Реферат: Құқық | Құқықтық нормаларды іске асыру және оларға түсінік беру
Құқықты іске асырудың түсінігі, оның мазмұны
Құқықтық нормалардың орындалуы адамдардың тек заңды іс-әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен (заңды тиым салынған істерді жасамау) байланысты. Құқықтық нормаларды іске асыруда субъектілер екі топқа бөлінеді: мемлекет, оның органдары және халық, олардың ұйымдары. Құқықтың іске асуы нормативтік актілерді қабылдаудан, бекітуден басталады. Мемлекеттің жоғарғы органдары (парламент, президент) заң қабылдайды; Үкімет, министрлік-ведомстволар, сот және жергілікті басқарушы мемлекеттік органдар заңға тәуелді нормалар қабылдайды. Осы мемлекеттік органдардың бәрі де құқықтық нормаларды іске асыруға, орындауға зор үлестерін қосады.
Заңдарды, заңға тәуелді нормаларды қабылдау, бекіту үлкен істің басталуы ғана. Бұл істің негізгі міндеті сол қабылданған нормативтік актілерді іс жүзіне асыру, олардың мазмұнын шындыққа, ақиқатқа айналдыру. Өйткені бұл нормаларда қоғамның мүдде-мақсаты соған сәйкес мемлекеттің билік-бұйрығы басым орын алады. Бұл процесс құқықтық нормаларды объективтік тұрғыдан іске асыру. Ал, қатынастағы субъектілердің құқығы мен міндеттерінің орындалуын – субъективтік тұрғыдан іске асыру деп түсіну керек.
Құқықтық нормаларды орындаудың нысандары әр түрлі болады. Өйткені нысандардың өмірге келу себептері әртүрлі болады: а) қоғамдағы қатынастардың мазмұны әртүрлі болуы; б) нормативтік актілердің адамдарға әртүрлі әсер етуі; в) норманың ерекше мазмұнының әсері; г) құқықты іске асырудағы субъектілердің құзыреті мен өкілеттігінің әр түрлі болуы; д) субъектілердің құқықтық тәртібінің әр түрлі деңгейде болуы.
Құқықтық нормалардың негізгі мақсаты қоғамдағы қатынастарды дұрыс, уақытында реттеп, басқарып іске асыру. Қоғамдағы барлық қарым-қатынастарға құқықтың, ықпалы, әсері болуға тиіс сол арқылы жақсы дәрежеде жалпы қоғамдық тәртіп, заңдылық қалыптасады. Егер құқықтық нормада бір іс-әрекетке тыйым салынса, ол норма іс жүзінде орындалса, құқықтың мақсаты орындалды деуге болады. Егер құқықтық нормада бір іс-әрекетті жасауға нұсқау берілсе, ол орындалса, құқық өз мақсатына жетті деуге болады.
Құқықтық нормалар мемлекеттік органдардың, адамдардың, қоғамдық ұйымдардың қарым-қатынастары, іс-әрекеттері арқылы орындалып жатады. Құқықтық нормаларды іске асырудың ерекшеліктері:
а) құқықтың әлеуметтік мазмұнына сәйкес қоғамның даму процесін дұрыс реттеп, дұрыс басқаруға мүмкіншілігінің барлығы.
б) нормативтік актілерде көрсетілген іс-әрекеттерді дұрыс, уақытында орындауды қамтамасыз ету механизмінің барлығы. Ол механизм кезендері:
1. Заңды нормаларды белгілеу құқықтық реттеудің негізі.
2. Құқықтық қатынастың мазмұнын және субъектілерін анықтау.
3. Субъективтік құқық пен заңды міндеттердің дұрыс орындалуы туралы акті жасау.
Құқықтық нормаларды іске асыру түрлері:
1. Норманың мазмұнына қарай орындау үшке бөлінеді: норманың мүдде-мақсатын орындау; жалпы міндет – қағидаларын орындау; нақты құқықтық қатынастағы нақты норманы орындау.
2. Норманы іске асырудағы қатынастың субъектілеріне сәйкес орындау түрі екіге бөлінеді: жекелік және топтық субъектілердің өз құқығын іске асыру. Құқықтық норманы субъектілердің өз мүдде-мақсатын іске асыру, пайдалану.
3. Нормативтік актілер ерікті түрде орындалмаса, қоғамдық мүдде-мақсат үшін еріксіз іске асыру. Оның екі түрі болады: әкімшілік-тәртіпшілік және қылмыстық жауапкершілік.
4. Құқықтық нормаларды іске асыруды саяси және идеологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану. Құқықтық нормалардың басым көпшілігінің орындалуы құқықтық қатынас арқылы реттеліп жатады. Бұл нормативтік актілерді іске асырудағы, ең көлемді, ең күрделі түрі. Құқықты іске асырудың әдіс-тәсілдері:
- нормативтік актілердің басым көпшілігінің ерікті түрде орындалуы (бұл заңның сапалы шығуының және жақсы тәрбиенің, білімнің нәтижесі);
- мемлекеттік аппараттың бақылауы арқылы орындалуы;
- үгіт-насихат арқылы нормалардың іске асуы;
- рухани сана-сезім көтеру арқылы нормалардың орындалуын жақсарту.
5. Субъектілердің норманы іс жүзіне асыру іс-әрекеттері төрт түрге бөлінеді: сақтау, орындау, пайдалану, қолдану.
Сақтау – нормаларда тыйым салған іс-әрекеттерді субъектілер бұлжытпай орындауға міндетті. Бұл құқықтық қатынастарды реттеп, орындаудағы субъектілердің пассивтік тәртібі немесе заңды әрекетсіздігі. Мұны тыйым салынған нормалардың бұлжытпай орындау нысаны деп атайды.
Орындау – субъектілердің нормада көрсетілген міндеттерді толық орындауды қамтамасыз етуі. Мұнда субъектілер белсенді түрде іс-әрекет жасауға міндетті. Мұндай іс-әрекеттерді норманың орындалуының міндетті нысаны деп атайды.
Пайдалану – субъектілердің ерікті түрде нормативтік актілер арқылы өз мүдде-мақсаттарының орындалуын қамтамасыз етуі. Бұл заңда тыйым салынбаған барлық іс-әрекетті жасауға адамдардың еріктілігі.
Осы көрсетілген үш түрде нормативтік актілер қатынастағы субъектілердің өздерінің іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен орындалып жатады. Бұл процесті құқықтық норманың тікелей іс жүзіне асырылуы, орындалуы деп атайды. Осы нысан арқылы нормативтік актілердің көпшілігі орындалып жатады. Бірақ, өмірде қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруға жоғарыда көрсетілген үш түрі жеткіліксіз. Себебі қоғамдағы қатынастардың субъектілерінің өзара байланысында қайшылықтар, келіспеушіліктер болып жатады. Соларды заңды түрде реттеу үшін мемлекеттің өкілетті органдарының қатысуы объективтік тұрғыдан қажет болады және қоғамдық мүдде-мақсатты, саясатты, билікті іс-жүзіне асыру, орындау мемлекеттің міндеті. Сондықтан бұл міндеттерді мемлекеттік органдар нормативтік актілерді қолдану арқылы орындайды.
Құқықтық нормаларды іске асыру нысаны
Құқықтық норманың түрлері
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА, ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Құқықты қолданудың жоғарыда көрсетілген үш түрден айырмашылығы: 1) қолдану мемлекеттік биліктің басқару, ұйымдастыру күшіне сүйене отырып жүргізіледі; 2) қатынастағы субъектілердің біреуі – мемлекеттік өкілеттігі бар органның болуы; 3) мемлекеттік органның қатысуы заңдылықгы, тәртіпті жақсартуға мүмкіншілік жасайды; 4) кейбір қатынастарда қолдану нормативтік актілерді пайдалану, орындау, сақтау түрлерінің процесіне бірлесіп, ол қатынастардың заңды сапалы аяқталуына үлес қосуы; 5) құқықтық нормаларды қолдану міндетті түрде нормативтік акті жасалумен аяқталуы, оның заңды күшінің болуы.
Құқықтық нормаларды қолдану тек мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың жұмысы. Олар өз құзырының көлемінде ғана басқаруға құқықты. Қоғамдық ұйымдар мемлекет рұқсат берсе ғана құқықтық нормаларды қолдануларына болады. Мысалы, кәсіпшілер одағы өз жұмысында еңбек туралы заңның баптарын қолданады.
Демократиялық мемлекетте нормативтік актілерді қолдануда қатаң тәртіп болады: кім қандай заң қолданады, неге, себебі, уақыты, орны толық көрсетілуге тиіс. Осы мәселелердің, сұрақтардың бәрі мемлекеттің бақылауында болады. Мемлекеттік органдар жеке адамдардың және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына кіріспейді, оларға толық бостандық беріледі.
Мемлекеттік органдардың бұл қатынастарға кірісуге болатын жағдайлар: егерде қатынасты орындау барысында субъектілердің бірін-бірі түсінбеушілігі болса; екі жақты құқықтары мен міндеттерінің дұрыс орындалуын тексеру керек болса.
Құқықтық нормаларды қолдану кезеңдері:
1. Істің нақты мазмұнымен және жағдайымен танысу, қарым-қатынастың басталуын, субъектілерін анықтау.
2. Қатынастың заңды негізін анықтау, анализ жасау, іске заңды баға беру.
3. Іс бойынша шешім қабылдау, құқықты қолдануды, тиімділігін анықтау, және осы рәсімдеу шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізу.
4. Шешімді жүзеге асыру.
Құқықты қолданудың кезеңдері осылай басталып, реттеліп аяқталады. Осы процесс толығымен мемлекеттік ресми органның бақылауында болады.
Мемлекеттік органның құқықтық норманы қолдануда үш функциясы болады:
- нормативтік актілерді қолдану арқылы қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқару;
- нормалардың орындалуын қамтамасыз ету;
- нормалардың дер уақытында іске асуын қорғау.
Құқықтық нормаларды қолданудың ең негізгі, ең күрделі түрі – мемлекеттің билігімен нормативтік актілерді іске асыру, орындау. Оның негізгі ерекшеліктері:
Бірінші – тек мемлекеттік билігі бар аппараттың нормаларды іске асыруы.
Екінші – бұл аппараттардың нормативтік актілерді қолдану туралы нұсқауының мемлекеттік күші болады.
Үшінші – олар өздерінің нұсқауын қағаз жүзінде орындайтын субъектілерді нақты көрсетіп береді.
Төртінші – нормаларды қолдануды тиісті заңға сүйене отырып береді. Ерікті орындалмаса, еріксіз орындалады,
Мемлекеттік аппараттың құқықты іске асыру процесіне кірісуге төрт себептері бар:
- егерде қатынастағы субъектілердің құқығы мен міндеттерін орындау барысында кедергі пайда болса. Мысалы, жұмыстан заңсыз шығару;
- егерде қатынастың бір субъектісі өз міндеттерін ерікті түрде орындамаса. Мысалы, мәмілелі қатынаста міндеттердің орындалмауы;
- егерде мемлекеттік ресми орган кіріспей субъектілердің қарым-қатынасы басталмайтын болса. Мысалы, оқуға түсу, қызметке алыну, пенсияға шығу;
- егерде субъектілердің арақатынасы, дұрыс заңды түрде аяқталмаса. Оның себептерін анықтау үшін және жауапкершілік түрлерін белгілеу үшін мемлекеттік ресми аппарат міндетті түрде қатысады.
Құқықты дұрыс қолдануда, уақытында, жақсы орындалуында мемлекеттік билігі бар органның, маңызы өте зор.
Құқықты қолданудың негізгі субъектілері: мемлекет, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, рұқсаты болса, қоғамдық ұжымдар мен ұйымдар. Олардың құқықтары мен міндеттерінің шеңбері Уставы мен ережелерінде толық көрсетілуге тиіс.
Құқықты қолдануда, іске асыруда міндетті түрде акт жасалуга тиіс. Онда қандай норма, қашан, не үшін қолдануға тиіс, субъектілердің аты-жөні болу керек. Құқықты қолдану туралы актінің негізгі сипаттары:
- актінің мемлекеттік билік күшінің болуы; оны орындауға барлық қоғамдағы азаматтар, бірлестіктер міндетті;
- акті нақты бір іс, бір қатынас туралы жасалады, оны орындайтын субъект анық көрсетіледі;
- құқықты қолдану актісі заңдылықты қатаң сақтауға тиіс, ешқандай бостандыққа жол берілмейді;
- қолдану актісі мемлекеттің бекіткен форма-бланкаға жазылады. Ол форманы толтырудың қатаң ережесі бар. Қолдану актісі үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, қорытынды бөлімі.
Қолдану актілер төрт түрге бөлінеді:
- мемлекеттің халық өкілді органдарының актісі;
- мемлекеттің атқарушы органдарының актісі;
- қоғамдағы тәртіпті қорғайтын органдардың актісі;
- конституциялық кеңестің актілері.
Сонымен құқықты қолдану процесінде заңды айғақтар және заңды құрам анықталуы керек. Сол арқылы басты айғақ немесе айғақты анықтайтын мүмкіншіліктер туады. Бұл айғақтар тиісті заңды шешуге жеткілікті болуы қажет. Жүзеге асырылатын істің негізі анықталуы керек: қажетті құқықтық норманы табу; оның тексінің дұрыстығын тексеру; норманың түпнұсқасы екендігін анықтау; оның кеңістіктегі, мерзімді күшін және субъектілерге қатыстығын анықтау; норманың мазмұнын айқындау. Осы көрсетілген әрекеттердің барлығы заңдылықты, құқыктық тәртіпті нығайту үшін қызмет істейді.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: