Реферат: Менеджмент | Мемлекет және бизнес
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына, жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: - өндірістің төиендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі
• жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің жоқтығы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған отаның нашарлауы.
Мемлекеттің байыпты міндеттері - уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау.
2. Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында мемлекет қолдауы керек. Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет оны бағалайтын критериелерін (өлшемдерін) білуі керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар: инфляция, жұмыссыздық соның салдарынан өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға араласуы үшін олардың критерияларын білуі керек.
Жұмыссыздық - бұл нарықтық экономикаға тән элемент.
4-6% жұмыссыздық, бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгейге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.
Сонымен жұмыссыздық пен күресу үшін оның , критериясы табиғи жұмыссыздық деңгейіне келтіру.
Инфляция - тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда шытырман қиын процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік проблема, себебі тауар мен қызметке баға еш уақытта тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте қауіпті емес, ал бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам үшін өте қауіпті. Мысалы, Қазақстанда 1990-2001 жылдар аралығында тауар мен қызметтердің бағадының өсуі; 65 мыңнан астам болды. Мемлекет инфляцияны тежей алмады, әсіресе 1991-1994 жылдар өте жоғары деңгейде болды. Мемлекеттің шаралары инфляцияның 1 деңгейіне байланысты. Инфляцияньщ үш түрі бар: 1) біркелкі, егер жыл ішінде баға 10%-тен аспаса; 2) шоқырақтау жыл ішінде бағаның 10%-тен 200%-ке дейінгісі, ал 3) гиперинфляция (шектен шыққан), инфляция онан да тез өседі.
Инфляцияға қарсы мемлекет шаралары тек қана инфляцияның деңгейіне байланысты емес, сонымен бірге оның туындау себептерін анықтау керек.
Осыған байланысты инфляцияньщ екі типі бар: сұраныс инфляциясы және ұсыныс. Әрбір типтің өзіндік ерекшеліктері бар және оны емдеудің өзіндік "дәрісі" бар. 3. Бюджет жетіспеушілігі - бұл мемлекет шығындарының кірістен артық болуы. Бұл проблеманың ақталатын себептері бар. Мысалы, АҚШ экономикасында бюджеттің жетіспеушілін дүниежүзіндегі елдерден әлде қайда көп. Былай қарағанда ел қарызбен күн көріп отырған сияқты. Бұл үлкен мемлекеттік борыш кешірімді болады, болашақ ұрпаққа пайдалы болады, егер инвестицияларды елдің өндіргіш күштерін нығайтуға жұмсаса, ал инвестиция қазіргі тұрмысты реттеуге жұмсалса болашақ ұрпаққа обал болады.
Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекешелендірудің барысы.
Біздің республикада нарықтық экономикаға көшу барысында жекешелендіру мәселесіне айрықша мән беріліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілді. Қазақстанда жекешелендіру мәселесі жалпы құқықтық актілер жүйесі арқылы реттелді. Соның айғағы, «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» Заң қабылданды, оның артынша Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен бекітілген бірінші бағдарлама — Қазақстанда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1991—1992 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру аукцион, конкурстар өткізу жолымен, сондай-ақ акциоиерлеу және жекешелендіріліп отырған кәсіпорындардың балансында болған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды еңбек ұжымдарына беру арқылы жүзеге асырылды.
1993 жылдың наурызында қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ұлттың бағдарламасы» мемлекеттік меншіктің қайта құрылуының тәртібін анықтады. Нысанның ел экономикасындағы маңыздылығына, салалық тиістілігіне, қызметкердің жұмысына, негізгі қорлардың құнына сәйкес олар шағын, орта және ірі кәсіпорындар тортарына бөлінетін болды.
Осы кездерде энергетика, металлургая, көлік, телекоммуникация, ірі сауда орталықтары салаларындағы объектілер мен кәсіпорындарды жеке жобалар бойынша жекешелендіру басталды. Осындай жекешелендіру шеңберінде 3 кәсіпорынның: Шымкент кондитерлік фабрикасының, Алматы темекі комбинатының, Қарағанды металлургия комбинатының пакеттері мен активтері сатылды.
Агро-неркосіптік жүйедегі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру оның әр түрлі салалары мен кәсіп-орындардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілді. Бірінші кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары фермерлік немесе шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық кооперативтеріне, шағын кәсіпорындарға және шаруашылық етудің басқа да мемлекеттік емес нысандарына қайта құрылып жатты.
Ауыл шаруашылық құрамаларының санаттар бойынша қолда бары (2000 жылдын 1 қаңтарындағы жағдай бойынша)
Қазақстан бойынша Оның ішінде
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
Барлығы 91741 23150
оның ішінде мемлекеттік шаруашылықтың барлық түрлері 64 14
Серіктестік 2885 207
акционерлік қоғам 331 10
өндірістік кооператив 1640 735
шаруа (фермер) қожалығы 85557 22072
Республикада 1993—1995 жылдары аграрлық-өнеркәсіптік саладағы мемлекеттік кәсіпорындар жалпы санының 70,2% жекешелендірілді. Осымен қатар, аграрлық-өнеркәсіптік жүйеде холдингтік түрдегі 13 мемлекеттік акционерлік компания құрылды.
1996 жылдың ақпанында 1996—1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті қайта құрылымдау мен жекешелендірудің үшінші бағдарламасы бекітілді, ал 1997 жылдың басында секторлық бағдарламалар қабылданды. Олардың басты мақсаты — мұнай-газ және көлік-коммуникациялық кешенінің, өндіріс, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт кәсіпорындарын жекешелендіру процестерін жандандырудың негізінде Қазақстан экономикасында жеке секторлардың басым орын алуына қол жеткізу және оны тереңдету болды.
Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 1999—2000 жылдарға арналган төртінші бағдарламасы акциялардың мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы салалық министрліктер мен ведомстюларда берілген акционерлік қоғамдарды басқару саласындағы жаңа тәсілдерді көздеді.
1999 жылгы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттырудың және жекешелендірудің 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді. Ол мемлекеттік мүлікті есепке алуды жақсартуға, мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің құқықтың негіздерін жетілдіру ге, жекешелендірудің конкурстық және транспаренттік қамтамасыз етілуіне, алдағы жылдарда жекешелендіру барысында туындайтын проблемаларды реттеуге бағытталады.
Жекешелендірудің бүкіл республикадагы сияқты Оңтүстік Қазақстан облысында да табысты сипаттарға ие болды. 1991 жылдан бастап 2001 жылға дейін 2533 кәсіпорын меншіктің әр түрлі нысандары бойынша қайта құрылды. Соның ішінде қоғамдың тамақтандыру мен сауданың 804, коммуналдың шаруашылықтың 59, өнеркәсіптің 140, құрылыстың 66, көліктің 67, ауылшаруашьшығының 211, басқа салалардың 766 кәсіпорны бар. Бүкіл жекешелендіру кезеңдері бойынша осы облыстың бюджетіне 2260 млн. теңге қаржы түсті, оның ішінде 1999 жылы — 83,7 млн, ал 2000 жылы — 14,7 млн. теңге.
Қазіргі жағдайдағы шағын кәсіпкерліктің даму проблемалары
Елдегі -шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейтін, аталған проблемалардың арасындағы ең маңыздысы 1991-1996 жылдардағы экономиканың осы саласының дамуы туралы нақты ақпараттың болмауы болып табылады, бұл кәсіпкерлік құрылымдарының қызметін терең талдауы мүмкіндік бермейді. Біздің жағдайда, ресми статистикалық базанын сапасы объективтік және субъективтік шарттарға байланысты. Объективті себептерге шаруашылық жүргізуші субъектілер есептерін бұрмалануын, субъектілерді экономиканың осы секторына жатқызудың бағалау өлшемдерінін тұрақсыздығын жатқызуға болады. Субъективтік себептерге ҚР статистика жөніндегі Агенттік және белгілі бір уақыттар аралықтарында елдегі шағын кәсіпкерлікті тікелей тексеретін ұйымдар берілетін алғашқы статистикалық ақпараттың арасындағы өзгешеліктер жатады. Оларға экономика және сауда. Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаментің стратегиялық жоспарлау және қайта құрулар жөніндегі Агенттігін, ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттігін, индустрия және сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Комитетін жатқызуға болады.
Осыған сәйкес, экономикалық әдебиеттер мен диссертациялық жұмыстарда ШКС-рі қызметі туралы едәуір қайшы келетін ақпарат берілді Сонымен қоса, акпараттық база шаруа (фермерлік) қожалықтары мен жеке тұлғалар жұмысынын нәтижелерін назардан тыс қалдырып, негізінен тек шағын кәсіпорындардын қызметін қамтыды.
Статистикалық ақпаратты талдау 1997-2001 жылдар аралығында табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттігінің мәліметтерін пайдалану қажеттілігін көрсетті. Бұл ақпарат барлық шаруашылық жүргізуші ШКС, соның ішінде заңды және жеке тұлғалары қызметінің нәтижелерін камтыды. Берілген Агенттіктің ақпараты, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдері беретін, есептілік мәліметтеріне негізделеді.
