Реферат: Ортағасырлық Еуропа мәдениетінің көркемдік стилі Романдық стиль
Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, өзіндік ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол – «роман» стилі болатын деген термин («роман тілдері» деген терминге ұқсас енгізілген, Рим мәдениетінен мирасқорлық деген мағына береді) . Азғантай уақыт шеңберінде өшпес даңқа ие болған бұл өнер стилі ХІ –ХІІ ғ., әсіресе сәулет өнері мен мүсін өнер саласында үстемдік етті жіне ірі соборлар құрылысында , оларды әшекейлеуде кеңінен қолданылды. Роман стиліндегі діни құрылыстар Рим сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл құрылыстар өзінің көрнектілігімен, үлкендігімен, әсерлігімен және рациональдылығымен ерекшеленді. Лев Любимовтың пікірінше , «Роман стилінде ою - өрнек пен бейнелеу негіздері өзара сәйкес келді, табылған синтездің мәні – образдың мәнерлілік пен әшекейлі геометриялылықтың, қарапайым мен өте шарттылықтың , ою-өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліктің үйлесуінде еді».
Сәулетшілік жетекшілік өнерге айналған бұл тарихи кезеңде ғимараттар салуға ерекше мән берілді. әсіресе христиандық наным-сенімнің салтанаты мен жан-жақтылығы, оның құдіретін паш ету мен адамзат баласын құдайға құлшылық жасау жолында біріктіу мақсатында діни шіркеулер салу ісі кең қанат жайды. Әсем шіркеулер салудың өрістегені соншалық , оларды тіпті қажет болмаса да салды. Ерекше атап өтетін бір жәйт, романдық стиль византиялық , таяу шығыстық (әсіресе, сириялық) германдық, кельттік және басқа да солтүстік тйпалардың өнер стильдерінің белгілерін өз бойына сіңіре білді. Міне , сондықтан да болар, әр елдің өнер стильдерінің өзара тоғысуы нәтижесінде қалыптасқан өнердегі бұл бағыт жалпы «романдық» деген атқа ие болды.
Роман өнерінің жасаған мәдени төңкерісі – ою-өрнекпен ғимараттарды одан әрі түрлендіруінде, яғни ою-өрнекті бейнелеу пластикасымен толықтыруында, ал бұл жағдай ою-өрнек функциясын жаңа сапада орындауға мүмкіндік берді. Ендігі жерде тастан салынған ғимараттар өте шеберлікпен жасалған адам бейнелерімен ажарлана бастады.
Готикалық дәуірде сәулетшілік өнер бұрын болып көрмеген дәрежеге көтеріліп, шоқтығы биік өнер саласына айналды, өйткені өзге өнерлардің бәрі де сәулетшілікке табынып, оның талаптарына мүлтіксіз бағынды. Осы бір тарихи кезеңде туған әрбір ақын сәулетшіге айналды. Готикалық стиль бұл тұста негізінен шіркеу мүддесіне сай дамыды. Ортағасырлық шіркеулер тасты күмбездерден тұрады, мұндай ауыр да, қомақты күмбездердің орнықты болуы үшін , шіркеу қабырғалары өте қалың етіп салынды, ал тасты күмбездерді тұрғызудың өзі де оңайлыққа түспеді, өйткені бұл кезеңде көптеген құрылыс дағдылары ұмыт болған еді. Қалай болғанда да сыналы тастардан жасалған шомбал күмбездер готикалық заманға тән жетістіктер болды.
Шіркеулер үлкен қаларда ғана емес , қалашықтарда да салына бастады. Сонау шалғайдан көзге шалынатын бұл ғимараттар олртағасырлық өмірдің аса ірі жетістігі болды. Халық діни ғимараттарды жасампаздықтың күш-жігердің айғағы ретінде көрді. Шіркеу қоңырауының сыңғыры мен органдық музыканың әуенінен бастап, бірігіп мінәжат ету, шіркеулік жол-жоралық діни рәсімдерге қатынасу – қарапайым ададмдарды күнделікті күйбең тіршілік қамынан бір сәтке болса да сейілтіп, ерекше бір күйге түсіретін еді.
