Реферат: Тарих | Мемлекеттің формалары
Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады. Мем¬лекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мем¬лекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді: 1.Формациялық; 2. Өркениеттік.
Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типолгия негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда — мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды.
Мемлекеттің формациялық типтерінің негізін қоғамдық-экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайды. Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш қарама-қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық-экономикалық формация пай¬да болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттің типін қалыптастырады. К.Маркс өзінің формациялық ілімі туралы былай деп жазды: «Менің зерттеулерім мені мынадай нәтижеге жеткізді: праволық (құқықтық - С.Ө.) катынастарды, дәл сол сияқты мемлекеттердің формацияларын да өзінен-өзі де, адам рухының жалпы дамуы дейтінінен де түсініп болмайды, керісінше, олар материалдық өмірлік қатынастарға негізделеді... Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды... Қоғамның материалдық өндіргіш күштері өз дамуының белгілі саласында сол кездегі өндірістік қатынастарға, немесе осы күнге дейін өздері солардың ішінде өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдык жағынан алғандағы бейнесі ғана болып табылатын меншік қатынастарға қайшы келеді. Өндіргіш күштердің даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады. Сол кезде әлеуметгік революция заманы басталады, экономикалық негіздің өзгеруімен бірге азды-көпті қысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада төңкеріс жасалады».
К.Маркстің ашқан бұл жаңалығын коммунистік идеология құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер типологиясын тек догматикалық қағида ұғымдарымен түсіндірді.
Құл иеленушілік типтердегі мемлекеттердің экономикалық негізін құл иеленушілердің өндірістік құрал-жабдыктарға деген жеке меншігін құрайды, ал сол өндірістік қатынастардан тікелей құл иеленушілердің саяси билігі, диктатурасы қалыптасады. Біріншісі — қоғамның экономикалық негізі, екіншісі — саяси негізі. Әлеуметтік негізін екі тап қалыптастырады: Құл иеленушілер және құлдар.
Феодалдық мемлекеттің экономикалық негізін феодал таптарының жерге деген жеке меншігі құрайды. Саяси билік феодалдардың иелігінде. Осыған орай феодалдық базис негізінде пайда болған мемлекеттердің барлығы феодалдық типтегі мемлекеттердің қатарына жатады. Феодалдық мемлекеттер фе¬одалдқ өндірістік қатынастарды қорғау үшін феодал таптарының саяси билігін жүргізетін басып-жаншу машинасы ретінде ғана бағаланады. Басқа құндылықтарды таптық сипат негізінде бағалайды.
Буржуазиялық мемлекет типінің экономикалық негізін бур¬жуазия табының өндірістік құрал жабдыққа деген меншігін құрса, саяси негізін буржуазияның саяси билігін заңдастырады. Буржуазия мен пролетариат қоғамның әлеуметтік негізін құрайды. Маркстің саяси - құқықтық ілімі бойынша буржуазиялық мемлекет тарихтың даму заңдылықтарымен социалистік мемлекетпен ауыстырылды. Бұл процесс негізінде төңкеріс арқылы болады. Және ол барлық елдерде міндетті түрде болатын құбылыс.
Социалистік типтегі мемлекеттің экономикалық негізін жұмысшы және шаруалар табының өндірістік құрал-жабдықтарға меншігі құрайды, ал саяси негізі пролетариат және шар¬уалар табының билігі ретінде бағаланды. Социалистік мемле¬кет пролетариат диктатурасы ретінде пайда болып, дами келе жалпы халықтық мемлекетке айналады. Қоғамның басқарушы күші ретінде жұмысшы табының коммунистік партиясы танылады. Социалистік мемлекеттің оған дейін пайда болған мемлекеттерге қарағанда адамның әлеуметтік жағынан тиімді қорғалудың тетіктерін (жұмыссыздыққа жол бермеу, ақысыз медициналық көмек, ақысыз білім алу, т.б.) іс жүзіне асырады. Бұл прогрессивтік мағана. Сонымен қатар социалистік мемлекетке бір меншіктің түріне, бір партияға шексіз монополия беріледі, адам құқы аяққа тапталады, бір ғана идеология үстемдік етеді, билікті болу идеясы қабылданбайды және плюрализмге жол бермейді. Халыққа қарсы күш қолдану және үркіту-қорқыту мемлекеттік саясаттың негізгі құралдарына айналады.
Кеңестік социалистік мемлекет, алпауыт қызыл империя қанау мен күштерді үш бағытта жүргізді.
1. Меншікке қарсы жүргізген күштеу саясаты. Меншікті күшпен тартып алудың нәтижесінде халық езгіден құтылған жоқ. Керісінше, адам партиялық номенклатура билеген мемлекеттің шексіз езгісіне душар болды. Мемлекет жеке адамға артық табыс табуға тыйым салды, тер төгіп теккен жалақысының 36% ғана иемделінді, қалғандары мемлекеттің қалтасына түсіп отырды.
2. Өмірдің барлық саласына мемлекеттік көлемде жоспар құру (түйме жасаудан, космос корабіліне дейін) және бәсекелестікті жою саясаты мемлекеттік мәні бар идеология ретінде танылады.
3. Жеке адамға қарсы күш қолдану, адам құқын аяққа таптайды, еркін пікір білдіруге қатаң түрде тыйым салады. Оның барлық қимыл-әрекеттері ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: