Реферат: Орыстардың Солтүстік Батыс Американы зерттеуі

Реферат: Орыстардың Солтүстік Батыс Американы зерттеуі

Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Жер бедері. Материктің беткі құрылысында жазықтар басым, үштен бірін таулар алып жатыр.
Материктің шығысы негізінен жазықтардан тұрады. Олар беті ұзақ уақыт бойы бұзылып, тегістеліп жататын платформаға сәйкес. Мыңдаған жылдар бұрын жазықтардың басым бөлігін орасан зор мұздық жауып тұрған (75-сурет).
Солтүстік бөліктің жер бедерінде ежелгі кристалл жыныстардан түзілген ойпатты және қыратты жазықтар басым. Қарағай мен шыршалар өскен аласа төбелер мұнда енсіз әрі ұзын көл шұңқырларымен ауысады, олардың көпшілігінің жағаларының пішіні ғажайып. Барлық жерден мұз басудың ізі көрініп тұр: тегістелген жартастар, төбелердің тегіс шыңдары, қаптаған қойтастар, мұздықтар жыртып өткен шұңқырлар. Оңтүстікке қарай мұздық шөгінділер басқан Орталық жазықтар мен басым бөлігі өзен тосқындарынан түзілген Миссисипи ойпаты орналасқан.
Материктің батысына қарай ұлан-байтақ әрі құрылысының ерекшеліктерімен көзге түсетін Ұлы жазықтар жатыр. Олар «алып баспалдақтың» кең сатысы болып, Кордильерге көтеріле береді.

Солтүстік Америкадағы ежелгі мұз басу

Материктік және теңіздік шөгінді жыныстардан түзілген Ұлы жазықтарды таудан ағатын өзендер аңғарларымен тілімдеген..
Материктің шығысында аласа Аппалач таулары орналасқан. Ол қатты бұзылған, аңғарлармен тілімденген. Тау беткейі жатық, шыңдары жұмырланған сүйір, биіктігі 2000 м-ден 1 сәл астам.
Материктің батыс жағалауын бойлай Кордилъер орналасқан. Ол екі литосфералық плитаның түйіске жерінде, жер қыртысының көптеген жарықтар тілімдеген сығылу алабында пайда болған. Бұл жарықтар мұхит түбінен басталып, құрлық бетіне шығады.
Жер қыртысының ңозғалысы күшті жер сілкіну мен вулкандар атқылауына әкеліп соғады. Сөнген вулкандар материк тұрғындарының көз алдында түтін, күл мен лава атқылайды. Жаңа вулкандар түзіліп, апатты жер сілкінулер болып тұрады, қуатты гейзерлер мен ыстың бұлақтар пайда болады.
Кордильер таулары өте әдемі. Таулары терең өзен аңғарларымен тілімденген. Оларды каньон деп атайды. Терең ойыстар биік төбелермен және вулкандармен ұласып жатады. Кордильердің солтүстік бөлігінде оның ең биік шыңы — қар мен мұздың жамылған Мак-Кинли (6194 м) аспан тіреп тұр. Кордильердің осы бөлігіндегі кейбір мұздықтар тікелей таудан теңізге сырғып түседі.
Пайдалы қазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материк жазығының солтүстік бөлігі металл рудаларының — темір, мыс, никель және басқаларының кен орындарымен көзге түседі. Орталық және Ұлы жазықтардың шөгінді жыныстарында, сондай-ақ Миссисипи ойпатында мұнай, табиғи газ, тас көмір көп.
Аппалач пен оның тау бөктерінде темір рудасы мен тас көмір кені бар. Кордильер шөгінді (мұнай, табиғи газ, тас көмір), сондай-ақ магмалық пайдалы қазбаларға (түсті металл рудасы, алтын, уран рудасы және басқалары) бай.

Кордильер таулы үстірттеріндегі мүжілу формалары

Климаты. Климаттың жалпы сипаттамасы
Солтүстік Американың, экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерге орналасуы оның климатында үлкен айырмашылықтар туғызады. Климатқа басқа факторлар да елеулі әсер етеді. Бір ендікте жатқан жер бетінің учаскелері күн жылуының мөлшерін түрліше сіңіріп, шағылатыны, әркелкі жылынып, суынатыны, атмосфераға ылғалдың әр түрлі мөлшерде тарайтыны белгілі (77-суретті қараңдар.) Қыста материк территориясының басым бөлігін қар басып қалады, мұның өзі күн сәулесін шағылыстырып, ауаның температурасын төмендетеді. Құрлық пен мұхит беті ауа массаларының қасиетіне, олардың ылғалдығына, қозғалыс бағытына, температурасы мен басқа да ңасиеттеріне әр түрлі әсер етеді. Құрлыққа ішкерілей еніп жатқан Гудзон және Мексика шығанақтары материктің климатына елеулі түрде, бірақ әр түрлі әсер етеді.
Климатқа материктің жер бедерінің сипаты да әсер етеді. Мысалы, батыстан қозғалып келе жатқан ңоңыржай ендіктегі теңіз ауасы өз жолында Кордильерге тап болады. Жоғары көтерілген ауа суиды да, жағалауға көп мөлшерде жауын-шашын түседі.
Материктің солтүстігінде тау жоталарының болмауы оған арктикалық ауа массаларының өтуіне жағдай туғызады. Олар Мексика шығанағына дейін тарай алады, ал тропиктік ауа массалары кейде материктің солтүстігіне еш бөгетсіз еніп кетеді. Осы ауа массалары арасындағы температура мен қысымдағы үлкен айырмашылықтар материк жазықтарында күшті желдің — дауылдардың тууына жағдай жасайды. Құйындар көбіне күтпеген жерден пайда болады. Олар көп апат әкеледі үйлерді қиратады, ағаштарды сындырып, қопарады, ірі заттарды көтеріп, басқа жерге апарып тастайды.

Климаттық белдеулер мен оларға тән ауа райы. Материктің солтүстік жағалауы мен оған жапсарлас жатқан аралдар арктикалық климат белдеуінде орналасқан. Мұнда жыл бойына арктикалық суық ауа басым. Қыста күн жылуы жерге жетпейді, өйткені поляр түні тұрады. Ең төменгі температура қыста Гренландияда байқалады (—44, —55° С). Тұман жиі түсіп, қалың бұлт, қарлы боран болып тұрады. Жазда температурасы нөлге таяу, салқын келеді.
Бұл жағдайда мұздықтар пайда болады. Олар Гренландияның көп бөлігін және Канадалық Арктика архипелагын жауып жатады.
Поляр шеңбері мен 60° с. е. арасындағы территория субтропиктік белдеуде жатыр. Мұнда салқын қыс ауа райы бұлтты, жауын-шашынды жазбен алмасады.
Материктің 600-тан 40 с. е.-ке дейінгі көп бөлігі қ о ң ы р ж а й белдеуде жатыр. Бұл белдеудің қысы салқын, жазы айтарлықтай жылы. Қыста жауын-шашын қар түрінде түседі, жазда жауын жауады, бірақ бұлтты ауа райы жылы әрі шуақты күнмен тез ауысады. Алайда қоңыржай белдеуде жер бетінің сипатына байланысты елеулі климаттық айырмашылықтар болады. Белдеудің шығыс бөлігінде қыс салқын әрі қарлы, ал жазы жылы; жағалауда тұман жиі түседі. Белдеудің орталық бөлігінде ауа райының жағдайы өзгеше. Қыста қар жиі түсіп, қарлы боран көп соғады, аяздар жылылықпен ауысады. Сирек жауатын нөсерлі жауыны, қуаңшылық пен аңызақ желі бар жазы жылы келеді. Қоңыржай белдеудің батысында — теңіздік климат. Қыста орташа температура 0° С-ге таяу, ал жазда ол тек +10, +12° С-ге дейін көтеріледі. Жыл бойы дерлік дымқыл, желді ауа райы тұрады, мұхиттан соққан жел қар араласқан жауын әкеледі.
Субтропиктік белдеудің климаты да алуан түрлі. Оның қалыптасуына жыл маусымына қарай өзгеріп тұратын ауа массалары ғана емес, сонымен бірге материк жағаларындағы ағыстар да, осы белдеудегі басым желдер де әсер етеді.
Тропиктік белдеуде жыл бойы ыстық, материктің жағалаулары мен аралдарға мұхиттан келетін жауын-шашын мол түседі. Ылғалды желдерден тау арқылы бөлініп қалған және суық ағыс таяп өтетін жағалауларда жатқан территорияларға жауын-шашын аз түседі.
Материктің оңтүстік шеті субэкваторлық белдеуде жатыр. Бүкіл жыл бойына ауа температурасы жоғары. Ауа райы аз өзгереді, тек жазда ғана мұнда жауын-шашын мөлшері көбейе түседі.
Материктің басым бөлігінің климаттық жағдайы ауылшаруашылық дақылдарын: қоңыржай белдеуде — бидай, жүгері; субтропиктік белдеуде — цитрустар, күріш, мақта; тропиктік белдеуде — кофе, қант құрағын, банан өсіруге қолайлы. Мұнда жылына екі, ал кейде үш рет түсім жиналады.