Батыс Еуропаның ортағасырлық өнер тарихында Франция мемлекеті қай кезеңде болса да жетекшілік роль атқарғандығы мәдениет тарихынан белгілі. Сондықтан да болар , Франция романдық кезеңде сәулетшілік өнердің жетістіктері мен ізденістерінің негізгі орталықтарының біріне айналған. Осы бір қасиетті елдің сәулет өнерінің саласындағы тамаша да, айбынды ескерткіштерінің бірі – романдық стильдің аса көрнекті үлгісі – Париждегі Нотр-дам (Құдай – ана соборы ) болды. Шіркеу фасадының ерекше сымбаттылығы, оның геометриялық заңдылықтарға сай салынуы, мұнаралар ансамблінің тұтастығы кез келген адамды бірден баурап алары сөзсіз. Вазельдегі қасиетті Магдалинаның шіркеу күмбездерінің таңғажайып жарасымды айбынды да , арқалардың ғаламат салтанаты да таң қалдырмай қоймайды.
Тарихи уақиғаларға толы романдық кезеңде жоғары атап көрсетілген француз халқының ұлы поэтикалық шығармасы – «Роланд туралы жырда» (ХІІ ғ.) өмірге келді. Ұлттық тілде жазылған бұл тамаша туындыда орта ғасырларда етек алған рыцарьлық ерлік, король мен христиан шіркеуіне адалдық дәріптелді. Халықтың эпостың негізінде туған бұл жыр француз халқының арасында кеңінен тарады, өйткені осы бір шабытты эпика толғауда өмір ақиқаты, қанағатшылдық сезімі, ішкі бай мазмұнды бере алатын ғажайып қасиеттер сияқты өзіндік ұлттық көркем даналықтың негізгі белгілері кеңінен көрініс тапты, әрі рыцарьлардың көңіл-күйін жан-жақты көрсететін фанатизмге, христиандық рухқа толы болды. ХІІ – ХІІІ ғ. Францияның оңтүстігінде трубадурлар поэзиясы қанат жайды. Олардың сатираларында шіркеу мен феодалдық езгіге қарсы сарын мен қарапайым адамдарға бүйрегі бұрушылық көрініс тапқан . Дәлірек айтсақ, еркін ойлылық нышандарын өз бойына жинақтаған трубадурлар творчествосы осы бір кезеңде қалыптасқан сан-қырлы дүниетанымды білдіреді.
Бұл тұста Еуропаның басқа да елдерінде ұлттық көркемдік даналықты айқын танытатын романдық өнер туындылары туындап жатты. Әр алуан сәулетшілік мектептерімен даңқы шыққан Германияда жасалған мәдени ескерткіштерде неміс халқының рухани байлығы кеңінен көрініс тапты. Рейндік, саксондық және вестфальдық мектептер сәулетшілік өнердің дамуына зор үлес қосып, сол кездегі ұлттық көркем даналықтың ұмтылыстары мен арман – қиялдарын жүзеге асыру мақсатында тамаша ғимараттар салынды. Солардың бірі - өзінің асқақ тұлғасымен көзге түскен атақты Вармс соборы (1174 – 1234 жж. ) Собор қала үстінде қалықтап тұрғандай әсер қалдырады, қайта жаңғыртып салынса да бұл ғимарат өзінің сол бір бастапқы бет – бейнесін мүлде өзгерпеген . Шындығында келсек, Вармс, Шпейер, Майнц сияқты қалаларда тұрғызылған атақты соборлардың басты ерекшелігі де олардың күрделі асқақтығында еді
Кейбір мәдени ескерткіштер ел мен дәуірдің тынысын сіңірсе, кейбірінің Шығыс мәдениетінің кәусәр бұлағынан сусындағаны беп-белгілі болып тұрады. Ойымыз дәлелді болу үшін , ХІІ ғ. неміс шеберінің қолынан шыққан , сүйектен жасалған орта ғасырлық ойын дойбыларына бір сәт көз салайықшы. Бұл дойбыда ағаш басына шығып, жеміс жинап отрған адам бейнеленген , оның төменгі жағында бір ақ, бір қара тышқан ағаштың тамырларын кеміріп жатыр . Осы бір дүниедегі адамдардың өмір тіршілгін аңдар мен өсімдіктердің кескіндерімен ісмерлікпен толықтырып, олардың таңғажайып үйлесімділігін нақтылы көрсету арқылы , сәндік әуен жасаған осы бір неміс шеңберінің табиғи дарынына қалай таң қалмаймыз? Шындығында да, бұл қолөнер туындысының мазмұны - шығыстық аңызға негізделген , өйткені ағаш - өмір символы , тышқандар – күн мен түн , яғни өмірді аямай қысқартушы уақыт. Осылайша , ойынының өзі де жер бетіндегі өмірдің өткінші екендігін ортағасырлық адамның есіне салған.
Қайта өрлеу дәуірінің бесігі болған, еркіндік сүйгіш Италия елінің мәдениеті де біртұтас романдық ағымда кеңінен көрініс тапты. Осы дәуірдің өзіне тән қалыптасқан тарихи процестер Италия өнерінде де барған сайын айқындала түсті. Оған дәлел – ХІ ғ. басында Флоренцияда салынған Сан-Миньято шіркеуі. Өте аумақты етіп салынған бұл алып ғимарат ағаштан қапталған үш қырлы базилика өзінің жалпы құрылысымен ерте замандардағы христиандық ғимараттарды еске түсіреді. Бірақ осы бір сәулетті ескерткіштің тіп-тік болып аспанға созылған фасады болашаққа да меңзейтін сияқты. Романдық дәуірде аса ірі экокономикалық және көркемдік өнер орталығы болған Пиза қаласының сыртындағы көк майсалы кең алқапқа салынған «Құлап бара жатқан мұнара» мен баптистерий (шоқындыратын жер) ансамблі де осында романдық құбылыстар сияқты аса айбынды, әрі аса орасан зор болғанына қарамастан өздерінің жеңіл де, әсем бейнесімен жаңаша көрініс тапқан. Демек, романдық өнердің мәнері , оның идеялық және эстетикалық ұмтылысы сұсты айбындық, аскетизм, жасанды шарттылық, құдайға соқыр сезіммен тбыну сияқты ұғымдармен шектелиейтін сияқты . Олай болса, өз дәуірінің тыныс – тіршілігін айқындайтын бұл өнер саласында өткен мұра мен қазіргіні қабылдаумен қатар болашақтың өркендері де кеңінен көрініс тапқан.
Шамамен 1000 ж. бастап готикалық стиль туындағанға дейін үстемдік еткен романдық стиль - ортағасырлық Еуропаның өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік тәуелсіздігімен ерекшеленетін көркемдік стиль болып саналады және ол варварлық тайпалардың көркемдік мәдениетінің негізінде қалыптасты. Екінші мыңжылдықтың басында Еуропалық өнердің христиандық негізінен нәр алған романдық өнер мұрасында сәулетшілік өнер жетекші рөл атқарды, ал осы бір қасиетті өнер саласының римдік, дәлірек айтқанда гректік базиликалардың (патша сарайларының) идеяларын өз бойына жинақтай білуі - оны одан әрі асқақтатып, асқар шыңға шығарды. ХІХ ғ. өмір сүрген француз сәулетшісі О. Роденнің сөзімен айтқанда «Романдық сәулет өнері адам өмірінің бірқалыптылығын, тұрақтылығын паш ететін, үнсіздігімен адамның мысын басып, оны табындыра білді.»
Қалардаң гүлденуі мен қоғамдық қарым – қатынастардың жетілуі нәтижесінде өнер саласында жаңа бағыт – готикалық стиль пайда болды. XII – XVI ғ. Еуропа елдерінде үстемдік еткен бұл жаңа стиль діни сарындағы сәулет, мүсін өнерімен , сәндік-қолданбалы өнерімен тығыз байланыста қалыптасты. Сәулет өнері саласында 1140 ж. шамасында Францияда пайда болған готикалық кейіннен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен тарап, XV ғ. дейін үстемдік етті. Романдық стильде салынған ғимараттар өзінің аумағымен, салмақтылығымен ерекшелінетін болса, готикалық стильмен салынған шіркеулер өзінің алып асқақтығымен, әрі әсемдігімен таң қалдырады. Бас айналдырарлықтайбиік етіп салынған бұл тамаша ғимараттардың әдемі күмбездері, аса үлкен терезелері бірден көзге түсіп, көрген адамға нұрлы дүниедей әсер қалдыратын. Сондықтан да болар, олар «Сансыз күмбездер», «аса үлкен терезелер», «бітісе қайнасқан», «бірін-бірі қуаланған күмбездер» деген теңдеулерге ие болды.
Үш ғасыр бойы Францияда салтанат құрған готикалық өнер үш кезеңді басынан кешірді. Бірінші кезең – алғашқы готика – ХІІ ғ. соңғы үшінші бөлігі мен бастапқы ширегін, ал екінші кезең – кемелденген готика немесе жоғары дамыған готика ХІІІ ғ. 20 ж. соңына дейін созылса, үшінші «нұрлы готика» немесе « жалындаған готика» деп аталған соңғы кезеңі XIV – XV ғ. аралығын қамтиды.
ХІІІ ғ. аяғынан бастап еуропалықтардың қалалық өміріне берік орныққан готикалық стильдің түп-тамыры ғасырлармен мыңдаған жылдардың тұңғиығында жатқан өнердің таңғажайып жетістіктерінде жатыр. Римдіктер өте шеберлікпен пайдалана білген арқа, күмбез және тағы басқа сәулетшілік өнер түрлері осы бір тарихи кезеңде орта ғасырлық құрылыс өнерінің негізіне айналды. Сұсты да, аумақты романдық стильдегі ғимараттар құрылысына қарағанда биікке қарай өсіре жүргізілген готикалық сәулетшілік өнер туындылары көз тартарлықтай әсем де, сәнді болып шықты. Романдық ғимараттардың биіктігі 18 – 20 метрден аспаған болса, алғашқы готиканың ең айбынды ескерткіші болып саналатын атақты Париж Құдай – ана соборының биіктігі 32 м. Болса, одан кейін Рейнде - 32 м., ал Аменьде – 42 м. дейін созылды. Олардың көкке қарай бой түзеген күмбездерінің биіктігі 150 метрге жетті. Аталған әрбір ғимараттардың әрқайсысы ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттің куәсі, замана туындысы болып табылады . Салынғанына алты ғасыр уақыт өтсе де, Батыс Еуропалық сәулет өнері тарихының жаңа кезеңін бастаған қасиетті Париж Құдай – ана соборы француз көркем-өнер кемеңгерлігінің аса үздік туындысы болып қала береді.
Француз бен неміс халықтарының мәдени дәстүрлер сабақтастығының куәгері болып есептелетін Страссбург соборы да неміс халқының ұлттық ерекшелігін ашумен қатар, шынайы интернационалдық мазмұнға ие болғандығын атап көрсетуге болады. Бүкіл елді табындырған бұл сымбатты ғимараттың бас сәлетшісі неміс Эрвин Штейнбахский болды.
Дүние жүзілік мәдениетінің дамуына қомақты үлес қосқан итальян сулетшілеріде готикалық стильдегі айтулы мәдени ескерткіштерімен орынды мақтана алады. Солардың бірі , Қайта өрлеу дәуірінің алыбы Микеланджело өзімнің «қалыңдығым» деп мақтаныш тұтқан атақты Санта Мария Новелла шіркеуі (ХІІІ – XIV ғ.) Италия суретшілері үшкір мұналары, жебе тәрізді арқалары, тор көзді терезелері бар ғимараттарды салған кезде құрылыстың көлемділігіне ерекше назар аударып, сәулетшілік үлгіні үнемі жетілдіріп отырды. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Стилистика | Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктер
» Реферат: Ресми іс қағаздар тілі- қазақ әдеби тілінің бір тармағы
» Реферат: Мәдениеттану | Қазақ мәдениетінің көркем шығармашылық типологиясы
» Қазақша реферат: Қазақ тілі | Қарапайым сөздер
» Реферат: Қазақ әдебиеті | Зейтін Ақышев

Іздеп көріңіз: