Реферат: Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі маңызы

Реферат: Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі маңызы

1.1. Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында «Қылмыстық процестің міндеттері болып, қылмыстарды тез және толық ашу, олады жасаған адамдарды әшкерелеу және жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады». Қылмыстық іс жүргізудің аталған міндеттері өндірістің кез-келген немесе әрбір стадиясында орын алуы мүмкін және өндірістің нысаны ретінде алдын ала тергеуде де орын алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабында көрсетілген жағдайларда алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
Сондай-ақ алдын ала тергеу тергеушінің іс бойынша барлық мән-жайларды анықтап, зерттеп шешім шығаруға елеулі әсер етудің нәтижесінде 195-бапта көрсетілген негіздің біреуін басшылыққа ала отырып іс қысқартылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабына сәйкес қылмыстық істі қысқартуды алдын ала тергеудің аяқталуының дәстүрлі нысаны деп айтуға болады. Сонымен қатар қылмыстық іс қылмыстық процестің сот өндірісі стадиясында да қысқартылады (195,269,282,307,324,418,467-баптың 4-бөлігінің 6-тармақшасы, 477-баптың 2-бөлігі).
Қылмыстық істі кез-келген стадияда тоқтату үшін жиналған дәлелдемелерді бағалап, нақты тексеру қажет оның негізінде орын алған факті мен мән-жайлар анықталады, тек сосын ғана қылмыстық іс жүргізудің кез-келген стадиясында қылмыстық істі қысқарту іс бойынша қорытынды кезең болады. Егер жоғарыдағы мән-жайлар мен фактілер істің қысқаруын дәлелдей алмайтын болса іс қысқартылмайды.
Л.М.Володина, А.Я.Дубинский, З.З.Зинатуллин сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқартқан органның істі тергеуге байланысты құқықтары жойылады. Бұл жағдайда алдын ала тергеуде өндіріс бойынша іс қысқартылады.
Осыған байланысты қылмыстық іс бойынша өндірісті алдын ала тергеуде қысқартудың қорытынды шешімі болып табылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 35- тармақшасында қорытынды шешімге байланысты түсінік берілген. «Қорытынды шешім» - қылмыстық процесті жүргізуші органның іс бойынша іс жүргізудің басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ түпкілікті болмаса да істі мәні бойынша шешетін әртүрлі шешімдері.
П.М. Давыдов, А.Д. Донценко, И.Я. Дюряшин, Б.Қ. Төлеубекова қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту – шешімнің болуын көрсетеді. Е.А. Челышев мұндай шешімді басқарушы акті деп қарастырады.
Алдын ала тергеуде қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту туралы шешім басқарушы акт ретінде қылмыстық процесте тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуші ролін атқарады. Бұл аталған шешім заңды түрде тікелей заңға негізделіп шығарылады1.
Қылмыстық істі қысқарту – соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының іс жүргізуші қызметінің аяқталғаны туралы шешімі. Қылмыстық істі қысқарту тек заңда көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады, ол негіздер мыналар2:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар;
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән – жайлар.
Қылмыстық істі қысқартудың заңды негізі соттың, тергеушінің, анықтаушы органның, прокурордың қаулысы болып табылады, оның көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.
Қылмыстық істі қысқартылардың алдында сезіктіге, айыпталушыға істі қысқарту негіздері, сондай-ақ олардың заңда көзделген негіздер бойынша істің қысқартылуына қарсылығын мәлімдеу құқығы түсіндіріледі. Қылмыстық істің жалғастырылуына негіздердің пайда болуы қылмыстық істің тоқтатылуын бұзу туралы қаулы қабылдануын қажет етеді. Істі жалғастыру қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруі шегінде жүзеге асырылады.
Қылмыстық істі қысқарту немесе оны қайта жаңғырту туралы шешімнің қабылдануы заңдылыққа прокурорлық қадағалаудың нысаны болып табылады. Іс заңсыз тоқтатылған немесе қайта жаңғыртылған жағдайларда прокурор өз қаулысымен аталған шешімдердің күшін жоюға және істі одан әрі жүргізуге немесе істі қайта жаңғырту туралы қаулының күші жойылғанда процеске қатысушылардың құқықтарын сақтау жөнінде іс жүргізушілік шаралар қолдануға жіберуге құқылы.
Істің қысқартылғаны немесе қайтадан жаңғыртылғаны туралы мүдделі адамдар: сезікті, айыпталушы, қорғаушы (адвокат), жәбірленуші , оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері өз өтініштері бойынша іс қозғалған жеке және заңды тұлғаға хабардар етіледі. Аталған адамдар істі қысқарту немесе қайта жаңғырту туралы шешіммен келіспеген жағдайда олар белгіленген тәртіппен оған шағым жасай алады3.
Қылмыстық іс қысқарғанда іс жүргізушілік әрекеттер де тоқтатылады, яғни алдын ала тергеу де тоқтатылады. Сондықтан әдебиеттерде қылмыстық істің қысқаруы алдын ала тергеудің аяқталуының дербес нысаны болып табылмайтындығын көрсететін қорытындының негізділігі жеткілікті емес1.
Көріп тұрғанымыздай, бұндай қорытындыға келу алдын ала тергеудің аяқталуының жалпы түсінігінің дұрыс тұжырымдалмауымен негізделеді, егер бұл түсікті тек тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылдаумен және айыптау қорытындысын жасар алдында іске қатысушыларды істің материалдарымен таныстырудан тұрады деп шектесе, алдын ала тергеудің аяқталуының өзге нысанын қарамай тұрып, қылмыстық істі қысқартуды тек бір реттік техникалық акт деп түсінуге болмайды.
Қылмыстық істі қысқартуды алдын ала тергеудің аяқталуының нысаны ретінде қарастырсақ, онда ол белгілі бір күрделі кезең болып табылады, оның мазмұны бір қатар маңызды сұрақтарды шешуден тұрады.
Г.М. Миньковский бұл кезеңдерді төмендегідей атап көрсетеді:
а) Іс бойынша жиналған дәләлдемелердің анализі мен оларды бағалаудың жиынтығынан;
ә) Іс материалдарын тиісті нысанға (формаға) келтіру және жүйелеу;
б) Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны жасау;
в) Қылмыстық істі қысқартудан туындайтын барлық сұрақтарды шешу (айыпталушы мен сезіктіге қатысты барлық шараларды жою, мүлікке тиым салуды алып тастау т.б.)
г) Мүдделі тұлғаларға қылмыстық істің қысқарғаны туралы хабарлау2;
Сонымен қатар, Г.М.Миньковский және басқа да авторлар негізді түрде прокурор істі қысқартуы кезіндегі алдын ала тергеуде тұлғалардың шағымдарын қараған кезде шешімнің қорытынды бөліміне қосады3 . Ал А.Я.Дубинскийдің ойынша, прокурордың процесуалдық жағдайы қылмыстық істің қысқартылғандығын бақылауға байланысты алдын ала тергеудің аяқталуының түсінігінен шығып кетеді деп көрсетеді. Тек қана прокурордың қылмыстық істі қысқартуға келісім беруі заңмен көзделгендігі жатады4.
Сонымен, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыға берілген шағымды қарастырып отырған прокурордың әректтері, алдын ала тергеудің құрама бөлігі болып табылады, қылмыстық істі қысқартудың сатысына кіреді.
Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімдерге шағым сотқа берілген кезде басқа жағдай туады. Сотта шағымдарды қарау, бұл алдын ала тергеуге соттың бақылау жасауы болып табылады. Бірақ бірінші инстанция сотталушының бұл әрекетін алдын ала тергеуге қосуға болмайды - бұл сот өндірісі.
Бұл өндірістің полистадиялық сипаттамасы бар: соттың шығарған шешімі апелляциялық тәртіппен және сот тергеуімен қайта қаралуы мүмкін.
Бұл өндірісте кінәлілік немесе кінәсіздікке қатысты сұрақтар шешілмейді: тек қылмыстық істі қысқартудың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Мүмкін бұл сот өндірісін ерекше өндірістер қатарына жатқызуға болатын шығар. Негізінен «ерекше өндіріс» деген түсінікті жоққа шығаруға болмайды1. Бұндай өндірістерге кінә мәселесіне қылмыстық заңның материалдық нормаларын қолдану мәселесі қарастырылмайтын шешімдер жатады.
Тұтас қылмыстық процесс сияқты, қылмыстық істі қысқарту - бұл анықтама органдарының, прокурор мен соттың қызметі, яғни алдын ала тергеудің құрама бөлігін құрайтын қызмет.
1963-жылы Г.П. Давыдов пен Д.Я. Мирский дұрыс жазғандай «қылмыстық істі қысқарту - бұл заңмен көзделген тәртіпте сот, тергеу, прокуратура органдарының қылмыстық процесуалдық әрекеттерді жүзеге асыруы», олардың өндірісімен «фактілерді анықтау мен дәлелдемелерді жинауға байланысты әрекеттер сақталады»2.
А.Я.Дубинский жазған,қылмыстық істі қысқарту - бұл «тергеудің қорытынды бөлімі, оның құрамына жиналған дәлелдемелерді талдау мен баға беруге қатысты қылмыстық іс материалдарын жүйелеуге қатысты, іске қатысушыларды сақталған өндіріспен таныстыруға қатысты және олардан келген өтініштерді қарауға қатысты процесуалдық әрекеттер кіреді»3.
Сонымен бірге қылмыстық істі қысқартуды процесуалдық акт деп те түсінуге болады, яғни өкілетті лауазымды тұлғаның қылмыстық іс бойынша сот өндірісіне жіберуге қатысты жеткілікті негіз болмағандықтан ары қарай жүргізуді тоқтату туралы шешімі, яғни қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы немесе ұйғарымының болуы4.
В.А.Михайлов негізді түрде былай деп жазады «қылмыстық істі қысқартумен айыпталушының қылмыстық жауапкершілігіне қатысты мәселе шешіледі», шешім теріс нысанда беріледі және алдын ала тергеуге қатысты қорытындыға келу мәселесін шешуге әкеледі1.
Бұл шынымен солай. Шешім шығару сияқты , қаулымен де қылмыстық іс бойынша оның өміріне қатысты мәселе шешіледі, ары қарай жалғасатындығы немесе істің қысқаруы туралы қылмыстық процеске қатысты ресми қорытынды жасалады. Сондықтан да сот шешімі сияқты қылмыстық істі қысқарту туралы актінің маңызы үлкен. Бұл құжат жайдан-жай негізгі қылмыстық процесуалдық актілер қатарына жатқызылмаған.
Қылмыстық процесуалдық заңға сәйкес алдын ала тергеу органдары қылмыстық іске қатысты бірқатар мәселелерді шешулері қажет: оқиға болған жерде қылмыс болды ма, әрекетте қылмыс құрамы бар ма, белгілі бір анықталған тұлғамен жасалды ма, ол тұлғаның кінәсі бар ма. Осы сұрақтардың біреуінің теріс болуы, алдын ала тергеу органдарының қылмыстық істі қысқартуға болады.
А.Я.Дубинскийдің ойынша істі мәнісі бойынша қарау «істің өмірін» анықтаудан, нақты тұлғаның өмірін анықтаудан тұрады2. Кінәлілік немесе кінәсіздік мәселесіне қатысты емес шешілуі мүмкін. Мәселен, егер қылмыстық істі қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартса, тергеу барысында басқа да нақты тұлғаның қатысына байланысты мәселе шешілмесе, онда істі мәнісі бойынша шешілді деп санауға болады.
Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің тікелей сипаты бар. Тергеу органдары істі сотқа жібермей-ақ фактілерді нақтылай алады.
Сонымен, қылмыстық істі қысқарту – бұл қылмыстық әрекет,тұтас қылмыстық процесуалдық әрекеттердің бір бөлігі сияқты.
Қылмыстық істі қысқарту – қылмыстық процесуалдық құқықтың институты. Бұл институттың ең басты кемшілігі, оның нормалары бүкіл Қылмыстық іс жүргізушілік кодексінде шашырап жатыр. Бұл нормалардың кодексінде шашыранды болуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы барысында қиындықтар туғызады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жеке тарауды бөліп шығарса тиімді болар еді. Осы мәселеге байланысты құқық қорғау органдарының қызметінде көптеген қиыншылықтар мен келеңсіздіктер туындайды. Егер заң шығарушы қылмыстық істі қысқартуға байланысты норманы жүйелейтін болса тиісті органдардың жұмысы біршама жақсарар еді деп ойлаймын.
Осындай заңнаманың жүйесіздігінен әділетсіз шешімдер шығып іс жүргізушілік заңның басты қағидаларының бірі - заңдылық қағидасының бұзылуына алып келіп соқтырады1.
Қылмыстық істі қысқарту бұл алдын ала тергеудің бір сатысы, алдын ала өндірісті жүзеге асыратын органдардың және прокурордың негізді түрде қылмыстық істі қысқарту туралы, алдын ала тергеуді аяқтау туралы қаулы шығарумен тұлғаны қылмыстық жауптылықтан босату туралы әрекеттерден тұрады. Сонымен қоса, қылмыстық іс – бұл қылмыстық процесуалдақ құқықтың институты – қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарған сәттен бастап мәнісі бойынша шешіледі2.
Тергеуші, прокурор қылмыстық істі іс жүргізушілік кодексінің 37 және 38-баптарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қысқартуға құқылы. Сезіктіні немесе айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген жағдайда, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндік таусылса қылмыстық іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің 1 немесе 2-тармақтарының негізінде қысқартылады. Бұл жағдайда тергеуші, прокурор адамды ақтау және оған заңсыз ұстау немесе қамау нәтижесінде келтірілген материалдық зиянды өтеу жөнінде заңдарда көзделген барлық шараны қолдануға тиіс3.
Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады4.
Ал судья Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің 1 – 12-тармақтарында және 38-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда істі қысқарту туралы қаулы шығарады. Істі қысқарту туралы шешім қабылданғаннан кейін судья бұлтартпау шарасын, азаматтық талапты және мүлкін тәркілеуді қамтамасыз ету шараларын тоқтатады және заттай айғақтар туралы мәселені шешеді. Судьяның істі қысқарту туралы қаулысының көшірмесі прокурорға жіберіледі, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған адамға және жәбірленушіге тапсырылады5.

1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы заңды факт болып табылады, нәтижесінде қылмыстық процесуалдық қатынастар тоқтатылады. Оның маңызы жоғары. Алдын ала тергеудің аяқталуының бір формасы ретінде қараудың ролі елеулі, себебі: қылмыстық істі қысқартуды тергеудің аяқталуының заңды нысаны деп қарастыруға мүмкіндік береді, өзінің процесуалдық маңызы жағынан айыптау қорытындысы болса, істі сотқа жіберумен тең келеді.
Г.М.Миньковский дұрыс көрсетеді, істің қысқаруы, алдын ала тергеудің аяқталу нысаны ретінде, өзінің мақсаты мен мәні бойынша істі айыптау қорытындысымен бірге сотқа жіберумен бірдей маңызға ие.
Дәлелдемелер толық жеткілікті болып, өндірісті қылмыстық қудалауды жалғастырмай жиналған дәлелдемелердің негізінде белгілі бір қорытындыға келуі тиіс. Мысалы: тәжірибеде тергеушілер көбінде қылмыстық істі қылмыс құрамының жоқтығы және қылмыс оқиғасының орын алмағанын негіздеп істі қысқартады. Тергеуші қысқартса оның заңдылығы мен негізділігін прокурор тексереді, ал сот қысқартқан жағдайда тараптардың қарсылығы болса апелляциялық тәртіппен қайта қаралады. Егер бұзылған құқықтар мен мүдделер болса қалпына келтірілуге жатады деп түсінуге болады.Негізгі маңызы қылмыстық іс қысқартылып, өндірістегі іс мәнісі бойынша шешіледі.
Кейбір ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқарту – процестің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Олардың ойынша қылмыстық істі қысқарту – бұл екінші акт, ал кейде ақау (брак) деп санайды. Мынадай көзқарас бар, қылмыстық істі қысқарту – бұл қылмыстық істі қозғау кезінде жіберілген қателіктердің нәтижесі болып табылады, ал егер қылмыстық істі қозғау мен тергеу дұрыс жүргізілсе, онда нәтижесінде тергеушінің айыптау қорытындысын жазумен аяқталады. Мұндай көзқарасты қолдайтын автолардың пікіріне толық қосылуға болмайды деп есептеймін.
Әрбір қозғалған істің ерекшелігіне байланысты істі тез және толық ашу әрқашанда жүзеге аса бермейді. Дәлелдемелер немесе құжаттар, жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайдың барлығы да ескерілуі тиіс. Егер қозғалған қылмыстық істердің барлығын қысқарту себебінен заңсыз деп тапсақ, онда бұл негіздің іс жүргізушілік заңда орын алуының қажеттігі неде деген сұрақ туындайды. Егер қылмыскер ауыр қылмыс жасап, әрекетіне шын өкініп жәбірленушімен татуласып, келтірілген заладың орнын толтырса, ол адамды неге жауаптылықтан босатпасқа.
Қылмыскер өзінің әрекетіне өкініп, түзелем деген ниетпен әрекет жасаса оның ақталуға мүмкіндігі туады деген пікірдемін. Менің бұл пікірімді С.А. Шейфер тереңірек ғылыми түрде түсіндірме береді.
Бұндай көзқарас тәжірибеде көптеген істер заңсыз қозғалып, қысқартылумен түсіндіріледі. Бірақ барлық қылмыстық істердің қысқаруы оның заңсыз қозғалуынан жүзеге аспайды.
С.А.Шейфер азаматты қылмыстық жауаптылыққа негізсіз тартпаудың процесуалдық кепілі қылмыстық істі қысқарту болып табылады. Сот өндірісінің мақсаты болып, тек қана қылмыскерді жауапкершілікке тарту мен соттау емес, сонымен қатар сезікті айыпталушы ретінде ұсталған тұлғаларды уақытылы ақтау қажет.
Себебі біз сезіктіні немесе айыпталушыны кінәсі дәлелденбесе ұзақ уақыт қамауда ұстай алмаймыз, яғни тиісті органның нақты дәлелдемелері болмаса ұстау мерзімі өткеннен кейін ұстауға құқығы жоқ.
Мұнда кінәсіздік презумпциясы туралы сөз қозғауға болады1. Әр адам оның қылмыс жасағаны үшін кінәлілігі дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады
Егер қылмыстық іс уақытылы және негізді қозғалса да, бірақ тергеу барысында қылмысты дәлелдейтін ақпараттар болмаса, қылмыс дәлелденбесе, онда уақытында қылмыстық істі қысқарту маңызды болып табылады, заңсыз және негізсіз қозғалған қылмыстық істі қысқартумен бірдей.
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқартудың да маңызы төмен емес. Біріншіден, қылмыстық жауаптылықтан босатылған азаматтар өзінің әрекеттерімен болашақта жақсы ниеттерін дәлелдей алады. Екіншіден, алдын ала тергеу органдары өздерінің назарларын тұтас қоғаммен азамат мүдделеріне ауыр зиян келтірілген қоғамдық қауіптілігі өте жоғары қылмыстарды тергеуге жұмсай алады2.
Қылмыстық істі қысқарту жәбірленушінің де құқықтарын бұзбайды. Біріншіден, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны жәбірленуші шағымдай алады. Екіншіден, қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша белгілі бір тұрғыдан алғанда оң сипаттамасы бар тұлғаға қатысты қысқартылады. Бұл жағдайға сәйкес қылмыстық іс қысқартылғанға дейін ол тұлға жәбірленушімен барлық мәселені шешіп, оған келтірілген залады өтеген болса, ал басқа жағдайда тергеуші немесе анықтама органдары қылмыстық істі қысқартуға құқығы жоқ . Өйткені қанағаттанбаған жәбірленуші бұл шығарылған шешімді сотта шағымдай алады.
Үшіншіден, қылмыстық істің уақытында қысқартылуы нағыз қылмысты жасаған тұлғаны анықтауға жәбірленушінің құқықтарын қорғауға негіз болады. Алдын ала тергеу кезінде қылмыстық істің қысқартылуы соттың ауыртпалығын төмендетеді. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі маңызы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі маңызы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Кукык жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі маңызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]