Ішкі суы
Солтүстік Америка территориясы бойынша суы мол өзендер ағады, мұнда көлдер мен жер асты суы көп.
Жазықтар мен Аппалачтағы негізгі өзендер мен көлдер жүйелері. Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен — Миссури саласын қосқанда Миссисипи өзені. Ол Аппалачтан, Орталық және Ұлы жазықтардан су жинай ағады. Бұл Жер бетіндегі ең ұзын өзендердің бірі және материктегі ең суы мол өзен. Оны толықтырып отыруда жауын басты роль атқарады. Өзен суының бір бөлігін жазықтар мен тауларда еритін қардан алады. Миссисипи жазықтарды бойлай, баяу ағып жатыр. Оның әсіресе төменгі ағысында суы мол. Бұл тұста ол жазықта ирелеңдей ағып, арнасында көптеген аралдар туғызады. Аппалачта қар еріген немесе Ұлы жазықтарда нөсерлі жауын жауған кезде Миссисипи жағасынан шығып, алаптар мен елді мекендерді су алып кетеді. Өзендерде бөгеттер мен суды бұрып әкететін каналдар салу су басудың зардабын едәуір азайтты.

. Солтүстік Америкадағы Үлы келдер
Американ халқының өміріндегі өзінің ролі бойынша Миссисипидің, орыс халқы үшін Волга қандай болса, сондай мәні бар. Бір кезде Миссисипи жағасында тұрған үндістер оны су атасы деп тегін айтпаса керек.
Аппалачтың шығыс беткейлерінен бастап ағатын өзендердің ағысы жылдам, суы мол, зор энергия қоры бар. Бұларда көптеген су электр станциялары салынған. Осы өзендердің көбінің сағаларында ірі қалалар орналасқан.
Материктің маңызды су жүйесін Ұлы көлдер мен оларды Атлант мұхитына қосып жатқан Әулие Лаврентий өзені құрайды.
Ниагара өзені әктасты төбелі қыраттарды тілімдей отырып, Эри және Онтарио көлдерін жалғастырады. Өзен тік кемерден ағып, дүние жүзіне белгілі Ниагара сарқырамасын жасайды. Ол Эри көліне қарай баяу жылжып келеді, өйткені су әктасты шайып, бұза түсуде. Табиғаттың осы бір сирек кездесетін объектісін сақтау үшін адамның араласуы қажет.
Материктің солтүстігінде үндістер Үлкен өзен деп атайтын Маккензи өзені агып жатыр. Өзен судың негізгі бөлігін еріген қар суынан алады. Батпақтар мен көлдер де оған көп су береді, сөйтіп өзеннің жазда да суы мол болады. Жылдың басым бөлігінде Маккензиді мұз құрсап тұрады.
Материктің солтүстік бөлігінде көлдер көп, олардың көп-шілігі өзендермен жалғасқан. Көл шұңқырлары жер қыртысындағы жарықтардың нәтижесінде пайда болған, кейін оларды мұздықтар тереңдеткен. Осы өлкедегі үлкен де әсем көлдің бірі — Виннипег, бұл үндістер тілінде «су» деген сөз.
Кордильердің өзендері мен көлдері. Қысқа, ағысы қатты өзендер Кордильерден Тынық мұхитқа қарай ағады. Олардың ішіндегі ең ірілері — Колумбия мен Колорадо. Олар таудың шығыс бөлігінен басталып, ішкі таулы үстірттерді басып ағады да, терең каньондар жасай отырып, тау жоталарын тағы да тіліп өтіп, мұхитқа құяды. Колорадо өзеніндегі Үлкен Каньон дүние жүзіне мәлім, ол өзен ағысы бойынша 320 км-ге созылып жатыр. Каньонның қабырғасы жасы мен түсі әр түрлі жыныстардан түзілген.
11
Колорадо өзеніндегі Үлкен Каньон. Кей жерлерде оның тереңдігі 1,5 км-ден асады.
Кордильерде вулкан мен мұздықтан пайда болған көлдер көп. Ішкі таулы үстірттерде суы таяз тұзды көлдер кездеседі. Бұл мұнда өте ылғалды климат болған кездегі ірі су қоймаларының қалдықтары. Көптеген көлдерді тұз қабыршағы жауып жатыр. Олардың ішіндегі ең ірісі — Үлкен Тұзды көл.
Ішкі су қоймаларының ластануы. Материктің суға бай болғанына қарамастан, кейбір аудандарда таза тұщы су жоқ. Бұл тапшылың суды өнеркәсіпке, суаруға пайдалануға, сондай-ақ оның ластануына байланысты туып отыр. Көптеген өзендер мен көлдер фабрикалар мен заводтардың ңалдық суымен, егістерден шайылып келетін тыңайтқыштармен ластанады.
Ұлы көлдер де ластанған, олардың суы таяу уақытқа дейін ғажайып тазалығымен көзге түсетін. Бұларға түрлі зиянды заттар тасталады, олар көлдердің түбінде, терең шұңқырларда шөгіп, лаймен араласады да, суда және көл жағасында тіршілік ететін организмдерге зиянды әсер етеді.
Табиғат зоналары. Антропогендік табиғат комплекстері.
Материктің солтүстігінде табиғат зоналары шығыстан батысқа қарай алап болып созылып жатыр, ал орталық және оңтүстік бөліктерінде олар меридиан бағыттарында орналасқан. Табиғат зоналарының осылай бөлінуі — Солтүстік Американың ерекшелігі, бұл негізінен оның жер бедері мен басым желдеріне байланысты.
Қар мен мұз басқан арктикалың шөл зонасында Гренландия мен Канадалық Арктика архипелагы аралдарының басым бөлігі жатыр. Қысқа жаз ішінде тасты жер бетінің кей тұстарында мүк пен қына шығатын мардымсыз өсімдіктер пайда болады.
Тундра зонасы материктің солтүстік жағалауын және оған жақын аралдарды қамтиды. Т у н д р а деп субарктикалық белдеудің ормансыз кеңістігін атайды. Ол батпақты тундра топырағына шыққан мүк, қына және бұталар өскен, өсім-дігі жұтаң кеңістік. Бұл топырақ қатаң климат пенкөп жылғы тоң жағдайында пайда болады. Солтүстік Америка тундрасы табиғат комплексінің Евразия тундрасы комплексіне ұқсастықтары көп. Тундрада мүк пен қынадан басқа, қияқ өседі. Қыратты жерлерінде тырбық тал, қайың, сондай-ақ көкжидек бар. Тундра өсімдіктері көптеген жануарларға қорек болады. Мұздық дәуірінен мұнда қодас сақталған, ол суықтан қорғайтын қалың әрі ұзын жүні бар шөп қоректі ірі жануар. Қодас аз және қорғауға алынған. Қына өскен жайылымдарда солтүстік бұғылары — карибу тебіндейді. Жыртқыштардан тундрада ақ түлкі, қасқырлар тіршілік етеді. Аралдар мен жағалауларда, көптеген көлдерде құжынаған құстар ұя салады. Жағалаулардағы итбалықтар мен морждар, тундрадағы карибулар АҚШыларды қызықтырады. Шектен тыс АҚШылық жасау зонаның жануарлар дүниесіне зор зиянын тигізеді.
Тундра оңтүстікке қарай сирек ормандарға — орманды тундраға өтеді де, тайгаға ауысады. Т а й г а — бұл қоңыржай белдеу зонасы, оның өсімдіктерінде ұсақ жапырақты ағаш түрлері, аралас қылқан жапырақтылар басым.
Тайгадағы топырақ қарлы суық қыс пен салқын ылғалды жаз жағдайында пайда болады. Мұндай жағдайда өсімдіктердің қалдықтары баяу шіриді, қарашірік аз пайда болады. Қарашіріктің жұқа қабатының астында қарашірігі шайылған бозғылт қабат жатыр. Бұл қабаттың түсі күлге ұқсайды, сондықтан мұндай топырақты күлгін топырақ деп атайды.
Американ тайгасында қара және ақ шырша, қынагүлді майқарағай, американ балқарағайы, қарағайдың алуан түрлері өседі. Жыртқыштардан: қара аю, канада сілеусіні, американ сусары, скунс; шөп қоректілерден: бұғылар, бұландар бар. Ұлттық парктерде орман бизондары сақталған.


