Реферат: Экономика | Қаржы пәні түсінігі және мәні

Реферат: Экономика | Қаржы пәні түсінігі және мәні

Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санад ретінде қарастыратын дүниежүзлік практиға байнысты.
Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаржаттарының нарығы болып табылады, ол қолма-ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаржаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтыды.
Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де жатады.
Қаржы нарығы негізінен зақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады. қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтердің қозғалысына қызмет етеді.
Қызмет жағынан алғанда қарды нарығы – кәсіпорныдардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететінарықтық қатынастар жүйесі.
Нарықтардың барлық түрлерінің өзара байланысты қаржы нарығының болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:
1. реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кезкелген түрлері мен арнаулы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі;
2. ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бұған қолма-қол және қолма-қол емес айналым эмиссиясына бақлау жасаутады;
3. несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайдық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізу арқылы реттеледі.
Қаржы нарығы қызметінің алғы шарттары мыналар болып табылады:
1. бәсекені дамытып, монополиялық үстемдекті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соының ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың басттапқы шаруашылық буындарына неғұрлім кеңдербестік беру;
2. қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің ролін қысқарсту; өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арасындағы қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
3. шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға сатылатын ақшалай табыстарының өсуі;
4. бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғару; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік зайымдар шығрау арқлы жабылады.
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алып, оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс ықпал етуінен ғана айқындалып қоймады. Оның қызметі ресурстарды тікелей бөлуге мүмкіндік береді, тікелей қозғалыс барысында қаржы ресурстарын қайта бөлу кәсіпорындар арасында тікелей байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, тұтас халық шаруашылығының қаржы жағайын қаржына неғұрлым маңызды обьетілермен салаларға аудару арқылы жақсартады.
Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өткені бюджет тапылығын жабу үшін үкіметақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, құнды қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді және қамтамыз етумен айқындалады.
Экономикалық реформа үрдісі барысында қор нарығының қалыптасып, жұмыс істеу экономика дағдарысынан және онымен қабаттасқан инфляциядан болған қиындықтарға кезігуде.
Инфляция елеулі әсер ететіндіктен, құнды қағаздар қысқа мерзімді әрі құны түспейтін болуы тиіс. Баға ұдай өсіп отырғандықтан, инвесторлар ұзақ мерзімге қаржы салмайды. Инфляция жағдайында ұзақмерзімді инвистициялар тауарға, валютаға, жылжымайтын мүлікке салынады. Құнды қағаздарға салу тиімсіз. Қаражаттын жетіспеуі қысқа мерзімді несиелер мен дипозиттердің пайыздық мөлшерлемелерінің өсуіне жеткізеді. Нәтижесінде құнды қағаздар банктердің ақша несие операциялармен бәсекелесе алмайды. Экономикалық кеңістіктегі саяси тұрақтылық қаржыны жандандыруы мүмкін. Мұндай жағадайларда құнды қағаздардың бастапқы нарығы дамиды, екінші (биржа) нарықтық жағдайы саяси экономикалық эағдай тұрақтанғанға дейін анық болмайды.
Инвистиция институттары, қор биржалары, биржадан тыс сауда, дипозит мекемелері түрінде құрамында элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйсін қалыптастырумен қатар жүреді. Ең алдымен сан алуан акционерлік қоғамдар құрылады.
Валюта нарығы. Басқа да қаржы нарықтары сияқты валюта нарығы комерциялық қажеттіліктерді өтеу үшін пайда болды. Банктер өз клиентері үшін мәмілелер жасайды (яғни халықаралық саудаға тартылған фирмалар үшін). Өз жұмыс барысында олар шетел валютасын жинақтайды да, айырбастау бағамының тұрақсыздығына байланысты тәуекелге ұшырай бастайды. Осы тәекелді төмендету үшін олар операцияларды көбінесе өз шоттарынан жүргізуге тырысады. Халықаралық сауда мен валюта нарықтарынның айналымдарына шығуда 1995 ж. сәуір айында орташа күрделікті сауда айналымы 1,3 трлн. доллар құрады, 1989 ж. Сәуір айындағы 650 млрд. Долларға қарағанда, бұл күндік көлемі көп мемлекеттердің жылдық ЖІӨ-нен асып түседі. Бұл ЕО орталық банктерінің жиынтық валюта қорынан едәуір (385 млрд. экю) асып түседі.
Шетел валютасы шетел ақшасы мағынасын береді. Ақшаның көп бөлігі дипозит түрінде болғандытан, яғни коммерциялық банктік жүйнің өтімді пассивтері түрінде, валюта нарығынан талап етілгенге дейінге дипозиттер түріде болғандықтан, яғни коммерциялық банктік жүйенің өтімді пассивтері түрінде, валюта нарығынан талап етілге дейінгі дипозиттер бейнесінде сипаттауға болады. Оны негізгі қатысушылары комерциялық банктер және банкаралық мәмілелер көлемі жиынтық көлемінің 90%-ын құрайды.
АҚШ доллары de facto дүниежүзілік валютаға айналады. Егерде бір саудагер Зимбабве долларын Канада долларына аударғысы келсе, онда ол екі операция өткізу керек. Біріншіден, ол Зимбабве долларын АҚШ долларына аударып, екіншіден АҚШ доларына Канада долларын сатып алады. Басқа ұлттық қор биржаларына қарағанда валюта нарығы белгілі бір орында орналаспаған, қатысушылардың тікелей сол жерде болуы талап етілмейді. Мәміленің көбі телефон немесе бір-бірімен электрондық жүймен байланысқан экран терминалдары арқылы жасалады. Коммерциялық банктермен қатар валюта нарығының негізгі қатысушылары әртүрлі мемлекеттердің орталық банктері. Олардың рөлі ерекше, өйткені олар мәміле затты, яғни валютаны жасайды. Кейбір мемлекеттерде олар күрделікті саудада пайда болған ауытқуларды теңестіру үшін белсенді қатысып отырады. Мұнда нақты қатысудың жоқ болғандығы, акционер де жоқ, ешқандай айғай-шу сияқты әрекеттердің болмауы басқа биржалардан гөрі артықшылығы болып саналады. Шынында сауда биржа негізінде жүргізіледі. Шынында сауда биржа негізінде жүргізіледі. Кез-келген уақытта екі түрлі баға бар: сұралатын – сатып алғысы келетін және ұсынылатын – сатқысы келетін баға.
Бұл қалай іске асады? Мысалы, Барклейс банкі өзінің британдық клиентінің шотына 10 млн. Доллар сатып алғысы келеді. Бұл үлкен сома және ол клиентке жедел керек, сондықтан банк ұтымды бағымды күтіп отыра алмайтындығынан қысқаша мерзім ішінде ұтымды мәміле жасауы тиісті. Хабар қысқа мерзім ішінде жайылып кетіп отырады.

Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негіз келеді. Оның атасына салықтың құрылуының, және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтың елементтері белгіленеді:
• Салықтың сүбъектісі, немесе, салық төлеуші – заң арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылыға бағалар механизм арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін артқарушы – салықты ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді;
• Салықөтың оъектісі – салық есептелетін табыс немесе мүлік, (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер және т.б.);
• Табыстың көзі – есебінен салық көрінетін табыс;
• Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстарды ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.)
Тұрақты, пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік салық ставкалары болады.
Тұрақты ставкалар – табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
Пропорционалдықтар – салық объектісіне, оның жіктелуіне байланысты болмай біркелкі проценттік қатынастар салынады.
Прогрессивтік ставкалар – табыстың өсіп отыруына байланысты прогрессивті салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік ставкасы бойынша, салық төлеуші табыстың үлкен абсолюттік көлемін төлеп қоймайды, ол оның үлкен үлесін төлейді. Прогрессивтік салықтардың зардабынан үлкен табысы бар адамдар тартады.
Регрессивтік – табыстың өсіп отыруына сәкес, регрессивтік салықтың орташа ставкасы төмендейді. Регрессивтік слықтар үлкен табыстары барларға пайдалы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.
Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты салықтар тікелей және жанамаға бөлінеді.
Тікелей салықтарды салық сүбъектілеріне тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорциоалды болады. Осыған жататындар:
• Азаматтарға салынатын табыс салығы және корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
• Мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге қозғалмайтын мүлікке), әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік салықтар және әлеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар; Пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар.
