Реферат: Өнеркәсіптің экологиялық проблемалары

Реферат: Өнеркәсіптің экологиялық проблемалары

Өнеркәсіптің экологиялық проблемалары

Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады:
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар ерекшеліктермен сипатталады:
- ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы;
- тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі;
- өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің негізгі қорларының тозуы – 60 % - тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде);
- экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның ластану және құлдырау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады (ол атмосфераға зиянды заттардың лақтырыстары бойынша – бірінші орын).
Барлық постсоветтік кезең бойында орталық органдар аймақтың әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін база құруға емес, көмір өндіру бойынша міндеттерді шешуге баса назар аударды. Шаруашылықты жүргізудің және әлеуметтік проблемаларды шешудің жағымсыс тәжірибесі – бұл аймақты шаруашылықтық игерудің технократтық тұжырымдамасын айтарлықтый іске асыру, ол өндірістік мақсаттардың әлеуметтік мақсаттардан басылымдығымен ғана емес, сонымен бірге келешекті міндеттерді шешуге зиян келтіріп, ағымдағы қиыспаушылықтарды жоюға жұмсалатын күштерді шоғырландырумен де сипатталған.
Өндірісті дамыту, ҒТП бойынша шараларды жүзеге асыру, өнім сапасын жақсарту үшін өте қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Сондықтан өнеркәсіптегі онсыз да ескірген өндірістік аппарат, соңғы екі-үш жылда алапатты түрде бұзылады, бұл көптеген кәсіпорындардың тоқтатылуы және жабылуы үшін қосымша себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, бұрын көрсетілгендей, біздің экономикамыздың жетілмеген құрылымын есепке алу керек. Ауыр өнеркәсіптегі өндіруші және шикізатты салалардың меншікті салмағы өте жоғары. Және осы кезде ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, яғни экономиканың тұтынушы секторы жеткіліксіз дамыған болып қалады.
Әсіресе материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераның ара қатынасында біздің артта қалғанымыз анық. Дамыған елдерден айырмашылығында, біздің елде әлеуметтік сферада – 25 % болғанда, материалдық өндірісте еңбекке қабілетті тұрғындардың 75 % - тен артығы қамтылған. Бұл ара қатынас материалдық өндірісте еңбек өнімділігінің төмендігін білдіреді, басқаша айтқанда тұрғындардың материалдық өнімдегі мұқтаждықтары қанағаттандырылмайды. Бірақ істің мән-жайы біздің экономикалық дамуымыздың деңгейі өте төмен екендігінде ғана емес. Істің мән-жайы – шаруашылықты басқару теориясы мен тәжірибесінде осы уақытқа дейін экономика құрылымын жетілмеген көзқарастардың пайдаланылуында. Сонымен, халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес сфераларға бөлінуі сақталады, ал соңғысының астарында әлеуметтік сфера түсіндіріледі.
Экономикалық әдебиеттерде материалдық өндірістің шешуші ролі барынша қолданады, ал әлеуметтік сфера тұрлаусыз сфера ретінде беріледі. Шындығында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ҒТР қызметтер сферасын болып көрмеген өсу шегіне, ғылым, білім, мәдениет экономикалық дамудың басты факторлары болып келеді. Сондықтан әлеуметтік сфераның басым дамуын жариялап қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асатындай қамтамасыз ету керек. Өкінішке орай, қазіргі уақытта атап айтқанда ғылым, білім және мәдениет ауыр халде қалды, бұл біздің елімізді әлемдік дамудың қазіргі деңгейінен шегіндіріп тастайды. Мысалы, дамыған елдерде ЖІӨ құруда әлеуметтік сфераның үлесі, материалдық өндіріске қарағанда жоғары екенін біздің ұғынуымыз қиын болады.
Дәстүрлі түрде жинақталған құралымдық диспропорцияларды жою, халық шарушылығының жаңа құралымындағы ілгері техника-технологиялық негізде пропорционалдықты қалпына келтіру нарықтық экономикада “циклдік дағдарыс” кезеңінде жүзеге асырылады . Басқаша айтқанда, ұдайы өндіру процесінің циклдік сипаты, мәні бойынша, кезеңдік техника-технологиялық жаңғыртудың және жоғары дамыған мемлекеттерде де, дамитын елдерде де аймақтық экономикалардың құрылымдық қайта құрылуының басты рычагы болып табылады. Аймақтың халық шаруашылығы үшін ерекшелік – экономикалық дағдарыстың біршама басқа себептермен болуында, ал нарықтық қатынастарға өту дағдарыстық жағдайдан шығуды жеделдетуге қабілетті, қозғаушы күш ретінде қарастырылады. Алайда, бұл экономиканың құлдырауын тоқтату, ҒТП-ны пайдалану негізінде оның материалды-техникалық базасын техникалық және экологиялық жаңғырту бойынша міндеттердің бір мезгілде шешілу қажеттігін болғызбай тастамай, керісінше күшейтеді.
Экономиканың құрылымдық қайта құрылу проблемалары бойынша ауқымды экономикалық әдебиеттерге қарамастан, қазіргі уақытқа дейін құрылымдық қайта құру категориясын түсінуде бірлікке қол жеткізілмеген. Сонымен, жұмыста экономиканың құрылымдық-технологиялық қайта құрылуын, осы проблеманың әр түрлі аспектілерін қарастыра отырып, автор бұл категорияға анықтама бермей, құрылымды-инвестициялық және ғылыми-техникалық саясаттың сайланушылығы туралы, олардың басымдылықтары туралы мәселені қояды. Ф. М. Дінішев экономикалық өсі мен белсенділіктің ауытқуларын экономиканың технологиялық құрылымының жаңартылуымен және техника-экономикалық даму бағыттарының өзгертілуімен байланыстырылады.
Алайда құрылымдық қайта құру жеке технологиялық процестерге ғана емес, барлық макроэкономикалық жүйеге тән, және оны еңбектің қоғамдық бөлінуіне негізделген, өндірістік күштерді дамытудың және өндірістік қатынастар жүйесінің қол жеткізген деңгейімен себептелген қайта құру ретінде қарастыру керек. Сонымен бірге экономиканың тиімді құрылымын қалыптастыруда технологиялық тәртіптің атқаратын ролін ерекше атап көрсету керек.
“Қазақстан өнеркәсібін құрылымдық қайта құрудағы ғылыми-техникалық басымдылықтар” атты ұжымдық монографияның авторлары құрылымдық қайта құруды өндіріске енгізілетін жаңалықтардың қуатты ағының қамтамасыз ету арқылы белсенді ,ылыми-техникалық саясатты жүзеде асыруды мемлекеттік реттеу шараларының бірыңғай және қатаң дәлелденген жүйесі негізінде комплексті түрде жүргізуді ұсынады.
Әр түрлі пікірлерді және экономиканы құрылымдық қайта құрудың анықтамаларын салыстыру, берілген мәселені шешу алғашқы көзқарасқа қарағанда едәуір күрделірек екенің растайды. Бұл зерттеудің әр түрлі аспектілерінің бар болуымен себептелген, оларға байланысты экономиканың, құрылымын мұндай немесе басқа құраушылардың басты ролі анықталады.
Экономикадағы ұзын толқындар теориясына және оның негізінде әзірленген технологиялық тәртіп (ТТ) теориясына сәйкес атап айтқанда технологиялық тәртіптің ауысуы (өзінің даму процесінде тұтастықты сақтайтын және тұйықталған қайта жаңғырту циклын қамтитын, технологиялық байланысқан өндірістер жиынтығының ауысуы) ҒТП - ның төңкерістік кезеңінің негізгі мазмұны болып табылады. Осындай ауысу нәтижесінде еңбекті қоғамдық бөлуде, салалар арасындағы ресурстарды бөлуде өзгерістер болады, бұл экономикалық өсуге және экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әкеліп соғады.
Экономикалық әдебиеттерде XIX - XX ғ. ғ. бір-бірін ауыстырған, алты технологиялық тәртіпті (ТТ) бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысында салалардың белгілі тобы түрінде технологиялық ядро басым болды.
Бірінші ТТ үшін – бұл тоқыма өнеркәсібі және машина жасаудың сәйкес салалары; екінші – көмір өнеркәсібі, қара металлургия, ауыр мешина жасау; үшінші – электр энергетикасы, электртехникалық өнеркәсіп; төртінші – химия және мұнай-химия өнеркәсібі, түсті металургия, химиялық машина жасау, автомобиль жасау.
70-ші жылдардың аяғында басталған бесінші ТТ есептеу техникасының өндірісіне, микроэлектроникаға, аспап жасауға, радиоэлектрондық өнеркәсіпке сүйенеді. Және, ақырында, әлемнің озық елдері информациялық технологиялар мен телекоммуникацияларға, робот жасауға, биотехнологияларға негізделген, алтыншы ТТ-ға өтуді бастады.
Қазақстан озық елдерден бір тәртіпке қала отырып, бесінші ТТ-ға әзірше баяу өтуде. Бұдан басқа, біздің аймақта да реформа бесінші ТТ-ның ядросын құрайтын салаларға теріс жерін тигізді. Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі құрылымдық қайта құру механизмінің толығымен жоқ болуы болып табылады. Реформа басталға дейін болған ресурстарды бөлудің орталықтандырылған механизмі жойылған, құрылымдық қайта құрудың нарықтық механизмі әлі құрылған жоқ.
Аймақтық экономика теориясында аймақтық дамуды реттеуге екі қарама-қарсы ыңғай бар. Неоклассикалық бағыт аймақтардың дамуындағы айырмашылықтар уақытша болып табылады және нарықтық механизммен жойыладыдеп болжайды.неокейнсиандық бағыт рынокты аймақтық диспропорциялардың нашар реттегіші деп есептейді, олар мұндай “реттеу” кезіңде тек қана тереңдетіледі және аймақтық диспропорцияларды тек мемлекеттің программалы-мақсаттық қызметі ғана жоя алады.
Ұлыбританияның (Шотландия), Германияның (Рур), АҚШ-тың (Аппалачи) тоқырау аудандарында құрылымдық саясатты жүргізуде бұл ыңғайларды пайдалану тәжірибесі біріншіден, олардың қандай да бір комбинациясы керек; нарықтық механизм әрекет ету керек, бірақ дамудың мақсаттық бағдарламалармен белгіленетін тұрғыда әрекет ету керек деп куәландырады. Екіншіден, мемлекеттік кірісудің нәтижелері мақсаттардың дұрыс қойылуына және дағдарысты салаларды мемлекеттік қолдаудың келешегі жоқ, өйткені ескірген технологиялық тәртіпті “тоқтатып қоюды” білдіреді. Дағдарысты салалардағы тек жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістерді ғана қолдау және оларды әр тараптандыру тиімді.
Қазақстанда мемлекеттің құрылымдық қайта құруға стратегиялық араласуынан қашып құтылу мүмкін емес, өйткені “қуып жететін” экономика моделін іске асыру үшін ғана емес, сонымен бірге әзірше толық көлемде қалыптаспаған нарықтық шаруашылық механизмді толықтыру, түзету үшін қажет.
Қазақстандағы аймақтық саясат, менің пікірімізше, тоқырауға қарсы емес, ал ел экомикасында аймақтың сақталуын ғана емес, сонымен бірге атқаратын ролін күшейтуді қамтамасыз ететін, құрылымды-инновациялық саясат болу керек. Ол үшін барлық алғы шарттар бар: алуан түрлі табиғи ресурстар, қуатты өндірістік және ғылыми потенциал, жоғары білікті кадрлар, ыңғайлы геостратегиялық жағдай.
Қазақстан экономикасының құрылымдық қайта құру процесінде, біздің пікірімізше, екі кезеңді бөліп көрсету керек: орта мерзімді және ұзақ мерзімді. Жақын кезеңнің стратегиялық міндеті - өнеркәсіптік өндірістің көтерілуін және аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу үшін аймақтың материалдық өндірісін оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Оңтайландырудың астарында оның құрылымын (көпшілігінде, инфрақұрылымдық және тұтынымдылық кешендер үлесін ұлғайту), салаларын (сала ішіндегі кәсіпорындарын бәсекелестігі және ынтымақтастығы үшін жағдай жасау, кәсіпкерлік ортасын кәсіпорындардың инфрақұрылымы орналасуы және т. б.), кәсіпорындарын (техникалық қайта қаруландыру, қайта құрылымдандыру, басқаруды жетілдіру) қосқанда, материалдық өндірісті кешенді түрлендіру түсіндіріледі.
Оңтайландыру үшін дағдарыстағы кәсіпорындарда жоқ болатын қаражат қажет болғандықтан, алдымен нәтижесінде алынған қаражатты материалдық өндірісті оңтайландыруға бағыттай отырып, аймақтағы өнеркәсіптік өндірістің көтерілуін қамтамасыз ету қажет.
Ұзақ мерзімді стратегиялық міндет Орталық Қазақстанда аймаққа халықаралық еңбекті бөлуде қолайлы орында қамтамасыз ететін, материалдық өндірістің (алтыншы ТТ-ның “ядросының”) “зерделі құрылымын” қалыптастыру болып табылады. Сондықтан Қазақстанның материалдық өндірісін құрылымдық қайта құру үшін ортақ приоритет төмендегілер болып табылады:
• өндірісті әлеуметтік қайта бағдарландыру;
• қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету;
• қолданылып жүрген кәсіпорындарды техникалық қайта қаруландыру, соның ішінде әртараптандыру негізінде;
• өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
• икемді өндірістік құрылымдарды қалыптастыру.
Ресурстардың тапшылығынан құрылымдық қайта құру үнемі селективті. Әсіресе жақын міндетті - өнеркәсіптікөндірісті көтеруді шешу үшін селективті қолдау объектілерін таңдау маңызды. Салаларды маңдау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
1. Жиынтық сұрауға салалардың ықпал етуі (ұқсас салаларды, жабдықтаушы-салаларды есепке алумен);
2. Салалардың жиынтық ұсынысқа ықпал етуі тұтынушы – салаларды және жанама әсерді, соның ішінде қанағаттандырылмаған сұранысты тұтынушы рыногына әсерін есепке алумен;
3. Саланың экспортты жиынтық ұлғайтуға әсері.
Сонымен, жаңа тұжырым – аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдайлар жасауға бағытталуы керек, бұл ең алдымен оның әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешудегі басымдықты болжайды. Оған салық саясаты ынталандыратын, жеңілдікті несиелер қызмет етуге шақырылған. Мемлекеттің шектелген экономикалық мүмкіндіктері жағдайларында барлық салаларды ресурстармен және қаражатпен қамтамасыз ету қиын. Сондықтан тұтынушылар рыногын дамыту және қажетті инфрақұрылымды құру үшін күрделі салымдар түрінде тұтыну сферасына бірінші кезекте бөлу керек. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері
» Курстық жұмыс: Экономика | Экономиканың құрылымдық қайта құрылу
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан экономикасын дамытудағы кәсіпорынның рөлі
» Географиядан сабақ жоспары: Шаруашылықты ұйымдастырудың территориялық факторлары №2 (10 сынып, III тоқсан)
» Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

Іздеп көріңіз:
реферат Өнеркәсіптің экологиялық проблемалары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Өнеркәсіптің экологиялық проблемалары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Өнеркәсіптің экологиялық проблемалары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]