Реферат: Құқық | Қоғам құқық және жеке адам
Адам құқының даму эволюциясы
Адам құқының даму эволюциясы мемлекет және құқықтың пайда болуымен бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам құқықтарының асқақтауына, тиімді қорғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай дейтін себебіміз адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси-құқықтық идеялары адам құқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы зор проблема етіп ұсынады. Себебі адам жаратылыстың ең саналы, ең нәзік, ең күшті ажырамас бөлігі. Сондықтан адам құқықтарын қорғаудан, асқақтатудан, аяққа таптаудан адамзат өркениетінің қандай бағытта дамитынын болжауға болады.
Құл иеленуші мемлекеттерде адам құқықтары ашық, заң жүзінде теңсіздік аясында қалыптасып, құл иеленушілердің құлдар құқықтарын аяққа таптауға, басып-жаншуға тікелей жол ашты. Құлдар заң нормаларында құқықтың субъектісі емес, объектісі, яғни зат, мүлік ретінде танылды.
Рим заңгерлері «Құл сөйлейтін құрал» деген қағиданы өмірдің барлық саласында қолданды. Теңсіздік, құл болу туа біткен қасиет ретінде танылды.
Феодалдық мемлекеттерде адам құқықтары басқаша көзқараспен бағаланды. Құл иеленуші мемлекеттердегі адам құқықтарының жағдайларына қарағанда біршама прогресс болғанымен феодалдардың шаруаларға деген үстемдігі олардың құқықтарын аяққа таптаулары басқа сипатқа ұласты. Феодализм қалыптастырған құқық жүйе король, дворян, герцог, князь сияқты аз ғана топтардың құқықтарын асқақтатты, шаруалар тек сол феодал¬дардың қол астындағы адамдары болып саналды. Феодалдық құқық «жұдырық құқы», күштілердің ашық түрде теңсіздікті мойындатуы.
Адам құқықтарының теңдіқ идеясына көтерілуі буржуазиялық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты. Буржуазия идеологтері абсолюттік монархияда аяққа тапталған адам құқық¬тарын асқақтатып, теңдік, бостандық идеясын адам құқықтарының іргетасы ретінде жариялады.
Буржуазиялық қатынастар дамып келе жатқан Англияда 1679 жылы «Хабеас корпус акт», «Құқық туралы билль» (1688) сияқ¬ты құқықтық құжаттарда адам құқықтары теңдік мағанада мойындады. Кейінірек, АҚШ-тың (1787) және Ұлы француз революциясының «Адам және азамат құқықтары декларациясында» (1789) асқан даналықпен адам құқықтарын туа біткен, ен қастері құндылық ретінде жариялады, «адам» және «азамат» ұғымдары енгізілді. «Барлық адамдар туғаннан еркін және тең құқылы. Қоғамдық айырмашылықтар жалпы пайда негізінде болады», — деп атап көрсетілді декларацияда.
Ресей отарына айналған қазақ қоғамында адам құқықтары өрескел бұрмаланды, орыс империясының енгізген заңдары қазақ ұлтын, оның құқықтарын аяққа таптаумен қатар, ұлттық қасиеттерін, дәстүрлі әдет-ғұрыптарын жоюды көздеді. «Орыс әкімшілігі қазақ қоғамын өз тарапынан тиімді басқару үшін және отарлық саясатты күшейту мақсатында империя құқық жүйесін енгізуді негізгі саясаттың санатына жатқызды. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында Қазақстанда әр мағанадағы құқық жүйелері бір-бірімен сапырылысып, өкімет органдарында бассыздық пен заңсыздыққа кең көлемде жол берулеріне жағдайлар туғызды. Өлкеде қазақ халқының санасына мүлдем жат, беймәлім, қабылдауға әлі дайын емес құқықтық жүйені пайдалану әділсотты чиновниктер мен қалталылардың қолына шоғырландырды». Осыған орай адам құқықтары туралы сөз қозғаудың өзі «Уақытша ереже» бойынша сотсыз, тергеусіз, губернатордың қалауымен айдалып жіберілді.
Тіпті орыс әкімшілігінің барлық сатыларындағы шенеуніктері, өз тараптарынан ойына келген тәртіптерді орнатуды іс жүзіне асырып отырды. Қазақ ұлтының құқымен санаспай, бүкіл халықтың ар-намысын аяққа таптайтын әрекеттерді заңдастырып, ұлы державалық шовинизмді ашықтан-ашық асқақтатуды саясаттың ең негізгі өзегі ретінде танып бақты. Мысалы, Жетісу облысының кейбір уезд бастықтары қазақтар орыс офицерлері мен шенеуніктерін кездестіргенде, міндетті түрде аттан түсіп, бас киімін шешіп, иілуге міндетті деген нұсқаулар шығаруға дейін барған. Верный қаласының мейрамханалары мен көпшілік орындарының есігінде, немесе маңдайында: «Иттер мен қазақтарға кіруге тыйым салынады» деген жазуларды ілуді дәстүрге айналдырған. Адам құқы деген сөзді қолдану орыс әкімшілігіне ерсі, қажетсіз, тіпті қылмыс жасаумен пара-пар мағанада сезілді. XX ғасырдың басында қалыптасып келе жаткан қазақ зиялылары мұндай жағдайлармен келіспей батыл түрде үн көтерді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Б.Сыртанов, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, Ж.Ақбаев, Р.Мәрсеков сияқты қайраткерлер қазақ ұлтының құқықтарының өрескел бұрмалануына, аяққа тапталуына үзілді-кесілді қарсылық білдірді. 1911 жылы ірі қоғам қайраткері Барлыбек Сыртанов Еуропа өнегесінде, адам құқықтарын асқақтату қажеттілігін дәлелдеп «Қазақ елінің уставында» былай деп жазды: «Қазақ елінде адам баласының бәрі тең құқылы. Дініне қанына, тегіне, нәсіліне қарап адамды қорлауға жол жоқ. Адам тек закон һәм құдай алдында жауап береді». Кеңес мемлекеті адам құқықтарын тек қана қағаз жүзінде ғана мойындайды. 70 жыл бойы коммунистік-тоталитарлық ре¬жим адам құқықтарын басып жаншыды, еркіндік пен бостан¬дық идеялары жоққа шығарылды, репрессия, жазығы жоқ адамдарды қамау, ату кеңес мемлекетінің ең негізгі саясатына айналды. Адам, индивид мемлекеттік машинаның тек ғана тетігі ретінде танылды.
Тек тәуелсіздікке қолы жеткен Қазақстан біртіндеп адам құқықтары конституциялық деңгейде, демократиялық талаптар негізінде жарияланды.
2. Жеке адамның құқықтық мәртебесі
Жеке адамның құқықтық мәртебесін меңгеру үшін адам құқы мәселесін жетік түсіну қажет. Адам құқы табиғи құқықтан туындайды және ол барлық адам баласына туа біткен қасиет ретінде танылады. Ол — өмір сүру, бостандық, езгіге қарсы тұру, бақытты болуға ұмтылу. Бұл қасиеттер бүкіл адамзаттың ажырамайтын құқықтары деп танылады.
Сонымен қатар азамат кұкы деген ұғым бар. Азамат сөзі адамның арнайы бір мемлекетпен құқық пен міндет арқылы тікелей байланыста екенін аңғартады. Адам және азамат құқықтары үнемі сәйкес келе бермейді. Кейбір мемлекеттердің конституциялары табиғи құқықтан туындайтын адам құқықтарының барлық талаптарын мойындамаулары мүмкін. Белгілі заңгер ғалым А.К.Котов былай деп атап көрсетті: «Жалпы социологиялық категория «адам құқы» мен мемлекеттік-құқықтық ұғым «азамат құқының» байланыста болуы табиғи жағдай. Олардың арасындағы айырмашылық — адам құқы мемлекеттің мойындауынан тыс бола береді. Олар дүниежүзілік қауымдастықпен гуманистік құндылық ретінде мойындалған. Негізінде, адам құқын сыйлайтын мемлекет олардың негізгілерін өз Конституцияларында бекітеді, сонымен қатар күнделікті заңнамаларда тәптіштейді».
Жеке адамның құқықтық мәртебесі деп мемлекетпен азаматтық арқылы байланыстағы адамның құқық бостандық және міндеттерін пайдалануда, іс жүзіне асырудағы жағдайларын айтады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы: «Қа¬зақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деген құндылықтарды жариялайды. Адам құқықтары мен бостандықтарын асқақтату, оларды ең жоғарғы құндылық деп мойындау демократияны дамытудың үлгісі болып табылады. Сондықтан жеке адамның құқықтық мәртебесі демократияның институттарымен тікелей байланысты.
Адам құқықтары қоғамдық қатынастармен тығыз байланыс¬та болады және соған байланысты арнайы топтарға жіктеледі. Заң әдебиетінде жіктелу мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Жеке құқықтар мен бостандықтар.
2. Саяси құқықтар және бостандықтар.
3. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандыктар.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарын демократиялық сипатта жариялайды және «адам және азамат» деген тарауда нақтылы сипатталынған.
а) Өмір сүру құқы (15-бап) «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің адам өмірін қиюға хақысы жоқ».
б) Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқы (13-бап). Жеке адамның заң қорғайтын құқықтары мен бостандықтарына, мүдделеріне қол сұғылған жағдайда сот арқылы қорғалады.
в) Қажетті қорғану құқы (13-бап). Әрбір азамат заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерді қолданып қорғануға құқы бар. Атап айтқанда жеке меншікті, өмірін, денсаулығын.
г) Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқы бар (16-бап). Қазақстан Республикасында прокурордың немесе соттың санкциясыз ешкімді қамауға алуға немесе тұтқындауға жол берілмейді. Прокурордың санкциясыз күдікті адамды 72 сағаттан артық ұстауға тыйым салынған. Және ұсталған немесе қылмыс жасады деп айып тағылған адам қорғаушы алуға құқы бар.
д) Адамның қадір-қасиетін қорғау құқы (17-бап). Мемлекетте ешбір азаматты азаптауға, оған қарсы қатыгездік, зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынады. Мұндай әрекетке барғандар заң алдында қатаң жауапқа тартылады.
ж) Тұрғын үйге қол сұғылмау құқы (25-бап). Жеке адамның тұрғын үйіне оның рұқсатынсыз, келісімісіз ешбір адам кіруге құқы жоқ. Үйге басып кіру, тінту тек заң талаптарымен іс жүзіне асырылады.
з) Қазақстан Республикасында адамның жеке өміріне, өзінің отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқы бар (18-бап).
2. Саяси құқықтары мен бостандықтары.
а) Сөз бостандык құқы. Әркім заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқы бар (20-бап).
б) Қазақстан Республиқасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митинглер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқықтары бар (32-бап).
в) Азаматтар мемлекеттік органдарын сайлауға және сайлануға, референдумға қатысуға, мемлекеттік қызметке кіруге құқықтары бар (33-бап).
г) Бірлесу бостандығы құқы (23-бап). Азаматтар өздерінің алдына қойған мақсаттарын, мүдделерін іс жүзіне асыру үшін партиялар, кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар құруға құқылы.
3. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтары.
а) Жеке меншікке ие болу кұқы (26-бап). Конституция бойынша жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде қорғалады (6-бап).
б) Әрбір азаматтың еркін кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқы бар. Бұл қызмет тек «заң тыйым салмағанның бәріне рұхсат» шеңберінде жүзеге асуы тиіс.
в) Қазақстан Республикасының азаматы еңбеқ ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауға құқы бар (24-бап).
г) Демалуға (24-бап), денсаулығын сақтауға (29-бап), жасы келгенде, мүгедек болғанда, асыраушысынан айырылған жағдайларда жалақы немесе зейнетақы алуларына (28-бап), неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғалуында болуы (27-бап) құқықтары.
д) Азаматтардың білім алу құқы (30-бап). Мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алу конкурстық негізде болады.
ж) Еркін шығармашылық құқы (20-бап).
з) Ана тілі мен төл мәдениетін пайдалану құқы (19-бап). Адам құқықтарымен қатар мемлекет жеке адамға арнайы құқықтық міндеттер де жүктейді. Құқық міндетсіз болмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адамға мынандай міндеттер жүктейді:
а) Азаматтар Конституцияны, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға міндетті (34-бап).
б) Әркім мемлекеттің рәміздерін құрметтеуге міндетті (34-бап).
в) Заң белгілеген салықтар мен алымдарды төлеуге міндетті (35-бап).
г) Отанды қорғауға міндетті (36-бап).
д) Тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға міндетті (37-бап).
ж) Табиғатты сақтауға және оның байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті (38-бап). ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: