Реферат: Ортағасырлык батысеуропалық философия
Схоластикалық философияның басталуы И.С.Эриугенаның есімімен байланысты (810—877). Эриугена өзінің «Табиғаттың бөлінісі туралы» деген жұмысында әлемдік үйлесімділік тура-лы идеясын негіздейді. Онда құдай барлық бастаудың түпнегізі бола отырып, болмыс үдерісін өзі аяқтайды: «Құдай өзі таныл-мағанымен өзі жаратқан нәрселерінде біршама ашылады, ал Қүдайға иланудың өзі - таңғажайып жаратылыс» (Эриугена).
Ортағасырлық философиясының дамуына үлкен үлес қос-қан Ансельм Д' Аоста (1033-1109) болды. Ол өзінің «Прослоги-он» деген еңбегінде Қүдай өмір сүруінің априорлық немесе онтологиялық дәлелдерін негіздейді. Сол сияқты П.Абеляр (1079—1142) заттардың мәніне сәйкес келетін және сөздердің мағынасын білдіретін универсалийлер туралы идеяны дайын-дап шығарады.
Ф.Аквинский (1225—1274) өзіне дейінгі ойшылдардың уни-версалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып орта-ғасырлық схоластикалық ойлауда өзінің радикалды қадамымен ерекшеленді. Бүл қайта пайымдаудың мәні табиғатты, адамды, оның Құдайға қатынасын зерттеуге негізделді. «Тән туралы ой жан туралы ойға, жал туралы ой жекелеген субстанция жайлы ойға, ал бүл ой Құдай туралы ойға жетелейді», — деген Ф.Аквинскийдің кредосы аристотелизмді христиандық түрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық философия дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді. Ол сондай-ақ крюациоңщм идеясын да ұсынады. Ф.Аквинскийдің ілімі - христиандық діни^ ілім мен перипатетизм. философиясының, христиандық теоло-гия мен пайда болып келе жатқан жаратылыстанымның ара-сындағы ымыраға келушілік.
Бірақ бұл компромисс XIV ғасырда Дунс Скот (1270-1308) тарапынан сынға ұшырайды, юмизм мен нрмщшщзм.арасын-дағы пікірталасқа Р.Гроссетест (1168-1253), Р.Бэкон (1210-1294), У.Оккам (1290-1349/50) белсене араласады. Фомамен салыс-тырғанда У.Оккам концептуалды номиналист болып табыла-ды. Әлемде санаға бағынышты емес заттар да өмір сүреді. Үғым-дар - бүл ментальды феномендер. Осы жағдайларды теориялық түрғыда дамыта отырып, У.Оккам теологиялық спекуляция жасауға негіз жоқ деген шешімге келеді, өйткені олар универ-салийлер туралы ойға сүйенеді. Оккам діни мәселелерді шешу-де Папа сөзінің абсолюттігі туралы тезиске оппонент болды.
Оның пікірінше ақиқатқа жету жолында барлық нәрсеге де сын болуы шарт. Универсалийлерді сынай отырып Оккам филосо-фия мен теологияның ара жігін ажыратады. Номиналистің пікірінше философия теологияның қолжаулығы. Философия-ның өз міндеті бар: тәжірибе арқылы табиғи әлемді зерттеу. Ал теологияның философиядан ерекшелігі — ол Құдайға бет бұрран және сенімге ғана сүйенеді.
1.5.
Мүсылман әлемінің философиясы
Мүсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы, философиясымен қатар Алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, фи-лософиялық дәстүрлерді онан әрі жалғастырған. Егер ортаға-сырлық Батыс Еуропада христиандық дінді идеологияланды-ру, философиялық интоксикациялау және негіздеу үдерісі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII—X ғасырлар-да философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астро-номия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Ар-найы білім салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты. Мысалы, әл-Бируни Жердің өз осінен айна-лып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі болды, сондай-ақ, көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идея-ларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп, оны тұңғыш рет гео-метриямен байланыстырды.
Мүсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясы қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шыгыс арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен, сонымен бірге Шығыс мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты. Бұл ғылы-ми, теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдық-тарды, прогресшіл рационалистік философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазға-нымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды.
Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте грек дүниесімен қатар, шығармашылдық және жаңашыл-дық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттің есігін ашты. Шығу тегі түрік философтар мен ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари, тағы басқалармен қатар әл-Хо-резми, әл-Бируни, ибн Сина, әл-Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты ойшылдар мен философтардың есімдерімен та-нысты.
Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қата-рына әл-Кинди және әл-Фараби жатады. Әл-Киндиді ортаға-сырлық дәуірде «арабтардың философы» деп жиі атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебі әл-Киңци мұсылман әлемінің көпте-ген философтары ішінде шығу тегі жөнінен араб. Әбу-Жүсіп Якуб ибн Исхақ өл-Кинди (800—£79) Басра қаласынан шыққан, жетік білім алған, тек философ ретінде ғана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі, геометрия, оптика, метереология, психология, музыка салалары бойынша трактаттар жазды. Әл-Кинди еңбектерінен біздің заманымызға дейін аз ғана бөлігі жетгі. Логикалық-гаосеологиялық мәселелерге арналған жұмыстары-мен қатар, мынадай трактаты белгілі: «Аристотель кітаптарының саны жөнінде және философияны меңгерудің шарты, бастапқы философия туралы бес мәнділік жайында кітап, пайда болу және жойылу себептерін түсіндіру туралы трактаттар». Әл-Кинди жұмыстарының қалған бөліктері туралы оның замандастары мен ізбасарларының жекелеген сілтемелері, әр түрлі тақырыптар мен үзінділер арқылы білеміз. Оның мұрасының осы үлкен бөлігі X—XI ғасырлардағы діни реакция тұсында жойылған. Әл-Киңци мынадай мәселелерге зор көңіл қояды: Құдай мәселесі, ақыл-ой мәселесі мен философияның мәнін анықтау, ғылымдарды клас-сификациялау. Өзінің шығармаларында әл-Кинди Құдайдың мынадай түсіндірмелерін береді: 1. Қүдай түпнегіз, барлық нәр-сенің абсолютгік бастауы реіінде; 2. Құдай мақсатты себеп реіінде; 3. Құдай кеңістіктегі абсолюттік шексіздік және уақыттағы мәң-гілік ретінде. Философтың пікірінше, Құдай материяны, форма-ны, қозғалысты, кеңістікті және уақытты жаратқан. Пайда бол-ған нәрсе қозғалыс нәтижесінде өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берілгендіктен ол өзін-өзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені де таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбылыстардың себептік байланысын, олардьщ мәнін үға алады. Адам-ның әлемді танудағы ақыл рөлін анықтай отырып, әл-Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы туралы идея-ны айтады. Әл-Киңди ақыл ойдың мынадай төрт түрін ерек-шелейді: активті, пассивті, жинақтаушы, жарғылаушы.
Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фара-би X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болып саналады. Әбу Насьф Мүхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби-ат-Турки 870 жылы Сырдария бойывдағы Фараб қаласында түрік отбасында дүниеге келді. Фараби жоғары білімді оқыған адам еді, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясат-ты, психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фа-раби Аристотельдің алғашқы комментаторларының бірі. Ол Арис-тотельдің «Категориялар», «Герменевтика», «Аналитика. Софис-тика. Поэтика» сияқты шығармаларына түсініктеме берді. Бірақ әл-Фарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды, оның көпшілігі қазақ тіліне әлі аударыла қойған жоқ. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылы-ми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбы-лыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетінде қайырымдылық (ізгілік) бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам идеалын, жер бетіндегі халықтардың бейбіт және достық қатынастарын идеялық, теориялық түрғыда негіздеді. Өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Адамдық саясат» еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелерін қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық және саяси жағдайын, қоғам мен мемле-кет арасындағы қатынастар мәселесін көтеріп, аббасидтер хали-фатындағы әлеуметтік қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсінік береді. Әл-Фарабидің көптеген философия-лық идеялары батысеуропалық философия идеялары мен кон-цепцияларының қалыптасуына, дамуына, әсіресе Б.Спиноза-ның философиялық көзқарасына теориялық ықпалын тигізді. Сонымен қатар оның идеялары мұсылман әлемінің көптеген ойшылдарының, мысалы, ибн Сина, Ж.Бадасағұн және тағы бас-қаларының философиялық көзқарастарына да әсер етті.
Философия мен ғылымның дамуына түркістандық Бұқара-дан шыққан энциклопедист-ойшыл Әбу-Әли ибн Сина (980-1037) өзінің үлкен үлесін қосты. Ибн Сина әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда онан әрі жалғастырды: эма-нация идеясы, ақыл-ой туралы идея және т.б. Шығыста ибн Синаны аш-Шейх ар Райс деп атаған (аударғанда аш Шейх -рухани ұстаз, ал ар Раис — басшы дегенді білдіреді), ал Батыста атақты «Медицина ғылымы канондарының авторы» Авиценна деген атпен белгілі болды. Ибн Синаның философиялық көзқа-растарына әл-Фараби үлкен ықпалын тигізді. Ибн Сина надан-дыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін күрескен жан-жақты ғалым адам болды. Әр түрлі білім салаларындағы қажыр-лы еңбегі және орасан зор шығармашылық әдеби, ғылыми-фи-лософиялық мүрасына орай ибн Синаны энциклопедист ғұла-ма деп орынды атайды. Ғалымдардың мәліметі бойынша ибн Сина 450-ден аса еңбек жазған, онан біздің заманымызға дейін 240-ы жетті. Ибн Синаның тірі кезінде-ақ өзінің философия-лық идеяларын баяндаған «Шығыс философиясы» және 20 том-нан тұратын «Әділеттілік» деп аталатын философиялық эн-циклопедиясы жоғалып кеткен болатын.
Шығыста да, Батыста да ең танымал оның «Медицина ка-нондары» деп аталатын капиталды еңбегінде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген анатомия, физиология, терапия, хирургия, фармакология, профилактика мәселелері қарастырыл-ған. Өзінің философиялық жүйесін ибн Сина платондық ілімнен бас тарта отырып, перипатетизм арқылы құрастырады. Оның жүйесіндегі ғылымдар классификациясы өз ерекшелігімен қызықтырады. Әбу Әли философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге үмтылса, практикалық филосо-фия — игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға ибн Сина физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Бұл ғылымдардың барлы-ғын пысықтайтын логика, сондықтан ол инструменталды ғылымға жатады. Логика - бұл әлемді тану құралы, ол барлық ғылымдарға тәсіл береді. Барлық ғылымдардың шыңы метафи-зика деп санады (метафизиканы ол бірде философия, бірде тео-логия деп түсінді). Жильсонның пікірінше теологияның стату-сы туралы авиценналық шешім ізгі хабарға жол ашады, бірақ әрбір қүндылық туралы мөселеге толық жауап жоқ.
Газалидің айтуынша ибн Сина «философиялаушы мұсыл-ман» ретінде өзінің пайымдауларында кейде дінсіздікке жақын жағдайларға дейін барады. Шындығында, ибн Сина өз жауапта-рында мынадай идеяларға келеді: егер философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал теологиялық білім сенімге негізделеді. Өзінің батыл және ерек-ше дара идеялары үшін ибн Сина үнемі қуғынға үшырап отырды. Ибн Синаның философиялық позициясы кезіндегі әл-Фарабидің философиялық ізденістерінен өз бастауын алатын шығыс перипатетизм бағытын онан әрі дамытқан заңды жалга-сы болды. Сонымен қатар ибн Синаның философия мен теоло-гияның ара жігін ажыратқан, олардың статусы туралы идеясын онан әрі ибн-Рушд өзінің қосарланған ақиқат туралы теория-сында жалғастырды.
Орталық Азиялық әлемнің келесі бір інжу-маржаны — Ба-ласағүн қаласынан шыққан түрік, «Қүтадғу білік» («Құтты білім») деп аталатын атақты шығарманың авторы Жүсіп Бала-сағұн (XI ғасыр). Өлең түрінде жазылған бұл шығарма 6520 бәйіттен тұрады. Оның негізгі тақырыбы моральдық-этикалық мәселе. Баласағұн әл-Фарабидің ізгі қала-мемлекет туралы идея-ларын қолдай отырып, мемлекеттің формасы билеушінің адамгершілік тазалығы мен асқақтығына, билеуші мен бағы-ныштылар арасындағы ізгілікті қарым-қатынастарға байланыс-ты деп есептеді. Өз еңбегінде философ саяси дағдарыстар тұсын-дағы Қарахандар мемлекеті үшін қажетті (ол сол заманда өмір сүрді) билеушінің идеалды портретін беруге тырысты. Бала-сағүн билеушіге мынадай ақыл-кеңестер береді: «Біліп ал: адам-дар алдында сенің үш парызың бар. Соны орында — күшпен үзаққа бармассың. Ең алдымен күмістей тазалықты сақта... Екіншіден — адамдарға әділ заң бер... Және үшіншіден — күзетінді мықта». Баласағұнның түрік тілінде жазылған «Қүтты білік» еңбегі сол заман энциклопедиясын білдіреді. Бұл жүмыс этика, саясат мәселелеріне арналып қана қоймай, философия-лық, эстетикалық, ертедегі түріктердің діни наным-сенімдеріне байланысты материалдарға да толы.
Қарахан қағанатының гүлденген дәуірінде өмір сүрген гағы бір философ Махмұт Кашкдри. Ол өзінің 1072—1083 жылдары жазылған «Дивани лұғат ат-тюрк» («Түрік тілінің сөздігі») еңбегінде түрік рулары мен тайпаларының тілі, әдет-ғүрпымен қатар, олардың тарихы мен саяси өмірінен де мол мағлұмат береді. Ол адамдардың қоғамдық өміріндегі адамгершіліктің, тәрбиенің, білімнің маңызына назар аударып қана қоймай, рулар арасында-ғы қарым-қатынасты реттеу мен бекітудегі қуатты тетік ретінде тілдің рөліне де үлкен көңіл қояды. Қоғамдық өмір мен мем-лекетті нығайтуда түрік философының айтуынша ер мінезділік, адалдық, патриотизм және т.б. адамгершілік қадір-қасиеттер ма-ңызды орын алады. Сонымен қатар, түрік халықтарының бір-бірімен жақындасуы мен қатынасуының негізгі құралы ретінде Қашқари ана тілінің маңызды рөлін баса көрсетеді. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: