Реферат: Саясаттану | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Реферат: Саясаттану | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Мұнда рыноктық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз.
А) Табыс құрылуының рыноктық механизмі және әлеуметтік саясат.
Табысты рыноктық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктық механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, ХХ ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде “берек елі мемлекет” (welfare state) деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамтамассыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Рыноктық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.
Б) Халықтың табыстары және оның құрылу көздері.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты тізбегіндегі басты буын халық табысын құру саясаты. “Табыс” деген түсінік экономикалық жұмыс нәтижесінің көрсеткіші. Экономикалық әдебиетте “табыс” дегенді жаңадан жасалған құнның мөлшерін анықтауға қолданып, өндірілген құнның оны өндіруге жұмсалған шығындардан артық болуы, әр таптың, әлеуметтік топтың немесе жекелеген адамның өндірілген өнімдегі үлесі, оны иемденуі мағынасында түсінеді.
Қоғам мөлшерінің табыс дәрежесі, деңгейі олардың әл-ауқатының басты көрсеткіші, өйткені ол жеке адамның материалдық және рухани өмірін анықтап, демалуына, білім алуына, денсаулығын сақтауға, күнделікті тұтыну қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді.
Халық табысының мөлшеріне тікелей әсер ететін факторлардың ішінде, жалақының көлемінен басқа бөлшек сауда бағасының динамикасы, тұтыну рыногын тауарлармен толтыру және т.б. бар.
Халық табысының деңгейі мен динамикасын сараптау үшін номиналды қолдағы және нақтылы кірістерінің көрсеткіштері қолданылады.
Номиналды табыс (ИІ) – жекелеген адамдардың белгілі уақытта алған ақшасының саны.
Қолдағы табыс (ДІ) – жеке тұтынуға және жеке жинақтауға болатын табыс. Қолдағы бар табыс номиналды табыстан салық пен міндетті төлемдер сомасына кем болады.
Нақтылы табыс (ВІ) – белгілі бір уақытта қолдағы бар табысқа сатып алған қызмет пен тауарлардың саны, ол баға деңгейінің өзгеруімен түзетіліп отырады.
Халықтың нақтылы ақшалай табыстарының құрылуының бірнеше қайнар көздері бар, олардың негізгілері: факторлық табыстар, қоғамдық тұтыну қорларынан берілетін төлемдер мен жеңілдіктер; финанс жүйесі арқылы келетін (банктерден, жинақ кассаларынан, сақтандыру мекемелерінен және т.б.) және басқа түсімдер. Жалақы, кәсіпорындардағы, кооперативтердегі жалақы тектес табыстар; өз шаруашылығының табыстары және басқалар. Еңбек факторына ақы төлеудің тенденциясын талдау, бұл табыс түрінің болашақта да жалпы ақша табыстарының көлемін құруда жетекші роль атқаратынын көрсетеді.
Халық табысының құрылуына айтарлықтай әсер ететін жай қоғамдық тұтыну қорынан (ҚТК) берілетін төлемдер мен жеңілдіктер немесе мемлекеттік көмектің бағдарламасы. Осылардан зейнеткерлерді қамтамассыздандыруға, уақытша жұмысқа жарамсыздарды қолдауға әр түрлі жәрдем ақыға (балаларды күтуге, дәрігерлік қамту, табысы аз отбасыларының балаларына, жұмыссыздарға жәрдем беру) қаржы бөлінеді.
Халық табысында трансферттік төлемдер мен жалақы үлестерінің ара қатынасы жеке адамның экономикалық мүдделілігі мен еңбекке ықыласын қалыптастыруда ерекше роль атқарады. Жалпы табыстар сомасындағы жалақының басым болуы кәсіпкерлік, жаңашылдық, іскерлік сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Қоғамдық тұтыну қорынан берілетін төлемдерді күшейту (немесе мемлекеттің көмек бағдарламасын) өндірістік қызметке қатысу деңгейін төмендетіп, біреуге арқа сүйеушілік, масылдық психологияны тәрбиелейді.
Қаржы – несие жүйесі арқылы алатын халықтың ақшалай табыстары мынадай түрде көрінеді:
1. Мемлекеттік сақтандыру төлемдері;
2. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін, жас отбасыларына шаруашылық заттарын алуға, бау-бақша серіктестіктеріне және т.б. техника, инвентарь сатып алуға берілетін қарыз;
3. Жинақ кассаларындағы салымдарға жыл аяғында қосылатын процент тер;
4. Акция құндарының өсуінен, облигация мен заемдардан түсетін табыстар;
5. Лотерея ұтыстары;
6. Тауарларды несиеге сатып алудан құралатын уақытша бос қаржылар;
7. Әр түрлі қайтарымдар (компенсация).
Басқаша ақша түсімдеріне комиссиондық және сату дүкендерінен, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудан түскен кірістер жатады. Халықтың номиналды табысына атап өткеніміздей олардың таза табыстарымен қатар міндетті төлемдері де жатады. Төлемдер мен алымдарды жинақтай отырып, мемлекет өзінің ресурстарын құрайды, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, ақша қаржыларын қайта бөледі, табысы аз азаматтарға көмек көрсетеді. Табысы аз азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында және әл-ауқат дәрежесін белгілі деңгейден төмендетпеу үшін мемлекет табыстың ең төменгі табалдырығын анықтап, одан салық алмайды. Сонымен қатар жоғары табысқа үдемелі салық ставкасын тағайындайды. Экономикалық теория салықтың екі тобын көрсетеді: тікелей және жанама. Тікелей салықтар негізінен табыс салықтары, жанама салықтар көбінесе тұтыну салықтары ретінде көрінеді. Тікелей салықтар тек жалақыдан және басқа факторлық табыстардан алынып, мемлекет қазынасына түседі. Жанама салықтар (акциздер) тауар бағасында *жасырылады*, бірақ жекелеген елдерде оны дүкенде тауар сатып алғанда ашық мәлімдеу тәжірибесі қолданылып жүр.
Сонымен халыққа салық салу – табысты бөлудің дербес тұтқасы, әлеуметтік саясаттың бір бағыты. Халықтан алынатын салық пен төлемдердің көлемі табыстың өсуімен көбейіп отырады. Салық түсімдерінің ішінде шешуші рольді табыс салығы алады, сонымен қатар жеке табыстан, мұрагерліктен, ауыл шаруашылығынан, отбасы шағын азаматтардан, сатудан және т.б. салық алынады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы саясаттану жоспарымен, казакша реферат жоспар, Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]