Берілген Агенттіктің ақпараты Республикадағы шағын кәсіперлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000, 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын дайындауда, 2000 жылы кәсіпкерлер форумындағы ел басы баяндамасында пайдаланылды. 2002 жылдан бастап, ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтерін пайдалану ұсынылады.
Екінші жағынан статистикалық ақпараттың күмәнділігі ШКС-н нақты жіктемесінің болмауына негізделген. Қазіргі кезде республиканың ШКС шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер (жеке тұлғалар) болып табылады. Біздің зерттеулерімізде шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жіктемесі толықтырылып дәлелденген, ол мемлекет заңдарымен бектілген, бағалау өлшемдері бойынша орындалган (сурет 1).
ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН СИПАТЫ.
РЫНОКТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бұрынғы КСРО-да 1985 жылы басталған қайта құру, әкімшілдік-әміршілдік жүйеден рыноктық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінің бастамасы болды. Осы кезең ішінде радикалды саяси және экономикалық реформалар жасалды, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады. Көп партиялы саяси жүйе қалыптасуды, сөз бостандығы, баспасөз, митинг, шеру жасау бостандығы мен басқа да демократиялық қоғамга тән құбылыстар қоғамдық өмірімізде орын алуда. Экономика саласыңда негізгі мәселе меншікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіру жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде, мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, кооперативтік, жалгерлік, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, жекелеген кәсіпкерлер пайда бола бастады. Алайда өтпелі кезең көптеген күтпеген қиындықтарға әкеп тіреді. Соңғы 10 жыл ішінде дағдарыс одан әрі тереңдей түсуде. Дағдарыс экономика мен басқару, қоғамның саяси өміріне, ұлтаралық қатынастарға, мәдениет пен қоғамдық мораль, өмірдің барлық салалары мен жақтарына ықпал етіп отыр. Дағдарыс бір бүйірден қысса, экологиялық жағдай халықтың денсаулығы мен әлеуметтік тұрмысын одан әрі күйзелте түсуде. Мұның бәрі еліміздің қиын кезеңді бастан кешіп жатқандығының көрінісі. Сондықтан еліміздегі жагдайды қалпына келтіру мен реформаны одан әрі қарай тереңдетіп жүргізу үшін ірі мемлекеттік шаралар кешенін барлық салалар бойынша жасап, іске асыру қажет.
Өтпелі кезеңде қандай негізгі мәселелер шешілуі керек? Бұл — жекешелендіру, макроэкономикалық тұрақтандыру, кәсіпкерлікке ынталандыру, шекараларды импорт үшін ашу. Ең негізгісі — халықтың тұрмысы төмен топтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік саясат ұстану. Рыноктық құрылымдарды қалыптастыру. Рынок қоғам дамуының өзіндік мақсаты емес, тек қана құралы.
Елімізде рынокты дамытуға байланысты мақсат-мүдделеріміз қандай?
Бірінші мақсат — тауарлар мен қызмет көрсету рыногын дамыту. Мұнда өндірістік тауарлар, қызмет көрсетумен қатар, өндірістік емес мәні бар тауарлар және қызмет көрсету туралы да әңгіме болады. Бір жағынан қарағанда, мұндай рынок жаңалық емес. Бірақ нағыз рынок — жай сатып алу мен сату ғана емес, ол — тауар өндіру мен қызмет көрсетуде — таңдау мүмкіндігі. Соңғысы тек кана өңдірістік күштердің жоғары даму деңгейінде ғана орын алады, әрі адамның табиғатына сәйкес, оның кең ауқымды қажеттіліктерін есепке алғанда ғана нәтижелі болады. Таңдау мәселесін шешу — тауарлар мен қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау керек. Бұл шарттар қажет, бірак жеткілікті емес. Өйткені таңдау мәселесі абсолютті емес. Тауарлар мен қызмет көрсету түрі арасынан адам өзіне керектті тауарды тандау үшін білімі мен мәдениет деңгейі болуы керек, әр түрлі ақпараттарға, жарнамаларга зер салып отыруға тиіс, ал бұл адамның маңызды қасиеттерінің бірі — таңдай білу талғамын қалыптастырады. Басқаша айтқанда, рыноктық қатынастардың дамуы қоғамның әлеуметтік инфрақұрылымы деңгейіне де тікелей байланысты.
Екінші мақсат — финанс-қаржы рыногын қалыптастыру. Әңгіме, бұрын болмысымызға таныс емес, ерекше бағалы қағаздар рыногы (акция, облигация т. б.) туралы болып отыр. Батыс елдеріндегі маңызды орын алып отырған осындай бағалы қағаз рыногының мәніне, сол елдердін тәжірибесіне сүйенбей баға беру қиын. Негізінде финанс рыногы — бұл рынок құрылымының биік деңгейі, оны реттеп әрі қалыпқа келтірудің күрделі де нәзік механизмі. Өтпелі кезең осыңдай рынокты қалыптастыру және сынақтан өткізу (апробация) үшін керек, өйткені акция, облигация мен басқадай бағалы қағаздарсыз рыноктық экономиканың болуы мүмкін де емес. Бағалы қағаздардың шығарылуы мен еркін айналысқа жіберілуі, оның иелерінің капитал иесі екенін куәландырып, олардың табысқа құқытын көрсету — зауыт, фабрикаларға, материалдық иеліктерге мемлекеттік меншік монополиясын жоюдың қажетті шарттары. Басқаша айтқанда, бағалы қағаз иесі қосымша табыс көздеріне ие болып қана қоймай, меншік иесі де болып табылады. Бұл әлеуметтік шиеленісті күрт төмендетіп қана қоймай, қоғамдағы әр түрлі топтарының жақындастырылуына себеп болады. Сондай-ақ бағалы қағаздар тауар эквиваленті ретіңде ақшаны қамтамасыз етуде қосымша қызмет атқарады.
Үшшші мақсат — жұмыс күші енбек рыногын қалыптастыру мен оны реттеу. Біздің жағдайымызда, бұл ең қиын және өте нәзік мәселе. Шынында, ондаған жьлдар бойы бұрынғы КСРО-да енбек рыногы жоқ және болуы мүмкін емес деп уағыздалып келген еді, өйткені жұмыс күші өндіріс құралдарынан бөліп қаралмады, енді еңбек рыногын құру сөзсіз қажет болды. Бұл мәселе жақын болашақта өте актуальды болмақ. Енбекпен қамтамасыз ету саласы мен жалпы рынок қатынастарын жете бағаламау, жұмыссыздықтың әлеуметтік құрылымы негіздерін жан-жақты зерттемеу, нарық жағдайында еңбекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік саясаты өлшем-дерінің болмауы елді қиын жағдайға әкеп тіреді.
Баспасөзде жұмыссыздар саны әр түрлі етіп көрсетіліп жүр. Кеңес елінде жұмыссыздық болмайды деп есептелініп, азаматтар өз еркімен немесе еріксіз түрде жұмыспен қамтылудың әр түрлі тәсілдері қолданылды. Қоғамдық пайдалы еңбек (қоғамдық өндірісте, үй және қосалқы шаруашылықта) ету еңбекпен толық қамтамасыз етудің нәтижесі ретінде көрсетілді. Алайда жұмыссыз миллиондаған адам қоғамдық өндірісте жұмыс істемесе де еңбекпен қамтамасыз етілгендер санатында болды. Қазір өз еңбегімен табыс табатын әрі салық төлейтіндер еңбекпен қамтамасыз етілген деп санала бастады. Соңғы жылдары қабылданған "Республикадағы еңбекпен қамтамасыз ету туралы" заңмен біздің қоғамымыз рынок жүйесін қалыптастыруға тағы да бір қадам жасады. Бұл заң жұмыс күші рыногын қалыптастырудың негізгі принциптерін айқындап заң жүзінде белгілеп берді.
Ең алдымен еңбек етудің еріктілік принципі енгізілді. Соңғы 70 жыл ішінде қазақстандық азаматтар нақты өмірде алғаш рет әр түрлі заңдастырылған еңбек ету салаларын таңдауға мүмкіндік алды. Енді Қазақстан Республикасының азаматтары бұрынғыдай арамтамақтық үшін қолданылатын жазалау мерзімі мен заң орындарының қудалау қаупінен құтылды. Екіншіден, жаңа Конституцияға сай барлық азаматтарға, сондай-ақ шетелдіктерге, кәсіпорындардың меншік түріне қарамастан жұмысқа жалдану саласында тең құқық беріледі. Бұл, біздің жұмыс берушілерге, енді шетелдік маманданған жұмыс күшін пайдалануына мүмкіндік берсе, ал біздің жұмысшылар енді шет елдерде жұмыс істей алады. Сонымен, еліміз дүние-жүзілік жұмыс күші рыногына біртіндеп ене бастады. Үшіншіден, жұмыс орны жоқ және жұмыс орнын жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік кепілдіктер берілген, яғни түгелдей жұмыссыз жағдайда жәрдем ақы ала алады. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары
» Реферат: Экономика | Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
» Реферат: Құқық | Мемлекет нысанының түсінігі мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
» Реферат: Экологиялық факторлар
» Реферат: Саясаттану | Мемлекет тетіктерінің ұғымы

Іздеп көріңіз: