Реферат: Экология | Қатты аяз қарлы боран және дауыл
Жел жылдамдығы айтарлықтай күшті және дефляцияланатын материалдар жеткілікті болса, қарлы боран қардың түсуі кезінде немесе ол құбылыс болмаған кезде де байқала береді. Қарлы боранның тасымалдануының уақыттық ұзақтығы дефляцияға қабілетті қардың артық қорына және желдің күші мен ұзақтығына байланысты болады.
Қар белгілі бір кедергінің айналасына жиналып, қардың көп мөлшері жинақталады. Кей кезде төселме беттің бірлік ауданына келетін қалыпты тығыздықтағы жауын-шашындар басым болады. Бұл жерде рельефтің әртүрлі формасына байланысты қардың аккумуляциясы болады.
Үлкен дефляция аумағына қар жамылғысы жел әсерінен сыпырылып, грунт пен мұздың беттігінен толық жалаңаштанады.
Алаңдардың екі түрін ажыратамыз: қардың таралу процесі немесе алаңның дефляциясының басымдығы және қардың жиналу процесі немесе алаңдағы аккумуляцияның басымдығы.
Осы екі алаңның арасында қардың көшу алаңы немесе қардың тасымалдану процесі жатады. Яғни қар тасымалдану процесі дефляция мен аккумуляция процестерінің аралығын қамтиды.
Жұмыста қарлы боранға байланысты мынадай терминдер қолданылады: жаяу бұрқасын, төмен қарлы боран, салт қарлы боран, жалпы қарлы боран, қарлы дауыл, боран, бұрқасын, қатты боран және т.б.
Бұл терминдердің көпшілігі жергілікті жерлердің диалектикасына байланысты қолданылады.
Терминдерді тағайындау үшін келесі жағдайлаға тоқталуымыз керек:
а) қар жел арқылы тасымалданып уақыт бойынша өзгереді және өз формасын ұзақ сақтамайды. Қарлы боранды оның бөлшектерінің формалары мен басқа да қасиеттеріне байланысты бөлу терминдердің көбеюіне әкеледі.
б) тәжерибе бойынша қар төселме беттің үстіне араласады және әлсіз жел кезіндегі қарлы боран (жаяу бұрқасын), және күшті жел кезіндегі (боран) араласудың биіктігі мен ұзақтығы бойынша бекітіледі.
в) желдің күшіне тәуелсіз дефляцияға қатысатын қардың үлкен бөлігі жерге жақын қабатта тасымалданады. Жерден алыс биіктікте жел әсерінен атмосферадан жерге түскен және әлі жерге жетпеген, яғни дефляцияға қатыспаған қар тасымалданады.
Бұл жағдайлардан тыс қар бөлшектерінің атмосферадағы және төселме беткейдегі қозғалысы келесі терминдермен шектеледі:
1) Жәй қар жауу – қардың атмосферадан әлсіз жаууы;
2) Жоғарғы қарлы боран – жел кезіндегі қардың жаууы, яғни қар бөлшектерінің төселме бетпен салыстырмалы ауа ағынымен бірге қозғала түсуі. Қарлы боранның бұл түрі жер бетіне жеткен соң, салт қарлы боранға жатпайды және жер бетінде қозғалыссыз жатып дефляция процесіне қатысады.
3) дефляциялық немесе төменгі қарлы боран – төселме беткейге түскен жаңа немесе ескі қардың жел әсерінен тасымалдануы. Біз жиі дефляциялық қарлы боранды жәй қарлы боран деп атаймыз.
Жоғарғы қарлы боран шекаралық қабатта дефляциясыз да жүре береді. Ол үшін қар бөлшектері жер бетіне жеткеннен кейін қозғалысын тоқтату керек және температура жоғары болып, түскен қар ылғал болу қажет.
Жәй қар жауу мен салт қарлы боранның арасындағы шекараны анықтау керек.
Егер төселме беткейден салыстырмалы биіктікте жел жылдамдығы 3 м/с – тан аз болса, онда ол жәй қар жауу болып саналады. Ал егер кедір-бұдырлы шоқылардан 100 есе асатын биіктіктегі төселме беттің тегіс қар жамылғысына түсетін қарға сәйкес желдің жылдамдығы 3 м/с – тан жоғары болса, онда ол салт қарлы боран деп саналады. Бірақ, дефляция салт қарлы боран мен ураганды желде болмайды, мысалы, тығыз және биік өсімдікті алқап пен қатпаған теңіздерге қардың жаууы.
Жалпы қарлы боран кезіндегі қардың жаууы және дефляция бір – біріне сәйкес келеді. Олай болса, жел бағытына перпендикуляр қойылған тік жазықтықта қар бөлшектерінің үлкен массасы бір мезгілде келесі 4 категорияға сәйкес тасымалданады:
1) Әлі жер бетіне жетпеген қар бөлшегі атмосфералық қар бүршігі деп аталады.
2) Жер бетіне жеткен және дефляцияға қатысатын қар бөлшектері жаңа жауған қар бөлшектері деп аталады.
3) Беткейдің ескі қарлы бөліндісінен үзілген қар бүршігі мен бөлшегі беткейлік қар бүршігі немесе беткейлік қар бөлшегі деп аталады.
4) Топырақ бөлшектері, шаң, шлак, және т.б. қосылады.
Қарлы боран құбылыстарының желдің күші мен көріну қашықтығына байланысты таралуын зерттеген Э. Д. Злотницкий өзінің терминологиясын құрды:
1) Қарлы дауыл, яғни күшті жел кезіндегі қардың жаууы.
2) Қарлы боран – қардың түсуі байқалмайды, бірақ күшті жел.
3) Жаяу бұрқасын – қардың түсуі жоқ, желдің күші орташа.
Ал 1935 жылы В. Ф. Толстов қарлы боран құбылыстарына келесідей классификация жасады:
1) Қар жауу. Жел жылдамдығы 0-5 м/с;
2) Жаяу бұрқасын. Жел жылдамдығы 5-10 м/с. Қардың түсуі жоқ, қар «түтіндейді».
3) Төменгі қарлы боран. Жел жылдамдығы 5-10 м/с. Қар жаяу бұрқасынға қарағанда үлкен биіктікке көтеріледі.
4) Салт қарлы боран. Жел жылдамдығы 5-10 м/с. Аспан көрінбейді. Қар жаууымен бірге, жер бетінлегі қар өте биікке дейін жетеді.
5) Боран. Жел жылдамдығы 10-20 м/с.
6) Дауыл (ураган). Жел жылдамдығы 20 м/с жоғары.
Сонымен бірге, Б. Н. Веденисов қарлы боран құбылысын қардың жағдайына, ауа температурасына және ылғалдылығына байланысты келесі түрде жіктеді:
1) Қардың жаууы. Жел жоқ.
2) Жаяу бұрқасын. Қар жаумайды, ал жел байқалады.
3) Қарлы боран. Жел мен қардың түсуі.
4) Боран. Күшті жел. Ауа температурасы минус 15-тен минус 20 0С. Құмның құрамына ұқсас құрғақ қар.
5) Бұрқасын (вьюга). Қарлы шаңды боран.
6) Қатты боран (пурга). Ауа температурасы минус 12 - ден минус 15 0С төмен, ауа ылғалдылығы өте жоғары.
Дәл осындай терминологияны Л. М. Дановский да қайталады, бірақ оған тағы екі жаңа атау қосты:
1) Салт қарлы боран. Ол үлкен биіктікте үлкен қар мөлшерінің тасымалдануымен қарапайым қарлы бораннан ерекшеленеді.
2) Қарлы дауыл. Ол желдің жылдамдығы 29 м/с-тан жоғары жағдайда қалыптасады [7].
Қарлы боран кезіндегі тасымалданған қардың қарқындылығы – бірлік уақытта атмосфераның жерге жақын қабатынан жел бағытына перпендикулярлы ені 1 см және биіктігі 200 см болатын тасымалданған қар саны. Бақылаулар бойынша жер бетінен 2 м жоғары биіктіктегі қардың тасымалдануының мәні жерге жақын ауа қабатына қарағанда шамалы ғана.
Мәліметтер көрсеткендей, қарлы боран немесе бұрқасын кезіндегі қар массасының 90 %-нен жоғары бөлігі кесте 2 көрсетілгендей қар жамылғысының 2 м биіктігіне дейінгі арақашықтықта тасымалданады.
Кесте 2
Вертикальды кеңістіктегі 2 м биіктікте қардың (жалпы көлемінен пайызбен)
Қабат, см Жаяу бұрқасын Жаяу бұрқасын және төменгі қарлы боран Қарлы боран
100-200 0,3 1,3 5,0
50-100 0,3 2,0 4,8
30-50 0,9 1,6 4,6
20-30 1,2 1,8 4,0
10-20 6,1 5,9 8,5
0-10 91,2 87,4 73,1
Қарлы боран өлшеуші көмегімен (cурет 3,4) арнайы өлшенген қардың тасымалдануын және әртүрлі беттерден бөлінген қарларды анықтағанда, жел әсерінен тасымалданған қар мен жел жылдамдығының арасында айтарлықтай байланыс бар. Қарлы боран кезінде тасымалданатын қардың қарқындылығын анықтауға тек И. Д. Капанева өз еңбегін арнаған (1969). Автор бұл еңбегінде СССР-дің Европалық аудандарында және Сібір территориясындағы қардың тасымалдану қарқындылығын көрсеткен. Ол Сібір территориясын 3 зонаға бөлген: солтүстік (С), орталық (Ор) және оңтүстік(О) (кесте 3).
Сурет 3. Қар жамылғысына орналастырылған қарлы боранды өлшеуі
Сурет 4. Биіктіктегі қарлы боранды өлшеуішті қондыру
Әр аймақтағы қардың тасымалдау қарқындылығы 3 кестеде берілген (кесте 3).
Қардың тасымалдау қарқындылығы Кесте 3
Айлар СССР-дің Европа аймағы Батыс Сібір Шығыс Сібір
С Ор О С Ор О С Ор О
11 3,7 1,6 1,5 6,1 3,0 1,9 1,8 0,2 0,2
12 2,4 1,5 1,9 6,1 2,4 1,5 1,2 0,2 0,2
1 2,6 2,1 1,9 5,0 2,4 1,3 1,3 0,2 0,2
2 2,4 2,1 2,2 4,6 2,9 1,3 1,3 0,2 0,2
3 2,1 1,9 1,5 4,3 2,4 1,4 0,9 0,2 0,2
Кестеден көріп отырғанымыздай, КСРО территориясында қарқынды қардың көрсеткіші солтүстігінде, ал оңтүстік зонасында Шығыс Сібірден басқа жерлерінде оның мәні азаяды. Ал Шығыс Сібірдің оңтүстігі мен орталығында қарлы боранның қарқындылығы бірдей.
Кейбір солтүстік аудандар қар тасымалдануының айтарлықтай қарқындылығымен ерекшеленеді, мысалы, Анадырьда (3,10 м3 /пог.м сағ) және Петропавловск – Камчатскийда (2,55 м3 /пог.м сағ). Бірақ жабық территорияларда қарлы боранның қарқындылығы төмен. Мысалы, Кола станциясы барлық жағынан дерлік қоршалған болғандықтан, ондағы қарлы боранның қарқындылығы небары 0,39 м3 /пог.м сағ құрайды, ал мұндағы жалпы қарлы боранның мөлшері 0,42 м3 /пог.м сағ тең. Мәліметтер бойынша, бұл зоналардың ашық орындарында қардың тасымалдануы желдің барлық бағытында бірдей. Мысалы, Ресейдің Европа бөлігіндегі Сыксывкар станциясында қардың тасымалдануы желдің оңтүстік – батыс, оңтүстік, батыс, солтүстік – батыс, солтүстік бағытында болады. Ал Батыс Сібірдің Селехард станциясында батыс, солтүстік – батыс және солтүстік жел әсерінен болады.
Якутия тундрасында қарқынды қарлы боран қысқы мезгілдерде оңтүстік желдердің әсерінен болады. бұл жерде қарлы боран толық қыс айларында бақыланады, әсіресе, қараша – ақпан айларында ол өте қарқынды болады. Бұл кезде ауа температурасы минус 20 0С- тан төмен және жел жылдамдығы 15 м/с-тан жоғары болады.
Сонымен қатар, қарлы боранның төмен қарқындылығы орманды зоналарда байқалады. Бұл жердің ашық алаңдарында қарқындылық 0,3-0,4м3/пог.м сағ тең (Великие Луки, Иошкар Ола, Валдай, Свердловск, Якутск, Бикин). Ал осы зонаның қоршалған зоналарында оның мәні одан да төмен (Ленинград – 0,17 м3 /пог.м сағ, Жиздра – 0,07 м3 /пог.м сағ).
Ресейдің Европа бөлігінің орманды дала және далалы зоналарында, әсіресе, Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығысы мен солтүстік бөлігінде қарлы боран кезіндегі қардың тасымалдану қарқындылығы қайта жоғарылайды. Ресейдің Европа бөлігінде орналасқан Богородицкое станциясының ашық территориясында қарлы боран желдің барлық бағытында да бақыланады және оның қарқындылығы оңтүстік – батыс жел бағытында 1,61 м3 /пог.м сағ тең және ол солтүстік бағытта 0,64 м3 /пог.м сағ аралығында ауытқиды.
Батыс Сібірдің оңтүстік орманды дала зонасын Барабинск станциясының мәліметтері бойынша сипаттауға болады. бұл станцияда да қарлы боран желдің барлық бағытында анықталады, бірақ олар оңтүстік және батыс желдерінде өте қарқынды (0,55-0,63 м3 /пог.м сағ) болады.
Қарлы боранның үлкен қарқындылығы (1,0 м3 /пог.м сағ) Батыс Сібірдің тундрасында бақыланады. Қазақстанның Балхаш көлі мен басқа да бөгеттермен қоршалған территорияларынан басқа барлық дерлік аудандары қар тасымалдануының үлкен қарқындылығымен (1 м3 /пог.м сағ) сипатталады. Балхаш көлі мен Орта Азия аудандарында шамамен 460 с.ш ендігінде қарлы боранның қарқындылығы 1 м3 /пог.м сағ төмен. Бірақ, кей кездерде бұл жерлерде де күшті қарлы борандар байқалады.
Батыс Сібірдің Ямал және Гыданский аралдарының территорияларындағы ашық орындарда қарлы боран құбылысы ұзаққа созылады (1000 сағ. көп). Мұнда қарлы боранның орташа ұзақтығы бір жылда 100 күнге тең және оңтүстігінде ұзақтығы тез азаяды. Ал Батыс Сібірдің орталық зоналарында оның ұзақтығы 300 сағатқа дейін қысқарады.
Қазақстан территориясының ашық аймақтарында – далалы, шөлейтті зоналарында қарлы боран ұзаққа созылады. Әсіресе, ол республиканың солтүстік батысындағы ұсақ шоқыларға тән. Бұл жерде қар тасымалдануының ұзақтығы 1000 сағатқа тең. 1948-49 жылдарда Атбасар станциясында қыста оның ұзақтығы 1309 сағатқа жеткен, ал Ақмолада – 900 сағат, Қарағандыда – 669 сағат.
Қазақтың ұсақ шоқысының оңтүстігінде қар тасымалдануның ұзақтығы қысқарады. 46-470 ендіктерде ол 300 сағатқа тең, ал Орта Азияның оңтүстігі 450 ендіктерде 100 сағатқа тең. Балхаш көлі аймағындағы ашық аудандарда қарлы боранның ұзақтығы 150 сағат шамасында, ал қоршалған аудандарда 100 сағатқа тең [8].
