Реферат: Экономика | Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы

Реферат: Экономика | Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының тандап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:
1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
2) монополиялық қызмеггі шектеу және бәсекелестікті қорғау; 3)табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиками тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта болу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде "қаржы" категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдаяттың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ эконо¬микалык өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.
Экономикалык, ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта нарықтық жүйенің жетілмегендігінен барып туады:
1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-тендік көлемінің олардың оңтайлы колемінен ауытқуы;
2) ресурстарды болуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.
Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарын өндіру немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылыс "жанама нәтижелер" немесе "құйылымдар" деп аталады және бұл шаруашылық процестердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың пайдалары немесе шығындары болып табылады.
Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, шудың, тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.
Құйылым щығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды шалатын мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:
1) қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді.
2) құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе-тендіктің жай-күйін қамтамасыз етеді.
Екі жағдайда да өнімге немесе қызмет көрсетуге ресурстарды тым көп бөлу жойылатын болады.
Құйылым пайдаларын: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар, медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек нарықтық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтер көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды.
Құйылымдар пайдалары кезіндегі мемлекетгің реттеуші іс-қимылдары сұраным мен ұсынымды кобейтуге бағьпталған. Сұраным тұтынушыларды құйылым пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметгер көрсетуді сатып алу үшін қосымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады. Ұсыным өңдірушілерді қаражаттаңдыру жолымен арттырылады, бұл олардың шығындарын азайтады және өндірістерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Құйылым шығындарының іс-әрекет процесі сызбаларда көрсетілген. Бұл шығындардың болуының нәтижесінде (10.1 сызба) ұсыным сызығы S ! жағдайында болады, яғни қоғамға аударып салынған шығындардың бөлігінен кәсіпорын босатылады. Барлық шығындарды қосқан жағдайда ұсыным сызығы 8,жағдайында болады; бұл орайда тепе-тең көлем 0,-ден Q2-re төмендейді, ал тепе-тең баға Р,-ден Р,-ге көбейеді. Ұсыным сызығының сапырылысуына жоғарыда айтылған мемлекеттің іс-қимылымен қол жетеді.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]