Реферат: Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Реферат: Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Құқықтық деп заңдылық қағидаларын іс жүзіне асыруда қоғамдық қатынастардың жүйелі түрде құқық нормаларымен реттелуін және тиімді қорғалуын айтады.
Құқықтық тәртіп заңдылықтың ажырамас белігі болып табылады. Құқықтық тәртіпті нығайту қоғамдық тәртіпті және заңдылықты нығайтуға тікелей әсер етеді. Керісінше, қоғамда құқықтық тәртіп әлсіресе қоғамдық тәртіп те, заңдылық та әлсірейді, дағдарыс процесі дамиды. Құқықтық тәртіпті нығайту негізінде мемлекеттің құқық қорғау функциялары арқылы іс жүзіне асырылады. Сот, прокуратура, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты органдар өздерінің құзырымен міндеттеріне байланысты құқықтық тәртіпті нығайту ісіне үлестерін қосады. Бұл жерде әр мемлекеттік органның функциялары ведомстволық мүддемен шектелмеуі тиіс. Бірігу, координациялық шаралар арқылы құқықтық тәртіпті нығайту, олардың басты міндеттерінің бірі.
Құқықтық тәртіпті нығайтуда азаматтық қоғамның үлесі зор. Бұл мемлекеттік емес қоғамдық қатынастар арқылы жеке адамдар мен ұжымның мүдделері құқық шеңберінде іс жүзіне асырылады «тыйым салмағанның бәріне рұқсат» қағидасы аясаңда құқықты тәртіп нығаяды. Бірақ мемлекет азаматтық қоғамның барлық институттарының іс-әрекеттерінің Конституцияға сәйкес болуын бақылайды, заңдарды қатаң сақтауын талап етеді.
Құқықтық мемлекеттің басты мақсаттарының бірі құқықтық тәртіпті сақтауды әрбір азаматтың ішкі жан дүниесінің, психологиясының қажеттілігіне айналдыру.
Ол үшін қоғамдық сана деңгейі моральдық құндылықтарды, діни қағидаларды күнделікті ереже мағанасында қабылдауы тиіс. Ондай талаптардаң мүлт кетуді бүкіл қоғам айыптаумен қатар, элементарлық тәрбиесіздік деп бағалануы қажет.
Адам құқының даму эволюциясы мемлекет және құқықтың пайда болуымен бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам құқықтарының асқақтауына, тиімді қорғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай дейтін себебіміз адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси-құқықтық идеялары адам құқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы зор проблема етіп ұсынады. Себебі адам жаратылыстың ең саналы, ең нәзік, ең күшті ажырамас бөлігі. Сондықтан адам құқықтарын қорғаудан, асқақтатудан, аяққа таптаудан адамзат өркениетінің қандай бағытта дамитынын болжауға болады.
Құл иеленуші мемлекеттерде адам құқықтары ашық, заң жүзінде теңсіздік аясында қалыптасып, Құл иеленушілердің құлдар құқықтарын аяққа таптауға, басып-жанжуға тікелей жол ашты. Құлдар заң нормаларында құқықтың субъектісі емес, объектісі, яғни зат, мүлік ретінде танылды.
Рим заңгерлері «Құл сөйлейтін құрал» деген қағиданы өмірдің барлық саласында қолданды. Теңсіздік, құл болу туа біткен қасиет ретінде танылды.
Феодалдық мемлекеттерде адам құқықтары басқаша көзқараспен бағаланды. Құл иеленуші мемлекеттердегі адам құқықтарының жағдайларына қарағанда біршама прогресс болғанымен феодалдардың шаруаларға деген үстемдігі олардың құқықтарын аяққа таптаулары басқа сипатқа ұласты. Феодализм қалыптастарған құқық жүйе король, дворян, герцог, князь сияқты аз ғана топтардың құқықтарын асқақтатты, шаруалар тек сол феодалдардың қол астындағы адамдары болып саналды. Феодалдық құқық «жұдырық құқы», күштілердің ашық түрде теңсіздікті мойындатуы.
Адам құқықтарының теңдік идеясына көтерілуі буржуазиялық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты. Буржуазия идеологтері абсолюттік монархияда аяққа тапталған адам құқықтарын асқақтатып, теңдік, бостандық идеясын адам құқықтарының іргетасы ретінде жариялады.
Буржуазиялық қатынастар дамып келе жатқан Англияда 1679 жылы «Хабеас корпус акт», «Құқық туралы билль» (1688) сияқты құқықтық құжаттарда адам құқықтары теңдік мағанада мойындалды. Кейінірек, АҚШ-тың (1787) және Ұлы француз революциясының «Адам және азамат құқықтары декларациясында» (1789) асқан даналықпен адам құқықтарын туа біткен, ең қастері құндылық ретінде жариялады, «адам» және «азамат» ұғымдары енгізілді. «Барлық адамдар туғаннан еркін және тен құқылы. Қоғамдық айырмашылықтар жалпы пайда негізінде болады», - деп атап көрсетілді декларацияда.
Ресей отарына айналған қазақ қоғамында адам құқықтары өрескел бұрмаланды, орыс империясының енгізген заңдары қазақ ұлтын, оның құқықтарын аяққа таптаумен қатар, ұлттық қасиеттерін, дәстүрлі әдет-ғұрыптарын жоюды көздеді. «Орыс әкімшілігі қазақ қоғамын өз тарапынан тиімді басқару үшін және отарлық саясатты күшейту мақсатында империя құқық жүйесін енгізуді негізгі саясаттың санатына жатқызды. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында Қазақстанда әр мағанадағы құқық жүйелері бір-бірімен сапырылысып, өкімет органдарында бассыздық пен заңсыздыққа кең көлемде жол берулеріне жағдайлар туғызды. Өлкеде қазақ халқының санасына мүлдем жат, беймәлім, қабылдауға әлі дайын емес құқықтық жүйені пайдалану әділсотты чиновниктер мен қалталылардың қолына шоғырландырды». Осыған орай адам құқықтары туралы сөз қозғаудың өзі «Уақытша ереже» бойынша сотсыз, тергеусіз, губернатордың қалауымен айдалып жіберілді.
Тіпті орыс әкімшілігінің барлық сатыларындағы шенеуніктері, өз тараптарынан ойына келген тәртіптерді орнатуды іс жүзіне асырып отырды. Қазақ ұлтының құқымен санаспай, бүкіл халықтың ар-намысын аяққа таптайтын әрекеттерді заңдастырып, ұлы державалық шовинизмді ашықтан-ашық асқақтатуды саясаттың ең негізгі өзегі ретіңде танып бақты. Мысалы, Жетісу облысының кейбір уезд бастықтары қазақтар орыс офицерлері мен шенеуніктерін кездестіргенде, міңдетті түрде аттан түсіп, бас киімін шешіп, иілуге міндетті деген нұсқаулар шығаруға дейін барған. Верный қаласының мейрамханалары мен көпшілік орындарының есігінде, немесе маңдайында: «Иттер мен қазақтарға кіруге тыйым салынады» деген жазуларды ілуді дәстүрге айналдырған. Адам құқы деген сөзді қолдану орыс әкімшілігіне ерсі, қажетсіз, тіпті қылмыс жасаумен пара-пар мағанада сезілді.
XX ғасырдың басында қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары мұндай жағдайлармен келіспей батыл түрде үн көтерді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Б.Сыртанов, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, Ж.Ақбаев, Р.Мәрсеков сияқты қайраткерлер қазақ ұлтының құқықтарының өрескел бұрмалануына, аяққа тапталуына үзілді-кесілді қарсылық білдірді. 1911 жылы ірі қоғам қайраткері Барлыбек Сыртанов Еуропа өнегесінде, адам құқықтарын асқақтату қажеттілігін дәделдеп «Қазақ елінің уставында» былай деп жазды: «Қазақ елінде адам баласының бәрі тең құқылы. Дініне қанына, тегіне, нәсіліне қарап адамды қорлауға жол жоқ. Адам тек закон һәм құдай алдында жауап береді».
Кеңес мемлекеті адам құқықтарын тек қана қағаз жүзінде ғана мойындайды. 70 жыл бойы коммунистік-тоталитарлық режим адам құқықтарын басып жаншыды, еркіндік пен бостандық идеялары жоққа шығарылды, репрессия, жазығы жоқ адамдарды қамау, ату кеңес мемлекетінің ең негізгі саясатына айналды. Адам, индивид мемлекеттік машинаның тек ғана тетігі ретінде танылды. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Кукык жоспарымен, казакша реферат жоспар, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]