Жарнама салықтар – бұл белгілі тауарлармен қызметтерге салынатын салықтар. Жарнама салықтар бағағ үстеме жасалып алынады.Олар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жарнама салықтардың негізгі түрлері:
• Үстеме құмға саланатын салық, акциздер (тауар немесе қызметкерің бағасына қосылатын салықтар);
• Мұрагерлік салық;
• Жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.
Дамыған елдердегі салық салу салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекше екі түрі болады. Мұның негізі табыс салығы – азаматтар және заңды ұлғалар табыстарының барлық көздеріне түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құмға салынатын салық құрайды.
Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы деп және заңды тұлғаларға салынатын табыс салыға деп ажыратылады.
Индивидуалдық табыс салығы – бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарына (әдетте жылдық) алынатын алым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады, бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалады. Салықтың бұл түрі тікелей прогрессивтік түріне жатады. Әр елдің салық жүйелердің ортақ ұқсастықтары болады, бірақ солардың әрқайсысында өздерінің ерекше салық ставкаларымен салық салуға жатпайтын, салық несиелері мен төлем даталары болады. Осымен қатар, салық жүйелерінің көбінде серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшееріне түседі деп есептелетіндіктен табыс салығы серіктестікке емес, оның мүшелеріне салынады.
Соңғы жылдары табыс салығының ставкасы төмендеу тенденциясы байқалып отыр. Көп экономистердің тұжырымдауы бойынша, “Әділетті” салық жүйесі үшін табыс салығының ашық бейнеленген прогрессивтік ставкалары қажет, яғни байлар кедейлермен салыстырғанда үлкен салық төлеу керек.
Заңды тұлғаларға табыс салығы – корпорациялардың (фирамалардың ) пайдасын салынатын салық. Көп елдерде бұл тікелей прогрессиптік салық болып табылады. Осы салық корпорация (фирма) заңды тұлға болса ғана алынады.
Корпоративтік салық фрмалардың салық төлемдерінің басым көбін құрайды. Салық фирманың таза пайдасына (жалпы түскен түсімнен барлық шығындар мен зияндары алып тастағанда қалғандар) салынады. Дивиденд түрінде акционерлер арасында бөлінуге тиісті таза пайданың бөлігіне салық салу әр елде әр түрде жүреді. Алынған дивидендтер физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы объектісне жатады. Мұның нәтижесінде бір сомаға екі рет салық салынады – бастапқыда, фирманың пайдасының бөлегі деп осыдан кейін, салық салу жүйесінің көзқарасы бойынша, акционерлердің табысына айналған, бөлінетін пайда деп, оған жеке табыс салығы салынады.
Салықтың дамыған елдердің көбіне қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі – қосылған құнға салынатын салық. Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына құн қосқан салық төлеушілеріне, олардың қосқан құнына салық салынады. Бірақ салық төлеушілердің әрқайсысы осы соманы түпкі тұтынушыға жылжып отыратын өзінің тауарының бағасына қосады.
Қосымша құн салығы тауарлар мен қызметтер сататын фирмаларға сатылатын тауар құнының 5-тен 38% көлеміне салынады және осы салық көп қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынады.
Дамыған елдердің салық жүйесі салықтарды кәсіпкерлікті қолдап ынталандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен белгілі жеңілдіктер қолданылады. Олардың маңыздысына инвестициялық салық несиесі, тездетілген амортизация, жер қойнауының әлсіреуіне жеңілдік беру жатады.
Мән жағынан инвестициялық несие жеке бизнесті мемлекеттің капиталдық салыммен қаржыландыруы болып табылады. Мазмұны жағынан инвестициялақ салық несиесі салықтық жеңілдікке жатады. Ол ескірген жабдықтарды айырбастау және жаңа техника еңгізуді талап етеді.
Жетелдетілген амортизацияның мәніне келсек, ол мынада: негізгі капиталдың нақты тозуынан елеулі артық масштабтағы амортизация жасауға үкімет ұрықсат береді. Мән жағынан қарағанда бұл кәсіпкерге берілген салық субсидиясы болып табылады. Амортизациялық ьөлемдердің жоғарлауы салық салынатын пайданың сомасын азайтады, негізгі капиталдың айналымын жеделдетеді.
Салықтық реттеудің селективтік шаралармен қатар, мемлеке салық механизмін шаруашылық конъюнктурасына жалпылама ықпал ету үшін кең қолданады. Мысал ретінде, ХХ ғасырдың 80-жылдары басында үкіметке Р.Рейганның әкімшілігі келгеннен кейін жалпы экономикалық конъюнктураны ынталандыру мақсатымен салықтарды елеулі төмендету үшін жүзеге асырылған ірі масштабты шараларды өтеп өтуге болады. Американдық экономист Лаффердің есептеулері осы бағдарламаның теориялық негізін құрған. Лаффердің дәлелдеуі бойынша, салықтардың төмендуінің нәтижесінде экономикалық өсу және мемлекет табыстарының өсуі орын алады (Лаффердің қисық сызығы). Корпарациялардың табыстарына салық ставкаларының тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады. Ғылыми техникалық - прогресті тежейді, экономикалық өсуді төмендетеді. Осының нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Профессор Лаффер бастаған американдық эксперттердің теориялық дәлелі бойныша, табыс салығы ставкасы 50%-тен асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділігі күрт төмендейді. График түрінде осы жағдай мынандай көрініс алады (20.1. Сурет).
Теория бағытынан салық салу және табыстар шкаласын дәлелдеп оны жасау мүмкіндігі екіталай екендігі ақиқат. Бұл мәселеге ұлттық, психологиялық, мәдени факторлар аз әсер етпейді. Мысалы, американдықтардың өздерінің айтуы бойынша, Швециядағы табысқа салық салу шкаласының мөлшерінде (72%) АҚШ-та бір адам да жұмыс істемеген болар еді.
Бұрын анықталғандай, кәсіпорындарының инвестициялары және халықтың тұтынулық шығындары жиынтық сұраныстың негізгі элементтері болып табылады. Енді біз жиынтық сұранысты құрушылар және оған әсер ететін факторлар туралы түсінігімізді кеңейте түсейік. Жиынтық сұраныс пен ұлттық өндіріс көлеміне үкіметтің шығындары мен салықтары қандай әсер ететініне талдау жүргіземіз, яғни жиынтық сұранысқа фискалдық саясаттың әсерін қарастырамыз.
Фискалдық саясат үкіметтің шығындарымен және салықтарымен байланысты реттеу жүйесі болып табылады. Үкімет шығындары – мемлекеттің институттарына және тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуына жұмсалатын шығындар. Бұл әр түрде жүзеге асырылады: бюджет есебінен жолдар, мектептер, медициналық мекемелер, мәдениет объектілерінің салынуы, аулы шаруашылық өнімін сатып алу, сыртқы сауда арқылы сатып алулар, әскери техника сатып алу және т.б. Барлық осы сатып алулардың басты ерекшелігі, айырмашылығы – тұтынушының қызметін мемлекеттің атқаруында. Әдетте, мемлекеттік сатып алу екі түрге бөлінеді: шамамен тұрақты болатын мемлекеттің өзінің тұтынуы үшін сатып алу және нарықты реттеу үшін сатып алу.
Мемлекеттің жиынтық шығындары мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінде көрсетіледі. Мемлекеттік шығындар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі рөл атқарады.
Мемлекеттік шығындар және салықтар саясаты, экономикалық дамуды тұрақтандыруға бағытталған, экономиканы мемлекеттік реттеудің басты инструменттерінің біреуі болып табылады. Мемлекеттік шығындар мен салықтар жинтық шығындар дәрежесіне, сондықтан ұлттық өндіріс көлеміне және тұрғындарды жұмыспен қамтуға, тікелей әсер етеді. Осыған байланысты белгілі экономист Дж.Гэлбрейт айтқандай, салық жүйесі мемлекеттік шығындарды өсіру инструментінен сұранысты реттейтін инструментке айнала бастады.
Сонымен, жиынтық сұранысқа мемлекет шығындарының ықпалы оған тұтыну шығындары мен инвестициялардың ықпалымен парапар келеді.
Мемлекеттік шығындардың қысқаруы жиынтық шығындарды төмендетеді және ЖҰМ-нің тепе-теңдік дәрежесін төмендетеді.
Қорытындылап айтқанда, мемлекеттік шығындар ұлттық өндірістің көлеміне және халықты жұмыспен қамтуға тікелей ықпал жасайды. Инвестициялар секілді, оларға мультипликациялақ эффект тән болады, өйткені олар екіншілік, үшіншілік және тағы да сол сияқты тұтыну шығындарының тізбектерін тудырады және инвестициялардың өздерінің көбйтінді эффектісіне жеткізеді.
Мемлекеттік шығындар мультипликаторы тауарлар мен қызметтер сатып алу үшін жұмсалған мемлекеттік шығындардың қосымша өсімшесінің нәтижесінде пайда болған ЖҰӨ-нің өсімшесін көрсетеді:

КG=∆ЖҰӨ/∆G,
бұнда
КG – мемлекеттік шығындардың мультипликаторы;
ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнімнің өсімшесі:
G – мемлекеттік шығындардың өсімшесі.
Мемлекеттік шығындар мультипликаторын тұтынуға шекті бейімділік – (MRS) арқылы анықтауға болады. Қорытындысында мемлекеттік шығыстардың мультипликаторы мынаған тең болады:

КG=∆ЖҰӨ/∆G=1(1-MCP)
Сондықтан:
∆ЖҰӨ=1/(-MCP) x ∆G= ∆КG x ∆G.

Бұл мынаны көрсетеді: егер мемлекет табыстардың баптарын көбейтпей, белгілі көлемде шығындар көлмін өсірген болса, нда табыстың өсімшесі осындай болады. Сондықтан, мемлекеттік шығындарының көлемінің өзгеруі, шығындар көлемінің өзгеруіне пропорционалды табыстардың өзгеруін тудырады.
Атап өтейік, мемлекеттік шығындардың мултипликаторы инвестициялар мультипликаторына тең болады. Экономикалық бағыттан осындай парапарлық таңғалдырмайды. Шынында, егер мемлекет мемлекеттік шығындарды өсіру жолымен тауарларға қосымша сұраныс тудырса, бұл жалпы ұлттық өнімнің шығындарының өсуіне тең «біріншілік» өсуін тудырады. Мемлекеттік ассигнованияларды қолданатын экономикалық субъектілер өз кезегімен табыстың өскенін байқап, өзіне тән тұтынуға шекті бейімділігінің негізінде, өз тұтынуын өсіреді, сөйтіп жалпы сұраныс және жалпы ұлттық өнім және т.б. одан әрі өсуіне көмектеседі. Осылай мемлекеттік шығындар көлемінің өзгеруі, ұлттық табыстың мультипликация процесін жүргізеді. Осы процес жеке инвестициялар өзгергенде орын алатын мультипликациялық процеспен парапар келеді.
Инвестициялары мен мемлекеттік шығындарға ұқсас салықтар мультипликациялық эффект береді. Жиынтық шығындарға күштірек ықпал ететін мемлекеттік шығындардан өзегеше, салықтар ықпалы оларға едәуір төмен болады. Сы жағдай мынаған байланысты: мемлекеттік шығындар жиынтық шығындардың құрамды бөлшегінің біреуі болып табылады. Ал салықтар болса өзгермелінің біреуіне, атап айтқанда тұтынуға әсер ететін фактор.
Мынадай жағдай туады – мемлекеттік шығындардың өсуінің компенсациялық (орын толтыра аларлық) эффекті, салықтар өсуінің мемлекеттік шығындардың өсуінен артық болғанын талап етеді. Бұл жағдай жиынтық шығындарға салықтар және мемлекеттік шығындардың ықпалынан бірдей болмауынан туындайды, яғни салықтық мультипликатор, мемлекеттік шығындар мультипликаторынан тұтынуға шекті бейімділік МРИ шамасы көлемінде төмен болады. Cөйтіп:
Л=MCP x KG=MCP x 1/(1-MCP)=MCP /(1-MCP)

Мұнда К – салықтар мультипликаторы:
KG – мемлекеттік шығындар мультипликаторы.

Сұрақ туады: неге салықтар мультипликаторы МРС көлемінде төмен болады? Өйткені мемлекеттің тауарлар мен қызметтер сатып алуға жұмсаған ақша бірлігінің әрқайсысы ЖҰӨ-ге тікелей әсер етеді. Мемлекет салықтарды қысқартқанда, оның тек бір бөлігі тұтынуға кетеді, басқа бөлігі жинаққа кетеді. Осы жағдай салықтар мультипликаторының тұтынуға шекті бейімділік көлемі шамасында мемлекеттік шығындар мультипликаторынан төмен болатынын дәлелдейді.

Мемлекеттік борыш.
Мемлекеттік борыш – белгілі уақыт мерзімінде елде жинақталған бюджеттік тапшылықтардан осы мерзімде болған бюджеттік жағымды сальдоны алып тастағандағы сома.
Бюджет тапшылығы – берілген жылдағы бюджет шығыстарының оынң табыстарынан артқан сомасы. Бюджет тапшылығы ұдайы өндіріс процесіндегі белгілі өзгерістерді көрсетеді, олардың нәтижесін белгілейді.
Бюджет тапшылығының себептері аз болмайды:
• Қоғамдық өндірістің құлдырауы;
• Қоғамдық өндірістің шекті шығындардың өсуі;
• «бағасыз» ақшаны жаппай үдете шығару;
• Жөнге келмейтін әлеуметтік бағдармаларды қабылдау;
• әскери-өнеркәсіп кешенін қаржыландырудың өсуі;
• «көлеңкеленген» капитал айналымының өте үлкен масштабы;
• Тиімсіз шығындар, артық қосып жазу, ұрлық-қымқыру, өндірілген өнім шығындары және т.б.
Бюджет тапшылығы және мемлекеттік борыш бір-бірімен тығыз байланыста
болады. Біріншіден, мемлекеттік борыштар бюджет тапшылығын өтеудің өте маңызды көзі. Екіншіден, мемлекеттік боры көлеміне талдау жүргізбей, бюджет тапшылығының қандай көлемінің қауіпті екенін білу мүмкін емес. Мемлекеттік борыштың көлеміне баға беру үшін тапшылықтың өсуіне талдау жүргізу қажет.
Үкімет орындарының қарыздары жинақталып мемлекеттік борышқа айналады. Бұған процент қосылып төленеді. Бүгінгі мемлекеттік борышты ертеңгң салықтар деуге болады. Кейбір салық төлеушілер мемлекеттік құнды қағаздарды емденеді. Осы қағаздарға олар процент алады және сонымен қатар, олар салық төлейді. Кейінгінің белгілі шамасы мемлекеттік борыштарымен несиелерді төлеу үшін жұмсалады. Қаражаттар керек болғандықтан үкіметтер қашан болмасын, жаңадан қарыз алуға мәжбүр болады: Ескі қарыздарды өтей отырып олар бұрынғыдан мол қарызға бата түседі.
Әр елдерде мемлекеттік борыштың даму қарқыны бірдей болмайды. Мемлекеттік борыштың ЖҰӨ-нен 2.5 есе артуы экономиканың тұрақтылығына, әсересе ақша айналымының тұрақты болуына үлкен қауіп тудырады.
Мемлекеттік борыштар ішкі мен сыртқыға және қысқа мерзімдік (бір жылға дейін), орта мерзімдік (1-жылдан 5-жылға дейін) ұзақ мерзімдік (5-жылдан артық) болып бөлінеді. Қысқа мерзімдік қарыздар басқаның барлығынан ауыр болып түседі. Олардың негізгі сомасын жоғарғы процентпен аз уақытта төлеу қажет. Осындай қарызға пролонгация (төлеу мерзімін ұзарту) жасауға болады, бірақ бұл жоғарғы процент төлеумен байланысты. Мемлекеттік органдар қысқа және орта мерзімдік қарыздарды сөйтіп негізгі соманың төлеу уақытын ұзаққа созып, тек әр жыл сайын процент қана төлеу үшін ұзақ мерзімге айналдыруға тырысады.
Мемлекеттік сыртқы борыш – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне адамдарына төленетін қарыз. Борыштың бұл түрі ел шін ең ауыр болады, өйткені оны өтеу үшін мемлекет кейбір құнды қағаздарды беруге және белгілі қызметтер көрсетуге мәжбүр болады.
Мемлекеттің ішкі борышы – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз табыстардың алдымен ел ішінде қайтып бөлінуін талап етеді. Тауарлар мен қызметтер, әдетте, сырқа кейтпейді, бірақ экономикалық өмірде белгілі өзгерістер туындайды, олардың нәтижелері елеулі болуы мүмкін.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Қаржы пәні түсінігі және мәні туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қаржы пәні түсінігі және мәні на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қаржы пәні түсінігі және мәні

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]