Реферат: Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ерекшеліктері
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары:
1. Экологиялық нормалардың ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу.
2. Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу.
3. Жастардың бойында экология лық мәдениет дағдысын қалыптастыру:
а) тұлғанын, мінез-құлкында;
ә) қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда;
б) экологиялык білімді насихаттауда;
в) ең алғашқы кәсіби еңбекте.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іc-әрекетінің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялык білім мен тәрбие мазмұны әр түрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам т.б. жасайтын табиғат заттарын қалай пайдалануымен танысады.
Бастауыш сыныптардын оқу бағдарламасы оқушыларды төмендегі іскерлікті, дағдыны қалыптастыруға бағытталған, өсімдіктердің даму кезеңінде фенологиялық , бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күтуі тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану.
Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең әлемде экологиялық біліммен каруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фак¬тор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өйткені өндірістік іс-әрекетінің нәтнжесінде ортада әр түрлі өзгерістердің болуы мүмкін. Сондықтан қоғамның өндіргіш қүштерін ұнамды орналастыруға аймақ табиғатының ерекшелігін, оның өндірістік жүктемеге орнықтылығын есепке алу талап етіледі.
Оқушылар табиғи ортаны күтуде, қорғауда орман-тоғай шаруашылығын, мемлекеттік қорықтарды басқатын қызметкерлерге көмектеседі, жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғау жұмысына қатысады.
Оқушылар ауыл шаруашылық өндірісінің әр алуан жұмыстарына қатысады. Сондықтан олар жұмыстың түрлеріне байланысты негізгі мәселелермен таныс болуы қажет: жерді пайдала¬ну негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тыңайтқыштарды, ұлы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отыру.
Сонымен, оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеру, табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану, экологиялық мәдениет негізінде дұрыс дүнне тану көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және саналы жүргізілетін педагогикалық қызмет
Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жоғарыда тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іскс асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс-әрекетке үйренумен де орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттср әртүрлі мағынаға ие болатыны сөзсіз. "Қоршаған орта тәрбиеледі", "Отбасының тәрбие жемісі", "Мектеп тәрбиесі адам қылды" деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. "Қоршаған орта тәрбиеледі" немесе "Отбасы тұрмысы тәрбиеледі" деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді "мектеп тәрбиесі" десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.
К. Д. Ушинский: "Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс" - деп тұжырымдаған.
Арнайы ұйымдастырылған тәрбиенің мән-мағынасы .
Тәрбие мәнін дәлірек топшылау мақсатымен американ психологы және педагогі Эдвард Ли Торндайк былай деген еді: "Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегеңді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз". Ал енді осы өзгерістер жеке адам дамуында қалай көрінеді? Бұл сұраққа жауап бере, К. Маркс "Адамның қоғамдық тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуы азаматтық болмысты игеру жолымен іске асады"- деген еді. Бұл тұрғыдан тәрбиені өсіп келе жатқан әулеттің адамзаттық болмысты игеруге пайдаланатын құрал-жабдығы деп білу қажет.
Ал енді осы болмыстың өзі не және оны игеру қалай өтеді? Адамзаттық болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішінде келесі құрылым бірліктерін қамтиды:
1) адамдардың табиғат және қоғам жонінде жасаған білімдерінің жиынтығы;
2) еңбектің әрқилы саласында қажет ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет әдістері;
3) әлеуметтік, рухани қатынастар.
Аталған тәжірибе көп ұрпақтың еңбегі және шығармашылық күшімен жасалатындықтан білімдер де, тұрмыстық ептіліктер мен дағдылар да, сондай-ақ ғылыми және көркемдік туындылар мен рухани-әлеуметтік қатынастар да адамдардың әртүрлі танымдық, көркем шығармашылық, әлеуметтік және рухани қызметінің нәтижелерінен қалыптасады. Енді осы тәжірибені өз "игілігіне" айналдырып, "меншіктеп" алу үшін жаңа әулет қайтадан бұл "затты" ақыл-саналық сипатқа келтіруі тиіс, яғни қай формада болмасын оны жасауға бағышталған іс-әрскстті (еңбектік, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық) шығармашылықпен көркейте, байыта отырып, қайта жаңғыртып, бұрынғыдан да дамыңқыраған түрде өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізуге борышты. Тек өз қызметінің күшімен, шығармашылық ұмтылысымен ғана адам қоғамдық тәжірибені және оның құрылымдық бірліктерін игеруі мүмкін. Осыдан тәрбиенің негізгі қызметі — жас адамды қоғамдық тәжірибенің әр тарапын заттықтан саналылыққа айналдыру ісіне жұмылдырып, өткен тәжірибені өзі қайтадан жаңғыртып, осылайша өз бойында қоғамдық сапалар мен қасиеттерді өзі баулуына, яғни оның жеке адамдық сатыға көтерілуіне көмектесу. Бұдан тәрбиенің терең астарлы күші үгіт-насихаттық құрғақ сөзбен жас адамды іске бағдарлауға емес, ал оның өзін жеке адамдық қасиеттерін қалыптастыратын қоғамдық тәжірибснің әр түрлі тарапын игеруге, пайдалы қызметке қосуда.
Педагогика үшін және бір маңыздысы — жеке адамдық даму тұлғаны тәжірибе игеру қызметіне қосумен ғана шектелмейді, ең бастысы, оның сол сәттегі істе белсенділігіне, оның бағыт-бағдарына, яғни еңбекке деген қатынасына байланысты.
Жеке адамның дамуы үшін оның ұйымдастырылған іс-әрекеттегі белсенділігінің бағыт-бағдар сипаты да біршама маңызға ие. Мысалы, сынып пен мектептің жалпы табысы еңбектегі белсенділік пен өзара байланысқан көмек болуы мүмкін.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әрдайым оқушылардың белсенділігіне жол бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды және шынайы адамгершілік қатынас қалыптастыру қажет.
Келтірілген пікірлер, біздіңше, тәрбиенің мәнін жеткілікті әрі түсінікті де ашып, оған ғылыми анықтама бсруге негіз болуы мүмкін. Сонымен, тәрбие - бүл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі саналы орындалатын педагогикалық процесс.
Мектепте экологиялық тәрбиенің міндеттері,
мазмұны және ұйымдастыру түрлері
Қазіргі кезеңде жастар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі — бұл экологиялық білім және тәрбие.
Әлемдегі экологиялык деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. Осыған орай, ең басты міндеттердің бірі — табиғатты қорғау мәселелерімен оқушыларды ғылым негізінде теориялық және практикалык біліммен экологиялық білімнің негізгі қаруландыру. Бұл үшін көздері химия, физика, биология, география, астрономия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге, оқушыларды үйрету және дағдыландыру. Оқушыларды экологиялық білім негіздерімен қаруландыру үшін осы пәндер бойынша мектеп өзініі мүмкіміншілігін еске алып, экология бағдарламасын жасайды.
Көрсетілген пәндер бойынша экологиялық мәліметтерді сол пәндердің негізінде бағдарламаға енгізу керек. Мысалы, геогра¬фия пәні бойынша: жерді қорғау, тиімді пайдалану, орман — тоғайларды, өсімдіктерді қорғау, оларды өрттен сақтау, өзен, көлдердің ластануына қарсы күрес жүргізу, ауаның тазылығын сақтау, өндірістерді, топырақ ауа жағдайларын есепке алып, тұрғын жерлсрде дұрыс орналастыруды қамтамасыз ету.
Оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін кейбір теориялық және практикалык мәні бар экологиялық мәліметтерді бардарламаға кіргізу қажет. Оқушылар олармен лекциялар, практикалық жұмыстар, кештер, саяхаттар арқылы танысады.
Шамамен осындай әуенді пайдаланып, тікелей экологияға қатысы бар пәндер бойынша экология бағдарламасын құрастыруға болады.
Енді экологиялық тәрбие жұмыстарының бірнеше түрлерін қарастырайық:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе учаскесінде бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, оларды қалаларды, ауылдық жерлерді көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Өйткені, олар мектеп орманшылығының мүшесі. Сонымен бірге орманды қорғау және ағаш өсіру жұмыстарына да белсенді қатысады. Олардың негізгі істейтін жұмыстарынын түрлері:
- көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу;
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырауқұлақ т. б. жемістерді жинау;
- пайдалы хайуандарды қорғау және есебін алып отыру; ,
- фенологиялық бақылау жүргізу.
3. Оқушылар ауыл шаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің жергілікті ғалымдардың басшылығымен жүргізіледі.
Қазақстанның Оңтүстік және Терістік облыстарының топырағы мен ауа райы жағдайында оқушылар ауыл шаруашылық тәжірибе жұмыстарын әртүрлі тақырыптарда жүргізіледі: «Кубань-3», «Дуборский-129» Күріш сорттарының өніміне минералдық және кең қосылған минералдық тыңайтқыштардың әсер етуін анықтау. «Күріш егісінде өсетін арамшөп –балдырларыды, арамшөптерді (cfiaralis, Spiroglra) мыс купросымен жою»; «Сібір егісіндегі арамшөптерді керосин және соляр майымен тазадау» т.б.
Қазақстанның Терістік облыстарында мектеп, оқушыларды егістік дала жағдайында ауыл шаруашылық дақылдарының: сорттарын зерттеу мақсатымен тәжірибе жұмысын мынандай тақырыптарға жүргізеді: «Ишимский-100»,. бидайы, «Днепропетровский – 438» жүгерісі», «Сібірдің тез пісетін помидоры» т.б.
Сонымен, оқушылар дала жағдайындя тәжірибе жұмысын жүргізу кезеңінде әр түрлі аймақтардың топырағы мен ауа райы есепке алып, дәнді және бақша өсімдіктерінің сорттарын, олардан түсетін өнімді зерттейді, химиялық құралдарды қолдану жолымен егістік жерлерде өсетін арамшөптермен күресі жүргізеді.
4. Оқушылар түрлі табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тыңайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерелейді.
5. Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, лекциялар, әңгімелер, көрмелер, сайыстар, оқушылардың шығармалары, рефераттары, баяндамалары, табиғатты қорғау тақырыптарына арналған плакаттар т. б. Осылардын бәрі оқушылардың саналы жете түсінуіне, табиғи ортаны қорғау мен жақсартуына игі әсер ететін өте қажетті құралдардыц бірі.
Егер экологиялық құлық және еңбек іс-әрекеттерін ұштастырып тікелей табиғи байланысты жүргізсе, олардың жақсы нәтиже беретіндігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
1. Өмірде және нақты сдбек іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу.
2. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу.
3. Әрбір мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру, Қоғамның мақсаты: кқғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналды.
4. Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі
» Реферат: Экологияның басқа ғылымдармен байланысы
» Қазақша реферат: Қазақстандағы экологиялық проблемалар
» Реферат: Әдістеме | Мұғалім мен тәрбиеші іс-әректінің ерекшелігі туралы
» Реферат: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
» Реферат: Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі
» Реферат: Экологияның басқа ғылымдармен байланысы
» Қазақша реферат: Қазақстандағы экологиялық проблемалар
» Реферат: Әдістеме | Мұғалім мен тәрбиеші іс-әректінің ерекшелігі туралы
» Реферат: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
Іздеп көріңіз: