Реферат: Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің процесуалдық жағдайы

Реферат: Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің процесуалдық жағдайы

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу құзыры Ұлттық қауіпсіздік қызметі, ішкі істер және қаржы полициясы органдарына жүктелген, тергеушілер іс жүргізу қатынастарында тең дербестікке ие, олардың өкілеттіктері тек өндірістеріндегі істерге байланысты ғана бөлінеді.
Жалпы «тергеу қызметі» ұғымы заң әдебиеттерінде қазіргі қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу заңы қабылданғанға дейін де, бұл заң қабылданғаннан кейін дс әр түрлі тұрғыда талқыланумен келеді. Тергеу қызметін жетілдірудің концептуалды бағыттары негізгі тергеу қызметін әрі қарай дамытып, «Тергеу қызметі және тергеушінің мәртебесі туралы» заң қабылдау қажеттігі туралы айту керек.
Алайда концепция жобасы авторының «судьялар сияқты, тергеушілер де қылмыстық іс жүргізу барысында артықшылықтарға (ешкімнің тиіспеуі) ие болу керек» деген тұжырымымен де келісуге болмайды. Себебі қылмыстық іс жүргізу кезінде судьяларға артықшылықтар беретін норма, Қылмысгық іс жүргізу заңында көзделмеген. «Судьяларға ешкімнің тиіспеуі» қағидасы Қазақстан Республикасының Ата заңымен (79 бап) және «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі» туралы Конституциялық заңың 27-бабында көрсетілген және бұл норма судьяның жалпы құқықтық жағдайын айқындайды.
Сондықтан тергеушінің мәртебесін судьяның мәртебесімен теңестіру қажет пе? деген сұрақты талқылау барысында, олардың функциональдық міндеттерін ажыратып отырған шектеуді жойып алмас үшін, өте мұқият болу қажет. Себебі бұл шектеуді сақтамау, қылмыстық істерді қарау жағдайлары бойынша қарап шешу функцияларының бір тұлғаға шоғырлануына әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар сот билігінің өкілдері судьялармен арадағы шекараны жоюға әкеліп соғады.
Соңғы кездері алдын ала тергеу жүргізуді сот әділдігін жүзеге асырудың алғашқы кезеңі ретінде қарау керек деген пікірлер айтылын қалуда. Бұл пікірмен келісуге болмайды. Себебі алдын ала тергеу жүргізу тергеуші соттың функциясын атқармайды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 11 -бабының талабы бойынша «Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот әділдігін тек соттар ғана жүзеге асырады». Бұл еліміздің Ата Заңымен (75 бап) айқындалған норма. Сонымен қатар қылмыстық іс өндірістен қысқартылған жағдайда алдын ала тергеу жүргізудің тоқтатылатыны да бұл норманы өзгерте алмайды. Себебі қылмыстық істі алдын ала тергеу өндірісінен қысқарту жайлы қаулы қабылданған жағдайда, іс соттағыдай моні бойынша қаралып шешілмейді, тек айыпталған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайтындығы танылады. Осыған байланысты, жобаны дайындаушының ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту өкілеттігін сотқа беру керек деген бағдары ойлануға тұратын мәселе. Соттың, қылмыстық істі басты сот талқылауынан қосымша тергеу жүргізу үшін кері қайтару құқығын жою керек, бұл құқық қылмыстық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асырудың мәніне қарама-қайшы келеді және белгілі бір деңгейде сот процесіндегі тараптардың теңсіздігіне әкеліп соғады. Сондықтан сот өндірісіне түскен қылмыстық іс мәні бойынша тек қылмыстық істі қысқарту жөнінде не айыптау немесе ақтау қаулысын шығарумен шешеліп, аяқталуы керек деген пікір. Себебі қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару бұл судьяның жеке басына берілген құқық емес, бұл қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген, қылмыстық іс жүргізу әрекетінің бірі болып табылады.
Қылмыстық істі қосымша тергеу жүргізу үшін қайтару институтын бүгінгі танда әзірге қалдырған жөн. Біздің елімізде алдын ала тергеу, анықтама жүргізудің сапасы төмен, жалпы бұл сала ақсап жатыр десек те қате айтпаған болар едік. Сондықтан сапасыз жүргізілген тергеу әрекетінен әділ шешімге қол жеткізе алмаған жәбірленуші де, істің шешілуіне мүдделі сотталушы да жапа шегеді, әділ соттықтың да беделіне нұқсан келеді. Ал, соттың беделі мемлекет беделі екені баршаға аян.
Сот өндірісіне келіп түскен кейбір қылмыстық нормаларының өзгеше жүргізілген тергеу әрекеттерінің салдарынан, айыпталушыға басқа айып тағылып, басқа адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіздер туындап, жаңа адамдарға қатысты істі жеке қарау мүмкін болмай, сондай-ақ елеулі түрде айыптауды өзгерту қажеттігі туындап, не іс дұрыс біріктірілмей не бөлінбей, жалпы басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін басқа да қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылықтар анықталған жағдайды судья істі қосымша тергеуге жібереді. Бұл кемшіліктер басты сот талқылауы барысында жойылуға жатпайтын кемшіліктер және ол тек тергеу барысында ғана шешіледі. Сондықтан көзге ұрып тұратын осындай кемшіліктер анықталған жағдайда істі мәні бойынша қарап шешу деген ақылға сыймайды, онда сот әділдігі деген ұғым қайда қалады. Қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару нормасы. Қылмыстық іс жүргізу заңның 303-бабында көзделген, бұл норманың езі барынша тарылып, нақтыланған. Сондай-ақ қазіргі заңнама бойынша сот қылмыстық қудалауды жүзеге асырмайды, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша да, «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң бойынша да сот - сот әділдігін жүзеге асыратын орган. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 320-бабының 1-бөлігінде «Басты сот талқылауы тек айыпкерге қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі» делінген. Яғни сотқа іс қарау барысында тергеу жүргізу кезінде кеткен кемшіліктерді қалпына келтіру құзыры берілмеген, бұл кемшіліктер тек қосымша тергеу жүргізу барысында ғана жойылуы мүмкін.
Сотта іс жүргізу тараптардың тең жарыспалылығы қағидасы негізінде жүзеге асатыны белгілі, сондықтан тергеу сапасы, тергеушілердің мәртебесін көтеру туралы мәселемен шектелу керек. Сот ісін жүргізуге кеңінен қатысуы, адвокаттардың да мәртебесін кетеру мәселесі қатар көтеріліп шешіліп, "Қылмыстық сот ісін жүргізудегі Ұлттық тергеу қызметінің Концепциясы" жобасымен қатар, Қылмыстық сот ісін жүргізудегі адвокаттар қызметінің
Тергеу жұмысының көрсеткіші ойдағыдай деңгейде емес. Бұл өзекті мәселенің бір ұшы олардың құқытық мәртебесі мен құзырының дұрыс айқындалмауына да келіп тіреледі.
Біріншіден тергеушінің жұмысын өз дәрежесінде атқару мүмкіндік тудыру қажет. Ол қолындағы заңды күшіне енген шешіммен кез келген мекемеге немесе үйжайға кіру үшін көп жағдайда кедергілерге кезігіп жатады. Өйткені, кейбір жеке меншік фирмаларда не өзге де мекемелерде форма киген, бақайшағына дейін қаруланған күзетшілер тергеушіге шекеден қарап, менсінбегендей сыңай танытып тұрады. Сол үшін де жаңа үлгідегі форма мен қару тергеушіде болғаны дұрыс. Сонда барған жердегілердің де оған көзқарасы өзгеріп, басқаша қарайтын болады. Ендеге осы мәселе заңды шешімін тапса, қандай да бір мекемелерде не үйжайларда тергеушіге қарсылық көрсетудің жазаланатындығы заңнамада көрсетілсе, дұрыс болар еді.
Екіншіден тергеушінің еңбекақысы басқа мемлекеттік қызметшілермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бұдан шығатын қорытынды – жұмыс нәтижелі болу үшін материалдық жағдай түзеліп, ынталандыру жағы қолға, алынғаны жөн.
Үшіншіден тергеушінің мәртебесі анықталғаннан кейін, оның іс жүргізу жағдайын өзгерту, процессуалдық құқытарының ауқымын кеңейту қажет. Мәселен, заң жүзінде борышкерлерге 5-10 күннің ішінде ерікті түрде орындауға мүмкіндік беріп, орындалмаған жағдайда олардың атақлауазымдарына қарамастан күштеп орындату шарасын қолдану, ал бас тартқан жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қарастырылған 50-ден 2000-ға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлету не 3-7 жыл көлемінде қылмыстық жауаптылыққа тарту заң қабылдануы керек.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүмкіндіктеріне тоқтам салу, оны орындау тек сот билігіне берілген. Сонымен қатар, осы органдардың борышкерлерді іздестіру құзыры тергеушіге берілсе дұрыс болады. Себебі, олар өз территориясындағы борышкерлер туралы мәліметтермен жақсы таныс болып, өз жұмысын бес саусақтай біліп отырар еді. Борышкерлерді іздестіру кейде ұзаққа созылып кететінін бұл істің құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тікелей жұмысы еместігінен деуге болады. Демек, бұл ретте тағы да айта кеткім келетіні – «Тергеуші туралы» Заң қолданылып толықтырылып тергеуіш құқықтары күшейтілуі, еңбекақысы ұлғайтылуы, сондай-ақ олар да арнайы үлгідегі киіммен, құрал-саймандармен қамтамасыз етілуі қажет деп есептеймін.
Бұрындары елімізде, әсіресе алыс аудандарда түрлі себептерге байланысты кез келген мамандық иесі немесе орта білімді азамат тергеу 88878887 болып жұмыс істей беретін. Қазір сот орындаушысы мен сот приставы қызметін негізінен жоғары білімді заңгерлер атқарады. Бұл қызметтер халыққа әр уақытта қажетті, мемлекет үшін маңызы. Сол себепті де, осы мамандық иелерінің жұмысын алға бастыру, лайықты деңгейде көтеру, олардың іс атқаруына дұрыс жағдай жасау – кезек күттірмейтін шаруа деп белемін.
Ал бүгінгі таңда қылмыспен күресу республика аумағында алдыңғы орында тұрған ауқымды мәселенің бірі. Сондықтанда қылмыспен күресу құқық қорғау органдарына жүктелген, яғни қылмысқа қарсы тосқауыл қою құқық қорғау органдарының басты міндеті болып табылады.
«Алдын ала тергеу және анықтау стадиясында, ҚРҚК-нің 67 бабының 2 және 1-бөлігіне сәйкес, мемлекетке қайтарылмаған шығындар болса, экономикалық қылмыстық істер бойынша іс қысқартылуға жіберілмеуі тиіс. Сонымен қатар тәжірибедегі сыбайластық жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер екі жақтың татуласуына байланысты қысқартылмауы тиіс». ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің процесуалдық жағдайы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің процесуалдық жағдайы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Кукык жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің процесуалдық жағдайы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]