Реферат: Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдар

Реферат: Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдар

Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдарындағы, жаңа замандағы саяси ой-пікірлер

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімсн (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты — "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те пайгамбардың қолында болу керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасарлары — халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де құдайдікі деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсүйек-сұлтандарға ауысты.
XX ғасырда феодализм ыдырап капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекет пен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атайды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс – реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында қарама-қайшылықтар тудырды. Мұны біз олардың еңбектерінен де көреміз.
Томас Гоббс (1588-1679) - XVII ғасырдағы ағылшын революциясы кезіндегі көрнекгі саяси ойшыл, философ-материалист. Жаңа дәуірдегі саяси ғылымның ірге тасын салушылардың бірі болып есептеледі. "Азамат туралы", "Левиафан" т.6. еңбектерінде мемлекет пен саяси өкіметтің өзара келісімі негізінде, заңға бағынған қоғамның басқару теориясын ұсынады. Гоббстың айтуьшша мемлекет ұлы да құдіретті күш өздерінің құзырындағы адамдарға шексіз билік жасайды және олардың мүлтіксіз бағынуын міндеттейді. Сөйтіп Гоббс мемлекетке толық бағынудың қажеттілігін мойындап, оның төменгі табының құқын шектейді. Ол шексіз билікті қамтамасыз ететін мемлекеттің монархиялық түрін қолдайды.
Буржуазия мен дворяндардың мүдделерін жақындастыруға күш салған әлеуметтік екі жіктің дәнекерші – идеологы Джон Локк (1632-1704) XVII ғасырдағы ағылшын революциясы кезіндегі саяси-материализмнің негізін салушы. Оның басты еңбегі "Мемлекетті билеу туралы екі трактат" және т.б. Локк мемлекетті шексіз билеуге қарсы шықты. Халықтың еркіндігін жақтай отырып, тиранға-қанды шелек рақымсыз басшыға қарсы күрестің заңды, әділетгі екенін атап көрсетті. Локктың саяси көзқарастарының негізгі мәні дәстүрлі король үкіметінің билігі туралы теорияны жоққа шығарып, адам табиғатына лайықты мемлекеттік құрлысты құру еді. Адамның бостандығы адамзат баласының барлық праволарының негізі деп санап, егер бостандық жоғалса, ол онда өмір сүру мәнінен айрылады деді. Сондықтан адамның бостандығын қорғайтын заңның қажет екендігін көре білді. Локк үкіметтің заң шығарушы органы мен атқарушы органын бөлуді ұсынды. Заң шығарушылардың өз туындыларына өздерінің бағынуын талап етті. Оның ілімдері саяси ой-пікірдің дамуына әсер етіп, буржуазиялық мемлекеттердің құрлысында пайдаланылды.
Жаңа кезеңнің ілімдерінде "қоғамдық келісім" идеясы маңызды орын алды. Жаңа замандағы саяси-теориялық білімде "жеке адам" – мемлекет озекті мәселеге айналды. Адамның бостандығын қорғауды сенімді жүзеге асырушы деп мемлекетті сынады.
Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік-саяси ойының өкілі италияндық Никколо ди Бернардо Макиавелли (1469-1527) болды. Ол діни догмаға емес, бақылау фактыларына негізделген саяси ғылымға жол салды. Ол Италияны біріктіру үшін күресте саясат мәселелерімен айналысты. Макиавелли бір орталықтан басқаратын ұлттық мемлекетті жақтады. Өзінің "Государ" деген басты еңбегінде өткенді түсіндіретін, осы күнгіні басқаратын, болашақты бағдарлайтын саясатты
"тәжірибелі ғылым" деп атады. Адам билік пен меншікке ұмтылатын болғандықтан оның бойында менмендік пен өшпенділік, жауығу мен зұлымдық қалыптасады деп есептеді. Сондықтан ол моралға сүйенбей күшке сүйену керек дейді. Ол өз кезіндегі саяси ғылымға "мемлекет" деген термин
енгізді. Мемлекеттің ең озық түрі деп ол республиканы таңдап алды. Макиавеллидің идеялары мен ойлары қайта өрлеу және Реформация дәуіріндегі бірқатар ағымдардың саяси доктринасына айналды.
XVIII ғасырдағы Францияның саяси идеологиясының бір ағымы ағартушылық деген атқа ие болды. Бұл ағымның идеологтары үшінші сословиенің (Францияда 1789 ж. революцияға дейін дворяндар мен дін иелерінен өзгеше санға қосылмаған қала және село халқы) мүддесін қорғады. Олардың бағдарламасы феодалдық қоғамға қарсы бағытталып, буржуазиялық құрлысты уағыздады. Ағартушылар крепостнойлық тәртіпке қарсы шығып, өзін-өзі билеу еркіндігін жақтап, халық мүддесін қорғады. Бұл ағымның өкілдері Ағартушылықты дамыту, осы қалыптасқан тәртіпті өзгертеді деп есептеді. Алайда олар революцияның болу мүмкіндігін де жоққа шығармады.
Шарль Луи Монтескье (1689-1775 жж.) француздың ағартушылық кезеңінің әйгілі саяси ойшылы. Оның ең басты еңбегі "3аңдардың рухы туралы". Монтескьенің идеалы конститутциялық монархия болды. Оның пікірінше саяси бостандықты әкелетін оны тудыратын мемлекет деп білді. Ол мемлекетте ойыңа не келгенді емес, заң не істеуге мүмкіндік береді, сонымен ғана шұғылдануды еркіндік деп санады. Заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын, заң шығарушы, атқарушы және сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтады. Ол саяси бостандық, экономикалық дамуына да ықпал етеді деп есептеді. Сөз, баспасөз, ар-ождан бостандығына еркіндік беруді, мүлік теңсіздігін жоюды, азаматтардың күн көрулеріне, өмір сүрулеріне жағдай жасау міндеттілігін көрсетті. Ол бейбітшілікті қорғады. Басқа елді жаулап құлдыққа түсіруге қарсы болды. Оның көзқарастары саяси ойдың дамуына үлкен әсерін тигізді.
Демократиялық тенденциялар Жан Жак Руссоның (1712-1778 жж.) еңбектерінде айқын көрінеді. Ол өзінің "Қоғамдық келісім жөнінде" деген еңбегінде демократиялық билік идеясын ұсынады, оның мәні халық заң шығаруға қатысуы керек. Кез-келген биліктің негізі, ол қоғамдық шартқа негізделген адамдардың өзара келісімі. Қоғамдық шарттың мәні, ол әрбір адам өзінің еркін жоғары биліктің қол астына бере отырып, өзі дс сол билікке қатысады дейді. Тәуелсіздік халыққа тән, ол ешбір заңмен шектелмеуі тиіс. Демократия мен бостандық сонда, егер заң шығарушы халықтың өзі болса деген озық пікір білдіреді.Заң жалпы халықтың еркінен туады ал, мемлекет басшысы сондықтан одан жоғары бола алмайды. Жеке адамның билігі зорлықпен ұштаспауы керек, ол заң шеңберінде ғана әрекет еткені абзал. Ешбір адам басқа бір адамдарды сатып алатын дәрежеге дейін баюға тиіс емес, сондай-ақ, ешбір адам өзгеге сатылатындай соншалықты кедей де болуға тиіс емес. Ол шексіз байлыққа қарсы тұратын заң қабылдау керек деген пікір айтады. Мемлекеттегі заң шығарушы және атқарушы биліктерді бөлуді ұсынды. Оның бұл идеялары 1789 және 1793 жылдардағы Адам және азаматтар құқыларының Декларациясына енді. Жан-Жак Руссоның идеялық ықпалы буржуазиялық демократизмнің шегінен асып түсті.
Консерваторлар монархияны қайтадан қалпына келтіруге және феодалдық-аристократиялық дәстүрлі мұрағаттарды жандандыруға шақырды. Консерваторлар ағартушылық ағымның адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары туралы идеясын қабылдамады. Олар жеке адам-ның қоғамдағы қауіпсіз жұмыс істеуіне басты назар аударды. Сондықтанда қоғамның әлеуметтік-саяси дамуы эволюциялық жолмен біртіндеп жүруі қажет, яғни ескі жаңа жағдайға бейімделу жолымен жетеді дейді. Консерваторлар мемлекет қуатының артуының негізі жеке меншік деп санады. Ал мемлекет болса оған араласпауы керек деп білді.
Либерализм идеология ретінде капитализмнің жедел дамуына әлеуметтік-саяси жағдай жасауға бағытталды. Либералдар құқық пен бостандықты, алдымен жеке адамның және өнеркәсіп бәсекесі бостандығын жақтады. Егер консерваторлар қоғамды біртұтас организм ретінде түсінсе, либералдар адамдардың саналы қызмстін жетілдіретін механикалық агрегатқа балады. Либерализм - жеке адамға артықшылық беруді жақтады.
Томас Джефферсонның (1743-1826 жж.) саяси көзқа-расы демократизмге толы болды. Ол түңғыш адам құқығының Декларациясының, АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясының авторы. Ол мемлекеттің монархиялық формасын сынға алып, халық бостандығы идеясын жақтайды. Оның саяси идеалы фермерлердің демократиялық республикасы болды.

2. Батыс Еуропа елдеріндегі саяси ой-пікірдің негізгі бағыттары

XVIII - ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында Батыс Еуропа елдерінде өркениеті дамудың негізі қаланды. Оған Ұлы Француз революциясынан кейінгі онеркәсіп төңкерісі себеп болды. Капиталистік қатынастар дамып, буржуазиялық қоғам тарихи сахнаға шықты. Сонымен бірге саяси өмірде буржуазия бостандыққа, прогреске, заңдылықтың болуына ұмтылды. Буржуазияның осы кезеңдегі идеологиясы либерализм болды. Олардың идеологтары Б.Констан, И.Бентам т.б. болды. Либералдар буржуазияның құқы мен бостандығын ең алдымен жеке бас еркіндігін, дербестігіне қолсұғылмаушылығын жеке меншікке еркіндік, мемлекеттің экономикаға араласпауын негіздеп берді. Бұл кезеңдегі либерализмге буржуазияның дамудағы революция мен радикализмнен гөрі байыпты дамитын эволюциялық жолға түсуі байқалды. Оның көрнекті өкілі француз Бенамен Констан (1767-1830 жж.) болды. Ол буржуазияның құқы мен бостандығын қорғап, либералдық саяси тәртіпті жақтады. Сондай-ақ, ол революциялық демократтардың идеологиясын оның ішінде Ж. Руссоның халыққа егемендік беру керек деген теориясына қарсы шығып соны сынады. Ол жеке тұлға мен мемлекет арасындағы мәселеге де назар аударып, оны либерализм тұрғысынан шешуге тырысады. Халықтардың бостандықтарының ірге тасы олардың жеке құқы, саяси еркіндігі деп біледі. Азаматтық бостандықты мойындамайтын билік тиранға айналып өзінің негізін жояды дейді. Бұдан шығатын қорытынды мынау: саяси билік монархтың ба, әлде халықтың ба қолында болса да бәрібір шексіз болмауы тиіс. Оны болдырмайтын шекара болып жеке тұлғаның құқы есептеледі. Өкіметтің қызмет бабын асыра пайдалануына қарсы күш біріншіден, парламентте шоғырландырылған қоғамдық пікірдің күші болса, екіншіден, билікті бөліп басқаратын, олардың теңдігін қамтамасыз ету деп біледі.
Констан мынадай билік жүйелерін ұсынады:
1. Корольдік билік, өзге биліктерді келістіруші олардың қызметтерін, келіспеушіліктерін реттеуші міндетін атқарушы рөлінде көрінеді; 2. Атқарушы билік парламенттік принцип негізінде әрекет ететін министрлерге жүктеледі; З.Тұрақты мұралық пен берілетін пэрлердің жоғарғы палатасының билігі; 4. Қоғамдық пікірді іс жүзінде асыратын төменгі палата билігі. Жоғары мүлік цензасы ескеріліп, төте сайлау негізінде құрылады; 5. Сот биілігі; 6. Тәуелсіз тек муниципальдық (жергілікті) мәселелерді шешетін билік. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру Констанның пайымдауынша орталықтың қатаң бақылауынан босатып, азаматтардың белсенділігін арттырады, еркіндікке жол ашады.
Ағылшын либеральдық буржуазиялық көрнекті өкілі Иеремия Бентам (1748-1832 жж.) өмір сүрген. Өзінің "Заңдылықтың принциптері", "Конституциялық кодекстің барлық мемлекеттер үшін бастамасы" деген еңбектерінде саяси және құқықтық институттарды демократияландырудың бағдарламасын негіздеді. Бентам ілімінің негізгі қағидасы адам әрекетіндегі пайда мен табыстың қалай пайдаланатындығында. Сол пайдалардан адамның әлеуметтік қасиеті көрінеді. Әркім ең алдымен өзін ойлауы керек дейді. Ол революциялық идеологияны жоққа шығарып, реформаны қолдайды. Сөйтіп оның ілімі Англиядағы буржуазиялық-демократиялық қозғалысқа ықпал етті.
XIX ғасырдың екінші жартысында Органикалық теория-ның негізін салған ағылшын ойшылы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Оның саяси ілімінің негізі мемлекет пен биологиялық организмді салыстыру арқылы жүргізу болды. Мемлекетті "саяси агрегат", "саяси қоғам" сияқты деп салыстырмалы түрде қарайды. Биологиялық организм секілді мемлекетте пайда болады, дамиды, кеңейеді, секіреді қирайды дейді. Үкіметтегі аппаратты тірі организмдегі жүйке, ми органдары сияқты мемлекетті реттеуші деп түсіндіреді. Спенсер еркін бәсекелестік дәуіріндегі капиталистік мемлекетті жақтады.
Жаулап алу теориясын, австрияның социологы ұлты поляк Людвиг Гумплович (1838-1909 жж.) жасады. 1883 жылғы "Нәсілдер күресі" деген кітабында адамзат қоғамындағы таптар күресінің маңызын жою мақсатымен тарихта нәсілдер соғысы келе жатыр деген теория жасайды. Күшті мен әлсіз нәсілдер арасындағы қақтығыс біріншісінің екіншісі жеңуімен аяқталатынын ескертеді. Оның ойынша мемлекетті өмірге әкелген құдай да, қоғамдық келісім және бостандық идеялары да емес, бірнеше тайпалар мен топтардың өзара қақтығысы. Мемлекеттің пайда болуымен әлеуметтік топтар арасындағы күрес тоқтамайды керісінше жаңа формада жалғасады.
Немістің социолог-тарихшысы Макс Вебер (1864-1920 жж.) дамыған елдердегі мемлекеттік бюрократияның авторы ретінде белгілі. Оның пікірінше бюрократия – бұл адамдар қызметінің ұжымдық формасы. Ол мемлекеттік ұйымдардағы бюрократтық жүйені өзінің тәртіпті, сенімді, қатал және қалыптылығына қарап, қазіргі қоғамдағы кез-келген басқа жүйеден артық деді. Мемлекеттік-бюрократтық ұйымдардың қызметінің негізі етіп, барлық шенеуніктер меңгеруге тиіс қызметтік біліктілік принципін алады.
Қоғамның шаруашылық өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологиялық мүдделері мен діни сананың араларында қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Дінді капитализмді тудыратын белсенді күш деп санады. Вебер әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Болашақ қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердің диктатурасы болады деді.
Итальян саясаттанушылары Гаэтано Моска (1853-1941 жж.) және Вильфредо Парето (1848-1923 жж.) алғашқысы "Саяси тап" екіншісі "Элитизм" теориясының авторлары. Элита - француз тілінде сұрыпталған, іріктелген, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Олардың ойынша, қарапайым халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, өресі жетпейді дейді. "Саяси ғылым негіздері" деген 1896 жылғы еңбегінде Моска саясат дегеніміз бір-біріне қарама-қарсы екі таптың күресі. Қоғам екіге бөлінеді: жоғарғы "элита" және төменгі-бағынушылар. Элитаның өзін басқарушы және басқару құқығы жоқтар деп бөлді. Моска билеуші тапқа кірудің үш жолын көрсетеді: олар әскери атақ, байлық, қасиеттілік. Билеуші тап қоғамда мығым және жаңарып отырудың үш жолын көрсетті. Олар мұрагерлік, сайлау және басқарушыларды жаңа күштермен алмастырушылық.
Билеуші тапты жаңартып отыру керек деген пікірді Парето да жақтайды. Ол аристократияның мәңгі еместігін ескертеді. Олар дамудың белгілі бір сатысында алғашқы қадамынан айырылып ізденімпаздық қасиетімен айрылады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Ал, билеуші элита өз еркімен биліктен кетпейтіні де белгілі. Сол себепті қоғамдағы элиталардың алмасуы күш қолдану, мемлекеттік төңкеріс, революциялар арқылы жүзеге асады. Ал мұның өзі жалпы алғанда қоғам үшін пайдалы деп есептеді. Бұл екеуі де демократияға қарсы болып, оны қиял, сағым деп бағалады ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Рим империясы тұсында Христиан дінінің кеңінен таралуы
» Сабақ жоспары (ұмж): Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Орта ғасырлар тарихы нені оқытады? (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
реферат Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдар туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдар на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Саясаттану жоспарымен, казакша реферат жоспар, Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]