Реферат: Әдістеме | Мектетпе кәсіптік бағдар беру жұмысы

Реферат: Әдістеме | Мектетпе кәсіптік бағдар беру жұмысы

Мектепте мұғалімдер ұжымы кәсіптік бағдар беру ісінде негізгі күштерді (мектеп, үйелмен, жұрттылық) біріктіру бағытында жұмыс істейді. А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теореманың қатарында «үш күш одағы»—мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады.
Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл, педагагикалық ұжым.
Мұғалім оқушыларға терең білім береді, оны кәсіптік бағдар беру жұмысымен байланыстырады, мамандықты таңдауда оларға көмектеседі, әрбір мектеп бітіруші оқушының тағдырына жауап береді, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға көмек көрсетеді.
Сынып жетекшісі сыныптағы барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты таңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің компоненттеріне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы, кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік консультация беруге көмектесу, иектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру т.б.
Еңбек пәнінің оқытушысы — еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Ол оқушыларды еңбектің әр түрімен таныстырады. Еңбек сабақтарында алған білімдерін практикада қолдана білуге үйретеді, мамандықты таңдауға бағыт береді.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден, кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық консультация материалдарын жинау; екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін консультация ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен консультация өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.
Мектеп директоры мектептің барлық жұмысына жауап береді. Ол кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады. Кәсіптік бағдар беру және кітапхана жұмысына басшылық жасап, көмектеседі. Жұмысты осылай ұйымдастыру жүйесі оқушылардың ынтасын көтереді, олардың әр түрлі іс-әрекеттеріне қабілетін дамытады, мамандықты саналылықпен таңдауға бағыттанды. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда әр түрлі ғылыми - әйгілі библиографиялық әдебиеттер білімін байытады, ой-өрісін кеңейтеді.
Міне, осы бағытта мектеп кітапханасын түрлі әдебиеттері мен анықтамалықтармен жабдықтаудың маңызы өте зор. Бұл еңбек тәбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелерімен тікелей байланысты.
Кітапхананы жабдықтау үшін еңбек сабақтары, еңбек тәрбиесі политехникалық білім, мамандықты таңдау проблемаларына арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, еңбек жайындағы заңдарда, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жұмысшы және басқа мамандықтар туралы анықтамалықтарды, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық училищелерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын кітапхана меңгерушісі іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Мектетпе кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Әдістеме жоспарымен, казакша реферат жоспар, Мектетпе кәсіптік бағдар беру жұмысы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]