Реферат: Экономика | Қаржының мәні
Қаржының мәні
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру , бөлу , айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуы айқындайды , өйткені өндірілген өнімдер сатып алу – сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес , қоғамдық қатынастардың барлық қатынасушылардың қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандырылған еңбектің , орындалатын қызметтердің нәтижелерімен , әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда , оларды белгілі бір ақшалай баламен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі ( табысы ) жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер , қызметтердің өндірілген массасы – қоғамдық өнімнің – натуралдық – заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Сонымен қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоцияцияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бір – бірімен қолма - қол ақшасыз жасасатын есеп айырусылары ; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу ; табысты ( пайданы ) бөлу және кәсіпорындарда , фирмаларында ішкігшаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру ; мемлекеттің бюджеттің кірісіне салық төлемдерін аудару ; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу ; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма – қол ақшасыз немесе қолма – қол ақшамен есеп айырысу ретінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында – бөлуде және айырбастауда болады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
« Қаржы » ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы , олардың ажырағысыз бөлігі , ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес , тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді , сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. Қаржының басты белгілерінің бірі – оның оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек , қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның қозғалысымен аңғартып отырады. Қаржы тек ақша қорларының , атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да , функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама , ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі , ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге , бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатты болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.

Қаржының іс - әрекеті
Қаржының іс - әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып , іс - әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады.Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап , мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процесінің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтерге – с , v , және m – ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс құралдары құнының орны толтырылады , қызметкерлердің жалақысы төленеді және қосымша өнім алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басы өндіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынстарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Сөйтіп , өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді « с » , « v » және « m » - ге сәйкес элементтерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан әрі бөлу және оны мақсаты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады.
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымдағы түседі , ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп , жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсаты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп , олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде ( материалдық өндірістік пен өндірістік емес салаларда ) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Бөлу процесі натуралдық – заттай нысанда да - өндірістік құралдары мен тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де , сондай – ақ ақша нысанында да – еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша қорларының қозғалысы арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады , бірақ оның артық белгілері емес , өйткені бұл белгілер бағада да , еңбекке ақы төлеуге де , кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсаты ақша қорларының қозғалысында көруінің оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары , істің шын мәнінде , қаржы қатынастарының объектілері болып табылады. Ақша – қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында , өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер , қаржы қатынастарындағы іс – қимылдың амалдары ретінде директивалық , яғни қажетті , сөзсіз болатын , міндетті сипатты игеріп алады , мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының кқөлемі мен оның бағыттарын алдын ала қаратсыру қажеттігімен байланысты болады.
Сөйтіп , қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндікбереді , әрі қаржының өзгешелігін , ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі – қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп отыратын болса , қаржыға тән қор нысаны , міндетті сипаты , біржақты тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты экономикалық категория ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен , сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске , қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары. Қаржы ресурстары болмаса , қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса , мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды , өзінің әлеуметтік – экономикалық бағдармаларын , қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамассыз ете алмайды.
Қаржының функциялары және рөлі
Қаржының мәні , іс - әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес , сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын , яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын , мәннің іс – қимылдағы көрінісін , сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі , оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан – ақшаның туандайтын айырықщалықты экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономиккалық категорияның іс – қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне , оның қоғамдық , саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым – теоретиктер арасында осы күнге дейін пікірғалас тудырады.
Қазіргі уақытты қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушыларықаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында ақша нысанындағы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады , қаржының бөлгіштік сипаты оның іс - әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функциясы орындайды : бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы – шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдалынатын қаржы арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылдатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны , сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс - әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптаатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар ( мекемелер , кәсіпорындар , бірлестіктер , мемлекет , азаматтар ) қаржылық бөлуде субъектілер болып табылады.
Қаржының көмегімен бөлгіштік процес қоғамдық өмірдің барлық сфераларында өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерінің жалпыұлттық , аумақтық , жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске бөлудің әр түрлі түрлерін – ішкішаруашылық , ішкісалалық , салааралық , аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табысты , сондай – ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін ( мысалы , айналым қаражаттаррын , мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда ) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдалынған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес , қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып , жүзеге асырады деп түсінуі керек.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс - әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді , ұлттық табысты және табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден ; табыстар мен қорланымыздарды қадыптастырудан ; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүргізілінеді:
қаржылық – бюджетті әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
несиелік – банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарының жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының – нормалардың , мөлшерлемелердің , тарифтердің , аударымдардың және т.б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
қаржы ресурстарын маңызы зор прогресивті салалардың айрықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу , ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: