Реферат: Әдістеме | Баланың мектептегі оқытуға психологиялық дайындығы
Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы — мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың басты қорытындыларының бірі.
Мектпке бару — бала өміріндегі шешуші кезең өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қлғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады.
Оқушы орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндетті, қоғамдық мәні бар іс-әрекет екендігінде. Оқу үшін бала мұғалімнің, мектептің, үй ішінің алдында жауап береді. Оқушыны өмірі мектеп балаларының бәріне бірдей және қатал ережелер жүйесінде бағындырылады. Оқудың негізгі мазмұны барлық балаларға ортақ білімдерді меңгеру болып табылады.
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың мүлде ерекше типі қалыптасады. Мұғалім баланың жақтыратын не жақтырмайтын үлкен адамдардың бірі емес. Ол балаға қоғамдық талаптар қоятын нақтылы адам болып табылады. Сабақта алынатын баға — баланың жеке өзімен қарым-қатынас емес, оның білімдерінің, оның оқу міндеттерін орындаудың нақтылы өлшемі. Сынып оқушыларының арасындағы қарым-қатынастардың да балабақшада орнаған қарым-қатынастардан айтарлықтай айырмашылығы бар. Білімдерді меңгеру бірден-бір мақсатқа айналады, ойын немесе тапсырманың жемісті формаларымен бүркемеленбей айқын күйінде көрінеді. Балалардың мектепте алатын білімдері ғылыми сипатта болады.
Мектеп баласы оқуға жауапкершілікпен қарауға,оқудың қоғамдық мәнділігін ұғынуға білуге, мектеп өмірінің талаптары мен ережелеріне бағынуға міндетті. Табысты оқу үшін оған жетілдірілген танымдық, ынта едәуір ауқымды ақыл-ой шеңбері қажет.
Мектеп баласына оқу іскерлігін қалыптастыратын қасиеттер комплексі өте қажет. Бұларға оқу міндеттерінің мәнін, оның өмірде кездесетін міндеттерден айырмашылығын түсіне білу, іс-әрекеттерді орындау тәсілдерін ұғыну, өзін-өзі бақылау мен өзіндік бағалаудың дағдылары кіреді. Баланың ерік қасиеттері дамуының үлкен мәні бар, онсыз бала өзінің мінез-құлқын саналы түрде реттеп, оны оқу міндеттерін шешуге бағындыра, сабақта өзін ұйымшыл түрде ұстай алмайды.
Баланың тек сыртқы мінез-құлқы ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой әрекеті де — оның зейіні, есі,ойнуы — ықтиярлы басқарылуы тиіс.Бала бақылай, есіте, есте сақтай білуі, мұғалім қойған міндеттерді шешуге қол жеткізуі қажет.
Баланың мектептегі оқытуға психологиялық дайындығы оны өзгермелерден айыратын психологиялық белгілер мектепке түсер алдында қалыптаса бастайды дегенді білдірмейді. Психологиялық белгілер мектепте оқыту барысының өзінде, баланың өзіне тән тұрмыс ағдайлары мен іс-әрекеттердің ықпалынан қалыптаса бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалық шақтың даму қорытындысы болып бала мектеп жағдайларына икемделетіндей, оқуға жүйелі түрде кірісе алатындай жағдайлардың алғышарттары саналады. Мұндай алғышарттарға алдымен мектеп баласы болуға, байсалды іс-әректпен шұғылдануға, оқуға деген ынталану жатады. Мектепке дейінгі шақтың соңында мұндай ынта балалардың басым көпшілігінде пайда болады. Бұл ынта даму дағдарысымен мектепке дейінгі жастағы баланың жағдайы өскен мүмкіндіктерге сәйкес келмейтіндігін ұғына бастауымен, ойын арқылы үлкендердің өміріне араласу енді оны қанағаттандырмайтындығымен байланысты. Бала психологиялық жағынан ойыннан озып кетеді де мектеп баласының орны ол үшін ересектікке басқыш ретінде көрінеді, ал оқу жұртың бәрі қадірлеп жауапты іс болып санала бастайды.
Мектепке психологиялық даярлықтың басты жағы бала — ерік-жігері дамуының жеткілікті деңгейі. Бұл деңгей әр балада түрліше болады, бірақ жеті жасар балаларды өзге балалардан бөлетін тән белгілер болып балаға өз мінеқұлқын басқаруға мүмкіндік беретін, 1 сыныпқа келе бала бірден жалпы іс-әрекетке, мектеп пен мұғалімнің қойған талаптарының жүйесін қабылдауға қажетті болып саналатын мотивтерді қоса бағындыру саналады.
Танымдық іс-әрекеттің ықтиярлығына келетін болсақ, мектепке дейінгі ересектердің өзінде қалыптаса тұрса да мектепке барған сәттің өзінде ол әлі толық дамып жетіле қоймайды: балаға ұзақ уақыт бойы тұрақты ықтиярлы зейінді сақтау, едәуір көлемді материалды жаттап алу және т.б. қиынға түседі. Бастауыш мектепті оқыту балалардың танымдық іс-әрекетінің ықтиярлығына қойылатын талаптар біртіндеп оқу процесінің өзінде оның жетілуіне байланысты арта беретін ерекшеліктерін ескереді.
Ақыл –ой саласы жағынан баланың мектепке даялығының өзара байланысты бірнеше жағы бар. 1 сыныпқа түсетін балаға төңіректегі дүние жөнінде — заттар мен олардың қасиеттері, тірі және жансыз табиғаттың құбылыстары, адамдар мен олардың еңбегі, қоғамдық өмірінің басқа жақтары жайында ненің жаман және ненің жақсы екені туралы білімнің белгілі қоры қажет. Бірақ бастысы — бұл білімдердің көлемі емес, олардың сапасы болып саналатын мектепке дейінгі балалық шақта қалыптасқан түсініктердің дұрыстығының, анықтығының, жалпыланғандығының дәрежесі.
Мектепке дейінгі ересектердің бейнелі ойлауы, қорытылған білімдерді меңгеруге жетерліктей бай мүмкіндіктер береді, жақсы ұйымдастырылған оқу жағдайында болмыстың түрлі салаларына жататын құбылыстардың басты заңдылықтарын бейнелейтін түсініктерді балалар меңгеріп алады. Мұндай түсініктер мектепте ғылыми білімді меңгеруге көшкенде балаға жәрдемдесетін неғұрлым басты жетістік болып саналады.
Мектепке, психологиялық даярлықтың ерекше өтпеген балаларға арналған және сауаттану мен математикаға бастан-аяқ оқыта бастайды.Сондықтан тиісті білім мен дағдыларды баланың мектепте оқуға даярлығының құрамдас бөлігі деп санауға болмайды.
Мектеп бағдарламасын игеруге даярлықтағы шешуші мәнді білім мен дағдылардың тек өздері ғана емес, баланың танымдық ынтасы мен іс-әрекеттерінің даму деңгейі алады. Егер баланы мектепте алатын білімдер мазмұнының өзі тартпаса, сабақтарда танысатын жаңалықтар оны қызықтырмаса, егер таным процесінің өзі оны еліктірмесе, онда тұрақты табысты оқуды қамтамасыз ету үшін мектеп пен оқуға оқушының алатын орнына, оның құқықтары мен міндеттеріне жалпы дұрыс көзқарас жеткіліксіз.
Танымдық ынталар біртіндеп ұақ уақыт бойы қалаптасады, егер мектепке дейінгі жаста танымдық ынталарды тәрбиелеуге жеткілікті назар аударылмаса, мектепке, түскен кезде бірден жеткілікті бола алмайды. Бастауыш мектепте ең көп қиындықтарға мектепке дейінгі шақтың соңында білімдер мен дағдыладың жеткілікті көлемін ала алмаған балалар емес, ойлау тілегі мен әдеті, баланы қызықтыратын белгілі бір ойынмен немесе тұрмыс жағдайымен тікелей байланыспаған мәселелерді шешуге ақыл-ой енжарлығы көрсеткен балалар душар болатынын зерттеулер көрсетті.
Тұрақты танымдық ынтаның қалыптасуына мектеп жасыңа дейінгі жүйелі оқыту жағдайлары септігін тигізеді. Әйтсе де тіпті осы жағдайда балалардың бірсыпырасы ақыл-ой енжарлығын байқатады,ал оны жеңу үшін баламен байыпты дара жұмыс істеу қажет етіледі. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Психология | Диференциалды ψ-ғы жас мәселесі сандық ген сапалық сипаттамасы
» Реферат: Әдістеме | Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты
» Реферат: Әдістеме | Мектептің тәрбие жүйесі
» Реферат: Педагогика | Қоғамдық қатынастар және тұлғааралық қатынастар
» Реферат: Педагогика | Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы баланың іс - әрекетінің дамуы

Іздеп көріңіз: