табиғатының да ажырағысыз қасиеті деп түсіндіреді. Әділет¬тілікті табиғаттың өзі берген несібесі деп қараған Цицерон оны табиғи құқыққа жатқызады және оған төмендегідей анықтама береді: "Нағыз заң — табиғатқа сәйкес барлық адамға бірдей берілген санады ереже, бұл заңцар адамдарға парыздарын өтеу міндетін жүктейді, қылмысқа қорқыту арқылы тиым салады. Бірақ адал адамдарға міндеттемей, тыйым салмай және бұйрық бермей-ақ орындатуға мүмкіндік болғанда заң ешнәрсе де емес және қажет те болмайды. Мұндай занды жарым-жартылай пемесе толық жоюды ұсыну ақымақтық, оны қандай да бір деңгейде шектеу — мүмкін емес. Сондықтан да біз саясаттың да, халықтың да қаулысы бойынша бұл заңцарды жоя алмаймыз". Бұл нағыз заң барлық жерде және барлық уақытта барлық халыққа бір ғана мәңгі және өзгермейтін заң ретіңде қалады және барлық адамның әміршісі болын саналады. Адамдық табиғатты ескермей бұған бас имегендердің барлығын Цицерон өздеріне-өзі ор қазған қашқындар деп қарайды.
Әділдік, Цицеронның айтуы бойынша, басқаға зиян келтірмеу және басқаның меншіғін бүзбау. "Әділеттілікке қойылатын бірінші талап, - деп көрсетті, - ол ешкімнің де басқаға зиян келтірмеуі, екіншіден, барлық адамның ортақ меншікті жалпылай, ал жеке меншіғін оз меншігіндей пайдалана алуы". Яғни оның айтуы бойынша, "Әділдіктің сшкімғе зиян тигізбеу және қоғамға пайда келтіру сияқты скі қайнар көзі бар".
Табиғи құқықтар, Цицерон бойынша, жазба заңдардың қайсысынан болса да ерте, тіпті мемлекеттен де ерте, пайда болған. Құқық адамдардың шешімдері мен қаулыларымен емес, табиғаттан шыққан әділдіктің қорғаушысы да, жақтаушысы болуы тиіс. Заңның қызметі мен күші туралы Цицерон "сот – сөйлейтін заң, ал заң - тілсіз сот" деген анықтама береді, яғни әділ заң " әділдікті әркімге озіне тиістісін беруден тұрады".
Цицерон шешендігімен, философиялық және саяси-құқықтық шығармашылығымен ғана емес, Римнің саяси өміріне белсене араласқан көрнекті саяси қайраткер ретінде де тарихта белғілі. Ол Римдегі республикалық құрылыстың дағдарысы мен б.э.д. 40 жылдардағы азамат соғыстары, Гай Юлий Цезарьдің диктатурасы кезінде консул да болды, сенатты да басқарды. Осы жылдардағы елдеғі аласапыран кезевде мемлекеттің тұтастығы мен бірліғін сақтауға көп күш садды, қарсыластар тарапынан қуғын да көрді.
Азамат соғысы жылдарында Цезарьдің жағында болған Цицерон Цезарьға ұйымдастырылған қастандыққа қарсы болған жоқ. Мемлекеттік билікті нығайту мен орталықтандыру, соның ішінде республикаға қайсыбір "ректорлар" /әкімдер/ тағайындау керектігі туралы трактат жазды. Цезарь өлгеннен кейін ол қастандық ұйымдастырушыларға қарсы республикашылар жетекшісі болды. Римнің тұтастығы мен татулығын сақтауға күш салған Цицеронның өзі де б.э.д. 43 жылы Антоний мен Октавиин Авғусттың қолынан қаза табады. Өзінің ғажап өмірімен, орасан зор философиялық және саяси-құқықтық еңбектерімен барша адамзатқа, кейінгі ұрпаққа үлгі болған Цицерон "заңдар - билік басындағылардың бұйрық берушісі, ал билік басындағылар - халықтың әміршісі" екендігін өз еңбегімен де, өз өмірімен де дәлелдеп кетті.
Ежелгі Грециядан бастау алған стоицизм римдік саяси-құқықтық ойда одан әрі жалғасын тапты. Рим стоиктерінің теориялық көзқарастары ежелгі грек стоиктерінің философиялық, этикалық және саяси-құқықтық концепцияларының едәуір ықпалында болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды және одан өрі дамытылды. Рим стоицизмінің басты өкілдері Луций Анней Сенека /3—65жж./, Эпиктет /50—140жж./ және Марк Аврелий Антонин болды.
Стоиктердің ілімі бойынша, әлем - біртұтас дене. Ол құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны әлемдік құдай ретінде қарастырады. Олардың айтуынша, әлемде больгп жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынған, сондықтан ол белгілі бір мақсатты жолмен, яғни оны керек етуіне қарай дамиды. Қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық емірде де қолданылады деп есептейді. Осы заңға сүйенген олар бостандық ұғымын да қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады.
Рим стоиктерінің шығармашылығы бұрынғы полистік идео¬логия құндылығындағы дағдарыстың күшею, принцепс билігі мен цезаризм режимінің нығаю, Рим империясының әлемдік державаға айналу кезеңімен тұспа-тұс дамыды. Осындай жағдайда олар ежелгі гректік стоицизмнен фатализмге, саяси жұтаңдық пен космопатолизмгс көбірек мойын бұрады.
Сол дәуірдің ұлы ойшылы Сенека саясаткерлік пен ұстаздықтың ер қырынан керіне білді, ол сенатор да, император Нероның тәрбиешісі де, көрнекті мемлекеттік қайраткер де болды. Саясат пен қогамдық омірге бел сене араласқан ол өзінің шәкірті Неронның бүйрығы бойынша қуғынға ұшыратылды, саяси ойынның құрбаны болған ол өзін-өзі өлімге бұйырды.
Басқа стоиктерге қарағанда Сенека барлық адамдардың рухани бостандық идеясын олардың қоғамдағы орнынан төуелсіз түрде қарастырды. Оның көзқарасы бойынша құлдықтың объектісі мен ауқымы адамның рухани жене ақыл-ой дүниесі емес, оның тені ғана. "Құлдық адамды барлық жағынан билейді деп ойлайтындар қателеседі", - деп жазды ол, "оның ақыл-ойы құлдыққа төуелсіз. Құлдың төні ғана қожайынына бағынышты, ал ақыл-ойы мен рухы өзіне тиесілі". Сенеканың айтуынша, құл да табиғаты жағынан барлық адамдармен тең, оған жан және рухани сипаттар да төн. Құлдың өзін сатуға, немесе сатып алуға болғанмен, оның еркін ақыл-ойы мен рухани жан-дүниесін саудага салуға болмайды.
Ежелгі грек стоиктері сияқты Сенека да барлық себептерді құдайлық рух пен тағдырдан іздейді. "Тағдыр заңы", оның айтуы бойынша, өз дегеніне бағындырады. Адамдардың іс-әрекеті ғаламның қажеттілік заңына байланысты, олар бір-бірінен болмай қоймайтын занды қажеттілікке, яғни тағдырга өз еркімен немесе мәжбүрлі түрде бағынуларымен ерекшеленеді. Адамдар ғаламдық қатынастарды өзгерте алмайды, оган қарсылық көрсетуге гана талпынады. Өздерінің өмірдегі ауыр тауқыметіне риза болмағандар да, молшылықта өмір сүретіндер де тағдырға қарсы тұруға талпыныс жасайды, ойткені адамның табиғаты тойымсыз да, қанағатсыз. Сенсканың табиғи-құқықтық концепциясында болмай қоймайтын және құдайлық сипатқа ие "тагдыр зандарына" бүкіл адамзат міндетті түрде бағынады. Табиғи құқық бұл жерде ғаламдық құрылымның тәртібі мен оқиғаларының себебін білдіретін қажетті табиғи факт ретінде көрсетіледі. Зандар өзінің жазылған немесе жазылмағандығымен ғана ерекшеленбейді. Оның айтуынша, "жазылмаған кейбір заңдар жазылған зандардан да қаталырақ".
Мемлекетгің пайда болуы мен омір сүруі де бүкіл галамдық қажеттіліктен туған. "Табиғи құқықтар мен табиғи мемлекетті мойындау қажетті және парасатты іс". Табиғат-заңдары бой¬ынша мұндай мемлекет мүшелерінің оны мойындаған немесе мойындамағанына қарамай жалпыға бірдей мемлекеті болып саналады. Ал кейбір жекелеген мемлекеттік құрылымдар жекелеген топтардың мемлекеті ғана болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің де үлкен және кіші түрлері бар. Олар да үлкен-кішілігіне қарай "тағдыр заңымен" жүреді немесе оған наразылық білдіреді.
"Тағдыр заңының" қажеттілігі туралы ойларына қарамастан Сенека адамдарды ізгілікке, жақсы істерге ұмтылуға және даналық пен білімді үйренугс шақырады. Ол адамдарды, "алдымен ізгі ниеттерді, ал одан соң даналықты үйрен, өйткені, алғаш-қысысыз соңғысына үйрену қиын. Ерлік дегеніміз - үрейді жирене жек көру. Ол бізгс төнген қауіп-қателерді мазақ етеді, оларды шайқасқа шақырып, күйретеді деп, үнемі ізденіс пен талпынысқа шақырады.
Сенека "ұят" ұғымын моральдың негізгі ұғымы — адамдар¬дың іс-әрекетінің үйлестірушісі ретінде қарайды. Оның айтуын¬ша "ұяттылық кейде заңдар шектемеген нөрсені де шектейді".
Адамдар жеке басының мүддесі үшін ғана емес, басқалар үшін де, қоғам мен мемлекет үшін де өмір сүруі тиіс. Бұл қағида туралы Сенека "өзі туралы ғана ойлап, барлық нәрседен өз пайдасын іздейтін адам бақытты бола алмайды. Өзің үшін омір сүргің келсе, өзгелер үшін де өмір сүр" деген тұжырым жасайды. Сенеканы озінің диктатор шәкірті Нерон билікке қастандық жасады деген айыппен өзін-озі өлтіруді бұйырды. Билік тәртібіне адалдық танытқан ойшыл-ұстаз шәкіртінің бұйрығын озінің тамырын қию арқылы орындайды.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Рим мемлекетінің құрылуы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Рим мемлекетінің құрылуы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, Рим мемлекетінің құрылуы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]