Орталык Америкадағы са- Мексика таулы қыратында ванна

Аралас ормандар зонасының тайгадан жалпақ жапырақты орманға қарай өтпелі сипаты бар. Европалық саяхатшы осы ормандардың табиғатын былай сипаттайды: «Ағаштардың түрлерінің сан алуандығы таң қалдырады... мен айналамнан балқарағайлардың оннан астам және қылқан жапырақтылардың бірнеше түрін ажыратып тұрмын. Керемет ағаш шоғыры шоғырланып түр. Олар: емен, жаңғақ, шамшат, көктерек, шетен, жөке, қайың, шырша, майқарағай, қарағай және тағы басқа маған белгісіз ағаш түрлері. Олардың бәрі біздің европалық ағаштармен бір тектес, дегенмен түрлі ұсақ-түйектеріне, жапырақтарының пішініне, ең алдымен тіршілік тынысына ңарай біраз өзгеше, неғұрлым күштірек, көңілге шаттық ұялайтын, сәнді әрі көркем ағаштар.
Аралас және жалпақ жапырақты ормандардың топырағы орманның сұр және қоңыр топырағы. Тайганың күлгін топырағына қарағанда, мұнда қарашірік мол. Олардың осындай құнарлылығы материктің басым бөлігінде бұл ормандардың жойылуына, оларды қолдан өсірілген ағаш көшеттерімен ауыстыруға әкеліп соқтырды. Аппалачта ғана шағын ормандар сақталған.
Жалпақ жапырақты ормандарда шамшат, еменнің ондаған түрлері, жөке, үйеңкі, жапырағын түсіретін магнолиялар өседі. Шіліктерде жабайы алма, шие, алмұрт бар.
Кордильердің беткейіндегі ормандар зонасы жазықтардағы ормандардан өзгеше келеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлері мұнда басқаша. Мысалы, Тынық мұхит жағалауындағы субтропиктік таулы ормандарда секвойя — биіктігі 100 м-ден астам, диаметрі 9 м-ге дейін қылқан жапырақты ағаштар өседі.
Дала зонасы материктің ортасында канадалық тайгадан Мексика шығанағына дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Дала — бұл қара және қызғылт топырақты шөптесін өсімдіктер жамылған қоңыржай және субтропиктік белдеулердегі ормансыз кеңістік. Жылудың мол болуы мұнда шөптердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызады, олардың ішінде астық тұқымдас өсімдіктер (бозшалғын, бизоншөп, көде) басым. Солтүстік Американың даласын прерий деп атайды. Оларды барлық жерде адам өзгерткен — жыртылған немесе мал жайылымына айналған. Прерийді игеру олардың жануарлар дүниесіне әсер етті. Бизондар мүлдем дерлік жойылып кетті, койоттар (дала қасқырлары) мен түлкілер азайды.
Кордильердің ішкі таулы үстірттерінде қоңыржай белдеудің шөлдері орналасқан; мұндағы негізгі өсімдіктер қаражусан, алабота. Мексика таулы қыратының субтропиктік шөлдерінде кактустар өседі.
Адам әрекетінің әсерінен табиғаттың өзгеруі. Материктің табиғаты күшті өзгерген. Шаруашылық әрекеті табиғаттың барлық компоненттеріне әсер етуде және олар өзара тығыз байланысты болғандықтан, ластану мен бұзылу барлық жерде сипат алып отыр. Әсіресе АҚШ территориясының табиғаты өте көп өзгерген. Негізінен топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі зардап шегуде. АҚШ-тың көптеген аудандарында су бірнеше рет тазартудан өтіп, әлденеше рет пайдаланылады, бірақ мұндай су да жетіспейді.
Жыртылатын жер көлемі азайып барады. Қалалар, жолдар, газ құбырлары, аэродромдар, электр желілері бойындағы жерлер барған сайын көп орын алуда. Табиғат комплекстері ауылшаруашылық және қалалық, яғни антропогендік комплекстерге орын беріп келеді.
Материктің кейбір территориялары табиғи апатқа жиі ұшырайды, олар литосферадағы қозғалыстарға, атмосфералық процестерге байланысты. Кордильерде жойқын жер сілкінулер, вулкан атқылаулары жиі болып тұрады....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Орыстардың Солтүстік Батыс Американы зерттеуі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Орыстардың Солтүстік Батыс Американы зерттеуі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, Орыстардың Солтүстік Батыс Американы зерттеуі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]