Қазақстанның көпшілік бөлігінде қарлы борандар жаппай және жыл сайын бақыланады. Қарлы боранның жиілігімен қарқындылығы қыстың ұзақтығы, қар жамылғысының күйі мен жергілікті желдердің жағдайына байланысты. Республика бойынша болатын, яғни Солтүстіктен Оңтүстікке қарай қыстың қатты суық болуына және ұзақтығына байланысты өзгеріп отыратын қарлы борандар да жиі кездесіп отырады. Қауіпті қарлы борандар Республиканың ең жиі байқалатын жерлері негізінен 50 0С – тық ендік маңында орналасқан аудандар. Мысалы, оған Мұғалжар тауы, Сарыарқаның терістігі және таулы Алтайға таяу аудандар жатады. Республика бойынша болатын қарлы борандардың 65 – 80 % қауіпті борандар. Ұзақтығы 12 сағатқа созылған, жылдамдығы секундына 15 м/с – қа жететін немесе көріну қашықтығы 50 метрден аспайтын қарлы борандар өте қауіпті борандар саналады. Қарлы борандар ең көп қайталанатын аудандарда олардың орташа соғу ұзақтығы 30 немесе одан да көп сағатқа созылады. Ұзаққа созылған қар борандар көбіне Республиканың көпшілік аудандарын қамтиды. Ондай жағдай 1969 жылы 10 ақпанда КСРО – ның европалық бөлігінен келген циклондардың Республика территориясын Батыстан Шығысқа қарай басып өтуіне байланысты орын алады. Әсіресе Батыстан келген циклондардың Оңтүстік Каспий циклондарымен бірігіп, Қазақстан территориясында циклондық әрекеттің күшейе түсуіне байланысты қарлы борандар ұзаққа созылады. Ауа температурасы 20 0С– тан төмен болатын жағдайлары Қазақстанда кездеспейді [9].
В.М. Курганскаяның мақаласында орта Азия Батыс Сібір және Қазақстан жолдарында болатын борандардың кейбір синоптикалық процестерде жағдайлары ашып көрсетіледі. Сонымен қатар боранды процестерге бөлшектік зерттеулер жүргізілді. Зерттеу әртүрлі процесінің айқындалған даму фазалары бойынша ауа массаларының температурасымен қысымның орташа карталарын құру барысында жүргізілді.
Борандар жайлы ең алғашқы болып В.Ф.Банчовскийдің «Метели и поземки» (1925 жылы) жұмысы табылды. Ол борандар қайталанушылығы туралы мәліметтерді күнделікті синоптикалық нормалардан ашып отырды. Осыдан ол борандардың 70 пайызы циклонның аймақтарымен байланысты екенін көрсетті [1].
Қазақстан территориясында қауіпті борандардың кеңістік және мерзімдік таралуын зерттеу туралы З.П.Прохорованың жұмысы арналған: борандардың пайда болуының басты себебі, өтетін атмосфералық фронттарымен немесе циклондармен байланысып ұлғайған барикалық градиенті болып табылады.
Қатты борандар терең циклондармен айқындалады, циклондардың әсерінен желдің жылдамдығы күшейеді. Борандардың жақсы дамуы циклонның күшейген антициклонды горизонтальды барикалық градиенті циклонның алдыңғы жағында күшейеді (сурет 5).
Дауыл
Дауыл - жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.
Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы әсер етеді.
Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келітреді.
Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс. Дауыл өзінің алапат күшімен инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем әсер етпейді.
Шаңдақ дауыл - бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі.
Қазақтсан аумағында шаңдақ дауыл - сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады.
Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы, ол – таянған дауыл қауіпін тұрғындарға дер кезінде хабарлау және дауыл болып тұратын аудандарындағы осыны ескере отырып орналастыру. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салғызбай, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормаларын енгізіп, бақылауға алып көмектесу керек.
Дауылдың жақындағаны туралы хабар алған соң, мына іс-әрекетті жүзеге асыру қажет:
Панахананы, жертөлені әзірлеу; есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу; саңылауларды бекіту; төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды шығару; даладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу; газды, электр жүйесін ажырату, суды жабу; пешті сөндіріп, қажет болса қорғаныс панаханаларына барып орналасу керек.
Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну, ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау, панаханада радиоқабылдағышты тұрақты қосып қою керек. Ғимарат ішінде болған әйнек, шыны сынықтарынан және жарықшақтардан сақтанған жөн. Далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, жел өтінен сақтайтын жерлерді іздеу керек немесе жерге етпетінен жатады. Орманда қалғанда ең жақсысы ашық алаңға шыққан жөн, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электр беру желілерінің діңгектеріне жақындамаңыз. Дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығады. Шаңдақ дауыл жақындағанда үйде есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаған жөн. Үй хайуанаттарын қорға немесе ғимарат ішіне қамау керек.
Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз, малды тасаға жасыру қажет. Жақын жерде сексеуіл, шеңгел тәрізді бұталы жерде малды ұстай тұрған жақсы.
Егер дауыл кезінде елді мекеннен қашықта болсаңыз, көру қашықтығы азайып, адасып кету қауіпі туса, онда қозғалысты тоқтату қажет. Егер адассаңыз, жарақат алсаңыз, онда өз орныңызды білдіру мақсатында түтіні қатты шығатын матаны, бұтаны, көк шөпті жағып, дыбыс беріп, алыстан көрінетін ашық затты жерге іліп, қам жасағаныңыз жөн.
Егер шаңдық дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, қоқым түспес үшін арнайы көзілдірік киіңіз. Егер қандай да бір жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қалқа ретінде пайдалануға болады.
Дауылдан, бораннан, буырқасыннан кейін құтқару бөлімшелері еңбекке жарамды тұрғындармен бірге жасырынған, жарақаттанған адамдарды шығарып, қауіпсіз жерге немесе емдеу мекемесіне апарады.
Таудың су тасқыны. Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады.
Республика бойынша 300-ден аса осындай қауіпі бар тау бассейіндері бар. Әсіресе қауіпті жерлерде Іле, Жоңғар, Талас, Алатау, қаратау, Кетмен, тарбағатай таулары жатады. Бұл тауларда осындай тасқындар жыл сайын болып тұрады.
Тау су тасқынынан сақтану жолдары:
• Жауын уақытында және жауын өткеннен кейін 2 күндей тауға шықпау;
• Тауда тек бұрын адам жүрген жолдармен жүру;
• Жазда тауда түс қайтқанда, күн қызғанда жүрмеу;
• Тұманды күні тауға шықпау;
• Тауда жүргенде айқайламау, шуламау (дауыс ауаға әсер етеді, ауа қарды қозғап жіберуі мүмкін);
• Қар басқан тау бөктеріне жақындамау;
• Егер тасқын жылжып келе жатқанын сезсеңіз, оның жолынан шығағу тырысу;
• Күнделікті теледидар, радиодан берілетін хабарларға көңіл аударып жүру.
Су тасқыны. Бұл құбылыс та біздің елімізде жерімізде жиі болып тұрады. Тек соңғы бес жылдың ішінде, Атырау облысының өзінде ғана бірнеше су тасқыны болды. Бұл өзгерістердің барлығы тек абиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар. Әсіресе, Каспий теңізінің тасуынан Құрманғазы, Исатай аудандары көп зиян шегуде. Мал, қора, қыстақтар, үйлер суға кетуде.
Жайық, Ойыл, Эмбі өзедерінің суының көтерілуінен Қызыл-қоға, Жылой, Махамбет аудандары көп зиян шегіп отыр. Каспий теңізі мен Жайық өзендері Атырау қаласына қауіп төндіруде. Бұған қарсы облыс басшылары тиісті шаралар қолданып (жағаны бекіту, елді мекендерді қауіпсіз орындарға көшіруді), күрес жүргізуде. Осындай жағдай 2003-2004 жж. Шардара су қоймасында, Сырдария өзенінің батысында болып, үлкен материалдық шығын әкелді. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: География | Қазақстанның климаты

» Реферат: Педагогика | Адам өмір тіршілігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардағы қауіпсіздігі
» Реферат: Су тасқыны су басу
» Реферат: География | Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі

Іздеп көріңіз: