Реферат: География | МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ

Реферат: География | МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ

Қасиетті қазақ жерін жаяу аралап шыққан кез келген адамның төрткүл дүниені түгел шарлағандай әсер алатыны ақиқат. Ата-бабамыз ұрпағына ұлағат еткен осы аяулы атамекенімізде Жер-анаға тән қандай да жағрапиялық ерекшелік, қандай да ауа райы климатының құбылысы жоқ десеңізші!
Жер ұйығы – Жетісудың, ақбас шың Алатаудың, асқақ Алтайдың, шежірелі Маңғыстаудың, қазыналы Қаратаудың, қарағайлы Қарқаралының, кербез сұлу Көкшетаудың, бағаналы Баянауылдың баламасыз тамаша табиғаты тәжірибелі жаһанкездердің өзін де таңдай қаға тамсандырып келеді, таңдандыра бермек.
Соның бірі – Солтүстік жар¬тышарда сақталған самалды Са¬рыарқаның салиқалы жа¬зы¬ғындағы қоғалы көл, қоқиқаз¬дардың құт мекені – Қор¬ғал¬жын қорығы. Бүгінде Ақмола облысының Қорғалжын, Егін¬дікөл, Қарағанды облысының Нұра аудандарының аумағында орналасқан бұл мемлекеттік қо-рықтың көлемі 258963 гектарды құрап отыр. Оның 197919 гек¬тарын су айдыны алып жатыр.
Тарихты дүбірлеткен кө¬не¬дегі ер түріктер тұлпарлары тұя¬ғының ізі қалған шежірелі Қор¬ғалжын өңірінде талай буын көшп¬енділер қас батырларының есі¬мін әйгілейтін ескерткіштер сақ¬талған. Атақты Тоқтамыс хан ат суарған Тоқтамыс көлі, Абы¬лайхан шатыр тіккен Абы¬лай көлі, Кенесары қона жатқан Сұл¬танкелді көлі соған дәлел бо¬лса керек. Өткен ғасырдың бірінші жартысында бұл өңірде ірілі-ұсақты 130-дан астам көлдердің айдыны кемерінен асып жатар еді. Адам қолымен жасалған қиянаттың кесірінен оның біразы суалып, біразының күйі кетіп, көлшікке айналды.
Қазір Қорғалжын қоры¬ғы¬ның аумағында 60-қа жуық тұщы және тұзды көлдер бар. Тұ¬щы көлдер қатарына Сұл¬тан¬келді, Есей, Қоқай, Асаубалық жатса, тұзды көлдер қатарына атақ¬ты Теңіз көлі кіреді. Қор¬ғал¬жын қорығының атын әлем¬ге жайған құс падишасы – қо¬қи¬қаздарды сонау Африкадан бұл өңірге магниттей тартып жат¬қан құдірет те осы – Теңіз көлі. Оның құрамындағы тұз¬дың мөлшері теңіз суының тұз¬ды¬лығынан 5-6 есе асып түседі.
Теңіз – көне көл. Мұнда мекен ететін құстар да көнеден келе жатыр. Бұл – алқызыл қоқиқаздардың солтүстіктегі жалғыз мекені. Олар мұнда Теңіз-Қорғалжын ойпатын Тетис көлі басып жатқан пале¬гон дәуірінен бері өмір сүріп келеді. Жыл құстары үшін Теңіз көлі – таптырмайтын құт мекен.
Теңіз көлі бір мезгілде 15 миллион құсты жем қорымен толық қамтамасыз ете алады. Бұл жерде құс падишалары – бұйра бірқазандар мен алқызыл қоқиқаздар ұя салады.
Табиғат құдіретінде шек бар ма?! Жыл сайын ұя басып, ұрпақ жалғастыру үшін сонау Афри¬кадан Теңіз көліне дейін мыңдаған шақырым қашық¬тық¬ты артта қалдырып, қанаттары та¬лып, 50-60 мыңға тарта қо¬қиқаз Қорғалжын қорығына ұшып келеді. Ал әлемдегі бар¬лық бұйра бірқазанның 20 па¬йыздан астамы осы жерге келіп, ұя салады. Ғалымдардың есебі бо-йынша, Қызыл кітапқа кірген ақбас үйректің, қарабас өгіз¬ша¬ға¬лалардың және далалық қы¬рандардың 10-15 пайыздан ас¬та¬мы осы қорықта ғана жұмыртқа басады екен.
Қорғалжын қорығында сүт¬қо¬ректі жануарлардың 41 түрі, оның 8-і халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген, құстардың – 321 түрі, оның 39-ы Қазақ¬стан¬ның Қызыл кітабына, 22-сі ха¬лық¬аралық Қызыл кітапқа енгізілген, балықтардың – 14 түрі, жәндіктердің 700-ден астам түрлері мекендейді.
Сон¬дай-ақ мұнда өсетін өсім¬дік¬тердің 418 түрі тіркелген.
Міне осындай тұмса табиғат тұнығы, құс жолының құт ме¬кені – Қорғалжын көлдерінің ай¬дынын қасірет құрсаулады. Тың және тыңайған жерлерді игеру желігімен жан-жақтан жи¬налған келімсектер өңірде алаң¬сыз өрген киіктерді қы¬надай қырып, Теңіздің аққу-қаз¬дарын топ-топтап атып, көл¬дегі балығын жарылғыш кар¬бид¬пен жусатты. Жергілікті ха¬лық ата-баба қорымын, туған табиғатын қорғау мақсатында “төрімізге шығып, киізімізді тілген” келімсектермен талай-та¬лай қақтығыстарға да барды. Бі¬рақ күш тең емес еді. Келім-сектердің артында “қолты¬ғы¬на су бүріккен” үлкен империя тұрды.
Күн тәртібінде Теңіз, Қор¬ғал¬жын көлдерін сақтап қалу мәселесі күннен-күнге өткір қойыла бас¬тады. Сөйтіп, 1957 жылдың наурыз ай¬ында бұл өңір аңшылық за¬казнигі болып жарияланды. Ол да жетіскен шаруа емес еді. Енді бұл көлдердің фаунасы мен флорасы заңды түрде рұқсат қағаздары бар “аңшылар” мен “балықшылардың” майдан алаңына айналды.
Қазақстан ғалымдары мен зия¬лы¬лары дабыл қағуын тоқтатпады. Осының нәтижесінде 1958 жылы мамыр айында Көн өзенінің оң жағасында бар болғаны 15 мың гектар жерді қамтыған Қорғалжын мемлекеттік қорығы құрылды. Алайда, бұл қорғалатын аймаққа ғажайып көлдердің үштен бірі де енген жоқ. Ол, ол ма, “ұлы жү¬гері¬ші” атанған Никита Хрущевтің аярлығымен болашақта Ресейге қосу үшін құрылған Тың өлкесі (“Целинный край”) 1961 жылы Қорғалжын қорығын ыдыратып, оған бөлінген жердің жартысынан астамын жыртып тастады. 1962 жылы механикаландырылған орман шаруашылығына айналған Қор¬ғалжын қорық-шаруашылығы бір-біріне мүлде кереғар функ¬цияларға ие болды. Ол бір мезгілде әрі та¬биғат байлығын қорғап, әрі аң¬шы¬лық-балықшылықпен айналысуға тиіс еді.
Тек 1968 жылдың сәуірінде республика Ғылым акаде¬мия¬сы¬ның ұсынысымен Қазақ ССР Минис¬терлер Кеңесі жалпы көлемі 177200 гектар, оның ішінде 147600 гектар су айдыны бар толыққанды Қорғалжын мемлекеттік қорығын құру туралы №124 қаулысын шығарды. 1974 жылы қазан айында халықаралық Рамсар конвенциясы бойынша Қорғалжын қорығы “А” категориясына жататын әлемдік маңызы бар сирек кездесетін сулы-батпақты аймақ ретінде тіркелді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде Елбасының ті¬келей назар аударуының нә¬ти¬же¬сінде Қорғалжын мемлекеттік қорығының халықаралық дәре¬же¬дегі жаңа шежіресі басталды. 1998 жылы Көкшетауда Қоршаған ортаны және табиғи байлықтарын қорғау министрлігі мен Герма-ния¬ның табиғат қорғау одағы (NABU) “Адам және биосфера” атты кон-ференция өткізді. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы география жоспарымен, казакша реферат жоспар, МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]