Реферат: Тарих | Мемлекеттің пайда болуы

Реферат: Тарих | Мемлекеттің пайда болуы

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының алғы шарттары. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте томен денгейімен ерекшеленетін алғашқы қауым¬дық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек, Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінін алдында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінін іс-әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады: ол қалдықсыз пайдаланылды.
Мемлекеттің пайда болу процестерінің саяси-құқықтық ойда бейнеленуі. Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары ежелден-ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді. Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибслері коптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз орбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әртүрлі. Сонымен, кейде терең ойлы жәнее дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып жатады. Алайда, ойшылдар айтқан постулаттардың, болжамдар мен ережелердің жиынтығы баға жетпес байлық. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық шындықты оның дамуының озгермелі кезендерінде адамның ойлау логикасын түсінуге мүмкіндік бере отырып олардың негізгілерін білудің, әр түрлі ойшылдың пайдаланған аргументтері мен дәлелдерін салыстырып, талдау жасаудың, олардың күшті және әлсіз жақтарын аңыктап, осы теориялардың адамзаттың кәдесіне жарайтын-жарамайтындығына қорытынды жасаудың маңызы зор ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Мемлекеттің пайда болуы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, Мемлекеттің пайда болуы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]